ҚОҢЫЗДАЙ ҚАУҚАРЫМ ҚАЛМАДЫ…

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 110

(киелі рухым, күнде табынатын абыздарыма!)
(Жүкел Хамайдан)
Қоңыздай қауқарым
қалмады
Өз ұясын қорғайтын
Айтқаның дәл келді
Шортан қарағай
шалатын
Көгалым қуарып
құм болатын
Үйімнің белдеуі түгіл
өзі кетіп,
Қатындар сөзі епті
би болатын…
Айтқаның айнымай,
түгел келді!..

Қыздарым жігіт түгіл
шалға артылды
Өзен қашып арнадан
көл тартылды…
Билерім жалақор
болды
басшылар парақор
болды
Тілін білмейтін ергежей
қаптап
Нәрестенің жанын
жатырында жұлатын
болды…

Мөңіреген сиыр пұл
болды
Еңіреген ер құл
болды
Шалдардан ақыл қашты
Кемпірден жаулық
қашты…
Нені айттың,
Соның бәрі дәл келді
Абызым!..
………………..
Бұдан соң тағы
не болады?!..

Көсеуім көгеріп
ту бола ма?
Кеберсіген жерім
ну бола ма?
Өзіңдей абыз қайта
туа ма?
Қасіретімді қуаныш
жуа ма?

ЖҮКЕЛ ХАМАЙДАН САУАЛ

…………………….

Ер еңсесін тіктей ме?
Елім қайта көктей ме?
Шөлдерім көл бола ма?
Тұлпардан төл бола ма?
………………………………
Қырға шықпас жамандар
Қылығы мынау әдрам қап
Қарағайлы көдік бойында
Қуанып бір отырар
Қайран да, қайран сол күндер
Қайрылып қайта туа ма?!..

****  *****

САУАЛҒА  ЖАУАП

Бүгінгі күннің еркектердің,

Қоңыздай да қауқары қалмады.

Өз ұясын қорғайтын,

Нәзіктерден де ар қалмады.

Шортанның қарағай басын шалғаны,

Қатынның билікке озғаны.

Көгалыңның қуарып құм болғаны,

Қатындардың шайтаны семіріп

Ұрығы ердің азғаны.

Үйіңнің белдеуі түгіл өзі кетіп,

Тегіңнің қазақ нәсілі азғаны.

Қатындар сөз епті биге айналса,

Сөзіңнің құны кетіп, дінің азғаны.

Қыздар шалға артылса,

Жастарда рухы жаңармай

Жоғалмауға жартысын іздеген

Бұл жанның құпия арманы.

Билерің жалақор болса,

Тұқымының тұздай тозғаны.

Кемпірден жаулық қашқаны,

Алжудың дерті басталды.

Шалдардан ақыл қашқаны,

Қияметтің сынына бұл бастаңғы.

***  ***

Абыздар жаны өлмейді,

Тылсымнан халқын тәрбиелеп,

Батамен елді жөндейді.

Тылсымның үні харіпсіз,

Тас керең пенде ұға алмас,

Жол көріп, жоба білетін

Естіген құлдар жазықсыз.

Өлімді жеңген өнермен,

Сұрадым баба Қорқыттан.

Ойшылы түрік кемелден.

Арсыздыққа тұншыққан

Айрылдық текпен, ұлтықтан.

Осылай қазақ өле ме?

Әлде көтеріп еңсесін

Оянып рухы жеңе ме?

Қоңыр үн келді қобыздан,

Дегендей ұрпақ ұғынсаң

Жүрекке мұны жазып ал,

Естісе атқа қонатын,

Ерлер бар мұны ұға алар.

Өлмейтін қазақ тегің бар.

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *