Құлшылық құпиясынан үзік сыр.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 114

      Бірінші Алланың шексіз берген жол нұсқаушы «Құран Кәрімге оны қазақ тіліне жақындатып тәпсірілген Халифа Алтай бабамыздың рухына тағзым ете отырып, болашақ ұрпақ алдында қазақтың тіл байлығының кеңдігін дәлелдеген және Құран құпия сөз астарын аша білуінен әлем халқы алдында біріншілерден болып және көпке ортақ кітап болатындығына сенімдімін.  Тек әрбір талаптанған оқушыға өзіндік оқу шарттары мен түсінік алу есептік жүйесі бар. Қазақ тілін меңгерген әрбір адамның сана және сандық жүйесін қалыпқа келтіріп сөз астарын түсіну қабілетін арттыруға болатынын аз уақыт ішінде әрбір пенде толып жатқан тәпсір, Құран түсіндірмелерінің ақ-қарасын ажыратуға сол сияқты Абай, Шәкәрім шығармаларындағы құпия сырларды түсінуге мүмкіндік алады, ал ерінбей құлшылықпен қатар ізденгенге Әзіреті Сұлтан Ясауи бабамыздың еңбегінің де сырын аша бастауы сөзсіз.

      Алдағы басылымдарда дін танытушылардың тіптен тозақ, жаннат ұғымдарын тек ертегі түрде ғана елестетіп әлемнің жаратылыс сипаттарынан мүлдем алшақ екенінен оқушы қауымның көзін жеткізе отырып ғылымның да әлем жаратылысынан қате жолда екеніне Құран арқылы дәлелдер келтіреміз. Жалпы құл десек тарихтан құл иелену заманындағы адамдардың бірін-бірі азаптап қорлап ақшаға сатып пайдаланғаны еске түседі де құл болуды бір намыс адам құқығын таптау ретінде қабылдаймыз. Ал негізінен адамдардың бірін-бірі иеленуі құлдықта ұстау, құлдықта жүру болып есептеледі. Яғни тек қожасының айтқанымен жүру. Ал Құран аяттарындағы Аллаға құл болу басқа, оған мыңның бірі тіршілік уақытында жете алмайды. Аллаға құл бола білу бақыттың белгісі. Себебі Алла бай, біз қашанда кедейміз. Сондықтан да құл болудың белгілі қағидасын түсірген. Ол қағиданы «Бой ұсыну» деп атайды. Бой көрінбейтін адам баласының сыртқы өрісімен байланысты және тән тазалығына тәуелді. Аллаға бой ұсыну үшін бет бұра білу керек. Бет бұру өзіне, ұлтына, жынысына адамдық борыштары болып табылады. Бет бұру құлдық істердің нәтижесі. Бірінші ата-анаңа құлдық жасау, туысқандарыңа, еліңе, жеріңе, отаныңа құлдық істеп меңгере отыра бой ұсыну амалдарын қоса меңгеруге болады.

     Қазіргі қазақта бұрынғы аталарымыз жасаған амалдар толық болмаса да бар. Бірақ өзімізше бөліп-бөліп алып оқшаулану саясатын жүргізіп жатырмыз. Мүлдем қателіктерге басып лағып кеткеніміздер де жеткілікті. Әсіресе мешіт дін танытушыларымыз тек сәжде амалын бөліп алып оның да сандық мәндерінен ішкі амалдарынан қателіктермен халықты негізгі жаңылыстырушылар болып табылады. Сөзіміз дәлелді болу үшін кейбір қателіктерге тоқтала кетейік; Біріншіден құлшылық істерінен мүлдем қателік кеткен. Хижра жыл санауы 11 аймен тек қасиетті түндер құлшылығы мен ораза, қажылық айы белгіленеді. Себебі жұлдыз бен айдың нұры арап елдерінде жеткіліксіз, есесіне күн нұры артығымен түседі. Сондықтан хаждың жер бетінде жеті сипаттық ерекшелігі болу шарт. Хаж ұғымы әлем елдеріне ортақ және барлық дінде де өз қағидаларымен жасалуға тиісті міндетті және ерікті болып екі түрлі амалдан тұрады. Онда хаж (қажылық емес) айлары 4 ай құрметті айлар болып тұрақты түрде 12 ай есебінен, яғни Григориан есебімен жүреді. Сонда бұрынғы қазақ аталарымыздан басқалар мүлдем құлшылық есебінен жаңылысқан. «Расында Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер. Сондай-ақ мүшіріктер сендермен түгел соғысқандай сендер де олармен түгелдей соғысыңдар. (Надандықтан тазару айлары.) Әрі расында Алла тақуалармен бірге екенін біліңдер.» (Тәубе-36) Демек қазақ халқының наурыз, мамыр, маусым, шілде айларында зираттап (хаж) өлілерге ас беріп құрмет тұтуы осының белгісі. Мешіт дін өкілдерінің 11 аймен ғана есептеп тек түндерді атап өтуі берік дін емес, айды кешіктіру болып тәубалары толық болмай шықты. «Хаж белгілі айлар ( Қажылық зылхажжа айының алғашқы он күні айлар емес күндер.) Кім ол айларда міндеттенсе, (аянмен, түспен, батамен ескертілсе) хаж кезінде әйелге жақындасу, (үйдің ауылдың маңында жан ұясымен бірге орындалатын болғандықтан) кінә істеу және жанжал жоқ. Әй ақыл иелері! Нендей хайыр істесеңдер, Алла оны біледі. Және азық алыңдар. Негізінен азықтың жақсысы тақуалық. «Әй ақыл иелері Менен ғана қорқыңдар» (Бақара-197) Киелі жерлерді тәуап ету — артық хайыр істеу болып, тақуалық азық ата-бабасының батасын алып қасиеттерді меңгеру болып есептеледі. (Тақуа – Ауқат- Рухани азық алу.).

      Құранды түсіндіруде неге біржақты өрескел қателіктер жіберілгендігі мен оны түзеткендер болғандығы туралы алдағы басылымдарда нақты аяттардан дәлелдер, есептеу ғылымынан хабардар етеміз. Тек қана ислам діні дұрыс қалғанының бәрі бұрыс деп есептеу ақылдының, иман келтіргеннің сөзі емес. Құлшылық танымының мезгілдік сипаты 12, 24, 36 болып ішкі амалдары үнемі 4-пен жүйеленіп отырады. Сондықтан да аталарымыз «Төртеу түгел болса төбеден келер» деп ескерткен. Қажылық сол төрт амалды түгелдеп төбеден алатын мұсылман баласынын өмірінде бір рет жасайтын ерікті Хаж амалы. Аятта; «Сол уақытта үйді адам баласы үшін бейбітшілік орны етіп жасадық. Ыбырайымның орнынан (зиратынан) намаз қылып алыңдар. Және Ыбырайым, Ысмайыл екеуінен; «Үйімді 1.Тәуап етушілер, 2. Ғибадатқа отырушылар және 3. Рукуғ, 4. Сәжде қылушылар үшін тап-таза ұстаңдар» деп уәде алғанбыз.» (Бақара-125) Осы амалды қажылыққа барғандар міндетті түрде өтейді, ал бұл амалдарды өміріңде бір рет немесе жылына бір рет жасай сал деген аят жоқ, қайта жеке аяттармен ескерткен. Рукуғ сәжде ішіндегі тізе бүгу емес, жалпы негізінен Забурге түсірілген зікір айту құлшылығы және жалбарыну. Тәуап –Тәурат, Ғибадат-Інжіл төрт кітапқа да иман осы амалдарды үнемі орындаудан барып есептеледі. Жалпы Құраннан құлшылық белгісін көрсететін аятқа тоқталсақ: «Жүздеріңді батысқа, шығысқа жөнелту игілік емес. Бірақ кім Аллаға, ақирет күніне, періштелерге, кітаптарға, пайғамбарларға иман келтірсе және 1. жақындарына, 2.жетімдерге, 3.міскіндерге, 3. жолда қалғандарға,4. қайыршыларға және 5.құл азат етуге жақсы көре отырып мал сарып қылса әрі 6. намазды толық орындап (намаздарды) 7.зекет берсе, 8. өзара байласқан уәдесін орындаушы, 9.таршылықта, қиыншылықта және соғыс кезінде сабыр етуші болса міне солар шыншылдар әрі солар тақуалар.»(Бақара-177).

     Ислам дініне ортақ намаздар қағидасы болып; жүзді батысқа жіберетіндер-түрік тектес, шығысқа жіберетіндер-батыстық арап тектес елдерге тек сәжде жасау игілік емес екендігін ескертіп, негізінен сәжде игілігі тек меккелік араптарға ғана тән іс екен. Оған дәлел 13 пілдің Мекке қаласына кіре алмай соған байланысты «Філ» сүресінің түсу құпиясымен ерекшеленеді. Барлық мұсылман елінде жануарлар үркетіндей өрістік қабы бар деп сәждемен жан, тәнің тазарды деген тағы да ғылымға келмейді. Жалпы Құрандағы сол құпиялардаң бірі жолда қалғандармен, құл азат етуді жолаушымен, біреудің қолында құлдықтағы пендемен түсінік, насихатын шатастырып алған тәпсіршілер. Оған болашақта ғылымымен қайта ораламыз. Тағы бір қателік аяттағы «Үйді»-сөзі Қағба туралы болса «Үйімді»-сөз» Алланың жер бетінлегі үйлері болып саналатын мешіт, шіркеулер болып таза ұстауға Ыбырайым ұрпақтарынан уәде алынған. Демек мешіт имамдары Алла алдында таза ұстауға уәде бергендер болып саналады. Ал шындығында керісінше олар Алладан емес пенделерден келмей қалар деп қорқады, демек дүниеге шоқынады. Жалаңаш әйелді де, аяғы сасыған еркекті де, жындыны да сол Алланың үйінен көресің. Сондай лас иістерді аластайтын, мешіт өрісінің ерекшелейтін Зікір атты киені қалай айтуды ұмытқалы қай заман. Тағы бір жалпы ислам әлеміне тән басты қателік Құранды қалай оқу даулы мәселеге айналды. Құранды жаттау мақтанышқа айналғанымен тұрмай, мәнерлеп оқу үрдіске айналды. Аятта; «(Мұхаммед) өлең үйретпедік әрі оған, ол лайық емес. Ол, бір үгіт және ашық Құран ғана: (69) Тірі кісілерге ескерту, қарсы болғандарға байланысты сөз шынға шығу үшін.» (Ясин-70) Арап тілі жартылай дауысты болып тек азаннан басқасын өлеңдетіп оқуға болмайды. Тек әр пенденің жаратқаннан берілген үнімен түсінікті оқылу керек. Әр халықтың дауысты дыбыстар санына байланысты ғана мақам қалыптасады. Мақам қанша пенде болса соншалықты мақам бар. Құранның шипалық сүресі санаулы ғана араптан басқа ұлтқа өзіндік жаттау шегі бар болмаса сана қалыптаспайды. Ең жоғарғы шегі 49 сүре шамасында болу керек. Негізінен таңбалар санына тәуелді болып қазақ үшін 41 саны меже болу керек. Жас балаларды құранды өлеңдетіп мысалдарды арапша жаттатып марапаттап мақтанышқа айналдыру болашағына балта шабумен бірдей, ондайлардан тек елірме немесе бүлікшіл (террорист) қазақ өседі. Тағы да дінді ойын-сауыққа айналдырмаңдар деген қатаң ескертуге қарамастан ораза айында көпшілік болып кезек-кезек зікір оқу орнына шіркеудегідей мешіттерде өлең айтуды ойлап тапты имамдар. Олар да жаңа қазақ болудың тәсілдерін іздеп жатыр. Дінді ұстану амалдары әр ұлтқа үніне, тұрған жеріне, дыбыстық ерекшелігіне байланысты, арқылы өздерінен болған ескертуші елшілер әулиелер ізімен жүруді бұйырған жаратушымыз. Сондықтан; «Өздеріне берілген нәрселерге қарсы бола тұрсын. Әрі олар пайдалана тұрсын. Бірақ жедел олар біледі.» (29-66)
Бұл кітаптағы берілген аят арқылы жәй ғана ескертулер дәлелі алда болашақта, ғылымда әзірше қарсыласып пайдалана тұрсын аманатқа қиянат жасаушылар, жаратушы ескертуі де көп күттірмес. Алла қуат иесі және хикметі де шексіз. Енді терең кете бермей келесі басылымға қалдырып ауыздан түспейтін екінші орындағы мұсылман баласының аяқ-қолын қалтырататын, қазулы ордай немесе оттан қорыққандай шошытатын үш сөзге тоқталайық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *