Муфтият және масһаб, жалпы діни топтардың барлығы да құранға иман келтіру үшін, яғни ақыл-ойдың зейнетін алу үшін міндетті түрде арап тілін меңгеріп, арапша ғана Құран түсінікті болады деп түсіндіреді, сондықтан қазақ елінде не көп арапша сауат ашу, намазды оқуды үйрету мектептері жеткілікті. Араптардың өзі де, қазақтар, біздер сияқты өз тілін оқымайтын шығар. Бірақ сонан құранды жатқа білетін қариларымыз немесе имамдарымыз, иман қуатының белгісі болған, пайғамбарлық қасиеттер мен дарындылық сатыларын меңгеріп, зейнеттерін, кісілігін ала алды ма? Аурудың бәрінің себепшісі күнәдан туындайтынын ескерсек, онда Құранды жүрегіне зейнеттеген әрбір пендесі, күнәнің құлдығынан азат болып, Алланың сүйген құлына қызметшісіне айналып, қандай да бір күнәнің Раббысының көрсетіп, білдіруімен себебін тауып, жамандықты жақсылық арқылы яғни Құран аяттары арқылы кетіре білуге тиісті. Немесе сабырлылықтың жоғары деңгейіне жетіп, сенімі арқылы ағашты да орнынан қозғайтын Ханафилік масхһабта әулиелері бар ма? Болмаса, Нұх пайғамбарымыздан бастап түсіріліп және Ыбырайым жолы болып бекіген, Құранға дейінгі барлық мысалдар мен нұсқауларды өз тағдыры бойынша жүзеге асырып, тура жолдың белгісін алған тақуалық дәрежеге жетуші ме? Құран насихаты бойынша; «Әр пайғамбарды ашық түсіндірсін деп; өз елінің тілінде ғана жібердік. Алла кімді қаласа, адастырады да кімді қаласа тура жолға салады. Ол, өте үстем, аса дана.» (14-4) (18) деген үкіммен тура жолдың негізгі белгісі болған, діл білімін тазартып, 14-сандық Ыбрайым жолын меңгеріп, төртеуді түгелдеумен 18 мың ғалам періштелеріне, пайғамбарларына жалғанумен яғни ана тілімен даналықты, сұхбатты меңгеру пайғамбарлық қасиеттің өзі деп ескертеді де, өз елдеріңе тілді қалыптастыруға міндетті түрде жіберілген пайғамбарларыңды, яғни ата аманаты сөздеріңді түсінбесеңдер адасасыңдар деп ашық ескерткен. Және; «Олар сөзді зерттемей ме? Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарысады ма? (69) Немесе «Онда бір жындылық бар» дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де олардың көбі шындықты жақтырмайды. (70).. Әрине сен оларды тура жолға шақырасың (73) Ақиретке сенбегендер, әлбетте жолдан шығушылар.» (23-74) деген көптеген аяттармен әуелі ана тілін жетік меңгеріп, сөздерін зерттеу арқылы және өздерінен болған пайғамбарлармен байланысқа түсіп, ақиретке сенім келтірмей, Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатына жете алмайтынын, тура жолға түсірілмейтінін ескерткен. Онда енді біздердің хазірет, шейх атағандарымыздың тура жолға түскендігіне нақты куәліктері бар ма? Қандай белгілері және тәндерінде зейнеттелген мөрлері бар ма? Енді осындай жүздеген сауалдарды тізіп, құран аяттарымен, тура жол қағидасымен салыстырып, құранды тек қазақ тіліндегі аударма арқылы оқып, зерттеп көрген әрбір оқырманға иман және иман келтірудің, сенімді болумен арадағы айырмашылығы да бар екеніне көз жеткізері де хақ. Сондықтан бұл тақырыпты әлі де алдағы басылымдарда қайта талдап, сандық мәні, қуаттық өлшемдері жөнінде ақпараттар беретініміз де сөзсіз. Әзірге осындай еркешеліктерді оқырман өздеріңіз имамдардан, дін ғалымдарынан сұрап және ақылды еркіне жіберіп зерттеп көріңіздер.