Қызыл кітап поэмасына

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 267

«Қызыл кітап» поэмасынан

Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!
Қан жуады олардың ізін әлі.
Көргеннен-ақ мылтықты
Менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады.

Аяймын мен анасыз,
Атасызды.
Аяймын мен құлынсыз,
Ботасызды.
Хайуанатқа жасаған қиянатың —
Бауырыңа жасаған опасыздық!

( Қ. Мырзалиев)

***    ***

Жануармен бар жанды қандыларды,

Оларды да адамзат қанынан жаратқанды.

Жын мен қан, шайтан мен жан қосылғанда,

Және иіспен түрлі хайуан таралған-ды.

Бұл белгі европалық салтпен алдың,

Жаңа жылға шырша қойып неге айналдың?

Басыңа түрлі хайуан кейпін алып,

Жылына сен де бір рет хайуанға айналғансың.

Қоян жүрек дейді қазақ қорқақтарды,

Қасқырдай жүректі деп және айтады.

Ал білімді, бірақ надан пенде көрсе,

Есекке теңеу берген аят бар-ды.

Алты түрлі сезім бар жұбы он екі,

Хайуанат әлемінен бұл бір белгі.

Несібе нан, мәні де болар он екі

Он үшінші жының еді келген ескі.

Себепсіз өлтірмеңдер айуандарды,

Адамзат жын, қанынан бұлар жаралады.

Қыра берсең аяусыз хайуандарды,

Өлілер ақиретте тозақтан тазара алмай

Бұл жүкпен ұрпақтарың жынданады

Ал адамзат азып, хайуанға айналады.

Дінші, ғалым жан мен рухты теріске алды,

Қазақтың аруақтық даналығы артта қалды.

Әулиелерге зияраттауға ел билік тыйым салды,

Көлеңкең және рухың жандыға қосыла алмай

Табандар жер ана рухымен жалғанбады.

Қазақ бүгін өзге елдей отырықшы болып алды.

Ойпаттар, кие жерлер белгісіз және қалды,

Надандар арсыздықпен басып былғаған-ды.

Хайуандардың рухтары жан таба алмай

Жынға айналып жастарға, өзіңе де мініп алды.

Іздеп тауып ойпаттарды құрбан шалмай,

Қанымен жан беретін құран оқылмай.

Нәсілің  қазақ жәндік болып майдаланды,

Ата-баба рухы жан еніп, аруақ болмай

Хайуандықтан мен адамзат рухы ажырамай,

Қазағым  ділің, қаның киесіз боп азғындады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *