«Әрбір жүз жылда сөз атаулары өзгеріске түседі» деп ескерткен екен пайғамбарымыз. Олай болса осыдан мың жыл немесе екі жүз жыл бұрынғы құран және хадистердің аудармаларында бүгінгі заман біліміне, сөз ғылымына, философиялық пайымдауға қайшы немесе маңызын жоғалтқан сөз атауларын сол қалпында қайта пайдаланудың дінде де ғылымда да кері әсері – надандық пікірлердің пайда болуына себеп болмақ. Сондықтан да бүгінгі қазақ сөз ұғымдарының үндік дамуының құран аудармасын зерттеуге, философиялық тұрғыда тәпсірлеуге сүре атауларының білімдік маңызын білу басты қажеттілік болмақ. Құранды оқу барысында және құран арқылы пәтуа беру саласында зерттеушілердің қателесуін туындатпасын деген мақсатпен Раббымыздан келген хабар бойынша қазақша ұғымдық сипаттарын жариялауды жөн көрдік.