ҚҰРАН ТУРАСЫНДА ОЙДАН ШЫҒАРЫЛҒАН ХАДИСТЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бөлім: Хадистердегі қайшылықтар 140

I- ҚҰРАН МӘТНІ БҰРМАЛАНДЫ ДЕП АЙТУЛАРЫ
11-Айшаның азат етілген құлы Әбу Юнус былай дейді:-Айша маған өзіне арнап Құранның бір нұсқасын жазуымды әмір етті және маған ¨Намаздарға сондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер¨ аятына келгеніңде маған хабар бер деді. Мен сол аятқа жеткенімде оған хабар бердім. Ол, маған бұл аятты¨Намаздарға, орта намазға сондай-ақ екінді намазына сақтық істеңдер. Алла үшін кішіпейілдікпен намаз оқыңдар¨ деп жазғызды.
Сонан соң ол:¨Мен Алланың елшісінен осылай естідім¨ деді.
Сунану Әбу Дәуд, Салят(2), Баб 5.

ХАДИСТЫҢ СЫНҒА АЛЫНУЫ: Бұл жалған хадис арқылы Құранның кем екендігі айтылғысы келген. Себебі Құранның түпнұсқасында ¨екінді намазы¨ деген сөйлем жоқ. Құранда сол аят былай өтеді:
Намаздарға сондай-ақ орта намазға сақтық істеңдер. Аллаға бой ұсынған түрде тұрыңдар.-2:238
Бұндайлардың ниеттері-Құранға деген сенімді кетіру және қалың-бұқараның басын айналдыру. Бұл тақырыпта ойдан шығарылған басқа да хадистер бар. Мысалы:

12-Үбей бин Қағыбтың әңгімелегені бойынша, Алланың елшісі оған: ¨Алла саған Құран оқуымды әмір етті¨ деген және Ләм якунилләзина кәфәруды және сол сүренің жалғасы ретінде ¨Алланың алдында дін-жалғыз Ислам. Христиандық, Яһудилік немесе Мәжусилік емес. Кім қайыр жасаса ешқашан залал болмайды¨дегенді оқыды. Үбей бин Қағыб:¨маған мынаны да оқыды¨ деді: ¨Егер адам іші алтынға толы бір сайды тапса, онда ол сондай сайдың екеуін тілер еді. Адам баласының ішін, топырақтан басқа еш нәрсе толтыра (қандыра) алмайды, ал Алла тәубеге келушілердің тәубесін қабыл алады.¨
Кутуб ус-Ситта, Тирмизи, Mәнәқиб ( 3894).

ХАДИСТЫҢ СЫНҒА АЛЫНУЫ: Тырнақшаның ішіндегілер ойдан шығарылған аяттар(!!!). Құранда бұндай аяттар жоқ.

13- Абу д-Дарда:
-Абдуллаһ ибн Масуд ¨Уәлләйли изә яғшә¨ ны қалай оқиды деп сұрады.
Мен өзіне (Алкама):
-¨1.Уәлләйли изә яғшә. 2.уәннәһәри изә тәжәлла. 3.уә з-зәкәри уә ль-унса.¨ деп оқыдым.
Абу д-Дарда:
-Алланың атыменен ант етемін, пайғамбар да маған осылай оқытқызды. Мен пайғамбардың ауызынан осылай үйрендім.
Сахих әль Бухари, 8інші том, Китабу фадаилу асхаб ин-Нәби 82нші риуаят, 3521інші бет.

ХАДИСТЫҢ СЫНҒА АЛЫНУЫ:Cөйтіп хадисте, Ләйл сүресінің үшінші аятындағы халақа (жаратты) сөзін артық, Құраннан емес деген. Яғни Құранға қосынды жасалған деген.

Тағы бір риуаятта:
14-Сабит бин Жүбейрдің былай дегені жеткен: Біз әрқашан Ибн Аббастың қасында болатын едік. Ол бізге былай деп айтты: Маған Үбәй бин Қағыб мына хадисты айтып берді: Пайғамбар: ¨Кеме теңізде кәсіп істеген кедейлердікі еді. Оны ақаулы еткім келді. Өйткені, арттарында , әр кемені тартып алатын патша бар еді¨ (Кәһф 79) аятындағы ¨Уәраәһум¨ (=Арттарында) сөзіні ¨Әмәнәһум мәликун¨ (=Алдарында патша бар) деп оқитын еді.
Бухари, Китабу’ш-шурут

ХАДИСТЫҢ СЫНҒА АЛЫНУЫ: Бұл хадистың риуаят етілу себебі: Кәһф сүресінің 79 ыншы аятындағы ¨Уәраәһум¨ (=Арттарында) сөзінің негізінде ¨Әмәнәһум¨ (=Алдарында) сөзі болғанын айту арқылы Құранның бұзылып кеткеніне нандыру. Бұған ұқсас тағы да басқа риуаяттар бар. Бұлардың ниеттері, адамдарда шүбә тудыру арқылы кәзіргі қолымыздағы Құранның түпнұсқа болмағандығыны дәлелдеу. Бұндай көзқарас Құранның Алла тарапынан сақталмағанын білдіреді, сондықтан да Құранды жоққа шығарумен тең. Бұндай көзқарас ақиқатқа да қайшы келеді, себебі жер бетінде екі түрлі жазылған Құран жоқ.

Батырбек Сұлтанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *