Құс ілімі-Түс ілімі. Атадан қалған аманат -ақ бата.

Бөлім: Түс-аян-уахи қағидалары 146

Түс ілімін аса жақсы білген жан

Сонан соң бәрін жорып, сезіп жүрген жөн

Түс жорудың  түрлі-түрлі түрі бар,

Ей, ақылды ер,  ұғып түгел біліп ал.

Біліксізге түсіңді айтпа, тіс жарма,

Біліктіге айт, ескіреді кем қалма.

Кешегі, ескі түс жоруы бір бөлек,

Жаңа күндіз көрсең – жөні өзгерек!

Түс ілімі шарттары көп ілім бір,

Ақылға сап, жөн-жосығын, жігін біл.

Көрген түсті жорыма өзің шеш,

Және де айтпа көрінгеннің көзінше!

Деп жүрмегін, түстің бәрі түс қой деп,

Түстің жөні, жоруы аса көп қой, бек!

Түс жорыма, біліп жоры  — жорысаң,

Түсініп ал мәні, астары, жолы сан.

Түс көрсе адам, жорытуға асығар,

Жорытпаған – түстің құтын қашырар!

Ойы теңіз ер сөзіне  қанғайсың,

Жүзің жарық болар, ұғып алғайсың:

Жақсылыққа жоры ойлап  түсін де,

Жоруына  қарай бағар түсін де.

Солай болар  түсті қалай жорысаң,

Қор қылады сұмдықты есіңе  түсірме …

Талай түс, бірі түске ас кірер

Жарамсыз ас – жамандық, нас, қас, біл ер!

Жыл мезгілі  түсіңе енсе егер де,

Түрлі сөлдің алмасқаны денеңе.

Жас жігіттің түсіне енсе нұр көктем,

Қар жер мен қып-қызыл түс  гүл бөккен.

Тасып, қаны күшейгені сол болар,

Айтып оған, қан алғызған оң болар.

Түсіне енсе жасыл жаз жас жігіттің,

Сары-жасыл түрлі нәрсе үгіткен.

Ей, бек, оны  запыраны артқаны,

Азайтудың жөн амалын тапқаны.

Күзді көрсе адам орта жастағы,

Тау құдықты, жерді қара аспаны.

Көз қарайтып өршігені құмарлық,

Дәрі ішкені жөн оны  азайтып, қуарлық.

Қарт түсінде қарды көрсе, қыс көрсе,

Ағынды  су, аяз бен сыз, мұз көрсе.

Суық буып тастағаны денені,

Ыстық ішіп қыздырынсын керегі.

Тағы бір түсініксіз құр елес,

Жоруы жоқ, жоруды ешкім тілемес.

Нені ойласаң – соны көрсең түсіңде,

Оны жорып қасиетіңді түсірме.

Бір түстердің сайтан білсін, іс істеп,

Жорыма оны, қиын жорып біліспек.

Хайуандарды көрсең ылғи түсіңде,

Мінез қылық өзгерістер ісіңде.

АдамзатТың мінездері, әрекеті қылықтар

Өрісі болып, көлеңкесі еретін

Жан-жануар әлемінде тұрақ бар.

Итті көрсең аңдушысы жыныс нәпсінің,

Өзгерісті іздеп бойдан, әлде аңдушы

Кімнен себеп, жаман-жақсы тап шынын.

Қайталанып көрінетін талай рет түс болад.

Ондай түсті аян дейді тағдырыңа сеп болад.

Мұның бәрін талғап, талдап,  тануға,

Білім керек жорып, айырып алуға.

Не дегенін тыңда ақылды адамның,

Түс жорушы, жөнін білген ғаламның;

«Жөнін білмей түс жорыма, сүрінбе,

Не жорысаң – сол болады, түбінде,

Қуанып жүрсең, қайғырасың өңіңде

Реніш көрсең қуанарсың, түңілме!»

Түс жорудың түрлі-түрлі өзегі,

Ей, дана ер, зерделі өзі сезеді!

Қара халық түсін жору бір басқа,

Бек пен ұлық түсін жору бір басқа

Ойын-тойда жүрсең жайнап, шаттанып,

Қайғы-мұңның  қақпасын сен қаққаның.

Түсте жапа шексең, жылап суалып,

Уанарсың өзің де мың қуанып,

Енді бірі кіріп сенің түсіңе,

Жақсылығы тиер басқа кісіге.

Кісіне қарай түсті жоруды,

Неге лайық келсе, адамға сол игі.

Біреуге түс  ұлылықты меңзейді,

Басқаға ол түс қайғы-мұңды теңдейді.

Мұның бәрін білу керек туысқан,

Көрсең дағы мейлі түрлі қайғы уақиға,

Түрлі жағдай жақынмен де ұрысқан.

Амал жасап, құрбан атап киесіне аруаққа,

Жетпей дүниең, қолың тимей жұмыстан,

Жұмбай қолды, шығарарсың садақаны уыстан.

Дін ислам бұл намазы, ақталуы бұрыстан,

Сене көрме имамдарға адастың деп ұрысқан.

Тағдырыңды тазарта біл аяндармен дұрыстап

Жақсылыққа жорып түсті, амал жаса туысқан,

Түс жоруы шықпас сонда уыстан.

**********

Масһаб болып, шариғат болып бастауың,

Ыбрайым жолы, намазы еді түс, уахиға жалғану.

Кітаптарға аруақ болып ойпаттарда сақтаулы,

Аманаты ата-ана тағдыр таңдағын ақтауың.

Ата жолың, ата дәстүр тура жолы исламның

Жүсіп жолы, исламның хақ салты да.

Жеті жолға жалғануды 18 мың ғаламның

Түс көрумен тазарады тағдыр, артың да.

Намазы еді, пайғамбардың уахи алып түс көру,

Ойпаттарды аралаумен, түрлі оқиға іс көру.

Жәбір көрсең, түрлі тылсым қар күшінен,

Іздеп тауып жер есігін, шығар деген түсіңнен.

Раббымыздың үкімі бар, аятпенен бекіген,

Ясауидей ғұламамен бұл иманда жетілген.

Жетпіс еді түркі дәстүр меңгеруші иманның,

Құдай жолы қайта айналды дін ісіне бекіген.

Дана болған Абайдың қаупі-қатер қылған сол.

Имансыздық намазда, қызылбастан салған жол,

Алпыс түгіл, алтауы жоқ Масһаб болып тура жол,

Пайғамбардың өсиетімен намаздары болды ма қор.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *