Қыз өмірдің гүл- нәрі

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 135

Қыз жүректің болатын гүлі рас,

Гүлдің де, гүл болуы тағы талас.

Еркеке берген Құдай бағбандықты,

Қай еркек меңгерді бұл мамандықты?

Құр мақтанмен арлап гүл бақшаңды,

Қорғамай, күте білмесең несі қалды?

Кез келген гүл бақшаңа есек кіріп,

Немесе иттер кіріп,жүрсе сарып,

Қыз гүлің жалаңаш жүрсе қаңғып,

Көрінген жын әуретіне сұғын салып.

Қымсыну түгіл, ұят кетіп қызың азды,

Намыс, бөрік, шалбарың қайда қалды?

Қыздар рас байланған жүрекпенен,

Қызың гүл болса келер жүрекке ем.

Жаратқан сұлулықтың бар қасиетін,

Нәзік жанды адамзатты қан текпенен.

Гүлдің де гүлі бар ғой, намыс қайда?

Гүл бақшаңды қорғамай шошқа жайсаң.

Тікені болса, гүлден жиркенесің,

Етек жапқан, жаулықтыны жек көресің.

Маймылдай шайтан боп қылған айла,

Иісі қазақ ұлтының шықпай жүрген,

Ана тілі, ата сөзін ұқпай жүрген

Жүректерге ол гүлдерден несі пайда?

Жынды жүрек, қара жүрек, сорлы жүрек,

Отты сүйіп күйдірген қанатын көбелектей,

Нанымы, ділі жоқ жүрек гүлі кімге керек?

Ақ жүректі қыз өмірдің гүлі болар,

Ұлтыңның иман байлық ділі болар.

Гүл ділің, ұлтыңның бар ма халқым?

Сауалдың, жауабын іздеші, есті болсаң,

Ер азамат санаң өспей, неге аздың?

Себебін білсең етті, арсыз салттың.

Тікені бар гүлдер болар тәтті иісті,

Жапырақсыз, гүлде болмас жақсы иісте.

Гүлдер бар, аз уақыт өмір сүрген.

Мезгілін кеш жіберсең, өкінетін

Гүлде бар, тез жетіліп, тез өлетін,

Пайдасы, ұрық шашып, тез сөнетін.

Қыз гүлің, тұзы оның ауыр болса,

Әуреті таза болар жабық тұрса,

Жұпар иісті қыз, қан тегің жетілетін,

Тегіңді тазартып, санаңды өсіретін.

Қыз деген болмаушы ма жұпар иісті?

Иісусыз да танитын едік, бұл иісті.

Ендігі қыздарың жүр сабын сасып,

Немесе жынды ертіп, борбай ашып.

Арсыздыққа сабырлық керек емес,

Нәзіктер исі өзгерсе гүлің емес.

Қан тегің, ділің кетіп барады азып,

Қазақтық тегіңде болса егер анық,

Арамға семірген, доңыздай болма пасық!

(Маусым 2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *