Сөз жаздым өлеңменен ғибраттан,
Ақындықта ойымда таласым жоқ
Ұйқасқа ұзын сөзді сыйдырмақ боп,
Қазақтың дәстүрі еді ойын айтқан.
Естідім хатын жазған мен жетімнің,
Жары боп, бір еркектен бала тапқан,
Қу нәпсінің, дүниенің құлы болып
Баласы мен қатынын, тастап қашқан.
Еркектің бәрін қатар жазғырғасын,
Бөріктінің намысы бір болғанын,
Қаным қызып намысқа барды басым.
Отыр деп тоқалым боп асырайын,
Көрмей білмей, танымай алыстан-ақ,
Болса да пенделігің тәрбиелеп,
Үстем қылып мейрейіңді құрбылардан,
Түзетіп түтініңді, бағыңды да асырайын.
Мақұл айтып, уәде беріп көнген болды,
Сөзіме растығын, ниетімнің сенген болды,
Артынан аунап түсіп, бұл заманның,
Бергенін қайта алған пенде болды.
Кетпеген сұлулығым, бойдан нәрім,
Өзімнен көп жас үлкен шалға тиіп
Тоқал болып, өсекке қалып не қыламын.
Өзімде бір еркекті тауып ап үй қыламын,
Қойныма тек жататын күнде келіп,
Дегені үйден шықпас байды аламын.
Үндемеген болар еді бұл да жауап,
Ойладым өзгелерге, өнеге болар сауап,
Баяндап, жазған жауап оқығандар,
Жесірлер ғибрат алып, болса сабақ!
,»serif� oa]���age: KZ’>Қандырып құрышын құлақтың
Кенеліп халық батаға
Таза бұлақ, ақ бастау
Аштырдың көзін бұлақтың!
(Ақпан 2013 жыл)