Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}
Құран сүрелерін белгілеген аты бар кітаптар негізгі жаратылыс қуаттарының, яғни жарықтың сиымдылығы деп түсінсек, яғни қарапайым түсінікпен жарық көзі (трансформатор) құрылғысының қуаттық күшінің сиымдылығын (ампер) шамасын көрсетеді. Ал сүре ішіндегі аяттар саны және орны осы жарықтың өрістік өлшемін (вольт) көрсетеді. Енді құран сүрелерінің жиынтық қосындысы 6555 санын беріп екілік дәрежеде 21 санымен бүкіл жолдардың үндік белгісін көрсетуін құран сандарының белгілі жүйеге бағынатынын көрсетеді.
Осы тәсілмен көптеген құран сүрелерінің сандық мәнінде жасырулы тұрған құпиялардың өлшемдерін білуге болады. Сол сияқты 19 санының да басқа ешқандай санға келмейтін бір құпиясы ашылады. Әрбір кітаптардың сандық мәндері де осындай белгілі бір жаратылыстың тарихи кезеңдегі қуаттық өлшемдерден болашақ ғылымда ашылатын көптеген құпиялардың ашылуына септіген тигізері де және ислам тәпсіршілерінің надандық пайымдауларына құранды сандық мәнімен зерттеу арқылы ғана нүкте қойылатыны даусыз ақиқат. Және бұл сандық өлшемдер де үш түрлі сипатта; химиялық, физикалық, биологиялық болып және 5 түрлі өрістік, тығыздық шамасымен негізінен 8 қуаттық түрді көрсетеді. Сондықтан осы өлшемдерді сіңіру, қабылдау амалдарын дәстүр деп атаймыз. Масһабшылардың, шариғатшылардың айналып өтетін, кейбір діншілердің Алламен арада делдал жоқ деген серік қосқан сөздеріне дәлел жаратушының сегіз себепті сипаты дегеніміз осы дәстүрімізден көрінеді.
Бұл қағидалар қазақ діншілерінің ұмыттыруға тырысып жанталасқанымен сопылар еңбегінде және Абай-Шәкәрім аталарымыз да ғылымын толық ашып көрсетіп кеткен. Бұл 8 сипат құран аяттарымен астарлап, жасырын тұрып 10-мен дәрежеленіп негізінен қалай зейнеттелетінін 80-сүремен көрсетіліп пайғамбарымызға арнаулы берілген 7 үн кітабымен қосылып отырады. Ал енді құлшылық қағидаларын түсіндіретін сүйікті құлдарына бата, уахи болып оқылатын пайғамбар шапағатын, яғни тылсым үнін (87-ші кітап; пайғамбарлар нұсқалары); 7 үнді 10 білімге көбейтсеңіз 77 санымен барлық құлшылықтың толық қағидасы тура жолдың негізгі түсінігі шығады. Бұл сан адам баласының тәніндегі 77 буын санын көрсетеді. Ал қалған 37 кітап адам баласының дене қызуының шегін көрсетіп, физикалық, биологиялық, химиялық ақпараттар кітабын береді. Сол сияқты адам баласының дене мүшелерінің бәрі құрандағы белгілі бір сүрелермен, аяттармен тығыз байланысты. Мысалға 13 саны мойын, 14-15 сандары жүрекпен байланысты. Ал негізгі құран аятының 6236 саны тәндегі ақпараттар алмасу белгілері «ЯН», «ИН» нүктелерінің санын көрсетеді.
Құранның үгіт, насихаттары тек араптарға ғана берілді деп түсіну надандық екенінің дәлелін іздесеңіз онда бүкіл әлемнің тәжірибеден өткен негізгі тұрақты пайдалы қағидаларының сипаттары мен түсініктерін, яғни философиялық мектептер қағидаларын оқып көріңіз. Және қысқаша қазақ философтарының жоғарғы оқу орындарына арналған оқулығында да берілген. Ал жан сырының және рухтың бейнелеуінің белгілері осы уақытқа дейін табылып жатқан мұрағаттарда, тастарда сызықтық бейнелері нақты көріністері бар және құран аяттарының санымен оны растайды. Соның бірі әйел затының ақиреттік бейнесі — жан киімі сақ қорғанынан табылған «Алтын ана» Шәкәрім атамыздың ескерткен адам баласының «Бәйшешек бақшасы» болып шығады. Өкінішке орай қазақтың қазіргі философиялық, психологиялық ғалымдығы мен даналығын көрсеткен оқулық, еңбектерінің сипаты; құранмен, қазақтың шежіре тарихымен байланыстырып, қазақ елінің тарихи өмірінде қандай іздері болғанының, қандай қағидаларының салт-дәстүрге, әдет-ғұрыпқа айналып дін ұстанымыздан орын алатынына нақты бағасын беруге ойшылдық даналықтары жетіспей, тек анықтамалық жинақ ретінде ғана маңызды. Сондықтан білімді деген ел басқарушы саясаткерлеріміздің дінге деген көзқарасы да, діни сауаттылығы да осылай қалыптасқан.
Негізінен философия мектебі әлемдік дінді түсіндіруші және ұлтына, сөз ерекшелігіне сай мемлекеттің өркендеуіне бағыт-бағдар беретін өмір мектебінің өзі ақиқаттың айнасы болып қалыптасу керек еді. Ал әлемдегі сондай философиялық мектептерді біріктіру ислам дінінің басты шарты болып табылады. Қазақ елінің Карл-Маркс философиялық мектебінің еңбек, шаруа, ақша саясатын ұстануының өзі осы құран философиясының бір бөлшегі, бұтағы, яғни әдісі болып табылады. Құранға дейінгі кітаптардың философиялық тұжырымдары мен басты намаз амалдарының насихаты 103-ші кітап, Құдайлық ілім інжілдің негізі болып, ол кітапты пайғамбарымызға апарып оқытып таныстырған және шариғаттың ізгі амалдарын қалыптастыруға, түркілік дін тазалығын арап салтына сіңіруге ат салысқан атамыз Укаша сахаба болып, бұл жағдай құранда да арнаулы аятпен ескертілген. Енді сондай түсірілген кітаптар адамның дін-жанына жазылып, табиғат жаратылыс және көктер мүлкіне айналып, сәуле беріп ғайып, көмес, көрнеу түрде уақытына қарай бөлініп және үш түрлі жиілікте болып адам баласына түс, аян, аят-уахи болып, оқиғалары оқылып көрсетіліп отырады. Көкте қанша жұлдыз болса соның бәрі адам баласына оқылатын, оқылып жатқан кітаптардың бөлімдері, тараулары деп түсінгеніміз ақиқатқа теріс келмейді.