Қазақтың елдігі  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 134

Қазақтың жаманы болмас,

Жаманнан аманы болмас.

Бірігіп іс қылатұғұн,

Түзелер заманы болмас.

Бұл елде адалдық бар ма,

Ондайын байқадың ма?

Істейді нені де болса,

Наданға арамдық ар ма?

Ар сатар шайға да болса,

Бір асам майға да болса.

Ізденіп табады, жейді

Арамды қайда да болса.

Жуаны қылады зорлық,

Момынның көргені қорлық.

Теп-тегіс қулық пен ұрлық,

Ал енді қайтып ел болдық?

(Шәкәрім әулие)

****   ***

Әр заман сынақсыз болмас,

Қарсылық Адаммен құрдас.

Денеге киімін жарық,

Зейнетін меңгермей болмас.

Надандық заманға жалғас,

Адамзат күнәсіз болмас.

Тазармай тәнің жалғаннан нас,

Мал-ақша қуатың болмас.

Жеті жан қылығың рас,

Иманнан қуат алмаса болмас.

Жеті сабақ бидайың болар,

Егінін рұқтың өсірмек жас.

Жан сырын түсіне алмас,

Бүгінде ғалым болғаны рас.

Ар сатып, мақтаның дүние,

Шайтанға жаның кетті айырбас.

Қатыны арсыз ел бола алмас,

Діліне қазақ билігің қас.

Ұяттан сұрау болмаған елде,

Сағаты қиямет соққаны рас.

(Б.Т.К)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *