«Жаралыс басы қозғалыс, қозғалысқа керек қолқабыс» деген насихатпен Шәкәрім атамыз періштелерінің екі түрлі негізгі сипаттан басталатынын ескертеді. Және Абай атамыз ескерткендей әрбір нәрсенің өлшемін білу керек, өлшемін білмей ол туралы түсініктің «боғы шығады» деп ескерткен. Олай болса аятта, «Олар сөзді зерттемей ме?» деген үкімге сүйене отыра «Уақ» сөзі; «Түйе-к», «түй-ек»; «Ұс-ақ», «май-да»; «Кішігірім» «Шағын» деген ұғымдарды беріп, тұтастықтың бөлшектері, кіші бейнелері және жер анамыз «Түйеге», толық шешілмеген, түрленбеген сөз түйіндеріне байланысты жаратылыс қуаттары болып шығады. Бұл жаратылыс егелерін, аспан денелерін басқарушы Алланың құдірет қолы жанмен және жаннат тұрғындарымен, «Біз», бақылаушы жарық көздер, жұлдыздар арқылы басқарылатын негізінен 8 санымен байланысты болып, ал атқарушы«қол қаб-ыс» періштелері 5 түрлі тәңірлік қуаттарға қосылған жалпы сандық белгісі 13 санымен өлшенетін жаратылыс бейнелеріне жатқызамыз да бұлардың жалпы адам болмысына байланысты негізгі денелік бейнеде бейнеленуі 5 түрлі сипатта болатынын жадыңызда сақтаңыз.
Жалпы «Уақ»-атты періштелік қуаттарының бірлігінен иман күзетшісі 13 санды тұтастықта ақ пен қараның белгісімен яғни «Ала жіп» деген діннің негізгі қағидасы пайда болады. Енді бұл 13 санды белігісінен ішкі сыры «Ақ»-тың 7 мәнді сипатынан және «У»-дың 6 мәнді дәрежесінен тұрады. Жаратылыс әлемінде «У»-сипаты «шеріктер» болып саналып, оның «Уақ» немесе «Ру» бірліктерімен қозғалыс, қарекеттік бейнелері болады. Ал егер бұл жағдай Ар қуатымен бірленгенде «Ару» періштеліктің яғни әйел затында әсемдіктің, әдептіліктің, екі «Қан» және «Ат»-ты (қанатты) періштеліктің, тектіліктің сипатын берсе, ал еркектерде ана сүтімен даритын қасиеттің белгісі діл білімі болып және әке қабілеті, қарекетімен бірлену барысында парасаттылықтың, зайырлықтың, бекзаттықтың белгісін білдіріп, бұндай жағдай әулиелік дәрежелікке көтерілген, пайғамбарлық қасиеттерді меңгерген ғұламаларда, даналарда, қасиетті меңгерген адам балаларында болатынын ескеріп, бұл «Манның» 13 санды толық бейнесіне алдыңғы басылымдарда қайта оралармыз, ал әзірге біздер үшін осы 8-бен толық зейнеттелемеген жағдайда адам өмірінің, тіршілігінің өлімнен кейінгі 5 түрлі денелерге ұсақталған, майдаланған және негізінен «шеріктер» болып есептелетін «У» және «Ру» сипатты қуаттық жаратылыс бейнелерінің ішкі мәндерін, жартылыс себептерін қарастырып көреміз. Бұл жағдайды аятта: «Олар мұнда соққы жеген ру-лардан бір қол.» (38-11)(49) Әрбір жаратылыс егелерінің қарама-қайшылығынан тұратынын және осы екі негізді бірлеудің нәтижесінде ғана «Ман» қуаты болып қалыптасатынын жадыңыздан шығармасаңыз онда 13 санды «Уақ»-тың қалыптасуы 26 санымен «Шұғара» болып, Раббымыздан келетін барлық нығметтерді және «аруақ» заңдылығының ғылымын насихаттайтынын да естен шығармаған жөн. Сондықтан осы «Ру» періштелерін оң, сол нәтижесі болып оның бірлігі 22-сан мәнімен беріліп «Хаж» болып аталу себебі осы «А+ру+ақ» бірлігін қалыптастыру құлшылық шарттары болып табылады. Негізінен бұл қуаттың жарықтық мәні 7 күн, ал қозғалыс қарекеттік ішкі мәні; 5 тәңірлік негізді көрсетіп, нәтижесінде 12 мүшенің, 12 жерлік несібенің адам баласына берілген барлық нығметтердің дәрежелену заңдылығын білдіреді. Ал енді мұндай бес санды қолғабыс қасиеттері туралы Шәкәрім атамыз 5 санының ішінен пайда болатын хикмет деп; «Тоғыз қатын жиылып бір толғатқан, Бірін-бірі буаз ғып, жуандатқан. Тоғызының киімі тоғыз түрлі, Келген кісі сияқты әр тараптан. Босанғанда, тоғызы бір ұл тауып, Балаға екі түрлі киім жапқан. Бір киім шешесіне ұқсаса да, Бір киімі келіп тұр бөтен жақтан. Қатындар не? Киім не? Баласы не? Көпке киім жетеді не себептен?» Атамыздың 5 санының пайда болу құпиясын осылай жұмбақтаған себебі жоғарыда баяндалған Әл-Фараби атамыздың «Балнамасында» 9 санының (кісіліктің, қылықтың) ішінде 5-тақ және 4-жұп сан болып енді осы 5-тақ санның 4-жұппен әрекеттесуі хикметінен бүкіл жанды жаратылыстың пайда болу хикметін және 45-санды «Мизан» өлшемін негізге алғаны көрініп тұр. Олай болса «Аруақ» тақтық қозғалыс негізі, қолқабыс болып саналады. Енді бұл жұмақтың шешімін: «Тоғыз қатын, тоғыз сан, тоғыз бөлек, Тоғыз цифр киеді түсі өзгерек. Бірінен-бірі жан бола беріп, Ойласаң тоғыздан «он» туса керек, Киімі оның бір цифр, бір ноль болар, Ноль деген цифрдан жат бір дөңгелек. Қанша санды жазса да осы цифр, Жеткенін байқарсыз, болсаң зерек.» Адам баласының қызметшісі болып сапқа тұрған осы періштелердің негізгі 9 санының ішіндегі 4-жұптық, (2;4;6;8;) 5-тақтық (1;3;5;7;9;) сандармен және оның жаратылыста парлары болып, оң сол парымен қол, аяқ саусақтары және буын сандары нақты сандық мәнін белгілеп, адам қарекетінен пайда болатынын көрсетіп тұр. Он саны тоғыз болмаса пайда болмайтынын мектеп жасындағы балаға да белгілі болғанымен, ал бұл сандардың бастапқы негізгі жаратылыс сырын шешкен әлі бір дін теологы немесе қазіргі таңдағы философтар еңбегін әзірге көрген жоқпын. Барлық адам баласының рухани және жанның бірлігі осы 9 санмен «Тәубемен» негізделуінің өзі 9 саны барлық қарекеттік, танымдық қуаттардың бірлігі болып саналады. Тағдырдың жазуының рухани негізін 6 санды мәніне, бастапқы жаралыс басы 3 қасиеттің (көру, есту, ойлау) бірлігі болып табылады. Және алты саны кері мәнде 9 саны болып, ал 5 саны 2 саны немесе керісінше бейнелетін хикметін де есте сақтаған жөн. Және тағы 3 негізді әрекет, жан сезімдері, ақыл-парасат негіздерінің бірлігі де болып, кісіліктің осындай 9 түрін қарама-қарсы жағдайды 18 сипатының пайда болуын, рухани негізді де оң қолдағы санның нәтижесін көруге болады.
Енді адам баласында бұл қарекеттік белгілердің бейнеленуін ішкі сырларының періштелік дәрежелермен жіктелуін жүйелесек; қолдағы көрінетін саусақ буындары 14 санмен белгіленіп, бірақ бас бармақтың көрінетін де көрінбейтін де бір буындары бар. Және бұл буын «хиромант» білімі бойынша жүрек, қан, нәпсі, жын, жыныс қызметімен тікелей байланысты болады. Сонымен 14 қозғалыс қарекеті жүрекпен қосатын осы 15 санының өзі 1-ші басылымда жазылған Мәшһүр Жүсіп атамыздың Ғиса пайғамбарымыздың 5 есек, 10 қашырға жүк артып, шайтанның адамзатты азғыруға базарға апара жатқан хикмет хиссасымен осы саусақ қарекет періштелерінің жүрекпен байланысты жан сырын баяндайды. Ал аяқтағы саусақ періштелері негізінен барлығы 27 болып, ал көрінетін буындар саны 10-нан 20 буын болуының өзі жерге байланысты 5 қуаттың түрлену дәрежелерімен пайда болатын хикметтен құран аяттарының түсірілген несібенің сырын баяндап тұр. Сонымен 5 қуаттық қарекеттің өзі 3 түрлі бейнеленетінін жадыңызға тоқып қойыңыз. Енді аяқтағы белгілер оң, сол болып белгіленгенмен қарекет істерінде әрбір аяқтың жеке-жеке бір істі толық атқаруы және тәнді бір межелі жерге жеткізуі және жалғыз аяқпен әл-қуаттың қозғалыстық қарекекетін қалыптастыру да мүмкін емес екенін ескеру керек. Қолдың жағдайына келсек бұдан өзгеше. Ал енді Абай атамыз 9 санын көңілмен, нәпсі қылықтарымен байланыстырып және оны беске бөліп, яғни 5 түрлі көңіл-күймен байланыстырып баяндауының өзінде 5 түрлі көңілдің әрекетімен 4 санды рухани бастапқы қозғалыс басы тағдыр сөзімен қосылуымен 9-дан пайда болатын хикметін, сөз астарын сан ғылымымен зерттеген оқушыға үлкен жан сыры психология ғылым жасырылған. Ал бес санын туралы мысал берсек; «Түңлікбайдың қатыны, атың-Шәріп, Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен шыққан жол үстінде жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып.» деп бес сезімнің некемен, еркек шауқатымен байланысты жетіліп, әйел затының ділінің көгеріп, көктеп, ал ондай жағдайдың жетімсіздігінен жесір, күйеуге тимеген қатындардың ши сияқты жетілмеген, жапырағы «діл бақшасы» жоқ және тылсым жын-перілерінің ермегіне айналған пайдасы шамалы шөпке ұқсатады. Және бұл қазақтың жетім, жесірін жатқа бермей жесірінің басын бос қоймай тоқал, әмеңгерлік заңдылығын қалыптастырған, қазіргі таңдағы сыртқы бейне тәннің еркіндігіне арналған «гендерлік» аурымен әлемнің қатындарының жандарының рухани азуынан пайда болып жатқан адамзатқа келген қасіреттің, көптеген ұрпақтардың жер бетінен тұқымымен құрып және барының өзі дұрыс өнім бере алмай жатқан ішкі жан сырын көрсетеді. Енді бұл 5 сезімдік көңіл қуатының жұбын яғни сол жағын еркекпен және тылсым сыры қуаттарымен байланыстырып; «Қорқытпа мені дауылдан, Дүрілдеп тұрса тау мен сай. Шатырлап тұрған жауыннан Жарқылдап тұрса түскен жай. Көк торғындай аспан-көк, Білемін, жайнап ашылар. Иісі аңқыған бәйшешек Түрленіп жерді жасырар. Қорқытпайды қар мен мұз, Өзге нәрсе қорқытты. Ойсыз, доссыз, бақытсыз, Жыбырлақпен өмір өтті. Сондықтан қайғы қат-қабат, Қарап тұрмын сендерге, Атасы басқа, өзі жат, Жалғыз жанша жат жерде.». Бес қуаттың табиғат әлемі және өсімдіктермен байланысты болып, христиан халқының өлгендер басына гүл шоқтарын қою рәсімдері осы бес қуатқа шоқыну, Алламен қоса тәңірге табыну ісі болып, оның біздің ел басшыларымыздың, «зайырлымыз» деген қоғам мүшелерінің әдетіне, дініне айналуына осы діншілеріміздің «Шерік қосушылардың» кімдер екенін әшкерелеп тұрғаны сөзсіз. Және атамыз бұл қуаттың адам тіршілігімен байланысты болып қайғы-қасіретпен, жат жерлік нәсілдермен байланыстырып, оның жел, дауыл арқылы қаңғып қозғалып жүретінін адамзаттың жерленген орындары қабірмен де байланысты екенін ескертеді. Бұл туралы аятта; «Қашпаңдар! Бақ берілген жерге, үйлеріңе қайтыңдыр. Мүмкін сұраласыңдар» (21-13) деп бақтың негізінен 21-ден, 7-нің 3 түрлі дәрежесінің бірлігімен толық «Уақ» қуатына тәуелді болып яғни құлшылықтармен құранның негізі «Ман» қуатының бастауы және нәтижесі де; «Бақ-ар-а» сүресінің кіндік қан тамып, отанға, халқыңа жасаған қызметтеріңмен, ата-баларыңның да істерімен байланысты періштелік күш-қуаттарға рухтың тазаруының яғни 13 санды жан қуатының, иманның зейнеттелу нәтижесімен, (жоғарыда көрсетілген; 13-11 аятпен) 11-санды барлық періштелік қуаттармен, күш-қайраттың нәтижесі және сана қуатының қан, жүрек тазалығының барлық саулық көздерінің нәтижесімен, тілектің орындалуына тәуелді болатынын ескертіп және екеуінің қосынды иманның нәтижесіне берілетін сый 24; 42-санды нұрдың Алламен арадағы берік байланыстың орнауымен туған жердің отандық белгісімен, яғни көк жер есіктерімен, көздермен толық жалғану сипатын көрсетеді. Бұл аяттың ғылымын теріске айналдырған дін муфтият, масһаб ғалымдарының ақылы толмаған жастарды арап елдеріне апарын умра қажылығын жасатып, (кішігірім, майда, ұсақ қуаттарды сіңіру) әуелі кіндік қаны тамған жердегі «Бақ-ара» мен «Ру» және «Уақ»- тарымен толық жалғанып, май, шарап ішкізіп, «Ар»-лық ішкі імүндік белгісін қалыптастырмай 14-ғасырлық нәсілдік бастауға жалғап, ескі қылықтарға білімсіз, ақыл толықтырмай жалғанумен яғни отанына жалғанып «Ақ»-ты меңгермей және ақылы толмай, аманаттарды өз орнына қайтармай; арсыз, русыз «У» ішкізуге және орынсыз шығын ысырапшылыққа, дүниесін сыртқа шашқызып мақтанға ұрындыруға себепші ғана болып саналады. Сондықтан да аяғы толық бекімеген, кіндігімен ата-ана рухтарына жалғанбаған, ақыл үні бекіп намазын, хажын толық орындау түгіл өз жерінде бір рет те хаж сапарын жасамаған, рухани өлім сатысынан өтіп, некелік жұбайлық өмірдің ыстық суығына күйіп,ә йел затынан өз үлесін, діл қуатын, шарабын толық сіңіріп мойны қатаймаған және кемелдікке жетіп төбесін жауып, құпия ақирет білімін меңгеріп, сақал, шашы және миы жынды сулардан тазарып басы ағармаған пенделерді өзге елдің қылығына, білімсіз шеріктеріне, өнерсіз руларына жалғаумен санасын улап рухани азыдырған әрекеттері мен өз еліміздегі хаж істеріне ел басшыларын қарсы қоя білген азғындық істінің нәтижесін білгіңіз келсе 5 санды аяттармен: 5;15;25;35;45;55;65;75;85;95;105-сүрелердің неге 11-санымен берілгенін және көлденеңінен 5 санды аяттардың санымен 110 санымен беріліп және Қадыр сүресі осы барлық істердің шешімі екенін 5-аятпен тұжырымдалып айқындап тұр. Сондықтан григориан күн тізбесімен 4 ай сапар айы және жұлдыздар қозғалысының есебі «хижрамен» ораза айы 5-ші болып, жылдың жұмасы болып саналады. Енді негізінен аталарымыздың; «У-ды у қайтарады» деген нақылы осы сана, ар қуатының жемісі 5 қуат «р-у» періштелерімен байланысты айтылған. Ал «у-ақ» періштелері рухпен 6-санымен бастапқы 3 негізді қарекетке жалғанған тәуба-9 арқылы тағдыр себебінің 7 жолға, 7 жерге жалғануымен көркем сөзбен, құран аяттарымен, зікірмен байланысты ғана адам баласының ішкі жетісінің, жеті желдің, жеті түрмен, үнмен бірленуімен «аруақ» болып зейнеттелуіне байланысты жаратушымыз Құранда да Інжіл жазбаларында да астарлы түрде ескерткен. Жоғарыда мысалдармен 13 санды періштелердің «И»-қалам, шар, көз және «Ман» (иман) күзетшісі болып, иман жолдас серіктер тобын құрайтынын және іштен 11 санды діл білімі періштелерінің тұтастығымен 24 санды нұрлану нәтижесінен мысалдар бердік. Енді бұл жағдайды алдағы 6-шы басылымда адам жан, рух тағдыр негіздерімен себептік түрленуімен, орындау тәсілдері мен хикметті зейнеттелу нәтижелерінің терең сырын ашып көреміз. Енді бұл періштелік қуаттардың адам жан, рух өнімдерімен байланысты сипаттарының зейнеттелген, бейнеленген күрделі періштелік белгілерінің жеке-жеке ғылымына тоқталсақ; (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді)
Бес қуат-бес қару
Қазақ тілінде кең тараған «Ер қаруы – бес қару» деген сөз бар. «Бес уақыт намаз» «Пешене бесеу» дейміз. Бес саны негізінен «Қуатқа байланысты айтылады. Қуатты қазақта «арқау» деген. Аятта;«Зұлқарнайын: «Раббымның маған бергені бес артық» (18-95) (113). 18 саны рухани бастауды, Інжіл нұсқауларын меңгерудің белгісі болып, тәңірлік бес қуатты толық меңгерумен және соған байланысты рухтан келетін хабардың көмегімен Зұлқарнайын патша әлемде теңдікті және діни тәртіпті қалыптастырған және өлім періштесі Әзірейілдің қызметінде тұрғанын сандар тағлымы көрсетеді. Олай болса інжілдік діннің христиандарға Ғиса пайғамбар мен кітап келмей тұрып-ақ нұсқаулары елшілер арқылы түсіріліп, соңынын Ғиса пайғамбарымыз толық бекіткенін де насихаттайды. Бұл бес қуаттың көрінісін аятта; «Әрине егер сабыр етсеңдер сақсынсаңдар сондай-ақ жау дереу осы араға жетіп келетін болса, Раббыларың сендерге 5 мың белгілеулі періштелермен жәрдем етеді» (3 -125). Бүкіл қуат көздерінің 5–ке жинақталатынын және жаралыс басы негізгі қозғалыс тегі 3-пен басқарылатынын, 3-ші сүремен Алланың құдірет қолының 8 сипатының өзара қарекетін ескертіп кетіпті жаратушымыз. Аятта; «Мұхаммед сол уақытта Бәдірде мүміндерге: «Раббыларың сендерге періштелерден үш мың түсіріп жәрдем етсе, жетпей ме?»,-деуде едің.» (3-124) Және бұл жәрдем негізінен сана қуаты арқылы атқарылатынын аятта; «Алла (Т) мұны сендер үшін қуаныш әрі онымен жүректерің орнықсын деп қана етеді. Нұсрат, өте үстем, хикмет иесі Алланың қасынан ғана болады.» (3-126) Бұл жағдайдың хикметті істердің Алланың қасындағы, яғни жанындағы құдіретті қолынан Алланың сүйген құлдары шапағат етуге ұлықсат берілген періштелер арқылы атқарылатынын ескертеді. Мысалы; Ғиса пайғамбарымыз бес күлше нанды, екі балықты 5000 адамға бөліп беріп қарнын тойдырғаннан кейін қалғанын жинап алғанда 12 дорба азық қалған. Сонда жеті санды ризықтың 5000 періштемен қатынасынан пайдаланғаннан кейін шығатын тағы 12 несібе бар екенін көрсетеді. Бұл белгілер Тәуратта, інжілде де баяндалған, сондықтан болар ислам ғұламалары, Европа ғалымдары беске келіп тірелетін ұғымдардан басын ала қашқан. Парсы, Индия, Грек, Арап, Қытай ғұламалы негізінен 4 – бөлікке бөліп ауа, от, су, жерді негізге алып, адам ағзасындағы қуат ерекшеліктерін осы тұғырдан қарап отырған. Тек тибет ғылым – дәрігерлері ғана 5 қуат көзі бар деп, яғни темірден пайда болатын адам жанының өнімдерін де ескеріп, онан кейін европа ғылымдарының да қоштағанын медицина тарихынан білуге болады. Негізінен бес санының ғылымнан өзінің ерекше орнын, маңыздылығын алуы Әл-Фараби атамыздың музыкаға бұрынғы ғұламалардың 81:64 қатынасын 5:4 қатынасына айырбастап «терция гаммасы» ноталық атауы «Ми»-ді музықалық үндердің үйлестік, үйлесімділік заңдылығына енгізумен өз орнын алады. Осы еңбегімен үндердің аспаптарда «дәл» және «таза» шығуын пернелеу әдісін жетілдірген. Бұрынғы Ибин Сина тағы көптеген шығыс ғұламаларының еңбегінде бес қуаттың әсері туралы ескертілгенмен нақты қандай жағдайға және оның атаулары мен сипаттары туралы кездеспейді. Бұл қуаттардың неге Алланың достары, пайғамбарлар мен әулие-әмбилер арқылы шапағат күші пайда болу керек?- деген сұраққа нақты жауапты адам жаны, рухының бейнелену сатыларын ақирет заңдылығынан, тылсым сырынан іздеу керек. Сондықтан бұндай дау тудыратын сұрақтарға жауапты 15-ғасырда өмір сүрген Өтеубойдақ Тілеуқабылұлы атамыздың «Шипагерлік баян» атты кітабында жан өнімдеріне байланысты пайда болған 5 қуаттың нақты аты мен бағытын, алмасу жолдарын сызықтық бейнелерімен көрсетіп дәлелдеп кеткенінен мысалға алуға болады. Енді сол атамыздың ғылыми негізіне сүйенсек: Қандай да бір қуат күштерінің соңғы нәтижесі де түрленіп бейнеленуі де адам тіршілігінің, тіршілік қимыл-қарекеттің, ой толғамның түйіні болып, адам жанының өнімдерінің келесі бір көрінбейтін кеңістікте өз орнын алып бейнеленуімен белгілі бір денеге рұқ қабына ие болумен нәтижеленеді. Сондықтан бұл нығметтердің сипаты тек Алланың жанынан, құдірет қолынан түсірген несібе мен нәсіптік ризық терімнің ұштасып жарасуы болып табылады. 5 қуат періштелерінің қазақша танымы: 1.Жандық қуат; 2.Қарсылық қуат; 3.Ғарыштық қуат; 4.Ғайып жасырын қуат; 5.Баршылық қуат; Енді бұл қуаттардың адам жан дүниесіндегі атқаратын жұмыстарын тергеп көрсек;
1.Жандық қуат– ана жатырында пайда болған мезеттен бастап пайда болып, жетіліп туылып, есейіп – ер жетіп, ғұмыры қанша болса да, жер бесікке түскенге дейін табиғи жаратылыстық денелік, тұлғалық, бітістік қуатының түйіндік қисаптық, сандық айқындығы болып, ол Алланың несібелерімен адамзаттық нәсіптік өзегіндегі туылмалы, шешімді қасиетті қуат – жан қуаты болып табылады. Бұл қуаттың негізі діл білімінен яғни ана қанындағы 11 жұлдыздың ата шауқатымен келетін 5 сезімдік қуаттардың өзара байланысып араласуымен пайда болады. Негізі тәндік бейнелеуі; ауыз, белгісі – екі көз болып табылады. 2.Қарсылық қуат – ризықтық несіптік жиналатын, толатын, толықтырылып тұратын қуат болып жан қуатын іркілікссіз, толассыз толықтырып молықтыратын нәсіптік ризықтың адамға бұйырған мөлшерінде сақталатын, сақтаулы тұрған көлемде болады. Бұдан тыс қарсылық жан қуатына кейде тірек, кейде зиян болғанымен сырқаттың қарсыласуын, науқастың қорғаныс қуатына ықпал етіп пенденің тәуелділігін аурудан қорып, науқастан айықтырып тұратын игілікті, ізгілікті жаралыс арқауы болады. Негізі көз, белгі – тіл болып табылады. 3.Ғарыштық қуат — әр күнде пенделік нәсіп теріп өмір сүру дәрежесінде жойылып, жоғалып отыруы шарт болған шығындық жазымға ұшырауы шарт болған, жойылып кетуге тән қуат болып табылады. Ол адамзатты пенделік тіршілікте несібелік іс әрекеттер, қимыл, жан үшін жан таластағы барлық қуатты желеп – жебей отырып тозатын сипаттағы қуат болып табылады. Ғарыштық болмаса пенденің тіршілік іс – әрекеті болғанмен мәнісін жоғалтып, өмірде жол байланып бақытсыздыққа ұшырайды. Бұл қуат Алланың жазуы. Адамзат әбден шаршап шалдыққанда, тығырыққа тірелгенде өзін құрбандыққа шалып Алланың жазуымен жандық қуатты өз дәрежесінде сақтап қалуға тырысады. (Нұрдың өшуі) Негізі көз, ауыз. (Белгісі соқыр болу. Тәбет жойылу). 4.Жасырын (ғайып) қуат — адамзаттың Алла әр пендесіне жасырып, бітістік тұлғасына қарай біткен және пендеге өзі білмейтін көмес, жасырын бұғып тұрған қуат болады. Ол адам ерекше шошып жол таба алмай немесе төтенше кектеніп кеткенде, бөлекше ыза болғанда, өзі осылай істеп кете аламын – ау деп ойламаған, көрген адамды таң қалып жағасын ұстатып, әр қандай адам пендесі істей көрмеген, істей алмайтын істі тындыратын қуат көзі. Қазақта арқасы бар дейтін осы жасырын қуат. Негізі көз, белгісі құлақ. 5.Баршылық қуат— әр адамда шама-шарқына қарай болатын қуат. Тән бітіміне қарай болатын қуат. Тек бір кісілік қимыл-қарекетін айқындайды. Тұлғалық қуат мүшелік қуаттардан қосылады, шегі бар. Бұл қуаттың шегі іс-қимылға байланысты. Дене шынықтырумен шұғылдану, өнер білім осы қуатты белгісі болады. Көп қимылдап еңбекпен шұғылданатын пенде мен көп ұйықтап тек тамақ жеумен шектелетін пенде тең емес! Оны өсіріп тежей отыратын несіптік ризықтың іс – қимыл қарекетіне тәуелді болып табылады. Алда әлі талай қайта оралып отырамыз осы бес қуат көздеріне.
Енді осы бес қуат көзі әр пенденің оң қол саусағымен белгіленген; Бас бармақ – баршылық қуат; Сұқ саусақ – қарсылық қуат; Ортаңғы саусақ – жандық қуат; Кіші саусақ – ғарыштық қуат; Шөмекей саусақ – жасырын қуат; «Бесік баласы бес түлейді» деп қазақта баласының саусағын санап ойнатқан. Бас бармақ, балалы үйрек, ортан түйнек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек деп сосын алтыншыдан алақан ортасын басқан. Әр саусақтың саулығын да астарлап; шөмекей саусақ (5)- сен тұр жылқыңа бар, кіші саусақ (4)-сен тұр қойыңа бар, ортаңғы саусақ (3)-сен тұр түйеңе бар, сұқ саусақ (2)-сен тұр сиырыңа бар, бас бармақ (1) – сен қария, үйде жат. Енді осы төрт түлік малдың қуаттық шамасы мен сандық мәніне келсек тағы құран ғылымы шығады. Бала ғайыптан өз мінезі ерекшелігімен келеді Алла береді. Ғайыпты көре білген дана қазақ қарапайым теңеулермен тылсым құпиясын да бала бойына санмен сіңіре білген. Құран үгіті бойынша төрт түлік малды құрбанға шалудың да осы қуаттарға тәуелділігін көрсетеді. Қазақ елінде жасырын төртінші бақсылық қуат ерекше дамыған. Сондықтан әулиелер де, бақсылар да халқымыздан көп шыққан. Бұл қуаттың төртінші саусақпен байланысты көктік несібе деп европа халқынан келген үрдіс неке жүзігін салу яғни жұптасумен жыныс-жын қуатын меңгерумен байланысты екенін көрсетеді. Сондықтан бұл қуатты меңгеру үшін қойды құрбандыққа шалу және інжіл жазбалары, хаж, зияраттау бойынша қой құрбандығы мен шопандық қазақ салт-дәстүрлі дінінің негізі 4-ді түгелдеу болып саналады. Тәураттықтарға біліммен қарсылықты жеңу үшін сиырды бұйырған. Арап елдеріне намаз оқып жанды өсіруге және жаратылыс нәсілдік мирас болып келе жатқан жындылық мінезді тәрбиелеу, жер анамен көкті жалғастырумен негізінен түйені бұйырған. Бесінші қуат жылқымен байланысты Алла жолында соғысу және өлген адамның асына арнаулы жылқының құйрығын кесіп құрбандыққа шалу қазақтың бір салт-дәстүрі діні болып ерекшеленеді. Сондықтан жер жүзіндегі халықтардың ішінде бесінші санды жылқыны ерекше қадірлеген, адам баласының ішкі сезімдерімен байланысты қасиетін де біліп қадірлеген тек қазақ халқы болар. Енді саусақтардың көрініп тұрған буындарына назар аударсаңыз негізінен 4 саусақ 3 бастапқы қозғалыстың жаралыс басы 3 негізді қуатпен байланысты болса, ал бас бармақтың екі буыннан тұрып және жүрекпен байланысты болу себебінен екі негізді дәрежеленуші иман қуаты яғни сана қуатының негізін құрайды да сондықтан оны Адам атамызбен тікелей байланысты «қария» үйде жат деген ішкі екі «Мен»-нің яғни «АҚ»-тың белгісі болып табылады. Енді бұл қуаттардың барлығында тырнақ арқылы қанмен байланыстылығын әшкерелеп тұрғанынан негізгі жан сыры пайда болады. Сондықтан аятта: «Алла сендерді тірілтіп, саусақтарыңның ұшына дейін жинауға құдіретті!» деп ескерткен. Әрбір жаратылыс нәрсесін жұп қылып жараттым деген жаратқанның үкімін үнемі естен шығармай бұл бес қуаттың сол қолмен байланысты жұбы ақирет әлемінен келетінін ескеріп, осы негізгі ислам әлеміндегі, әсіресе арап елдерінің басын ала қашып «серік, ширик» деп айдар тағып, өздерінің меңгере алмағанымен тұрмай мыңдаған жылдар әлем елдерін азғырған масһаб т.б. діни топтардың негізгі жалауына айналып, оны қазақтан шыққан өз арамыздан шыққан дін ғалымдарымыз ұлттық ата-салт дініміздің тажалдан да қауіпті дұшпандарына айналып, елімізді рухани надандыққа тәрбиелеуде үлкен соғыс ашып, бұған сырт елдерден жәрдем беріп миллиондап қаражат жұмсап, том-том кітаптар жазып жатқаны даусыз. Бұл қуаттардың адам баласына жаратылыстан бастап кәмелеттік жағдайға жеткенше тәрбие, тәлім және еңбек арқылы сіңіріп қалыптастыратынын, зейнеттелетінін жоғарыдағы аяттағы «Бес артық» (18-95 (113) болып саналып, барлық жаратылыс әлемімен тығыз байланысты болатынын Шәкәрім атамыз; «Анадан алғаш туғанымды, Жыладым неге дыбыстап. Кіндік кесіп қинағанда Анамнан кеттім алыстап. Ақ бұйымға орап алғанында, Құндаққа қойды таңып сап. Жып-жылы суға салғанында, Денемді әлден арулап. Емуді қайдан үйрендім тап, Емшектен сүтті сорғанда. Кіш-кішке неге күлдім ұнап, Үш айлық бала болғанда? Бір түнде жылап дамыл бермей, Ояттым неге анамды? Емізген мені қиын көрмей, Алды ғой демей мазамды. Ақ сүтке әбден тойғанымда, Аштықты ұмыттым анықтап. Жылауды мүлде қойғанымда, Ұйқыда күлдім шалықтап. Туғанда кейіп, жыладым мен, Сездім бе өмір сырларын? Өмірді сүйіп, ұнадым мен. Білдім бе мұндай қырларын. Аспанда көріп жұлдыз бен ай, Ер жетсем дедім: соны алам. Ата-ана қалды аһ, дариға –ай, Күн болды Жермен ата-анам. Жылылық, жарық нұрын беріп, Сездірген атам-Күн шебер. Балына қосып уын беріп, Өсірген анам-қара Жер.» Осылай Күн мен Жер қуаттарының ата-ана мен ананың ақ сүті арқылы қалыптасатын осы қуаттық ерекшелікті суреттей келе; «Табылмас анық азат адам, Жаралыс билер заманды, Көрсетер мұқтаж, азап саған, Тартқызар өмір жазаңды. Кәрілік жетсе аяу білмей, Жас өмір келмес қайтадан. Бұзылмай өлмей, өзгерілмей Қалады дейсің кім аман?». Сондай әлемге үстемдік еткен Зұлқарнайындай патшалардың да түбі тозып, бұл қуаттардың өлімнен аман қалуы екіталай деп ескертумен: «Еңбекке шыда, ебін тап та, «Сабырдың түбі – сары алтын». Өзімшіл болма, көпті ардақта, Адамның бәрі-өз халқың. Ынсап пен мейірім, әділетті, Жаныңдай көріп, жан сақта. Ол жолда өлсек, неміз кетті, Мақсұтқа жетпей қалсақ та. Залым боп елді қырсаң-дағы, Қожаңыз себеп болмай ма? Патса боп қанша тұрсаң-дағы, Бір күні ол дәурен солмай ма?» Осындай адам баласын бақытты да, бақытсыздыққа да апарып соқтыратын басты себеп осы тәңірлік бастауды ерте замандарда да адам баласына себептік әсерін біліп, анықтап сонан түрлі пұттарға табыну әрекеті де қалыптасқан. Енді осы сыртқы әсерлермен ішкі қуаттар арасындағы қатынастардан белгілерін және бұл періштелік бастаулармен ара қатынасымызды анықтап көрсек; (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді)
Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/
Тәңірлік қуаттардың «Ман»-ның бейнелену сипаттары.
Әрбір жаратылыс нәрселерінің сан арқылы сөз сипаттарын зерттесек екі негізден басталып қарама-қарсылық жағдайда бөлініп, сол төрт тұғырлы тұрақты күштерге және нәрселік сипатқа сосын санға айналса ғана сызықтық бейнесін тауып, ал сол сызықтардың бір-бірімен жұптасуын қосу (крест) десек, тоғысқан, қиылысқан жері бесінші нүктесі яғни қуаттық шамасы болып табылады. Христиандар дін таңбасында (Крест) осы 5-ші қуаттардың сызықтық бейнесінің 3 түрлі 4 кесінді сызықтық белгінің қиылысу нүктесі 5-ші орынның пайда болуын көруге болады. Және оған адам баласын таңып қойған бейне көрінісінен қандай қатысы барын айқын көруге болады. Ал кесінділер мәні 10-санымен, олардың кеңістіктегі тұрақтаған ұштарының саны 9 санын берді. Енді барлық жаратылыс жарықтан басталып, әлемдік нұрдың ақылдың пайда болуымен, қалған бүкіл жаратылыс сипаттары пайда болған. Сондықтан Әл-Фараби атамыз бұл жағдайды; «Ең әуелі Алла тағала өз ажарынан қасиетті нұрынан тіке тарайтын мәртебелі жарықты жаратады. Ол суық та жылы да емес еді. Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды да, барлық жасалынатын, болатын нәрселердің түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр. Бүкіл нәрселік (органикалық) тірі дүниенің рухани нышандары да осы жарықта болады. Бірінші жарық-нұр алғашқыда өзінің жарылған жерінің маңында орналасады да, осы жағдайда бір дүркін тербеліс уақытында (12 мың жыл) тұрақтайды. Бүкіл әлемнің бастапқы да бірінші элементтері пайда болу үшін Алланың әмірі мен нұр екіге жарылып, бір бөлігі жоғары көтеріліп, екінші бөлігі төмен түседі, олардың арасында бос кеңістік орнайды. Олардың бастапқы бөліну орнында орта бөлік пайда болады. Осы орта бөлік әлгі екі бөлікті байланыстырып, дәнекерлейтін маңызды қызмет атқарады…Дүниеде, әлемде бос орын жоқ. Әртүрлі күштермен біріккен, жалғасқан және осы күштердің, қозғалыстардың әсерінен туындайтын аса қатал заңдылық бар.»
Атамыздың бұл ғылыми маңызды ой толғамынан барлық қозғалыс Алла тағаланың ажарынан, бірден, таза ақылдан-нұрдан тараған екі жарықтан және олардың тұрақтаған жері аралық орта бөлік орындағы нұрдан яғни үш түрлі сападан 4-ші жаратылыс нұрының пайда болатынын және бастапқы алғашқы негіз жарықтың өзімен қосқанда, сонымен алғашқы тәңірлік қуаттың негізгі 3 сипатты бастапқы және 5 қуаттан тұратын екінші жаратылыс себебінің пайда болуымен көрінісін береді. Сондықтан жоғарғы екі сипатты нұр мен арасын жалғастырып дәнекерлейтін адам қанымен және қызыл түспен, жылу қасиетімен байланысты сапа аруақ негізі болып саналады. Бұл жағдайдан кейін; «Бүкіл жоғары бөлік 2 жарыққа бөлінеді де, қозғалыс қасиетіне ие болады. Алла тағала өзінің құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі етіп жасады. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік қарекеттің ірге тасы болып қаланды. Мұнан соң Алла тағала жарықтың жоғары бөлігінен ғарышты, яғни аспан шырақтарынан және оларды сүйеуші періштелерді және де басқа да жарық құбылыстарын бар етті.». Енді осы алғашқы жарықтың екі түрлі жаратылыстық себептің және оларды жалғаушы аралық себепшінің пайда болуымен және бұл негізгі себептердің жоғарғы бөлігі ерекше екі сипатты қарекеттік бүкіл әлем жаратылысының және оларға берілген жылу сапасымен яғни тұрақтаған орнымен, себепшімен бірігу арқылы 3 түрлі жаратылыс үнінің екі мәні 6 күн жарықпен, ал аралық орынды бастапқы тұрақтаған жерді қосқанда 7 түрлі жарықтың әрекетінің бейнесі пайда болады. Ал енді екі дүркін 3 түрлі қозғалыстан, яғни 6 негізден яғни 6 үннен жарықтардың тұрақтауымен бүкіл әлемнің 6 күндік сапасы пайда болған. Алла тағала осы барлық жарық, қозғалыс әлемін екіге бөлумен жоғарғы әлемге қозғалыс қасиетін 2 жарықпен белгілеп, яғни енді 3 суықтық қозғалысқа 2 жылулық сипатпен дәрежеленуінен 9 қарекеттік бейненің жан тағдырының соңғы нәтижесі пайда болған. Енді басылым басында осы қарекеттерден жаратылған, яғни бейнелеген қозғалыс егелерін, періштелердің сапасын және аралық себепшіден пайда болатын 4 негізгі періштелік жаратылыс себепшілерімен және; «5.-Дардайыл-ай, күн, жұлдыздардың уәкілі; 6.-Ысмайыл-жер бетіндегі киелердің жебеушісі; 7.-Зұлқайыл-қиямет күнінде адамдарды Алла Тағала алдына сотқа, таразыға апарушы періште; 8.-Ахрайыл-барлық дария, өзен, көл, бұлақ суларының басқарушы періштесі; 9.-Мәлік-жеті тозақтың уәкілі. Және осы тоғыз періштелердің 70-мың періштеге сардар, әскер болып және әрбір періштенің тағы 70-мың періштеге әмір жүргізуге еркі бар.» деген мысалдарды келтірген едік. Енді бұл періштелік негізгі қозғалыс киелерінің адамзат тіршілігінде қандай қатыстылығын және оның ақиқатын Құран аяттарының сандық мәндерінің үгіт, насихаты арқылы және пайғамбарымыздың мұғжизасы «Миғраж» оқиғасымен жоғарыдағы көрсеткен салыстырулар арқылы анықтай аламыз. Ғылымға жүгінсек адамзат тіршілігінде әрбір нәрсені қозғап үдеу беру үшін сандық мәнін тек таққа айналдыру керек. Тақ қозғалыс басы болып есептеледі де жұп тұрақты орнығу, орынның, дененің қалыптасу шамасын көрсетеді. Ал әлемдік жаратылыстың яғни қозғалыстардың анасы Алланың ажары, нұрдан, бірден басталып, барлық қаракеттер екіге тұрақтап нәтижеленеді. Бірақ бірдің ішкі мәні үш негізден үннен тұратынын ескерсек (2+екі=5; үш+2=4; 1+бір=4; Қимасы 13) бұл нұрда бастапқы қозғалыстың үш түрлі қуаттық белгісі болғанын айқындап тұр. Тіршіліктің үнемі қозғалыста болуын қамтамасыз ету үшін үш негіз де тұрақты болу керек. «Үш бар жерде күш те бар» деп, енді үшті санмен онда үні; үш-2 болып, бастапқы екі негіздің сандық мәні шығып, ал екіні үнмен таңбаласақ «Екі» үні-3 болып қайта үш негіздің ішінде болады. Сондықтан екі бастапқы биіктік өлшем дәрежелеуші, қуатты өсіруші болып, үш негізді қозғалыстың ішкі ақпарат негізі жаны болып табылады. Негізінен адамзат тіршілігі үшін жаратылыстың қозғалыс себептері 4 періште болып, үш жаратылыстық қозғалыс негізімен 7 саны барлық тәңірлік қуаттар негізі болып, 3 қараңғылықта тәрбиеленіп, 1 арқылы ішкі үнімен қосылып 4 тағдыр сөзімен дәрежеленіп жаңа сападағы періштелік сипаттардың пайда болуымен және 4-тен үшті бөліп шығарып, қайта оған 5 қуатты алумен 9-дан 10-ның пайда болуымен, үнемі осындай шексіз періштелік қуаттарды көбейтумен жаратылыс негіздерін түрлендіріп өсірумен айналысамыз. Сондықтан да Құран философиясының жоғарғы аспан мүлкіне және жер көкті еріксіз, ерікті қылып 2 күнде, ерекше қозғалыстық сипаттың, уақыттың негізін жаратуымен байланысты; жақсылықтың екі еселенуі, екімен дәрежеленуі, екі нығметтің, қол екі істеген күнәлардың жарылқануы және 3-тің екі дәрежесі 9 жарықтың бір-бірімен уақыт өлшемі арқылы (2 қарама-қарсылықтар; күн-түн; ыстық-суық, ығал-құрғақ, өлі-тірі т,б) ерікті, еріксіздіктердің әрекеттесуінен пайда болатын 10 санының аспан мүлкінен болып, дәрежелік ұғымды білдіретінін айқын білдіріп тұр. Шәкәрім атамыздың 9 санды неге 5-пен белгілеп жұмбақтағаны осы жан сырының құпиясын көрсетеді. Ал енді тағы да христиандар таңбасын «крест» ағашын зерттеп көрсек; ортадағы бастапқы жарықты 1 деп алып, одан тараған жарықтар 6 санын беріп, ортасы (баған) 7-ші негізгі жарықтың шамасын көрсетіп, енді оны шеңбермен қоршасақ немесе 6 бұтақты ағашқа адамды таңсақ, 7-ші бұтақ пайда болып, яғни негізінен 8-ші жарықтың, қозғалыстың, түрленудің, Алланың баурауын көрсетеді. Бұл жағдайдың сырын аятта; «Мұхаммед бір кезде саған: «Негізінде Раббың адамдарды баураған» деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді және Құрандағы қарғалған ағашты адамдарға бір сынақ қылдық. Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырады.» (17-60) Бұл аятпен аруақ заңдылығының негізі «Ісра» сүресінің ғылымдық маңызы мен жанаттағы ағаштың қасиеті де от пен суды бөліп тұрған аралық оттың жалыны «Ыс»-тан «У»-дан пайда болған жын негізі болып, бұл ағашты тазартып алумен адамзатта жыныстық ағашының қалыптасуы және бой ағашы болып қалыптасатын; «И»-«Ман» деген екі сипатты жаратылыс негізі болып саналатын жарықтың да сырын әшкерелеп тұр.
Осындай жан сырының құпиясын көрсеткен білімді теріске алған әлем дін ғылымдары, әсіресе ислам ғылымдарының қатты адасуымен еліміздегі ата жолының істеріне, имандылықты қалыптастыру тәрбиесіне ат салысып, кемшілігін түзеп, ақылы толмаған жастарға дұрыс бағыт беруге қол созып, дінді жетілдірудің орнына, шайтан адамдарының соңынан сапқа тұрып қарсылық білдіріп, құдайдың лағынетіне, азабына халықты арандатумен айналысудың басты себепшісі де осындай мағынасы ұқсас бірақ сандық мәндерімен құпиялаған аяттарды ескі тозған біліммен, тәпсірлерді құр көшіріп алудан пайда болады. Сондықтан бұл жағдай әзірше сандар тағлымымен ғана астыртын баяндалып отырумен, негізінен жын-шайтан, пері т.б. қуат, күштер туралы сырды және адам жанынан, рухынан алатын орны мен құлшылықтың маңызын бұл жазбада түсініктеріміздің ақыл, ес «шарына» сыйымды болып, сондай діншілерді пір тұтқан күмәнсіз иман келтіргендердің жүректеріндегі қарсылығын, қандарындағы шайтаны мен бастарындағы жындылық сары суларын қозғамай, алдағы 6-басылымда арнаулы тақырыптармен психология, медицина пәндерімен және үкіметтің ақылшыларынан, заңгерлерінен тығылып жүріп орындаған, жинаған емдеу тәжірибелермен салыстыра отырып баяндап көреміз. Негізінен Құранда екі түрлі ағаштың болғанын біреуін «арша» (әйел жынысты) деп екіншісін «шырша» (еркек жынысты) деп, ал бұл екеуінен әлемдегі 22 ағаштың түрі пайда болатынын және хаж құлшылығының да осы санмен белгіленуі осы жағдайды көрсетіп, қажылықтың ай нұрына тәуелді құрма ағашымен байланысты екенін және ол құрманың жандық құпия сыры Сайрам қаласына пайғамбарымыздың аманатын Арыстан бабамыздың тұқымын әкеліп және оны Түркістан қаласына Ясауи бабамыздың 63 жыл жер астында тірішілік етіп рұқ қылып өндіріп қазақ және түркі әлемінің жан әлемінен, көк несібесінен екенін де естен шығармау керек. Ал шырша ағаштың негізі христиандық елдерде өліммен байланысты ырымы бар екенін, сондықтан көк шыршасын аулаға көп екпей немесе оны басқа біреулерге еккізетіні де бекер болмағандықтан және осы ағаштан жасалған айқышқа Ғиса пайғамбардың Құран бойынша өзі емес ұқсас серігі таңылғандықтан, батыс елдерінен келген жалған тәңірге шоқыну амалы яғни жаннатта қарғалған ағашты айналып, табынып, жалған тәңірге құлшылық қылу қазақтың ел басшыларының дәріптейтін салтына айналып, енді біздердің салт-дәстүр деген атауды сызықпен жалғап жазуға болмайтынын да ескерген жөн. Себебі салтымыз бен дәстүріміздің арасында өлім оқпаны пайда болған. Сондықтан әдетіміз арапша, ғұрпымыз шала қазақша немесе европалық болғаннан кейін 4-теудің басы қосылмаған елде діннің де толық болмайтынын, жаратқанның сынақ, азабынан және аруақтардың өлім, ауру, уайым-қайғы болып күзеткен пендесін Алланың жалпы елімізге біртұтас жіберетін азабынан арашалай алмайтынын да білген жөн. Енді бұл жағдайды яғни сынақтарды белгі болып ескертетін алатау тауының шатқалдарында жаппай қирауға ұшыраған қарағай тектес шырша деп атайды. Құран сүресіндегі «Жын» атауы мықты сөздер тобынан кітаптың аты болып, адам өмірінің қуаттарының негізін, тіршілік бастауын құрайтынын түсіндірмек түгіл мысалға; Дәуір баспасынан муфтият ғалымдарының пәтуасын алған түріктің дін ғұламасы болып саналатын; Фетхуллаһ Гүленнің еңбегінің, оны аударған қазақтың ұлттық университетінің ғалымы болып, әрі дін танушы Құдайберді Бағашардың; «Ғасыр тудырған күмәндар» деген кітабының өзі серік қосудың немесе Аллаға жала жабудың, ортақ қосудың өзі екенін кітаптың атауы ғана куә болып тұр. «Ғасыр» адамзатқа үнемі беріліп тұратын 103-ші нұсқаулар кітабы және Алланың көркем сөзі болып, енді күмәнді шайтан тудыратынын білген дінші емес, қарапайым сөз ұғымын білген пенденің «Ғасыр»-ды күмән тудырушы«Шайтан» негізі деп, Құдайды, Құранды және қазақтың көркем сөзін мазақ қылып, оны бүкіл қазақ еліне таратудан-ақ біздің еліміздің сөз ғылымының, философиялық даналықтың өлгенін, масһабшылардың көркем сөзге жасап жатқан зұлымдығын немесе Шәкәрім атамыздың; «Тәпсірші деген атақ бар, Тура айтсаң молда қақақтар, Ой-жотамен адасқан, Тәпсірде талай шатақ бар.» деген күмәнді тудыратын шайтаннан болған адамдар болатындығын білген әулиелігін растап тұр. (Ар мен Уақ және Ман қуаттары атты 6-кітаптан үзінді) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/