Әлемнің алабына гүлін жайған,
Нәзіктерге сүйсініп кейде қайран қалам.
Ал арсыздыққа түскен көріп аруларды,
Келді бұл қайдан деп мен аң-таң болам.
Япырмау, неге бұлар қысылып ұялмайды,
Қандай ащы сөз айтсаң да тыңдамайды.
Бұндайлар түбінде әйтеуір байға тиіп,
Кімнің соры болады екен басыбайлы.
Қыз өсіріп білмесе ұятпен қасы жайлы,
Арсыз қыздар шайтандарды асырайды.
Құдай да зинашыға сынақ қылып,
Шайтандыққа жындыны қосар басыбайлы.
Арлы әйел жемісі шырын болар балдай,
Еріне төсегі болған алтын тақтай.
Арсыз әйел жыландай салқын болып,
Еріне көңіл толмас, күйлеген хайуандардай.
**** ***