Түс ілімін аса жақсы білген жан,
Құс ілімі пайғабарлыққа болған тән.
Тағдырыңа берілген, жол-жобасын
Қауым болған «Бір» қуаты Раббыңның,
Аманатын жорып, сезіп жүрген жөн.
Түс жорудың түрлі-түрлі түрі бар,
Ей, ақылды ер, ұғып түгел біліп ал.
Біліксізге түсіңді айтпа, тіс жарма,
Біліктіге айт, ескіреді кем қалма.
Кешегі, ескі, түс жоруы бір бөлек,
Жаңа күндіз көрсең – жөні өзгерек!
Түс ілімі шарттары көп ілім бір,
Ақылға сап, жөн-жосығын, жігін біл.
Көрген түсті жорыма өзің өзің шеш,
Және де айтпа көрінгеннің көзінше!
Деп жүрмегін, түстің бәрі түс қой деп,
Көрген түстің барлығы да шын ғой деп,
Түстің жөні, жоруы аса көп қой, бек!
Түс жорыма, біліп жоры — жорысаң,
Түсініп ал мәні, астары, жолы сан.
Түс көрсе адам, жорытуға асығар,
Жорытпаған – түстің құтын қашырар!
Ойы теңіз ер сөзіне қанғайсың,
Жүзің жарық болар, ұғып алғайсың:
Жақсылыққа жоры, ойлап түсін де,
Жоруына қарай бағар түсін де.
Солай болар түсті қалай жорысаң,
Қор қылады сұмдықты есіңе түсірме …
Садақа бер сол жағыңа түкір де.
Талай түс бар, бірі түске ас кірер
Жарамсыз ас – жамандық, нас қас біл ер!
Жыл мезгілі түсіңе енсе егер де,
Түрлі сөлдің алмасқаны денеңе.
Жас жігіттің түсіне енсе нұр көктем,
Қар жер мен қып-қызыл түс гүл бөккен.
Тасып, қаны күшейгені сол болар,
Айтып оған, қан алғызған оң болар.
Түсіне енсе жасыл жаз жас жігіттің,
Сары-жасыл түрлі нәрсе үгіткен.
Ей, бек, оны запыраны артқаны,
Азайтудың жөн амалын тапқаны.
Күзді көрсе адам орта жастағы,
Тау құдықты, жерді қара аспаны.
Көз қарайтып өршігені құмарлық,
Дәрі ішкені жөн оны азайтып, қуарлық.
Қарт түсінде қарды көрсе, қыс көрсе,
Ағынды су, аяз бен сыз, мұз көрсе.
Суық буып тастағаны денені,
Ыстық ішіп қыздырынсын керегі.
Тағы бір түстер болар түсініксіз құр елес,
Жоруы жоқ, жоруды ешкім тілемес.
Нені ойласаң – соны көрсең түсіңде,
Оны жорып қасиетіңді түсірме.
Бір түстердің сайтан білсін, іс істеп,
Жорыма оны, қиын жорып біліспек.
Хайуандарды көрсең ылғи түсіңде,
Мінез қылық өзгерістер тұр ісіңде.
Адамзаттың мінездері, әрекеті қылықтар
Өрісі болып, көлеңкесі еретін
Жан жануар, әлемінде тұрақ бар.
Итті көрсең аңдушысы жыныс нәпсінің,
Өзгерісті іздеп бойдан, әлде аңдушы,
Кімнен себеп,жаман-жақсы тап шынын.
Қайталанып көрінетін талай рет болатын,
Ондай түсті аян дейді тағдырыңа қонатын.
Мұның бәрін талғап, талдап, тануға,
Білім керек жорып, айырып алуға.
Не дегенін тыңда ақылды адамның,
Түс жорушы, жөнін білген ғаламның;
«Жөнін білмей түс жорыма, сүрінбе,
Не жорысаң – сол болады, түбінде,
Қуанып жүрсең, қайғырасың өңіңде
Реніш көрсең қуанарсың, түңілме!»
Түс жорудың түрлі-түрлі өзегі,
Ей, дана ер, зерделі өзі сезеді!
Қара халық түсін жору бір басқа,
Бек пен ұлық түсін жору бір басқа.
Түсі бөлек қырыққа дейін жастардың,
Арам жейтін, ар-ұятсыз мастардың.
Түсі аян қырық үйден тиым көрген,
Нәзіктерге білдірер істер бастауын.
Аян көрсең жария қылма мақтанып,
Садақа берген абзал, әркім өз тапқанын.
Ойын-тойда жүрсең жайнап, шаттанып,
Қайғы-мұңның қақпасын сен қаққаның.
Түсіңде егер жапа шексең, жылап суалып,
Уанарсың, жақсылыққа өзің де мың қуанып,
Енді бірде әулиелер кірсе сенің түсіңе,
Жақсылығы тиер, құран оқыт ондай кісіге.
Кісіне қарай түсті жоруды біл тегі,
Неге лайық болып келсе, адамға сол игі.
Біреулерге түсінде ұлылықты меңзейді,
Басқаға ондай түс қайғы-мұңды теңдейді.
Мұның бәрін білу керек туысқан,
Көрсең дағы мейлі түрлі қайғы уақиға,
Түрлі жағдай жақынмен де ұрысқан.
Амал жасап, құрбан атап киесіне аруаққа,
Жетпесе дүниең, қолың тимей жұмыстан,
Жұмай қолды, шығарарсың садақаны уыстан.
Дін ислам бұл намазы, ақталуы бұрыстан,
Сене көрме имамдарға адастың деп ұрысқан.
Түстің сыры құс ілімі, аруағыңнан туысқан,
Аруағың ғана алып шығар тығырықтан, қуыстан.
Тағдырыңды тазарта біл аяндармен дұрыстап,
Жақсылыққа жорып түсті, амал жаса туысқан,
Түс жоруы шықпас сонда уыстан.
**********
Масһаб білім- шариғаты болып бастауың,
Ыбрайым жолы, намазы түс, уахиға жалғану.
Кітаптарға аруақ болып, ойпатарда сақтаулы,
Ата-ана аманаты, тағдыр сындарын ақтауың.
Ата жолың, ата дәстүр тура жолы исламның
Жүсіп жолы, жоба көру исламның хақ салты да.
Жеті жолға жалғана біл, 18-мың ғаламның
Түс көрумен, тазарады тағдыр, артың да.
Намазы еді, пайғамбардың уахи алып, түс көру,
Ойпаттарды аралаумен, түрлі оқиға іс көру.
Жәбір көрсең, түрлі тылысым қара күшінен,
Ізеп тауып, жер есігін, шығар деген түсіңнен.
Рабымыздың үкімі бар, аятпенен бекіген,
Ясауидей ғұламамен бұл иманда жетілген.
Жетпіс еді түркі дәстүр меңгеруші иманның,
Құдай жолы қайта айналды, шариғатқа бекіген.
Алпыс түгіл, алтауы жоқ Масһаб емес тура жол.
Абайдай дана өтемесең, мұсылмандық қарызды
Имансыздық намазда деп, қызылбастан салған жол,
Жол-жобасыз, шежіресіз сәзжде қылған парызды