Құран сыры зайырда.

Бөлім: Ақиқат бастауы кітабы №1 156

     «Мен саған Құдайға құлшылық етуіңді өсиет қыламын, өйткені Құдайға жалбарыну-жақсылық атаулының басы. Құранды үнемі оқып отыруға кеңес беремін, бұл сен үшін аспандағы естелік пен жердегі жарық сәулемен тең болмақ. Пайдасыз сөздерді көп қолданба, бұл сенен шайтанды аулақтайды, дін жолындағы істеріңе жеңілдік туғызады. Көп күлуден сақтан, ол адамның жан сарайын бүлдіріп, жүзіне көлеңке түсіреді. Дініңе ең қажетті нәрсені ізде, өйткені ол менің қауымымның басталар жері. Бақытсыздыққа ұшырағандарды сүй, соларға серік бол. Өз жағдайыңды өзіңнен төмендегілермен салыстыр, жоғарғы тұрғандармен салыстырма, бұл қолыңда барды жоғалтып алмаудың бірден-бір жолы. Егер жақын адамдарыңның өзі сені жалғыз тастап кетсе, сен олардан безбе, араласып тұр. Шындық қанша ащы болса да, Алланың аты үшін оны ауызға алып тұр. Жаман адамдардың қастандығынан қорықпа. Өз кемшілігіңді бағдарла және өзгенің кемшілігін таратпа.» (288-өсиет) Алла тағаланың жер бетіндегі бірден-бір қайталанбас кемел адам мысалы болып табылатын Мұхаммет пайғамбарымыздың осы өсиетін Ақиқаттың ақ бастауы деп нысана қылып болашақтағы бүкіл шариғат ісінің бағдарына алуды жөн көрдім. Енді жалпы осы өсиетті сатыларға бөліп қарап талдап көрсек.
1. Құдайға құлшылық.
2. Құранды үнемі оқу.
3. Пайдасыз сөздерді қолданбау.
4. Көп күлмеу.
5. Дініңе ең қажетті нәрсені табу.
6. Бақытсыздыққа ұшырағандарды сүю, көмек көрсете білу.
7. Өз жағдайыңды білу, шамаңа қарай іс қылу.
8. Жақыныңнан айырылмау, қарым-қатынаста болу.
9. Шындықтан қашпау, айта білу.
10. Жаман адамдар қастығынан қорықпау.
11. Өз кемшілігіңді біліп, өзгенің кемшілігін жарияламау.
«Қай-қай істе де қоңыр төбел болыңдар.» (563-өсиет) «Айдың бетін бүркемелейтін бұлт бар, сондай-ақ жүректі тұмшалайтын да дәл осындай бұлт бар. Ай өз сәулесімен айналасына нұр шашқан сәтте бұлт оның бетің жабады; егер бұлт ыдыраса, ай қайтадан айналасына сәуле таратады.» (716-өсиет) Ай мен адам жүрегінің қандай өрістік байланыста болатынын ғылымын болашақта дәлелдер келтіре жатармыз. Енді адам баласының жүрек тазалығының негізгі нәрі; түнде дұрыс ұйықтап дем алуымен сөйлеген сөзі мен ойлау қабілетінің нақтылығына, тазалығына тәуелді болмақ. Дұрыс сөйлей білу үшін ұлттық тілдік үндестікті сақтап, әр нәрсені өз атымен атап сипатын білу басты шарт. Жаратушымыз Адам атаға атауларды үйретіп соған сипатына қарай ат қоюды тапсырған. Жаратылыстың құпияларын меңгеріп соған ат қоя білу және әр ұлт өз ерекшелігін сақтау адам баласына берілген сөзді меңгеруге бұйырылған үкім деп біліңіз.

      Енді қазақ лауазымды білімді ортасының «Зайырлы мемлекет» боламыз деген атауы қайдан шықты? Егер араптар солай атады десек; «Сонымен Бағалбек – Бағалдың қаласы деген мағынадан деп түсіндірді арабтың бір шалы Фарабиге. – Оның төрт пішіні қандай болған, қалай орналасқан? – деп сұрады ол қарттан. – Ол арасын мен зайыр біле қоймаймын. Түбінде төрт беті төңіректің төрт бұрышына қарауы ықтимал.» (Әл-Фараби. М.А. 77.б) Арап қариясы зайыр сөзін құпия, белгісіз, сыры ашылмаған деген ұғымда пайдаланған. Ал түркі халқына ортақ «Кабуснама»-дан (Қайқаус Каспий еңбегінің 11-ші бет) «Ей, перзентім, біліп алғың, Алла тағаланың барлығы зайырда, жасырында.» Бұл жерде зайыр сөзі құпия қасиеттің белгісін ескертеді. Жоғарғыда нәрсенің құпия сыры зайыр болса, Алла тағаланың пенде бойында барлығы зайыр болып, тек қасиеттік сипатты айтады екенбіз. Сондықтан адам бойындағы құпия бекзаттық, мейірімділік, имандылық, кішпейілділік, жыныстық, т.б. кездесетін көзге көрінбейтін сипатын зайырлы деп атаймыз. Ал адам қолынан пайда болған нәрселер құпия сырын зайыр немесе ғылымы деуге болады. Сонда қазақ елі зайырлы мемлекетпіз деген кімдердің сандырағы?
Дін — жаратушымыздың әрбір пендесіне берген аманаты, демек пенде бойындағы дін-зайыр. Алла тағаланың барлығы жүректе зейнеттеледі, онда жүрегімізде зайыр. Зайыр ғылыммен де біліммен де анықталмайды. Иман болып көрінісін береді. «Мейірімділік – көзде, ақыл – сөзде.» Зайырдың бір көрінісін тілден, сөйлеген сөзден байқауға болады екен. Халықтың сөз даналығын «Философия» деп атап өз өмір сүрген ортадағы білім ғылымның дәл ұғымдарын бейнелеп белгілейті философ ғалымдар болу керек. Қазақ ғылымында әлем ғылым тілдеріндегі атауларды қазақи ұғымдармен сәйкестендіріп дәл белгілеген философтар бар ма? Сол сияқты Ілімдегі сөздер құпиясын қоршаған ортамен, құбылыстармен, атаулармен сәйкестендіріп түсіндіретін «Теолог» ғалымдарымыз ше? Мен білетін сондай ғалымдар тек көбірек шет тілін қолданып миды ашыту үшін ғана немесе атақ-дәреже үшін ғана жазатын сияқты. Қазақ сөз даналығы философиясы бар, болған, оған тек кейін қарай тарихқа шегініс жасап сөз астарларына үңілу керек. Ол үшін пайдасыз сөздерден, кірме атаулардан құтылу үшін Халифа Алтай атамыздың аудармасындағы Құранды қайта-қайта оқу керек. (Келесі тақырыпта есептік белгісі беріледі). Сонда ғана ойлау жүйесі өзгеріске түсіп, Құран сыры зайырдан белгі келе бастайды. Сана қалыптаса бастайды. Оншақты рет қайталап оқудан кейін Абай, Шәкәрім, Әл-Фараби, Ясауи бабамыздың еңбектеріне Құран арқылы баға беріп қазақ даналығының дәстүрінің астарында жатқан сырлар ашыла бастайды. Әрбір пенде өзіне қажетін Құран арқылы түсіне бастайтын уақыттың туары сөзсіз. Әзірше тіптен «Зайыр» сөзін көпшілікке жалған сипатпен қолданысқа енгізген ғұламалардың Шәкәрім атамыздың да еңбегінен хабары жоқ екені төменнен білінеді;.
Зұлымдық қылып елді жеп,      Құлшылық қылдым деме құр
Ойладың әбден байырды          Қобызға шаққан шайырды.
Атану үшін мырза деп,              Жазалы жаның сезіп тұр
Кәріпке бердің қайырды,           Жасырғанмен зайырды.
Құлшылықтың құпиясы зайыр болып адам баласының бойында жасырын көрінісін берсе, оны тек жүрек қана анықтайды. Сондықтан кім қаншалықты қайыр жасағанын жаның ғана сездіріп, білдіреді. Әрі қарай енді кімнің қаншалықты қайырмен ғана алған таза білім қоржынына байланысты Құран сөз сыры да жасаған құлшылыққа тәуелді түрде зайыры да көрінісін беріп аян арқылы жетектелетініңіз сөзсіз шындық. Сондықтан пайғамбарымыз; «Білімді, мейлі ол Қытайда болсын меңгер, себебі білімді болу әр мұсылман үшін міндетті.» (126-өсиет) «Бір сағат ішінде білім игеру бір түнді жалбарынумен ұйқысыз өткізгеннен артық. Бір күн бойы білім үйрену үш ай ораза тұтқаннан жақсырақ.» (535-өсиет) «Менің алдымда білім жалбарынудан әлдеқайда артық тұрады.» (577-өсиет) «Білімнің екі түрі болады: біріншісі-адамның жанына ұялайды да, оның өзіне пайдасын тигізеді; екіншісі-адамның тіліне қонып, Алла тағаланың құдіреттілігін ғылыми негіздеп береді.» (568-өсиет) «Білімді жазып бекіт»(603-өсиет).

      Құранның 23 жылда түсу кезеңдері осы білімнің шыңын белгілеген. Демек білім екі; Жан ғылымы және тән ғылымы. Тән ғылымын меңгеру үшін жоғарғыдағы пайғамбар өсиетін бұлжытпай орындау шарт. Ал жан ғылымы тек білім арқылы және құлшылық білімін меңгеру арқылы нәтиже беру керек. Осы қағидалардың ішкі сырын әулие бабамыз 13 сатыға бөліп құлшылық амалдарына айналдырып пайғамбар өсиеттерімен бекітіп жазып кетіпті. Бірақ оны түсіну мыңның да бірінің шаруасы емес. Неге дейсіз, қазақта ілімді де білімді де көп емес пе? Пайғамбарымыз өсиетінде «Алла тағаладан пайдалы білім сұраңдар, пайдасыз білімнен аулақ қылуын тілеңдер.» (483-өсиет) Қазақта; Даналыққа жетелер ілім мен білім, ортасын ұстай алмасаң бүлін деген нақыл пайғамбарымыздың 563-ші өсиетін қайталап тұр. Енді мен таныған Ілімділер ішінде білімділер аз, ал білімді ғұламалар ішінде ілімді жоқ. Бар қасіретіміз осында тұр. Енді осы кезеңге дейінгі әлем философиясына үңілсек біздің өміріміз дәлдік (ілім), толықтық (заман құбылысына сай қажеттілік амалдар жиынтығы), күмәнділік (біліммен) өлшеніп келді. Ал негізіне бүкіл даму заңдылығы дәлдік өлшеммен (іліммен) алынған таным арқылы түзетіліп келесі сатыға өтіп отырады. Сол кезеңдер әр халыққа белгілі бір мерзімде беріліп отырады. Оны Гумилев мырза «пассионарлық даму сатысы» деп атап кеткен.

       Қазақ халқы орыс мемлекетімен ұзақ жылдай бірге тіршілік ету барысында білімнің барлық түрін де ала біліп, сонымен бірге бәрін білемге, яғни тәкаппарлық дәрежесіне өтіп жаратылыс қағидасынан қашықтап оқшаулана бастадық. Оның негізі дәлдік ғылымның бастауы, ана тілінен алшақтау. Білім күмәнділіктен бастау алатын болғандықтан адам баласының өмір сүру қажеттілігі қару болып сол қару кейде өзіңе де зияны қоса тиіп жатады. Әдептен ажыраған қазақ білімі қазақты мылтықсыз майданға әкеліп, әдеп пен әдеттің соғысы басталып та кетті. Оған басты себеп білімге, білімдіге шоқынғанымыз сонша ғылымда бар десе күмәнданбай көшіріп алып іске асыруды әдетке айналдырдық. Шеттен келген білімге күмәнданатын ғалымдарымыз да қалмады. Одан алып шығар бір ғана амал дәлдік ғылым — ілімді меңгеру. Ол үшін толықтық білім керек. Әр халықтың заманына сай орындайтын амалдарын, білімін толтырып отыру тек тылсыммен байланыс арқылы жүзеге асады. Оны көп философтар шабыт деп те атаған. Әрбір ақын, жазушы, ғалым, мейлі дін танытушы болсын шабытсыз өздігінен ешқандай шығарма да Ілім құпиялары да ашылмайды. Шабыт қана сөз құпияларын ашады. Сөзден ғана сөз туады. «Сөз түзелмей, ел түзелмейді» деген қазақ даналығы. Дұрыс сөйлей білген, адамдық, ұлттық, жыныстық дәрежесін сақтап адал еңбек ете білген адам баласына ғана түс көру толықтық білімі қалыптасады. Түсің түзелсе ғана ісің түзеледі деген халық даналығы. Ілімді меңгеру үшін де әуелі дұрыс сөз керек.

      Енді мешіт басылымдарын сол сияқты дін танытушы мақалаларын оқып көрсеңіз қазақ тіл ғылымына қайшы және тілге пайдасыз жаныңды кірлетер негізі дұрыс болғанымен, ал қазақша айтылғанда (фонетикалық) одағай сөздерге айналатын атаулар әдетке айналды. Мысалға; с.ғ.с, с.а.у, милят, жәһилят, дәжжәл, риуаят, ақаит, фиқһ, ихтилафтарды, тартилмен үйреткендерді, мәжжазбен сөйлеуге бұйырылдым, т.б. осындай діни еңбектерді құдайдан қорыққаннан болмаса оқу, түсіну мүмкін емес кейде басың ауырады. Ал одан сорақысы Аллаһ, Аллаһым деп жаратушымызды қиғаш атаумен атау әдетке, мақтанышқа айналғаны қашан. Құранның ерекше зайырлығын және кез-келген арапқа да түсінікті бола бермейтіндігін аятта; «Бұл мүлтіксіз арапша Құран. Әрине олар (араптар да) сақсынар.» (39-28) деп ескерте келе; «(Мұхаммед) саған сенен бұрынғы елшілерге айтылған ғана айтылды. Күдіксіз Раббың жарылқау әрі күйзелтуші азап иесі.» (43) деп бұл аятпен пайғамбарымызға айтылған (оқылған емес, батаменен айтылған) баталарды ғана орындауды ескерткен. «Мүббада оны бөгде тілде бір Құран қылсақ (басқа тілде болса да) әлбетте олар; (сол елдегі ғалымдар да) – Аяттары неге ашық баян етілмеген? Арапқа бөгде тілде айтыла ма?,-дер еді.» (Яғни көп аяттар құпиясы тек оқу арқылы түсінігі шықпайды). «Ол Құран иман келтіргендерге бір тура жол және шипа» де. Ал иман келтірмегендердің құлақтарында кереңдік бар. Сондай-ақ Құран оларға бір соқырлық. Олар ұзақ жерден (Алланың өзін ғана білемін деп) шақырылғандай.» (Фұссилат-44) Бұл аятпен Құран аяттарының үгітін, насихат ғылымын және шипа болатын жағдайларын меңгеру ғана тура жол болып, иман келтіргендік болып құлақтарынан перде алынып уахиды естіп, түсті көру қабілетімен өлшенетінін, керісінше иман келтіре алмағандар уахи, бата алу түгіл түс те көрмейтінін ескертеді. Құран насихаты жаратушымыздың тәңірлік, құдайлық және Раббылық зайырлық сипаттарын ажырата білуден басталады. Жаратушымыздың негізгі сипаты жаралыс басы түп негіз болып, оның сандық мәні бар оны бүкіл әлемдер философиясынан әсіресе Сократ, Аристотель, Әл-Фараби еңбектерінен көруге болады.

      Ертедегі философтардың пікірі бойынша әрбір заттың заты мен оның аты байланысты, атты құрайтын – сөз, оны құрайтын – дыбыс, дыбысты белгілейтін әріп. Ол әріптің дыбыстық мағынасымен қатар сандық мағынасы бар. Олай болғанда барлық заттың сырын — тегін сан арқылы табуға болады, демек «Дүниені басқарушы сандар» деген түсінік ерте заманнан белгілі болған. Қандай елдің болсын араптар алфавиттік санау жүйесі де (Абжад) негізгі түп тұғыр 4 — төрттен басталады және қазіргі таңда әлемнің ең жетілген есептеу жүйелері 1001 санымен жаратылыс тұғырымен немесе екілік жүйемен Мың бір түнмен жұмыс істейді. Құранда да «Мың ай, бір күн мың жылға есептеледі деген ескертулер бар. Негізгі жаратылыс тұғыры 4 санымен белгіленіп, 2 жұп= 8, жаратылыс басы 1 болып 8, 4, 2, 1 енді осы сандарды компьютерге салу үшін ислам дінінің негізгі қағидасына «Бірлеу» жүйесіне айналдырсақ 1001 болып немесе А=1; Л=0; Л=0; А=1: осындай екілік жүйемен бүкіл әлем есептеу құралдары жұмыс істейді. Бірдің 10-ға айналуы, 10-ның бірге айналуы көк пен жердің алмасу қатынасын және Құрандағы басты аяттар орнының алмасу есебін көрсетеді. Ал Құранда осымен қатар тақтар мен жұптарға арналған 4 тұғырға негізделген әлі ғылымда ашылмаған Әл-Фараби балнамасы да бар. Енді тіл ғылымы бар ғылымның басы болса, онда әр халықтың «фонетикалық» үндестік заңымен «аһ» «ыһым» сөздерінің тек шайтани ләззәт, жыныстық, өкініш сезімдерін тудыратынын есептемегенде «һ» таңбасы көмейлік дыбысқа жатып түркі халқы үшін қысылу, қымтырылу, өкініш сезімдерін белгілеп сөз аяғында пайдаланады. Ал есеп жүйесімен есептегіш машинаның Аллаһ сөзінен «һ» таңбасын шығарып тастап «қателестіңіз» немесе «ақымақ» деген жазу шығады. Арап тілінде жеке сөз соңында «һи» болып оқылып «Олаһи, Биллаһи» деп ант-су ішкенде қолданады.

      Діни басылымдардағы одағай, олақ аттарға толы жатқа білдіруге болмайтын масқара діни мақалаларды оқығанда дін танытушылар арасында тіл мамандары мен философ, теолог тіптен қарапайым тіліне жан ашыр есептен хабары бар қазақтардың жоқтығына жүрегің сыздап, басың ауырады. Иманды түзеу анаға деген құрметтен басталса, анаға деген құрмет ана тілін кірлетпеу. Мысалға мешіттерде айтылатын «Аллаһым күнәмізді мағрифат ет.». Түсінігі; «Шүкірім күнәмізді простит ет». Екеуі бір мағына болғанымен негізінен қазақ тілінде одағай, яғни ауру сөз. Ал мыңдаған жылдар өзгермейтін қатып қалған жаттанды өзі де кейде мағынасын түсінбейтін әжетханаға барса да айтатын толған арапша дұға болып тілегін қазақ үндестігінде дуаға айналып тас болып жауырынға жабысатын тілектердің аксиомаға айналғаны көпке мәлім. Ғасырлар бойы қазақтың мұңы өзгеріссіз қалған ба деген ой да келеді. Тілектің де сұраудың да өмір талабына байланысты өлшемі болу керек. Өлшеуді кемітпеңдер деп ескерткендей, өлшеу үшін әр нәрсенің сандық мәнін білу керек. Әрбір сөздің таңбадан және саннан салмағы (тербеліс) астары (сапа) бар екені ғылымда мәлім, қазақ дін танытушыларына беймәлім.

       Жалпы әлем тарихында ғылым білімнің дамуы, тілдің дамуы атау аттардың, құбылыстардың дәйекті түрде сол тілде түсіндірілу қажеттілігі туындап отырады. Сондай ғұлама ғалымдардың өзара пікірталастары нәтижесінде жалпыға түсінікті сөз байламдары пайда болып отырған. Сол сөз шеберлерін философтар деп атаған. Енді қазақ тарихына жүгінсек соңғы теолог әрі философ Шәкәрім атамыздан кейін дін мәселесінде сөздердің атауы ғылыммен қосылмақ түгіл ондаған ғасырға кері шегінген. Қазақ философ еңбектерін де оқу мүмкін емес, жатқан кірме немесе одағай түсініктер мен көшірмелер. Мысалға; «Персоналистік онтологизмнің құндылық концепиясының негізгі діни этика принциптері болып табылады. Мәдени-тарихи релятивизм аксиологиялық имморализм идеясына …» (Философия. Ғ.Т.Х. 296.б) «Ирационалды жек көру — бұл мінездің белгісі, үнемі жек көруге дайын тұру.» (Философия. 327.б) Ғылым жетістіктерінің қасиеттерін сипаттап ұғымын айқындайтын қазақ философтары да қазақ тілін бейшара, жетімсіз, өгей күйге түсіріп, оны оқитын жастарымызды өз тілінен бездіруге үлкен үлес қосып жатқанын жоғарғыдағы дінге берген тұжырымнан түсінуге болады. Ақиқат ашылса шындық қашарға жер таба алмайды дегендей, болашақ ұрпақтарымыз осындай мінезді ғалымдарды «Ирационалды» жек көріп, осындай жазбаларға түкіруге дайындалып жатқан сияқты көрінеді маған.

     Екінші мысал; Қазақ елінің әйгілі Ясауи танушы философ ғалымына Құран ғылымы туралы еңбегімді алып барып талқылап бағасын беруді сұрадым. Көріп шығып түсінбейтінін мойындап, қарамағында арап танушы мамандар бар екенін, жауабын беретінін айтты. Шындықты айта білгеніне, мойындағанына іштей ризашылығымды білдіргенмен жүрегім жылап шықты. Себебі (хатшы қыздан бастап) жезөкше үйіне немесе шет елдің мекемесіне кіргендей болдым. Ясауи тану іспен бірге және орындалу тәртібімен ғана түсіндіріледі. «Патша мен шопанның киімі бірдей болсын» деген хикметте. Діннің де, медицина ғылымның да болашақта дәлелденетін мән бермей адам баласының неше түрлі аурудың және сананың жабылуына ұшыратып жатқан киім атты қорғанға келіп тірелетіні әзірше ертек. Тән мен деннің арасын ажыратып тәрбиелеу әдебін қалыптастыра білген әулие бабамыздың еңбегінің әлі әлем алдында өз бағасын алатын уақыт та туар. Қағаз жүзінде ғана Ясауи танушы атану надандық. Азған тәнге уақытша тозған дүние ғана тұрақтайды. Тәннің сасық исі тұрған жерде ешқандай таза ғылым басқа кіріп бойға тұрақтауы мүмкін емес. Иманның қарапайым қағидасын орындамау тәкаппарлық болып, білгіштіктің қақпанына түсіреді. Себебі пайғамбарымыз өсиетінде; «Оқымысты немесе үйренуші, я тыңдаушы не оқымыстылықты ұнатушы бол. Егер бұл арада айтылмаған бесінші нәрсені басшылыққа алсаң өлдім дей бер.» (141-өсиет) (Бесінші нәрсе аралас білімді меңгеріп білем-деп білгіштік атақ (құжат) алуды айтады.). Оқу деген тек көріп немесе жазып қоя салу емес, соны үнемі қайталап орындауды іске, қимылға айналдыра білсе ғана даналыққа айналады, болмаса тәуратты оқып бірақ орындамағандарды «Кітап артқан есек сияқты» деген аятта. Қазақ халқына кенеттен Алланың нұры жауып, Ясауи ізбасарлары болып керемет хикметтер көрсеткен әулие бабаларымыздан қалған дәстүрлі дін, Алла тағаланың қалауымен қайта жан бере бастады. Бүкіл жаратылыс нәрселерін екіден жұп қылып төртеумен түгендеп ішкі сырын екіге тағы бөліп, үштен жұптастырып төртінші қабының сипатын білдіруді ұйғарыпты жаратушымыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *