Бисмиллаһи Рахмани Рахим!
Алла белгісімен бастасақ «Осылайша Құранды, арапша үкім етіп түсірдік. Саған ғылым келгеннен кейін, олардың көңілдері ауған тарапқа ілессең, сені Алладан арашалайтын бір дос не қорғаушы болмайды». (Рағыд – 37).
Бұл аятпен жаратушымыз құран үкімін бұзатын, залым ғалымдар болатындығын ескертіп отыр. Демек Құран түсінігі үнемі толықтырып қадағалап отыруды қажет етеді. Ондай Құран аяттарының құпияларын меңгерген адам баласын елші немесе әулие деп атаған.
Енді өткенімізге үңілсек, терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғана ғайыптан хабар береді. Әулие дегеніміз сол болса керек. Сол әулие аталарымызға, бір сәт қалдырған мұраларына ой жіберсек.
Шәкәрім атамызша:
Анықты білмес діншілдер,
Өзімшіл ойсыз, күншілдер
«Жаныңды жолдан қосты» деп,
Шариғат айтып күңкілдер
Ойында биттей сәуле жоқ.
Дін айтты «Маған нан» — дейді
Адасқан дінді пән дейді.
Мағынасын анық біле алмай,
«Рух» деген сөзді жан дейді
Осыдан жаман әуре жоқ.
Рух деген дінсіз таза ақыл
Мінсіздің ісі шын мақұл,
Айуандағы ақыл ол емес.
Аз ғана сөзім – аз тақыл
Құраныңды оқы нанбасаң.
Шәкәрім атамыз аз сөзбен құрандағы қанша аяттардың ақиқатын бізге ашып беріп отыр. Нанбасаң, алып құранды оқы деп меңзеп отыр. Тек Құранды қалай оқу және кімнен үлгі алу керек?
Негізінен Құран Кәрім өлікке немесе қабыр басында ғана оқылатын Кітап емес. Тірі жүрген адамдарға оқылатын ереже және заң Кітабы. Сондықтан мұсылмандардың Құранның үгітін білуі қажеттілік болса, сол үшін өз тіліңде дұрыс оқуымыз шарт. Бақара сүресінің қырық бірінші аятында «Аяттарыңды аз бағаға айырбастамаңдар» деп, сөз құпиясын, құндылығын дұрыс түсінуді бұйырып, сондай-ақ «Менен ғана қорқыңдар» делінген аяттардан үлгі алып, әр халыққа өз ізімен шариғат дәстүрімен ғана жүруді үкім етеді. Құран тарихына үңіліп көрсек; Зерттеулер нәтижесінде 1915–1980 жылдары арасында басылған «Құран Кәрімнің Дүние жүзілік Аудармасының Библиографиясы» делінген атпен бір мың бет көлемінде ағылшынша (біраз арапша түсінік беріліп) бір кітап басылып шықты. Бұл тұңғыш рет жарық көрген ғылыми жинақта Құран Кәрімнің алпыс тілге 2668 рет аударылып басылғандығы жазылған. Әрине бұл жинаққа кірмей қалғандары бар.
Түрік тілдерінде ең көбірек қырық шақты тәпсір әр дәуірде түрікше (анатолияша) жазылып, басылған көрінеді. Ал одан кейін татарша, азербайжанша және өзбекше тәпсірлердің болғандығы байқалады. Қазақ Совет Энциклопедиясында: «Мұса Бегей ұлы, шілади 1912 жылында Құранды қазақ тіліне аударды. Бірақ ол жарыққа шықпай қол жазба күйінде қалды» делінген. Ал түркменше, қырғызша тәпсір болмаған көрінеді.
Негізінен Құран Шәрифтің басқа тілге аударылуы әрине оп-оңай мәселе емес екені мәлім. Өйткені, тіпті қарапайым бір сөздің өзі басқа тілге аударылғанда, дәл өзіндей мүлтіксіз бола қоймайды. Себебі араб әріптерінің шығуын аспан әлемімен байланысты деп қарастыратын пайымдаулар негізсіз болмауы керек. Араб әріптерінің алфавиттегі саны 28. Бұл сан айдың көріну мерзіміне сәйкес. Яғни ай қияқтанып туғаннан дөңгеленіп толғанға дейін 14 күн, одан біртіндеп кішірейіп соңғы таусыншақ ай қияғының таңға жақын көрінуі тағы 14 күн. Сонымен айдың толуы мен солуы 14 күннен болып шығады.
Араб жазу, оның ішінде Құран жазуын оқу өзіндік ережесі (тәжуид) бар зор ғылым. Себебі жазылғанмен оқылмай қалатын, қосылып оқылатын, өзгеріп оқылатын әріптер болады. Әріптердің бір-біріне ықпалы бар. Дыбысталуына тигізетін әсері оның қандай белгіде болуына байланысты. Әріптердің алфавиттік реті екі түрлі болады. Тілдік әліпби кәдімгі әліппе ретінде, ал есептік әліпби хисабтық мақсатта қолданылады. Хисабтық әліпби сегіз сөзге топтастырылған. АБЖД, ҺУЗ, ХТИ, КЛМН, СҒФС, ҚРШТ, СХЗ, ДЗҒ (бұл жердегі ескерілетін жағдай сол, араб тіліндегі дыбыстардың кейбірінің қазақ тілінде болмауына байланысты таңбалар кириллицамен қайталанған сияқты, бірақ олар басқа дыбыстар. (Мысалы С әрпі үшеу, үш түрлі дыбысталады.) Әрбір әріп белгілі бір санды білдіреді. А-1, Б-2, Ж-3…т. с. с. мыңға дейінгі сандар қойылған. Мұны Әбжадтық (АБЖД) әліпби дейді. Әбжад екі түрлі болып бөлінеді. Үлкен әбжад және кіші әбжад. Бұдан басқа реттік сандар да осы әріптермен беріледі. Мысалы К-12, Л-13, М-14 т. с. с. Үлкен әбжадта бірліктер, ондықтар, жүздіктер және мың болса, кіші әбжадта барлық 28 әріп 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қамтиды. Сонда 18 әріптің екі түрлі сан мәні болады. Осы әріптерінің сандық мәндерін (кіші әбжад) жинақтағанда 88 болады, ал 1-ден 10-ға дейінгі сандар жиыны – 55 88+55=143. Бұл «Фатиха» сүресіндегі әріптер саны. Үлкен әбжадтағы барлық сандардың жиыны 5995. Мұны құраушы сандардың жиыны 28 болып шығады. 5+9+9+5=28
Әбжад есебі кездейсоқ алынған емес. Сан ғасырлар бой жинақталған түрлі білімдер негізінде шебер құрастырылған. Сегіз сөздің төртеуінің әрқайсысы төрт әріптен тұрса, келесі төрт сөз үш әріптен құралған. Үш әріптен тұратын сөздерді жеке топтастырып қарастырайық. Бұл жерде де әріптердің үстіне қойылған күн (шамсия) және ай (қамария) белгілеріне назар аудару қажет. Ретіне қарай сөздерде белгілер былайша орналасқан. Ай-ай-ай-күн, ай-күн-ай, күн-ай-күн, күн-күн-ай төрт әріпті сөздерде ай-ай-ай-күн, ай-күн-ай-күн, күн-ай-ай-күн, ай-күн-күн-күн. Таң қаларлық жағдай. Әр топтағы ай мен күн белгілерінің сандары өзара тең һәм бірін-бірі қайталамайды. Орналасуында өзіне тән заңдылық сақталған, соның бірі шығыстағы сәулет өнері туындысының (Ахмет Яссауи мавзолейіндегі нақыштардан) ең қарапайым һәм жетілген өрнек үлгілерін көруге болады.
Енді ұлық кітаптар және олар жіберілген пайғамбарлардың аттарының сан мәндерін қарастырсақ Мұса (116) ғ.с. Дәуіт (15) ғ.с. Ғайса (150) ғ.с. Мұхаммед (92) ғ.с. сан мәні 116+15+150+92=373. Кітаптар Тәурат (1038), Забур (248), Інжіл (125), Құран (382) сан мәні 1038+248+125+382=1793.
Ал кітап аттарындағы әріптер саны – 28. Пайғамбарлардың аттарының саны 4×4=16. Енді кітаптардың және Пайғамбарлардың әбжадтық саны 1793+373=2166. Енді осы жиын санды «Бисмилляһи ар-рахман арахим» санына бөлсе Құран сүрелерінің саны 114 шығады. 2166׃19=114. Немесе керісінше сүрелер санын «бисмилляһиге» көбейтсе 2166 болады. Өздігінен жарық шығатын (радиоактивті) соңғы тұрақты элемент Уранның реттік саны 92 болып, оның Мухаммед ғ.с. сан мәніне (92) дәл келуі ұлы мұғжиза. Менделеев кестесіндегі соңғы және ең қуатты элемент Уран болса, пайғамбардың мөрі, яғни соңғысы, әрі қуаттысы Мухаммед ғ.с. Ғажап! Өздігінен нұр (жарық) шығаратын элемент «Уран» мен құрандағы «Нұр» создерінің сан мәндері бірдей – 256. Бұл да тегін емес. Темірдей тәртіпке құралған Құран аяттарының сыртқы сипаты мен мазмұндық үйлесімінің осылай қабысуы зор хикмет. Сол сияқты «Құран» санының (352) Ысрафил періштемен сандас болуы да хикметтің ишарасы.
«Адамның ғылымы, білімі хакиқатқа, растыққа құмар болып, әр нәрсенің түбін, хикметін білмекке ынтық бірлән табылады» (Абай 39-сөз). Шындыққа білмекке құмарлық адам баласының ерекше қасиеті, Алланың берген нығметі. Сондықтан Құран Шәрифтің аудармасын тәржіме демей көбінесе меал немесе тәпсір деп атайды. Өйткені тәржіме: бір сөйлемнің басқа тілге сөзбе-сөз аударылуы. Меал: бір тақырыптың басқа тілмен қысқаша түсіндірілуі. Ал тәпсір: Бір мазмұнның басқа тіл арқылы біраз ашалап түсіндіруі.
Менің алдымда соңғы жылдары шыққан (баспадан) үш түрлі қазақша Құран Кәрім жатыр.
Бірінші қомақты көлемді бірінші бетінде аударғандар: Рәтбек қажы Нысанбай ұлы. Уаһан Қадырханұлы. Жазушы – 1991 жылы шыққан.
Екінші «Құран және оның қазақша мағынасы» Аудармашылар: Нұралы Өсер ұлы Серкімбай ұлы ат-Туркистани Жұмабай Мақаш ұлы Ізтай ұлы ат-тарази. «Казинтерэтнос» Алматы 1993.
Үшінші «Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі»;
Халифа Алтай бабамыз кешірім сұрап тек меал түрінде анықтама берген. Енді оқырманға түсінікті болу үшін иісі қазақ халқына танымал болған үш кітаптың әр жерінен бір-бір аяттан алып салыстырып көруді ұйғардым.
1. Рәтбек қажы Нысанбай ұлы. Уаһан Қадырхан ұлы. «Ол (Ибрагим ғ.с) көп құдайшылдардан емес» нахыл 123 аят.
2. Жұмабай Мақаш ұлы ат – Туркистани Жұмабай Мақаш ұлы Ізтай – ат Тарази. Шынында Ибрагим Аллаға шын берілген, көптің әкесі, ханиф (Жалғыз Аллаға сенуші) болған ол мушкириктерден (көп құдайға, яғни пұттарға табынушы) болмаған. Бұл жерде мүшрік – ортақ қосушы.
3. Халифа Алтай. Нахыл сүресі 123 аят «Ол (Ибрагим ғ.с.) шерік қатушылардан емес».
Ал енді оқырмандар бағасын өздері берер, мен 2-ші нөмірлі Құранды көп сөзділігіне және менің мақсатым шерік, ортақ, серік сөздерінің қандай мақсатта және қалай пайдаланады, бізге имамдар дұрыс айтып жүр ме деген мақсатпен 2-ші нөмірлі Құранның құндылығы тек Құран аяттарының оқылуын кириллица әрпімен беруге тырысқандығы. Хош, енді әрі қарай екі Құранды салыстырып шерік, ортақ серік туралы қалай тәпсірледі екен.
«№3 Құран «м.м.ғ.с.» Әй кітап иелері! Біздің арамыз бен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер. Жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, оған еш нәрсе ортақ қоспайық. Сондай-ақ Алладан өзге бір-бірімізді тәңір тұтпайық» деп айт.
Әли Ғымыран 64-аят
№1-ші. Ей кітап иелері! Бәрімізге ортақ бір сөзді-ғана Аллаға ғана сиыну, оған еш нәрсені тең келтірмеу. Құдай тұрғанда өзіміздің әлдебіреулерімізді тәңір тұтып, табынбау сияқты ортақ бір сөзді ғана тұтынайық де. Егер олар бұдан бас тартса, онда: «Ей қауым (Яһудилер мен насрлар қауымы), біздің мұсылман екенімізге куә болыңдар,
Ғимыран 64-аят
Әрине қазақ тілі 3 рет өліп тірілгесін (арап, латын, кириллица) мүмкін І-ші белгідегі Құран авторы аударма дегесін арап тілінен аударғанда осындай көп сөз шығатын шығар. Әзір ғалым ағаларымызға сене тұрайық.
№3 Құран – «Расында, шайтандар сендермен тартысу үшін өз сыбайластарына сыбырлайды. Егер оларға бой ұсынсаңдар (Аллаға) Шерік қосушылардан боласыңдар. (Арам жеу күнә). (Энғам – 121-аят.)
№1 Құран – «Құдай аты аталмай, (бисмилласыз) бауыздалған малды жемеңдер. Оны жеу, әрине, күнә, шайтандар өздеріне ілескендерді сендермен дауға түсуге де азғырады. Ал, оларға еріп кеткендер – сендердің де кәпір болатындарың даусыз.» (Энғам -121- аят.)
Халифа Алтай бабамыз бұл аятта Шерік сөзін қайда қолданатынын нақты ашып көрсетіп отыр. Мың да бір рахмет!
№1-ші Құран авторлары құранды аудармаған, өз ойымен тәпсірлегені көрініп тұр. Ал енді серік қосу туралы аятты көрсек.
№3 Құран «Күдіксіз Раббым арсыздықтарды, оны көрнеу, көмесін, күнәні, орынсыз озбырлықты оған байланысты ешбір дәлел түсірілмеген нәрсені Аллаға серік қосуларыңды және білмейтін нәрселеріңді Аллаға қарсы сөйлеулеріңді арам қылды. (Ағраф. 33-аят)
№1 Құранды оқып көрелік.«Әшкере болсын, жасырын болсын жаман іс істеудің бәрін, күнәні, орынсыз ұрынуды, өзі тарапанынан ешқандай дәлел берілмеген нәрселерді Аллаға теңдестіруді, өздерін білмейтін жайларды, Құдайды ауызға ала отырып, қалай болса солай сөйлеуді Алла сендерге харам етті (тиым салды) де. (Ағраф. 33-аят)
Енді тек ой жору тәпсір екеніне көзіңіз жеткен шығар, ал серік сөзі мүлдем жоқ. Жоғарыда әр аяттың әр сөзінің орны барлығын әрине көзімізді жеткіздік. Ал «серік», «шерік», «ортақ» сөздерінің алда ғылыми атаулар екендігіне дәлелдер келтіреміз. Демек қолданылатын өз орны бар.
Бұл жерде иманы жолдас болсын Халифа Алтай бабамыздың көп еңбек еткенi көрiнiп тұр. Серiк, ортақ, Шерiк сөздерiнiң мағынасын әзірше түсiнген шығарсыздар. Әрi қарай салыстырып көрейiк.
№3 Құран “Расында Бiз оларға иман келтiрген қауым үшiн тура жол және мәрхамет түрiнде бiр кiтап түсiрiп, оны бiлiм жолымен айырып түсiндiрдiк. (Ағраф – 52 аят.)
№1-шi Құран. «Бiз кiтап (Құран) жiбердiк. Оны түсiндiрдiк те. Оған иланған қауымға жарқын жол сыйладық.» (Ағраф – 52 аят.) (Адам баласына Құранды оқудың қажеті жоқ, иланса болды түсінігін сыйға бере салады екен.) Сондықтан ендi №1-шi Құран авторлары мына аяттарды қалай түсiндiрер екен.
№3 Құран. «Күдiксiз Раббыларың сондай Алла, көктер мен жердi алты күнде жаратқан. Сонан кейiн ғаршыны меңгерген Бiрiн-бiрi қуалап, күндiздi бүркеген түндi және күн мен айды, жұлдыздарды да әмiрiне бағындырған. Сақ болыңдар! Жарату және бұйрық беру оған тән. Өте жоғары Алла, бүкiл әлемнiң Раббы». (Ағраф – 54 аят)
№1-шi Құран «Сенiңiздер, сiздердiң Тәңiрлерiңiз – шын Тәңiр. Ол алты күннiң iшiнде көктi, жердi жаратты. Одан соң ғарышқа (таққа) отырып, әмiр жүргiздi. Күндiздi кешпен жапты, кештi күндiзбен алмастырды. Өзiнiң бұйрығына бой ұсындырып, күн, ай, жұлдыздарды жаратты. Жарату, әмiр ету тек Аллаға ғана тән. Әлемнiң әмiршiсi – Алланың мәртебесi сондай биiк.»
(Ағраф – 54 аят) . Жаратушымыз аятта «Аяттың алдынан да артынан да бос сөз келмейді, аят сөздерін ауыстырушы жоқ» деп ескерткен. Сеніңіздер деп өзі жаратқан пендесіне өтініш жасамайды, «Сеніңдер!» деп бұйырады. Жаратушымыздың сипатына ақыл-ойымыз жетпейді, сондықтан қалай қайда отыратынын немесе отыра ма отырмай ма білу де мүмкін емес.
Қазiргi уақыттарда өкінішке орай кей араптардың «Алла» деген сақалы белуарына түскен шал жетi қат көкте тақта отырып басқарып отырады деп жүргендерi осындай шалағай аударма тәпсiрлердің нәтижесі болу керек. Мына аяттарды салыстырып оқығаннан кейiн мен Рәтбек қажы мен Уаһан ағаларымызға Құран танушы ғалым екендiгiне тiптен шүбә келтiремін. Мүмкін арап танушы аудармашы болуы мүмкін. Тағы да салыстырып өтейік.
Халифа Алтай атамыздың тәпсiрi. «Әр әлеуметтiң белгiлi бiр мерзiмi бар. Олар сол мерзiмi келген сәтте бiр дем кешiкпейдi де iлгерiлемейдi.» (Ағраф – 34 аят)
Р. қ. Нысамбай ұлы мен Уаһан Қадырхан ұлы аудармасы (тәпсiр).
«(Пайғамбарды мойындамаған) мүмимнiң қайсысының болса да (өмiр сүру) шегi бар. Сол шекке жеткiзгенде олар ешқандай ауытқымайды (бiрден көз жұмады).» (Ауырмай да кенеттен өледі екен! Авт.) (Ағраф – 34 аят).
Әрине, қазақ тiлiн осындай бейшара халге түсiрiп, осы кiтапты редакциялауға шығаруға көмектескен авторларға халық өзi бағасын бере жатар. Тек бұл кiтаптың iшiнде арапша құран аяттары жазылғасын ғана қасиеттi «Құран». Ал Халифа Алтай бабамыздың жаны жанатта болғай деп тiлеймiз. Қазақ халқы үшiн көп еңбек еткендiгi осы Құран тәпсiрден көрiнiп тұр. Әрине 21 тәпсiр кiтап пайдаланып, 9 аударма кiтап 3 тарихи кiтаптарын пайдаланған. Тырнақ астынан кiр iздемей-ақ қояйық, ортақ, серiк, ширiк т.б. жақша ішіндегі түсіндірме сөздерi көп жағдайда танымал ғылымдардан алшақ кеткен. Әрине, әзірше тек бұл менiң пiкiрiм. Және кей қазақ сөздерi түсiнiксiздеу қолданылған сияқты. Мысалы «На шүкiрлiк», «Қанымен жының», «одан көрнеу», «көмес жұмсайтын», «зорекерлiктен тыяды», «жасынға шығарды», «тарапсыз», «Дiн қарындастың», «Мұнапақтық жағдай», «Рақбаниеттi» т.б. ескі түркі, шағатай тілінен алынған сөздер жалпы оқырманға қиындау оқылады. Әрине, көш жүре түзеледi.
Ғылыммен шұғылданып, қазақ сөздiктерiн жасап жатқан бауырластарымыз мүмкін әлде де қазақ халқына төл тiлiнде мағынасын жоя қоймайтындай дәрежеде толықтырылса, немесе қосымша түсініктемесі берілсе әрине, нұр үстiне нұр болар едi.
Шәкәрiм атамызды тыңдасақ:
«Тәпсiршi» деген атақ бар,
Қарсы айтсақ молда қоқақтар,
Анығын таппай айтылған
Тәпсiрде талай шатақ бар,
Ой-жотамен адасқан
Пәншi мен дiншi тыңдамас,
Жиренiп мұны ұнамас
Өйткенi олар бiр езу
Әдетiн тастап, шыдамас
Арланбай бұған еруге.
Дін тазасын діннен ізде
Дін шатағын сынға сал,
Анық айна өзіңде,
Айда ақылды қаттырақ.
Шала дінде пәнде таппас
Дін тазасын ой табар.
Еркін ақыл тіпті адаспас,
Кезсе кірсіз жарқырап.
Ал ендi «Ақ жол ақ жол емес, шерік қосу, зираттап жүргендер дiни сауаты жоқ» деп байбалам салып жатқандарға әзірше: «Молдалар тұра тұрсын әсiресе бұл заманның имамдарына бек сақ болыңдар. Олар фитнә (бүлiкшiл) ғалым, бұлардан залалдан басқа еш нәрсе шықпайды. Өздерi шариғат жолын таза бiлмейдi, көбi надан болады. Онан асып өзiн тарихат жолындамын (сопылық) деп бiлiп және бiреудi жеткiзбек дауғасын қылады. Бұл iс олардың сыбағасы емес, бұлардың жеткiзбегi мүмкiн емес, адам аздырушылар хате дiнге зарарлы дүр. Бұлардың сүйгенi – надандар, сөйлегенi – жалған, далелдерi тасбиғы мен шалмалары, онан басқа еш нәрсе жоқ.» (Абай 38 қара сөз)
Ал Шәкәрiм атамыз:
Бетiне перде жапсаң неше қабат,
Құран сырын ұға алмай бұзса-дағы,
Жасырылмай жарқырап түр кәрәмәт
Жаман тәпсiр жайылып жер жүзiне
Дiн десе тура қашты естi азамат
Маған десең мың жыл қыл-Ғибадат
Бар обалы олардың тәпсірінде
Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
Ол қатені түзеткен әлімдер көп,
Соның сөзін оқысам боламын шат.
Қиянатың бар болса-иманың жоқ,
Әулие атамыз кезіндегі қазақ басына келген діни тоқырау араға уақыттар салып қайта жалғасын тапқан сияқты. Мысалға санасына сәуле түсіп, жүрегiне нұр iздеген бауырларымыз ертеректе жазылған пәленешенiң рубаяты, бұл бiр ғұламаның кiтабы десе, соны алып, соны үлгi тұтып сопы болып, солардан уағыз айтып, өзiмiз де иланамыз, соңымызға ергендердi де иландырамыз. Абай атамыздың философиялық көзқарастарын (қара сөздерiн) тәпсiрлеу әлi қолымыздан келмейдi.
Теолог– ғылым, дүниенiң жаратылуы мен әлемдiк қозғалысты ақиқат түрде нақты мысалдармен көрсете отырып, материалист пайымдауларын жоққа шығарған қазақ Шәкәрiм Құдайбердi ұлы.
Сунна = (арапша-жол, өнеге үлгi) = Мухаммед пайғамбарымыздың iсi мен айтқандары, қоғамдық өмір ережелерiнiң, құранның түсiндiрмелерiнiң, дiни құлшылық етудiң және құқықтарының қайнар көзi. Шариғат заңдары негiзiнен Құранды суннаның қайнар көзi етiп алады.
Суниттер – исламның бiр тармағы. Кiмде-кiм алғашқы төрт халифтi заңды деп санаса, заңдастырылған хадистердi шын деп бiлсе, төрт мазһаб көрсеткен тұрмыстық және әлеуметтiк ережелердi орындаса оларды суниттер деп атайды.
Ал қазақ халқында осы қағидаларды Әзiретi сұлтан құл Қожа Ахмет мешiтiнiң имамы болған негiзгi шәкiртiнiң бiрi Сунақ ат-Сығанақи Сунақ атамыз. Ол кiсiнiң “Ниһая” атты еңбегi шет елден әлi келмей жатыр. Намаз, дәрет, т.б. қағидаларын қағазға түсiрiп кеткен ғалым атамыз. Құран аяттарын түсініп меңгерген адам баласына Алла тағала тарапынан міндетті түрде сыйға адам ақылы жетпейтін істі көрсететін қабілет беріледі де оны «Мұғжиза» деп, ал дәлелге айналса «Хикмет» деп атайды. Ал сөзiмiз дәлелдi болу үшiн әулиелердiң әулиесi Құл Қожа Ахмет бабамыздың Үргенiш шаһарында өмiр сүрген Имам Маргузи Рахматтулаһи Ғалаиһи атты дiн ғұламасына көрсеткен мұғжизасын баяндай кетейiн.
17 хикмет.
Хош, Мұстапа болмаса, бiр құрманы бермесе,
Мейман Мағмұр болмаса, кiмге құрма берер едi.
Қожа Ахметтiң уақытында, дiн хорезм шаһарында
Үргенiш халқының елiнде бiр имам бар едi.
Сол елдiң бір дiн ғұламасының соңында сексен мың шәкiртi бар екен, Түркiстан елiнде бiр шайқы шықты дегендi естiп, халқын жинап алып, Құранды бұрмалап жатыр, соны дұрыс жолға салып келемiн, оған мына кiтаптардан 12 мың сұрақ беремiн деп, 40 қашырға кiтаптар артып, сексен мың шәкiртiмен сапарға шығады. Қожа Ахмет Яссауи бабамыз аянмен көредi де өзiнiң шәкiртi сопы Сүлейменге «он екi мың мәселе сұраймын» деп, кiтап артып келедi, кiтабының бәрiн суға салуға бұйрық бередi.
Сүлейменге бұйырды, қостарына кiргiздi,
Кiтаптардың барлығын сол хауызға салды-иә
Имам келiп отырды, жол болсын деп тiл қатты
Имам солай болсын деп жауабын бердi -иә
— Бiр iс үшiн келiпсiз, бiздi байқап бiлiпсiз,
Бiзде не бар дерсiз, хәлiмiз осы дедi-иә
Сөз айтуға халi жоқ, сауал сұрарға ақылы жоқ,
Көңiлiнде пайым жоқ, таңғажайып қалды-иә
Сүлейменге бұйырып: “Кiтаптарды ал” – дедi,
“Әкелiп бәрiн – дедi, көрсiн бұлар” дедi-иә
Хауыздағы кiтаптың бәрiн жиып алды да,
Қағып едi кiтапты, шаңы шығар едi-иә
Кiтабы су болған жоқ, қағазы мен хаты жоқ,
Әуелгi бар жазу жоқ; қайран болып қалды-иә.
Имам айтты: “Келiпсiз, сiздi iздеп жүрiппiз,
Он екi мың ал оғым садағымнан түстi-иә
Менi лағнет қылып дүр, бұл сапарды кiм бiлiп дүр,
Садақ түбi тесiлiп, оқтары түсiп қалды-иә”
Ұялғаннан сол имам «жан ғылымын бiлмеппiн» деп кешiрiм сұрай 80 мың шәкiртiмен Ахмет Яссауи бабамызға мурид болыпты. Яғни түркi әлемi Ахмет Яссауи бабамыздың шәкiрттерiнен тарады деуге осы бiр көрсеткен мұғиджасы да жеткiлiктi. Жан ғылымын меңгерген дін ғұламасын хазірет атаған. Ал «жан ғылымы» дегенімізді түсіндіретін немесе меңгерген сопы тақуа бар ма?- деген заңды сұрақ туады. Хазірет, дін танушы ғалыммын деп көпке танымал болып жүргендер жеткілікті ислам елдерінде, бірақ соңғы кезде жан ғылымын меңгерген бірде-бір адам баласы немесе жазылған еңбегі жоқ. Болса да аннан мыннан жинаған үзінділер. Құранға толық түсініктеме беріп бүкіл адамзатқа болашақта орындалуға тиісті құлшылық амалдарын көрсетіп жүріп өткен және жазып дәлелдеп кеткен тек Құл қожа Ахмет Ясауи бабамыз. Бірақ өкінішке орай «Сани дәптер» оқырманға дұрыс аударылып түсіндіруге әлі мүмкін болмай отыр, себебі әулие бабамыздың еңбегін түсіну үшін құранды түсіну шарт және сол құлшылық амалдарын орындай отырып қана мүмкін болады. Ал намаздар амалдарын орындамай Ясауи танушымын деп атақ алу надандықтың үлкені. Кезінде советтер одағында Москвада жылы жерде стол басында отырып қазаққа қалай қашан күріш егуді үйрететін басшылардан жұққан ауру сияқты. Ал Құран құпиясын меңгеру Алла тағаланың тек міндеттеген елшілеріне ғана тән шаруа. Сол замандардың өзінде Құран ғылымына сәйкес келмейтін тәпсірлер болып, әулие бабамыз жоғарғыдай хикметтер көрсету арқылы дәлелдеп түзетіп жолға салып отырған. Ал қазіргі таңда ондай хикмет көрсетіп дәлел келтіретін әулие қайда? Жыннан тек жеке басын қорғап, қара бақсылық амалдарын меңгерген дін танушыны жол басшы қылып топтарға бөлініп алдық. Тура жол ғылымы бар емес пе? Неге осыдан бір ғасыр бұрын айтылған берілген жорамалды ғылыммен салыстырып құран аяттарымен бекітпеске? Баққаным бақа екен дегендей енді бар құпия тілде болып шықты. «Оған екі көз жаратпадық па? Әрі бір тіл екі ерін? Оған екі жол көрсетпедік пе? Сонда ол кедергіні асуға тырыспады.» (Бәләд 8,9,10,11) Бәрін екіден беріп, екі өмірді де көрсетіп тек бір-ақ тіл берсе де түсінік тек ана тілі арқылы берілетінін ұғудан қалып барамыз. Жаны жәннатта болсын деп тілейік Халифа Алтай атамыз қазіргі құранды аудармалап жүрген замандастарымыздан қазақ тілін әлде қайда жақсы біледі екен. Сондықтан болар сөздік қоры аз қазақтың бұл түсінік құраннан басын ала қашып, өздері арап тілінен аударып оқуға тырысып өзі емес өзгені де адастырып жатқаны. Енді осы айтылған тұжырымға дәлел келтіру ғана қалды.
Құрметті оқушым жуық арада сіз құлақ естіп көз көрмеген тылсым құпияларына құран арқылы көз жеткізу мүмкіндігіңіз бар. Тура жолды түсіндіріп және оны дәстүрге айналдыра білген әулие бабамыздың қазақтың еншісінде болғанын бүкіл әлемнің мойындайтын уақыты туды. Қазақ еліне түсінгенге бақ, қарсыласқанға сынақ келді. Оған тек бір-ақ шарт ол Халифа Алтай атамыздың аударма тәржімесін ең жақын аударылған құран түсінігі екенін мойындау. Сөз қорының молдығынан және сөз есеп жүйесінің сақталғандығынан енді қазақша оқи білген әрбір пенде баласына Алла тағала тарапынан берілетін ерекше құбылыс рахмет сый бар. «Сөз жоқ Құранда иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар» (Рұм-51) Жеке пенде баласы емес ел болып иман келтіру үшін құран үгітін меңгеру керек. Ал енді мына аятқа жүгінсек; «Құран залымдық қылғандарға ескерту, жақсылық iстеушiлердi қуанту үшiн арап тiлiндегi растаушы кiтап.» (Ахқаф – 12 аят.) Яғни әлем үшін арап тіліндегі Құран ахирет, өлім, өмір заңдылығын ескертуші кітап. Бірақ үгіт, насихат (ғылым) емес. Демек үгіті мен ғылымын меңгеру үшін басқа тілді жаратқан. Себебі аятта; «Бұл мүлтіксіз бір арапша Құран. Әрине олар сақсынар.» (Зүмәр-28) Арап тілінде құпиялығының зор екенін ескертіп кез-келген пенденің игеру мүмкін еместігін сақтандырады. «Алла есепшілердің ең жүйрігі сақ боларсыңдар» деп сақтық шаралары тек есеп, сан арқылы шешу керектігін ескерткен тағы аяттарда. Демек «сөз жоқ» деп есептеу керек екенін қайта-қайта ескертіп отырады. Есеп кілті сөз құпияларында, онда да тілде! Адам баласының хайуаннан және жаратылу ерекшелік мақсатының өзі, өзі өмір сүрген ортаны зерттеп біліп ішкі сырын түсіну және соған ат қою болып табылады. Сол өмір сүру барысында жинаған білім, ілім, ғылым қазынамыз сана болып қалыптасатын болса, онда түсіну қабілетіміз «САН»-ға байланысты болмақ. Сол сандар жиынтығын қалыптастыру үшін көру, есту, ойлау қабілетін беріп тек ана тілі арқылы ғана жад, ес қалыптасады. Ес өмірлік тәжірибе болып, ақыл көмекшісі болса, естің негізін тәрбие мен ой құрайды. Сондықтан бұл басылымда ойды қалыптастыру үшін сөз есебін меңгеру шараларын баяндаймыз. Сөз қорын толықтырып барып Құран аяттарының сөз астарын түсінуге болады және «Ілімді іздеген адамның үстінде білімді тұрады» деп аятта ескерткендей Алланың жібіне жабысу үшін қарапайым «жад» есебін ұсынамын. Болашақ Құран аяттарының құпиялары түсінікті болу үшін әрбір адам баласы қазақша Халифа Алтай атамыздың тәржімесін кем дегенде 19 айда 5 рет оқып шығуы керек. Бұл тек жалпы Құран мақсатын түсіну үшін берілген есеп жүйесі. Адам баласының қолында 19 буын болып 5 саусақ болса алғашқы түсінік есебі алақанға жазылған деп біліңіз. Енді тереңірек түсіну үшін немесе ғайыппен байланысқа түсу үшін 12 айда 6 рет, 9 айда 5 рет болып адам жинаған білімнің жадтың қорына және сананың тақтық, жұптық мәніне байланысты 5 айда 19 реттен 12 айда 30 ретке дейін оқып көру керек сонда қандайда болмасын жабылған сана жүйесі ашылып, ойлау қабілеті қалыпқа келіп, шындықты әрбір адам баласы өзі анықтайтын дәрежеге жетеді.
Көп дін танушылардың «шерик қосу» деп қорқыта беретін амалдарының көп жағдайда өтірік сандық ғылымдық мәндері болып, Құранның тек қосу амалдарынан ғана тұрмайтынын алу, көбейту, бөлу және дәрежелеу амалдары да бар екендігіне көз жеткізуге болатыны сөзсіз! Енді қаншалықты өзіңіздің ана тілінен алыстамағандығыңызды біліп анықтағыңыз келсе осы кітапты жүйелеп қайта-қайта оқып шықсаңыз көп сұрақтарыңызға аян арқылы жауап алуыңызға болады немесе түсіңіз түзеле бастайды. Түсіңізде қандай ескерту алсаңыз сол сізге болашаққа берілген бағдар деп қабылдаңыз. Бұл кітап «Ақиқат бастауының» «Ақ бастауы» деп қабылдап, көп дін танытушылардың аруақ жоқ деген тұжырымдамасын әзірше өздеріне қалдыра тұрайық, себебі алда сол өз сөздерінен өздері қашатын әулие бабамыз дәлелдегендей, бірақ әрбір тек арап арқылы ғана өзін танитын пенденің өз кітап, шығарма еңбектерін өздері суға тастайтындай кез келеді. Ақиқат анықталса шындық қайда тығыларын біле алмас. Себебі; «Олар егер құран арқылы таулар жүргiзiлiп, жер бөлшектенiп және өлiктер сөйлестiрiлсе де (сенбейдi). Алайда барлық iс Аллаға тән. Мүмiндер аңғармады ма? Алла қаласа едi, адамдарды тұтас тура жолға салар едi. Қарсы болғандарға Алланың уәдесi келгенге дейiн қылықтарының салдарынан үнемi соққы жетедi немесе жұрттарының маңына түседi. Алла серттен таймайды.» (Рағыд сүресi 31 – аят.) Мұсылман қан мен текке байланысты болса, әрбір мұсылман мүмін бола алмайды. Тек кітап оқу ғана ақиқатқа апарар жол, тектілігін таныған алды мен артын, тарихын білген ғана мүмін. Сондай құнды кітаптың жаратушымыз қазақ халқына құпиясын ашуға әлемдерден сөз қорын да артық қылып жаратып және таңбасын да артық қылып мүмкіндікті әлде қашан беріп қойыпты, қазақ баласына енді тек ақиқатына көз жеткізу ғана қалыпты.
Тәңіріміз адам баласын ғайыпқа сендіріп, сынау үшін кітапхана түсіріпті. Яғни, кітап – адам жүрегін адамшылықты, қоғамдастықты ғарышпен болсын, өзара болсын қатынас құндылықтарын сіңіретін құрал. Екіншіден, бір ұлттық кітап оқымауы, мемлекеттің іргесін ұңғып бірте-бірте құлататын ең қорқынышты қауіп. Ал адамның мінезі — оның тағдыры, сол өз ұлтының мәдениет дәстүрін естіп, білу, кітап оқу арқылы ғана қалыптастырады.
Андерсон ұлттың қалыптасуын типографияның пайда болуымен байланыстырған екен, яғни рухани құндылықтарын, мәдени мұрасын таңбаға түсіріп сақтауға жинауға мүмкіндігі болған кезде ғана бұхара жоғарғы мәдениетті ұлтқа айналады. Олай болса, ұлттарды жасап шығару өркениеттің негізгі мағынасы, яғни халықтың тарихи жадысы мен әлеуметтік интеллектуалды мұрасын қалыпқа түсіріп, мұра ретінде сақтау мүмкін болмаған жағдайда ұлт болып қалыптасу тұрақты дүние таным иесіне айналу емес. Андерсонның пікірінше, тіл тек кітап арқылы сақталады, басқа жол жоқ. Жалпы адамшылықтың бір белгісі — тарихты зерделеу, қорытынды жасап осы арқылы ғылымдық деңгейде рухани жетілу. Рухани жетілмеген адамның Алладан түскен кітапты өз мәнінде тәпсірлеп түсіну тіпті мүмкін емес. Дүниені құтқаратын техникалық прогресс емес, рухани жетілу екені түсінікті болып келеді. Ғылымды ұлттық әдебиеттен, рұханияттан маңызды деп алмайсыз және ғылымды қай халықтың болмаса да бес болмаса үш-ақ пайызы игереді, ал қалған жұрт саясаткер, кәсіпкер, молда, мейлі кім болсын ұлттың тұтас жәрмеңкесін жүргізіп, мемлекеттің қоғамдық өмірін құрайды. Егер ұлттық құндылықтар салт-дәстүр, өмірдің қызығы, тәуелсіздік үшін күрестің тарихы (дін ұстану тарихы да) қарапайым ар-ожданмен, ғашықтық жыры жұрт жадысынан өше бастаса, мемлекеттегі тұрақтылық пен тұтастылықтың да, тыныштық пен татулықтың да, экономикалық өркендеудің де ғұмыры қысқаратыны сөзсіз. Оны ислам мемлекеттеріндегі хал-ахуал дәлелдеп отыр. Сәл шегініс жасап; Бірде бір ғалымға Құран ғылымы мен қазіргі ғылымдағы алшақ кеткен жерлерді түсіндіргенімде; «Сенен басқа Құранды оқыған адам жоқ па, осыны неге имамдар, дін ғалымдары айтпайды» деп сұрақ қойды. Мен оған көп дін танушылардың тек бір саладан ғана білімі болып немесе мектепті де дұрыс оқи алмаса да Құран жаттағандардың арап тілінен шамалы хабары болса Құранды өзі тікелей түсіндіріп жүргенін айттым. «Ал сіз сияқты білімділер сол ертекті тыңдап, өтірік деуге құдайдан қорқып, бірақ расқа ақылға сыймай, өзіңіз құлшылық жасап оқуға мойын жар бермей сол ақылы толмаған балалардың «кеспесін» құлағыңызға іліп жүре беріңіз» деп жауап бердім.
Қазақ елі осындай қырыққа түсіндіргенді бірге түсіндіре алмай, керісінше сол бірді құлшылыққа көндіре алмай құлшылықтан хабары да жоқ Ясауи танушыларды ғалым атап, марапаттап жатырмыз. Құдайдың берген құлшылығын қылмай сөзін түсінбек ақымақтықты тудырады. Сондықтанда жаратушымыздан сынақтар түсіп терроризм, діни фанатизм дәуірінде жалтақтамайтын діни дәстүрлік иманымызды (шын иманымызды) іздейтін насихат табуымызды өмірдің өзі қажет етіп отыр. Егер осы қалпымызбен кете барсақ көкірегіндегі өмір өрнегі азайған, мораль қайыршылығына ұшыраған ұрпақтарымыздың тәуелсіздікті алып жүруге шамасы келмейді. Онан да халық болып күннен-күнге жануарлық инстинктері қозып бара жатқан тобырға айналып талғамы азғындаған, жалаңаш жастарымыздың жаппай жабылып оқитын нәрселерін жазып жатқан қаптап кеткен махаббат пен қылмыс, қызық газеттер, алдау мен порнографияны, тіпті болмаса ішіп жатыр, жеп жатыр деп байбалам салып, оқысаң өмір сүруден түңіліп кететін қисық газеттермен, кітаптармен күрескеніміз дұрыс болар (көпшілік болып). Құранда «Шайтан жоқтан қайғы тудырады» депті.
Бүгінгі мәдениетінен үлгі алып жатқан нәпсінің қайғысы — кісі баласының жүрегіндегі мерез. Елді зиярат басына апарып миллиондаған ақша кетіп жатыр деп нәпсінің қайғысына түскен, Алла жолына мал жұмсаудан, адамдарды біріне-бірі көркем қарыз беруден тосқан бауырларымызға жалған ислами кітаптарды таңдамай оқып, қоғамдық өмірді қиындатып қоймай, соның батпағына белшеден кіріп келе жатқандығымызды ашық ескерткеніміз абзал болар. Өз тамырынан кіндігінен нәр алмаған фанат қазақтар, Ваххабис қазақ терроршы болып екі көзі қызарып, мұрны делдейіп, көрші ислам мемлекеттеріндегі болып жатқан жағдай бізге де кірмесін, үйге де кіріп кетпесін. Құдай сақтасын! Онан да тезірек балаңызды, бауырыңызды, құрбандығыңызды атаңыз да әулие-әмбилердің басын аралатып алыңыз. Түк түсінбесе де белгісіз тылсым күшімен жүрегіндегі мейірімсіздік, қанағатсыздық, ұятсыздық деген кір-қоқысынан арыла бастайды. «Әулие басынан ат үркер» деген дана қазақ. Ал өзіңіз көкірегіңіз қайғысыз, көңіліңіз уайымсыз болсын десеңіз қазаққа ұлылық дарып, абыройын жоймасын деп ниеттенсеңіз балаңыздың ертеңгі бақыты үшін құрбандықты шалыңыз. Қазақтың баға жетпес рухани құндылықтары жиналған ертегі, батырлар жыры, қазақ жазушыларының кітаптарын сосын Абай, Шәкәрім арғы жағы Әзіреті сұлтан Ахмет Ясауи мен Алланың бізге берген сыйлығы Құран Кәрімді (Халифа Алтай атамыздың тәпсірін) арап тілін оқымай-ақ Құран тәпсірлегіш көп ғылымнан да жақсы түсініп, жүрегіңізбен ұға алатын жағдайда жететініңіздерге мен кепілдік беремін.