Қажылықпен қазылықтың бағасы

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 156

Ілгері өткен заманда,

Дін тұтастығы аманда.

Қайырлы қала беркетті,

Патшасы болған әділетті.

Қартайып жасы тоқырап,

Сұрады уәзірін қасына ап

Парызын өтеп қайтуға,

Меке барып қажы боп.

-Уа Алдияр! Тақсырым,

Тастап шықсаң тақ сынын,

Елдегі қалған бұзықтар,

Бүлікті бастап қалада

Халықтың еркін құрықтар.

Қашырып елден берекет,

Зорлық, ұрлық тонаумен,

Жасайды сұмдық әрекет.

Әкімдер жасап зомбылық

Елге туар қасірет.

-Онда деді патишах,

Іздеп елді аралап,

Бір қожаны тауып қайт.

Ақысын берем сұраған,

Күнәмді өтеп қажы боп,

Орыма менің әжі боп,

Мекке, Мәдине аралап,

Өтеп келсін қажылық,

Тұрған ойда қарыз боп.

Бар еді бір ауылда,

Момын кісі пәк адам,

Тақуалық құраған жасынан.

Бес уақыт намаз тастамай

Ала жіпті атамай

Ренжітпеген жасынан,

Пенде түгіл хайуанды.

Адал кәсіп еңбекпен

Іздемей артық пайданы.

Оразы, зекет парызын,

Жайнамаз, таспих тастамай,

Орындап сәзжде қарызын

Барып жаяу жиырма рет,

Хикметін көріп тура жол,

Қажы екен білген керемет.

Шақыр деп ондай қожаны,

Алдыртып сарай қасына

Өтінішін патша білдірет.

Мен үшін өте  қажылық.

Жақын қалды ажалым,

Қалмасыншы қарыз боп.

Сұрады дәуріш қысылмай,

Қағбаға барып жаяулап,

Тәу етсем сіз үшін осылай?

Төлемексіз қанша ділләні,

Жуып келсем күнәні?

Он мың алтын төлеймін,

Аз болса тағы берейін,

Патшаның болған жауабы.

Аз деді дәуріш жетпейді,

Тең болмас еш сауабы.

Жай пендеден патшаның

Шүкірлігі намазы көп дейді.

Патша айтты; сұра берейін,

Не сұрасаңда именбе,

Қажетіңді өтеп көрейін.

Үлгі боп қалсын соңымда,

Қарызы қажының тәуабы,

Қалмасын тек мойнымда.

Уа, падишам, Аса мейрімді,

Жомартсың асқан пейілді

Жаратқанан жаусын шапағат!

Тең болмас еді еш сауабы,

Оқығанмен намаз, тағадат

Жүз қылсаң да ғибадат.

Өзіңнің қылған бір сағат,

Алдыңа жеткен арыз қып,

Шешкенің қиын істердің

Әділдікпен төре қазылық.

Бір ісіңнің шешкен осындай,

Саубын қиып бере алсаң,

Алар ем еш қысылмай.

Айырбасқа берсем сауабын

Өтеген құлдық, парыздық.

Күні түні бір тынбай,

Ораза, зекет тауабым.

Өзіңнің қылған қазылық,

Толтыра алмас сауабын

Жиырма рет барған қажылық.

Ақиқат бұл жауабым

Айырбастап алар едім

Берсеңіз маған сауабын.

Бір сағатың әділ қазылық.

Аталсамда қожа, қажы боп,

Жамандықты түзеп, жолға сап

Толтыра алмай барамын,

Намазын құлшылық махаббат.

Орындау маған күш болған.

Мойнымда тұрған қарыз боп

Құлшылығы негіз адамзат.

***   ***    ***

Алсаңыз бұдан ғибрат,

Дін ісі болар шариғат.

Шежірге кіндік жалғайтын,

Жобасы жолға бастайтын,

Құдайдың ісі тарихат.

Қалдырған ұрпақ аманат.

Ата жолың ақ бастау,

Үш істің барлық бірлігі,

Жемісі дінің мағрипат.

Раббыңның білім белгісін,

Төрелігін көру болған сын.

Жалғану кітабына тарихат,

Намазы оның махаббат.

Жамандықты жақсымен

Кетірумен, намаз орындау

Шүкірлігі сәзждесі адамзат.

Бар емес пе дінен өнеге?

Тәрбиені беріп сыналған,

Ділімен ұлттық шыңдалған.

Басқарту елді төреге,

Қазақтың салты дәстүрі

Діні емей енді немене?

Жеткізуге  мұндай кемелге,

Бесігін түзеп жасынан.

Қатының көркі басынан,

Қызыңның қырық ошағын,

Арамының тиып асынан.

Етегін сақтап, ұрыдан

Бесігін соғып алтынан,

Сақтаған сұқтан жасынан.

Дін әдеті қазақ ұлттың,

Ғибраты болған ғұрыптан.

Білгізіп тегін жеті ата,

Қандық ділін саралап,

Өткізген тарих сұрыптан.

Төлеби ата қалдырған,

Өсиет нақыл аманат.

Батырды туса бар қатын.

Мүміндік намаз орындар

Биді туар табылмас,

Жабылғанмен жүз қатын.

Арасынан шыққан ұлтыңнан

Дінді білген қожалар,

Кітабын көріп тылсымнан,

Алдын алып  қайғы-апатың,

Халықты жиып қозғалар.

Тарихтың көріп тағлымын,

Ел бірлігін қорғаған,

Бүгінде бар ма қожалар?

Ендігі қожаң намазхан,

Ат алмақ дінші хазірет.

Орындап намаз бес парыз,

Мүміндік жолдан адасқан.

Оқымасаң намаз кәпір деп,

Жаттап тәпсір, құранды,

Тақпен, шенге таласқан.

Масһабты жол деп тәпсірлеп,

Әулисін «Басқа» кәпір деп,

Табынба деп кісілік ақылға.

Жындарын ырым қылатын,

Тыңда деп мені мақұлда.

Тапаған діннің суатын.

Шежіре тарихын білмейтін,

Кітабын көктен көрмейтін,

Аруақтан алмас қуатын.

Құдайдан аян көрмейтін,

Бес парызбен қажы боп,

Дініңнің болды бағасы.

Аталғанмен қожа, қажы боп

Өзге түгіл өзінің,

Жори білмес түсті де.

Бере алмас ашып жолыңды

Дұғасы бар бата жоқ,

Қолтыққа алар иман жоқ,

Бергенмен пір қып қолыңды      

 

Отырмай  мәз боп тамаша,

Түспедіңдер неге араша?

Исматулла бақсының,

Аз екен ісі мақсымның.

Исламдық үлгі жол ма екен?

Атаңа қастық қылғандай,

Бүлікші, сатқын болғандай,

Соттатырған қол ма екен?

Дін ізденген жастарды,

Жол көрсетіп бас болмай.

Қапасқа қамап итжекен

Айдатып неге тастадың?

Заңгерлер болып бүлікші,

Өз еркімен халықтың

Садақа берген мүлікті,

Көреалмас ішкі пайдамен,

Шайтаннан салған айламен,

«Маркетші» қылдың, сүлікші.

Пайғамбар көркем есімін,

Тербелген күннің бесігін,

Хижра аймен есептеп,

Айдан айға көшумен,

Мәуліті кетті неге секектеп?

Тәуліктің іші екеу боп,

Мезгілдің іші үшеу боп,

Көрмедіңдер неге есептеп,

Төртеумен жылға толғанын?

Сәзжденің намаз жұмасы

Күнтізбеде неге тұрағы?

Адамзаттың Ахмет жұмасы,

Намазы қалып күнтізбе,

Құлшылық істер сауабы,

Хижрамен қалай сұралды?

Білмесең құран есебін,

Пәтуа бермей тезінен,

Сұрамадың неге өзінен?

Мәдинеге неге бармадың,

Түйені құрбан шалмадың,

Орындап пайғамбар намазын,

Шапағатын сұрап алмадың?

Намаздың да пары жұбы бар,

Құранның да жұптық сыры бар,

Жұп қылып бәрін жаратқан,

Тажалдар ғана бас тартқан.

Тәңірлік себеп, бу қуаттың

Бейне болып аруақ суатпен,

Оқылған кітап тылсымнан?

Менсінбей, аруақ салтыңа,

Тастадың, тарих артыңа.

Құдайдың қолын шірік деп,

Мешітке ғана байлатып,

Тура жол, дәстүр иманды,

Мыңдаған жыл жиғанды,

Ғұрпымыз, әдеб сатылды,

Тура жол содан шатылды.

Шақырып аруақ лағнетін,

Көрсетсін деп бейнетін.

Белгісі түсіп  жаратқан,

Құдайдың оғы атылды.

Аруағымен соғысқан,

Ел қорғаны жауынгер,

Аруағын білмей саудагер

Жай оғымен атылды.

Мешіте намаз оқумен,

Артыңнан ерген имамадар,

Оқумен сенім жиғандар.

Дәстүрі дінінің салты бар.

Тура жолдың белгісі,

Иманды салып саудаға,

Халыққа түскен қасірет,

Құдайдан сұрап тыйған бар.

Отырсыңдар неге омалып,

Көрсетпей діннің тура жол

Пайғамбардан сұрап қол алып,

Жұтынан келген құтқарып.

Құран оқып, қолға алып.

Қажылар қайда, алып қол,

Ханафи масһаб иманның,

Көрсетсін жолын шығар сол.

Қайда хазірет, абыздар?

Өтесін хикметін қарыздар,

Масһабың болса, тура жол.

Табынуға аруақ тиғаның,

Масһабта болмай бір әулие,

Құлшылықпен шейх боп,

Бәрі де өтірік жиғаның.

Мың «намазхан» ішінен,

Соңыңнан ерген жамағат.

Таңдап неге алмайсың,

Құранды білген қырағат.

Дұғасын жасап Раббыңа,

Жауап бер, сұрақ халқыңа.

Көтеріліп таразы мизанға,

Несібесі ұлттың жиғанға.

Атадан  аманат үлгілік,

Кітабын тылсым оқыған,

Көрсетер белгі хикмет

Алған бар ма мүміндік?

Тура жол болса шариғат?

Масһабқа дәлелел болар ед,

Пайғамбар берсе шапағат.

Кітап жазып осылай,

Іздеп барып қосыңай,

Берсемде қойдың оқымай.

Күзетші дінсіз иттерің,

Кіргізбей ішкі қосыңай,

Қосшылар қоса жабылып,

Желкеден түйіп итердің.

Сабыр сақтап сонда да,

Жеті жыл күтім осылай!

Енді менде тұрыс жоқ,

Ата жол қайта айналды.

Қазақтың биік көгіне,

Ақ туы аруақ байланды.

Істейтін бүгін жұмыс көп.

Ақ бата алған сөзбенен,

Мұсадан алған таяқпен,

Сүлейменнің қамшысы.

Ғиса берді ғаршысын,

Мұхамед берген батасын,

Арыстан баба пірім бар.

Ясауиден алған тілім бар.

Айша анам болып айнасы,

Бес ата созған қолы бар.

Алаш қаһан найзасы,

Із бөрі болып анасы,

Қазақ, Созақ бір болған,

Әлемге үлгі пір болған.

Ыбрайымнан қалған жол,

Тектіден қалған үлгі ол.

Ер Дәуіт баба қайласы.

Өнер- білім, пайдасы

Бақсылық мақам және бар.

Әулиелер берер айласын,

Ұстаған шәкірт және бар.

Көптігім бар, көнген бар,

Аруақтың қолдық растығын,

Хикмет көріп сенген бар.

Тектіден қалаған тұяқтар,

Жабылып енді көрсетер,

Дәлел де бар, іс те бар.

Аруақ шақырып, ататын,

Керемет, хикмет іс те бар.

Амал да бар, намаз бар,

Қиямет дабыл қағылды,

Жолдарың Масһаб жабылды.

Сенебесеңдер үш ұйықтап,

Естіңдер қаққан дабылды.

Білмесеңдер оқыңдар,

Құранын оқып қазақша,

Кітабын көріп тоқыңдар!

Құранда тұр, хадис бар,

Құдайды өзі көрсетіп,

Жазылып қойған сөзі бар.

Осылай ұлтым жамағат,

Майдан аштым Ғазаббат.

Надандарға масһабтық,

Қазып жатқан көрім бар!

*   *   *    *   *

Ескертуі болған Құдайдың

Бәрі  бір жауап сұрайды.

Құлақтарға барып жетпей-ақ,

Ауысты Масһаб дін басшы.

Ел билігі мен жақсылар,

Осымен тыныш болмақшы.

Тағы да болмай дін басшы,

Атағын алған хазірет,

Тығылып қайда қашпақшы?

Ауысса да дін басшы,

Жеті жылда жеті рет.

Соғылған сағат қиямет,

Қазаққа болар дін тапшы.

Әзірет Әлі айдаһар,

Айтатын әлі сөзім бар.

Сенбесеңдер боп қарсы,

Сынағыңды іздеп сатып ал!

Масһабтың туып зауалы,

Құдайдан келді жауабы.

Атылмақ ол оқ қай күні?

Көрсетіп елге қайғыны,

Қазақта  әдет қапы бар,

Ескертусіз болған қаза деп,

Қалмаңдар игі жақсылар!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *