1. Жалпы құран сүрелерінің есептік орны белгіленген. Ашық мағыналы сүрелер мен жабық мағыналы сүрелер болып кезекті, кезексіз ауысып отырады. Әр сүренің алдыңғы үш аятты сол сүренің бастауыш, баяндауыш, толықтауыш қызметтерін атқарады. Сол аяттарға қарап сол сүрелердің жалпы тақырыбын анықтауға болады. Сондықтан сүре атына ерекше мән беріп есеп жүйесін сүре атынан бастау керек. Сүре аттары тақ жұп болып келеді хәне орналасу тәртібі де бар. Мысалға «Ниса» «Кеһф» сүрелерінің сандық таңба мәні 4 санын берсе ,«Һұд» «Хаж» сүрелері 3 санын беріп, сүре басындағы сол санға сәйкес аяттар, сол сүренің жалпы мағынасын, тақырыбын немесе сүренің атын береді. Көп аудармалардың орыс тіліндегі (Э.Куренников. В.Порохова) аудармаларындағы сүре аттары өзгеріп кеткен, мысалы: Ниса сүресі адамзат арасындағы туысқандық қатынасты білдірсе оны «Женщина» деп, тіптен жынның тәндегі орнын, сүттің шығу тегін түсіндірген сүрені «Корова» деп аударған. Ал аяттардың ішкі мәніне үңілсек ғылыми ишара сөздер жоғалып кеткен. Нанбасаңыз салыстырып оқуыңызға болады.
2. Құран негізінен он бөліктен тұрса, жалпы үгіт, насихат, ем, шипа, рахмет болып бес қуатқа тұжырым жасалып отырады. Бес бөліктен екіге бөліп қарастырсақ, Бақара сүресі, Мұминұн сүресімен көлденеңінен бір есептік жүйені құраса, Шұғара сүресі орта бөлігін бөліп тұрып он жақ сол жақ бөлігімен сәжде, сад сүрелерімен тұжырымдалып отырады.
3. Сандық мәндерді пайдаланып оқу үшін үш және бес санымен биіктігімен тұжырымдалып көлденеңінен аяттар жұп белгі санымен Бақара сүресінен Шұғара сүресінен бағдар алып есеппен түсінігін алуға болады. Жамандықты өз дәрежелік санымен жақсылықты онға көбейту арқылы тұжырымдауға болады. Себебі аятта «жақсылық жасасаң он есе көбейтем. жаманшылық сол қалпында алдына келер» деген ескертуді негізінде алу керек. Әрбір істің, насихаттың жемісін онға көбейтіп тұжырым нәтижесін білуге болады. Он санын пайдаланып қана кұран білімін жүйелеп құпия аяттарды түсіндіру керек. Жалпы он әлемдік тұрақты санға жатады.
4. Ғылыммен жүйелеу. Аяттар басын, аяғын анықтау. Мысалға: аяттар басы Пайғамбарға, мұсылманға, кәпірлерге, т.б. Бұйрық түрінде басталса соңы Алланы дәріптеумен анықталады. Алла ерекше мейірімді, хикмет иесі, толық күші жетуші! т.б. Соңғы сөз ескерту болып келсе дыбыстық үндестікте зікір болып табылады.
5. Сүре ішінде басы не аяғы жоқ мағынасы ишарамен берілген аяттар бар. Көлденең жүйемен екі немесе төрт аяттан тұратын үгіт шығаруға болады. Бірақ тек аят саны мәнімен өз белгілі орнымен ғана есептеледі. Жалпы тарихи мезгілін қай елге арналғанын білу үшін де көлденең, тізбек есеп жүйесі пайдаланады. Тек сан мәні сақталып отыруы керек.
6. Әрбір есеп жүйесіне құрылған аяттарда ғылыммен салыстыру бірінші жолға қойылып отырған жөн. Болмаса құр сан мәнін қуып жаңылысуға әкеліп соқтырады.
Құранның екінші бөлігінде аяттардың түсінігін ұғу үшін, сүре санында 80 аят болса алдыңғы сүре басындағы 8 аят 10-ға көбейтіліп, әр қайсысы тізбектік баған болып, сол аяттардың анықтаушы немесе бағдары болып отырады. Бұл жүйені құпия сүрелердің барлығына да пайдалануға болады.
7. Аят ішіндегі сөз астарын іздеу. Жалпы «Әліф Лам Мим» немесе «Ұғымын Алла біледі» деген сөзбен басталған сүрелерде құпия ғылыммен анықталатын сөз бар деген ескерту және он түрлі ғылымды ескертеді. «Мұбада оны бөгде тілде қылсақ, әлбетте олар: «Аяттары неге ашық баян етілмеген? Арапқа бөгде тілде айтыла ма?» дер еді. Арап тіліндегі ашық аяттардың басқа тілге аударылғанда мағынасы өзгеретінін және арапқа айтылған ұғым басқа елге ұғымдарында өзгеріс болатынын ескертеді. «Ол құран иман келтіргендерге бір тура жол және шипа» де. Ал иман келтірмегендердің құлақтарында кереңдік бар. Сондай-ақ құран оларға соқырлық. Олар ұзақ бір жерден шақырылғандай». (Фуссилат-44) Иман келтіру қалған үш кітапты да түсіну және меңгеру болса, тек сол амалдар арқылы тура жол табуға болады. Құран түсінігі тура жол болса, құран аяттарының арап тілінде меңгеру шипа болар пендеге. Арап тілінде аят сөздерінің орны ауыстырылмайды, онда шипалық мәні бар дей келе «Оның артынан да артынан да бос сөз келмейді. Аса дана, өте мақтаулы Алла тарапынан түсірілген». (Фуссилат – 42) Яғни құран аятының алдынан немесе артынан қарапайым сөз тіркестерін (дұғалар) пайдалану қателікті туындатады. Ал үгіт үшін сөзді қалай ауыстырсаң да бос сөз жоқ деген ұғымды білдіреді. Түсінікті болу үшін сөз орындарын ауыстырып есептеп көрсең ғана белгілі ұғымды береді. Онда да өз тіліңдегі аударманы. Бірақ ғылымын анықтау үшін сөз орнын ауыстыруға болмайды. Басқа да теңдестіру, көбейту сияқты есептік жүйелері де бар, бірақ оқырманға түсінікті болу үшін қысқартылып жүйелеп жазылып отыр. Бір кітапқа бәрін сиғызу мүмкін емес! Алла қаласа аруақ қолдап мүмкін арнаулы кітап шығар. Негізгі жабық аяттың ұғымын түсіндіру үшін кемі 2 аяттан тұруы керек, жалпы 4 аятпен тұжырым жасалады. Бір аятты ортасынан ойып немесе бір сөзін алып жаратушымыз осылай үкім еткен деп тұжырымдау негізсіз. Тағы жалғыз аяттың сандық мәні тақ болса міндетті түрде жұп санымен бекітіліп отырады. Құранды «Оқы, оқы және оқы» қағидасын сақтамай бірден есептеп оқуға болмайды. Үш рет түсініп асықпай оқып шығу шарт. Тағы құранда жақша ішіндегі тәпсір сөздердің көбі қателік, ғылымнан алшақтық пікірлер бар. Оған да мысалдар беріп отырамыз. Болашақ оқырманның өзі салыстырып шындығын анықтап көрер. Арап тілінен бірден аударып оқу мүмкін емес және кез келген арап тілін меңгерген пенденің құранды түсіндіруінен жер бетінде ислам дінінің әлсіреуін туындатқанын көз жеткіземіз. Ол үшін тек ана тілін толық меңгерген және ғылым білім берілген адам баласының ғана шаруасы болып және аянмен жаратушымыздан белгі алып, әулиелер жетелемесе мүмкін де емес екендігіне дәлелдер келтіреміз.