Енді заман өзгерген
Азған да сендерсің..
Иісі шығып хайуаның,
Шіргенде сендерсің..
Кесір келін, кер келін,
Айналған да сендерсің.
Ерді мінген ер салып,
Тізгін сұрап, сөзді алып
Билік айтқан сендерсің.
Гендір теңдік керек деп,
Европадан үлгі алып,
Дес бермей айтқан ақылға,
Бала бақпай, сөз баққан,
Ақшаға да тән сатқан,
Байды іздейтін жат жұртан,
Уәдені жұрып, ант аттап,
Баласы құрсақта дертенген,
Ақ жаулықтан және аттап,
Ер жынымен жүктелген
Арманың бар ерге ұқсап,
Қой дегенге кектенген.
Балтыр сүтін ашыған,
Шашты жайып пірдей,
Кеудесін ашып сасыған.
Туғаны мәңгүт тексіздер,
Білгеннің тілін алмайтын,
Көргенінен қалмайтын
Болғанмен білім, ессіздер.
Қазақта көп осындай
Жақсыдан көп жаманы
Несіне мұны жасырам.
Дін меңгерсе жақсы боп,
Оқығанмен намазды,
Жоғалған тектің амалы.
Құдай парыз қылғанмен,
Анаңнан үлгі қалғанмен,
Әдетіне табынған,
Салтына европа шоқынған.
Білім алса жақсы боп,
Арсыз қатын қызың жүр
Ақылды менен алшы деп.
Шайтаны қарап, алды, артынан.
Тәрбие көрмей жасынан,
Кеуіп миы басынан,
Құйрық майын жаға алмай,
Қасиеті кеткен жатырдан.
Бойында тұр жаласы,
Еркек жыннан парасы.
Тұзы ауыр батпан құйрықтар,
Болашаққа ұлтқа өнге,
Мұндайда қандай сиық бар?
Дінсіз тағдыр оңалмас,
Аманатты ақтайтын
Дәстүрсіз ұлтың бола аламас.
Кітаптан білім білгенмен,
Ілімсіз жанға жазылмас.
Ғұрыпсыз ортасы табылмас.
Құдайдың ісін меңгермей,
Дін ісімен теңгермей,
Жаның өспес жаралы,
Ақталмай рухың, нәсілің
Қатының болар қаралы.
Түбінде бұлар жоғалып,
Тозақта түгел қалады.
Жаңарар қазақ бұл таңда,
Ұятпен арды сақтайтын,
Ұл қыздар жүр ұлтыңда.
Қылықты қыздар ибалы,
Діл қазынасын жинайды.
Сүйреңдеп сөзге әуес боп,
Шайтандай бос білгіш боп,
Үлкенге қарсы тұрмайды.
Дәстүрін ата сақтаған
Бастың білген қадірін,
Етегін жел де ашпаған
Ақ білек арулар,
Қолында жатқа ашпаған.
Табиғи жұпар иісті,
Жер аның қолдауы,
Нәзіктерге осындай тиісті.
Әйелдер бар ұлтымда,
Тәрбиесін берген ұл, қыздың да
Еріне адал жар болған,
Аяғы құтты нәр болған.
Тазартқан ердің санасын,
Меңгерген ділдің парасын.
Қолының таза шуағын,
Қанынан таза қуатын,
Ошақтың бұл киесі
Қолынан жылу дем болған
Пісірген асы ем болған.
Ұлтымның бұлар тіреуі,
Өзімде де бар біреуі.
Сақтайтын дәстүр ұл қыз бар,
Артымда қалар ізім бар.
Қабыл болған тілегім
Жалғанған Алла жібіне,
Атадан қалған дін еді.
**** *****