Қырғыз республикасының призеденті Алмазбек Атамбаев және жоғарғы кеңес депутаттарына Кенесары хан зияратына байланысты жолдау.

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 126

Құрметті призидент мырза және жоғары кеңес депутаттары. Сіздердің ел бірлігін сақтау жолында, еліңіздің және ағайынды біздермен қарағанда, дәстүрлі дін ұстанымын қолдайтындарыңызға біз қазақ елнің бұхара халқы тарапынан ризашылық білдіреміз. Және қандай да бір тарихи оқиғалардың Құдайдан жіберілген сынақ болып, оны айыптау, қудалау да түркі дәстүріне жат, өлгендердің құқығына қол сұқпауды сіздердің де берік ұстанатындарыңызға да сенімдіміз.

Тарихта талай оқиғалар болып, орыс империясының арандатуымен Кенесарыхан көтерлісі жалпы түркі абыройын қорғау мақсатында болып, ол атамыздың басын кесіп, орыстарға сатқан деген таңбаның осы кезге дейін қалып, есті кісінің арына да тиуі сөзсіз. Біз осы таңбаның жалғандығын, сіздердің аталарыңыздың аруақ, ар білімін аттамай Кенесарыхан атамыздың басын да шаппай, өз мұрағаттарын да сақтап, 11-уәзірмен қоса арулап, жаназасын шығарып жерленгені туралы нақты дерек бар. Ол зираттың да орнын тауып көрсете аламыз.

Бірақ, біздің мемлекетіміздің ата заңымыз бойынша ел басымыздан бастап және дін масһабымыздың барлық ғұламалары болып, мұндай аруақтық уахиға, көріпкелдік істерге тиым салып, сенбейтін әдетті қалыптастырғандықтан, қарапайым қазақ бұқара халқы атынан сіздің мемлекетіңіз тарапынан бұл іске қолдау сұраймыз.

Сіздердің Кененсарыхан атамыздың және уәзірлерінің біздің көрсетуіміз бойынша зиратын қазуға, басына қоса жерленген мұрағаттарды алуға, үкімет тарапынан күзетпен қамтамасыз етуді және де басқалай да жәрдем беруін сұраймыз. Бұл жағдай қырғыз халқының аталарының құдайдың үкімінен атап кетпей, тектілігін сақтап, « орысқа беріліп,сатқындық жасады», деген таңбадан құтақаруға екі ағайынды, ел арасындағы дауға нүкте қойып, туысқандық бірліктің нығайуына да себеп болары хақ.

Бірақ сауатсыз (тексіз, имансыз), фанат жастардың, кейбір халық өкілдерінің негізсіз қарсылық жасауынан, алдын ала ақпараттық түрде насихат жүргізіліп, сосын барып бұл құпияны жариялмақ ниетіміз де бар екенін, ескерсеңіздер екен.
Тыңдап қабылдағандарыңызға бұқара халық атынан рахметімізде шексіз, деп біліңіздер! (Шілде айы 2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *