ҚАЗАҚТЫҢ СЕНГЕН ШОПАНДАРЫ…

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 136

Әрбір ұлттың, үмметтің сөз құндылығын, тіл-ой тазалығын сақтаушылар; философтар, психологтар, дін ғалымдары, дін имамдары, ақын, жазушы, ақпараттық жүйедегі халыққа  рухани тұрғыда қызметшілердің бәрі шопандар, ой қуатының малдық қуаты қойшылары-шопандар болып табылады. Енді қазақ елінің «Аңыз адам» атты жорналының және оның редакторы Жарылғап Қалыбайдың да түрлі сынақтарға ұшырап жатқанына да бір себеп бары сөзсіз. Сонымен қандай себеп болуы мүмкін деген сауалға жауапты да рухани тұрғыда іздеп көрейік. Бұл жорналға қазақтың негізгі рухани құндылықтарын, салт-дәстүрін, оған тұлға болған кісілерін, тарихын баяндаумен және бұл сұқбатқа өзін білімді деп атаған ойшылдарының бәрі де өз пікірлерін жазып жатқаны да даусыз. Арасында қателіксіз де бомайды. Сондықтан мен бұл жорналдың кейбір қазақ дәстүріне сөз ғылымына, дінге де қарсы берген пәтуаларын арагідік сынап та жүрмін. Бірақ қазақтың рухани өміріндегі зиялы атты қауымның беделі акедемик, профессор, доктор, философ, психолог т.б. ең төмені журналист, имам деген сияқты атақ-дәрежемен ғана пайымдалып, егер мұндай дәреже, орны, қызметі болмаған қандайда бір адам баласының сөзі де, өзі де қабылдануы мүмкін емес. Сонымен білімге негізделген біздердің жалпы халықтық ақыл-ойымызда, пайымдаумызда осындай дәрежеге жеткен адам баласы демек ақылды, текті, иманды; «Тегін адам таз болмайды», таз болса да дәрежесі болса кем болмайды деген ұғымға негізделіп алғанбыз. Сонымен менің жазып жатқан жазбаларым аруақтық білімнен, ар білімінен құдайдан түсіріліп, қанатты  періштелері әулие-әмби аруақтары арқылы  оқылып жатқан хабарлар бұл қауыммен, ел билігімен қабылданбаса да бұқара халық арасынан шыққан текті азаматтардың қабылдап, рухани жетілуде оң нәтиже шығарып нығметке бөленіп жатқандары да аз болса да бары да хақ. Сондықтан «Аңыз адамның» 2014 жылғы шілде айындағы  қазақ елінің Ислам дінмен қатынасы мен Арыстан баба туралы берген көптеген ғалымдардың, ойшылдардың пәтуасына мен де өз жеке басымнан пікір беруге де құқылымын деп санаймын. Сонымен бұл сұқбатқа өз пікірлерін білдіргендер; Мұқтар Қожа, Жақыбек Алтаев,Бақтыбай Айнабеков, Ержан қажы Малғажарұлы, Рәтбек қажы Нысанбайұлы,Тұрсын Жұртбай, Қуат Ерғалиұлы (имам)Айнұр Әбдірәсілқызы, Әбсаттар Дербісалі, Досай Кенжетай, Смайыл Сейтбеков (имам), Алау Әділбаев, Әшірбек Мүминов, Зікірия Жандарбек, Зылиха Ибадуллаева, Оралхан Сейдманов (найб имам). Бұл азаматтардың жеке-жеке өзара қайшы пікірі де болғанмен, негізінен жорналдың саясаты, ұстанымы Арыстан бабаның дінді қазақ еліне сахабалық дәрежемен бірге түп негізге жалғауымен Мұхаммет пайғамбар аманатын тек құрма емес көптеген құпия масһабтық, сопылық ұстанымдардан тыс қалған сырларды жеткізгенін, қазақ елін тура жолға жалғағанын дәлелдеу емес екен керісінше қалайда қазақ елі Имам Ағзамды тура жолды бастаушы пір тұтуы керек екенін дәлелдеу және ата жолы деген ағымның теріс пиғылды екенін де ескертумен аяқталыпты. Осындай екі жыл бұрын ақпан айындағы басылымында  Жарылғап мырза өз жорналы арқылы қазақтың рухани өмірінде дұрыс сөз атауының болмағаны, мұны біз араптардан, парсылардан  алып қана рухани өркендей алғанымызды дәлелдеуге тырысқан қазақ зиялы қауымының атынан пәтуалары жарияланған болатын. Бұл Құранға да, Алла тағалаға, аяттарына ашық қарсылық жала, шежіремізге де зұлымдық екенін, түбі құдай мұның жазасын беретінін мен сайт бетінде жариялап сынағанмын да. Қазіргі кезде редактор мырзаның өзі де сынаққа түсіп, басы шарадай болып жаламен арпалысып жүргені де бұл құдайдың хикметінен. Себебі барлық қулықты да ғылымды да жаратушы құдай қандай жамандық қылсаң, дәл сондай қылып қана қайтарамын деген. Жала жаптың ба ұлтыңа, ал енді өз ұлтыңнан да жапа шегіп көр, қандай екен дегені сияқты жағдайдың тағы да жалғасын тауып, осы жоғарыда аталған мырзалар да аруақтың назына қалып мазаққа айналуы да сөзсіз. Мүмкін тәубеге келер деген ағайындық пікірім ғана.

Сонымен бұл мырзалардың көбі Арыстан бабамыздың Мұхаммет пайғамбар аманатын жеткізуші деп түсінгенмен, пайғамбардың өзіне жалғаушы, тура жолды қалыптастырушы деп ұғынуға, масһаб дін біліміне, шариғат ісіне негізделіп қалған беделдері тарихат, мағрипат ғылымын тануға жібермейді екен. Бір ғана мысалға жүгінсек, Арыстан бабаның Ясауи бабамызға 1000 зікірді үйретті дегенін мойындаулары да сөзсіз. Мойындапты да. Ал енді зікір деген тек тілмен ғана айтылатын сөз емес, ол құранның құпия аяттарының насихаты, Алла тағала сипаттарын еске алу ғылымы дегенді жазған бір пендені көре алмайсың. Егер мың аяттың  ғылым негізін көрсетсе онда сол мың аяттың жаратушы иеміздің өзгермес үкіміне сәйкес жұбы парын Ясауи бабамыздың көктен періштелер арқылы оқып 3000 хикметке айналғанына нақты дәлел емес пе? Олай болса бұл аяттар хикметтер масһаб білімінде болуы да мүмкін емес. Егер бұл ғылым масһаб білімде болмаса,  онда Ясауи ілімі масһабты толық қабылдап, дінде тура жолымыз да осы деп түп негізге алуы да мүмкін емес. Намаз оқу тәсілдерін, рухани тазалық сақтау тәпсірлерін ғана мектептік бағыт шариғат ісінде  алуы да сөзсіз. Бірақ сопылық негізді жетілдіруге тарихат арқылы мағрипат ғылымын заманға қарай меңгеруге, ақиқатқа жалғануға мүмкін емес, ақылға да сыймайды.  Ал мектеп білімін жоғарғы оқу орны білім негізі қылып алғанмен ол біліммен жоғарғы дәрежелі құбылыстарды, ғылымның терең сырларын қарапайым математика, табиғат тану, физика тану арқылы  дәлелдей ала ма? Ал біздің зиялы қауым мен дін ғалымдарымыз масһабтың шексіз ғылым сопылықты жетілдірудің,  Алла тағала жолы екенін, берідегі бізге ұғынықты тарихи заман оқиғаларында ең жақын данамыз Абай атамыз да қателескенін дәлелдеуге тырысыпты. Яғни бас редактордан бастап ең болмаса Абай атамыздың 38-сөзін талқылап оқымағандары бетке ұрып тұр бұл қауымның пәтуларынан. Сонымен бірге бұл қауым болсын, жалпы қазақ елінің барлық білімді азаматтарына тән Құдай өлген;  себебі Құдай сүйген құлдарын, өз тарихын, кім екенін көрсетуге уахи беруге де ұлықсаты жоқ. Пайғамбарлық қасиеттермен пайғамбар шапағатына жалғануға да болмайды, тек масһаб білімі барлық амалдардың ұстазы, құдай ролін атқарушы болу керек. Сондықтан егер бұрынғы заман ғалымдары да осындай білімге негізделген, себебі қағаз жүзінде көрсетпесе аян, уахи арқылы алынған қандай да бір ақпарат негізсіз де танылады деп ұғынады да. Менің  Арыстан баба өзінен тікелей алған уахи арқылы сайттар беттерінде жариялаған өмірбаяны туралы деректерді әзірге мойындайтын білімді қауым өкілі жоқ. Аруақтың көрсетуімен  Арыстан баба шежірісін жазып; ұлтының тәжік, оның баласы Мәнсұр екенін, онан тараған ұрпақтардың қай жерде жерленгенін, Арыстан баба жұбайларының, балаларының аттарын, әке-шешесін және 400 жылдай тәжік жерінде тұрған үйі де болып, кітабы да сол жақта болатынын жазған едім. Иман деген қандай бір ақпараттың дұрыс-бұрысын анықтауға құштарлықты тудыратын және тылсым арқылы кітаптарға жалғануға, ақылға жол көрсететін  қуат еді, ал бұл қауымда ондай қуат түгіл; ар, намыс, дәстүр алдында, ата-баба аманаттары алдында жауапкершілік  деген де аз-ау деп пайымдадым. Мұның ең сорақасы Оралхан Сейдманов деген Алматы орталық мештінің найб имамының пәтуасында;  «…Бірақ кесене құлшылық ету мақсатында салынбайды. Өкінішке қарай, кейбір жылдары; «Аққу» «Сұңқар» сияқты аттарды жамылған кейбір топтар кесенелерге, қабірлерге сыйынып халықты адастырған еді. Ал қазір адамдар құлшылық ниетпен барып жатыр деп ойлаймын…» Енді бұл масһабтық барлық ғалымдар  мене діншілердің де, осы қауымның да көзқарасы екені де даусыз. Енді мынадай жындылық сөзді қалай ұғу керек; «…Бірақ кесене құлшылық ету мақсатында салынбайды Бұл пәтуамен, «Мадақ Аллаға лайық, сәлем Алланың сүйікті құлдарына лайық» деген аяттың жалған болып, Сәлем деген құран оқып Аллаға мадақ айтумен артынан дұға тілеудің құлшылық ісі болмағаны ма? Онда арап еліне хажға, қажылыққа да құлшылық үшін, сүйікті құлдарына, сахабаларға, пайғамбарға сәлем беру үшін бармайды екенбіз. Бірақ құран аятына, хадистерге сүйенсек бұл сөз Аллаға ашық жала, күдіксіз серік қосып, ортақ қосу деген осы болмақ. Ал енді мына сөз ұғымына келсек: «…кейбір топтар кесенелерге, қабірлерге сыйынып халықты адастырған еді..» Демек ата жолындағы аққу, сұңқарларлар құран оқып Аллаға мадақ айтпай бірден; «О кесене, О қабірлер, біздің дұғамызды қабіл ет» деп сыйынған жалбарынып сұраған  екен. Мен өзім 15 жылдан артық ата жолында сыйынушылардың бірімін, бірақ бірде-бір пенденің шырақшыға немесе өзі құран оқымай сыйынғанын, тілек тілгенін көрген емеспін. Ал құран оқылғаннан кейін оның күшін, хикметін, сыйыну құдіретін қазақтың сөзі, ана тілі жойып жіберсе онда Раббымыз құранды қазақ тілінде түсірмей қате қалған екен де. Демек бес парыз намаздың да құдіреті, үндік хикметі жоқ, себебі артынан қазақша дұға жасап күшін жояды екенбіз. Бірақ менің бір күдігім бар осы қауымға да, бас редакторына да және осы имамның есінің дұрыстығына да. Неге десеңіз, алдыңғы сөзі анау; кесенелер құлшылық үшін салынбайды деген, ал мына сөзін қалай түсінеміз;  «Ал қазір адамдар құлшылық ниетпен барып жатыр деп ойлаймын…» Сонымен қазақ халқы тағы да жаппай серік қосушы болып, құлшылық үшін салынбаған кесенелерге және басына құран оқып Раббымыздан әке-шеше, туысқанымыз үшін кешірім сұрап сыйынуға арналмаған қабірлерге құлшылық үшін барып жатқанын имамдарымыз ойлап уайымдап, тағы да қазақтың дінде адасқан халқы жаратушымызды  әлсіретіп, орнын, қызметін тартып алады деп те ойлап жатқандары болу керек. Білмеймін, мен өзім кейде осы зиялы қауым мен имамдардың, дін ғалымдарының осындай екі, үш жүзді пәтуаларын оқып; «Осы мен шынымен жынды емеспін бе, ағайын?» деп сіздерден көптен бері сұрағым келіп жүр еді. Егер сіздер де солай ойласаңыздар, онда  мұндай менің жынды екенімді осындай керемет азаматтар мен қырыққа жетіп ақылы толмаса да, жаратушымыздың аят үкімінің ғылымының әлсіздігін дәлелдеумен, халыққа толымды ақылдан пәтуа беріп жүрген қандас имамдар арқылы дәлелдеп бергеніне рахмет айтып, ат шапан айыбымды қазақ дәстүрін бұзбай арымның аз болса да барлық мәнін көрсетсем деймін. Келісесіздер ме ағайын, қандастар?

2 thoughts on “ҚАЗАҚТЫҢ СЕНГЕН ШОПАНДАРЫ…

  1. Сізбенен толық келісемін. Өздері айтқан сөздерге өздері қарсы келіп жатқандары аз емес бұл діншіл қауымның. Бұлар үшін Аллада әруақтарда түк емес, тек имамдық орындарын сақтап, дөкейлердің алдында жаттап алған құранын оқып жүрсе болды да. Осы имамдар болмаса ерекше зиялы болғысы келгендер өмірлерінде бір адамды жамандықтан қайтарыппа? бір адамды емдептіма? бір адамды арақтан темекіден қойдырыптыма? отырып алып оттайды кеп. Әруақ Алланың әскері екенін білгісі де келмейді ғой бұл шырақтардың. Әркімді Алла өз сынағымен сынап көздерін жеткізетін күн тусын!

    1. НЕГІЗНЕН БҰЛ ЖАҒДАЙҒА ИЛЯЬС БАУЫРЫМ АТА ЖОЛЫНДА ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУГЕ ТИІСТІЛЕР КІНӘЛІ.БЕРГЕН НЫҒМЕТТІ АЛМАЙ ДҮНИЕНІҢ, МАҚТАННЫҢ, ТӘКПАРЛЫҚТЫҢ ЖАЛҒАН АБЫРОЙ БЕДЕЛДІҢ СОҢЫНА ТҮСІП АТА ЖОЛЫНЫҢ ХИКЕМЕТТІ ІСТЕРІН, БІЛІМІН ХАЛЫҚҚА ТАНЫТА АЛМАДЫ. ЕҢ БАСТЫСЫ ТАЗАЛЫҚ ЖОҒАЛДЫ.РУХАНИ ДА ТӘНДІК ТЕ ТАЗАЛЫҚТАН ЖҰРДАЙ БОЛДЫҚ. СОНАН КЕЙІН ЖҮРЕГІ АШЫҚТАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТҰРПАЙЫ ХАЙУАНДЫҚ ДӘРЕЖЕДЕ БОЛСА, ОЛАРДАН ОНДА НЕ СӨЗ КІНӘ ҚОЙУҒА БОЛАДЫ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *