Құл болуға адамзат жаратылған

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 78

Құл болуға Құдайына арланбайтын,

Қазақ едік текті ел сөз тыңдайтын.

Өлісіне иман тілеп, береке алған

Құдайсыз қурайды деп, сынбайтын.

Құдайшылдық ұмтылды қайран қазақ,

Ата дәстүр ұстанбай болдың мазақ.

Қаптаса еліңе қара қытай,

Дінсіздік, арсыздыққа бұл да сынақ….

Құл болдық деп орысты жамандайтын,

Ескі кекті тұтатып жау атайтын

Ібілістің ұрпағы боп білімді жүр,

Заман, тағдыр құдай ісін аңғартпайтын.

Құл болудан құлшылықтан дінін тастап,

Қатын, қызды шайтаннан жынға арнап.

Арсыз елдің салттарына құлдық қылып,

Жынға айналған бүгінгі тегің қазақ.

Тарихың дәуір болып қайта оралад,

Қияметік мезгіл деп аталад.

Дәстүрі мен ата аманатын артқа тастап,

Азған елге құдайдан түсер сынақ.

Құл болуды, құлшылықты көріп азап,

Білімділер жүр сөз ұғымын қылып мазақ.

Атаның баласы боп, өзін мақтап,

Өзге елді тексіз, төмен  кәпір атап.

Махаббатпен туысқандық жібін жалғап,

Дәстүр салтын ата баба жүрсең сақтап.

Адамзаттың бәрін сүйген бауырым деп,

Қазақ тегін құдайсы кім жаулап алмақ?

Рұқы ояу, ар намысты тегің қазақ,

Суатын- төмен етек саналық қуат атап.

Қыз, қатының бүгінгі құлшылығы,

Нәсіліңді тозаққа жатыр байлап.

Баста жаулық, бөріксіз бүгін қазақ,

Ой жоғалып, өз тегіңді жатсың тонап.

Жаулайды деп дүние малыңды орыс, қытай,

Атты, жаяу ібілістер жүр байбаламдап.

Қазақтың жауы өзің, тұрсаң байқап,

Есектер кітабын жүрген арқалап.

Өткен шақты бүгінгі жоспар қылып,

Ар, ұятты дін, дәстүрді артқа тастап.

Жерден нәсіл қазақтың тегі туад,

Топырағың ата-баба қанымен үні болад.

Өз жеріңді арамдап былғап жатсың,

Нәсілімен азған елдің қанды былғап.

Адамзатты жер ана рұқы туат,

Әр ұлттың жері, тәні тегіне болар тұрақ.

Тегің, қаның екі аралық жынға айналад,

Тән аздырған, жер анадан кетер ажырап.

Жатыр-жері азып жатыр бүгінгі ұрпақ,

Ана тілің, ділің өнбей көкпен жалғап.

Елу жылда нәсілің әлемге кетер тарап,

Кебенексіз  ұлттарға болып ұрпақ.

Жүз жыл өтер, артында ізің жоғалад,

Бүгінгі арсыз, ділі әлсіз туған ұрпақ.

Тілі орыс, латын тегі қытай, ұлты қазақ,

Жеріңде өзге нәсіл қуатымен жаулап алмақ.

Бір ақыл, ғылымынан болмай сұрақ,

Дінге байлап, бар ісіңді қойдың матап.

Мәңгі өлмейтін шайтанға ұқсамақшы

Ел билеушілер діннен бөлек өзін атап.

Ақылды кім,  халықты деген ақымақ,

Жерін-дінін дүниеге пұлға балап.

Тажалдардың үлкені қайдан шықты,

Масһабты таза ақыл құдайды өзі атап.

Ата жолын, ар ұятын, дәстүрін білсе қазақ,

Қытай түгіл, бүкіл әлем үлгі алад.

Текті елдің топырағын аздырмауға,

Құдайдың өзі қолдауымен қорғап тұрад!

(Маусым айы 2016 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *