Ұл болып туып,
Бабаңның ердің
артынан,
Батасын беріп,
Жолбарыс еріп,
Айбарың асты
асқақтап,
Қызырлы болдың,
Аруақты көрдің,
Шәкіртер еріп
артыңнан.
Ұранды салдың,
Дәстүрді меңгер,
Салтыңды игер,
Дәретің болсын,
Арыңды ақтап,
Аруағың ерсін
артыңнан.
Арамнан тиыл,
Малыңды жиып,
Ұятты сақтап,
Болсыншы дедің,
Қалсыншы дедің
артыңнан.
Қасиет боп қонып,
Күзетші еріп,
бой сақта!
Ұрпаққа үлгі,
Тарихта белгі,
Қалсыншы сенің
артыңда!
Жүректерді ашып,
Жындарды тосып,
Шайтандар састы,
қашқақтап.
Аққулар еріп,
Сұқарлар болса
қасында,
Алынбас қамал,
Бұзылмасын амал,
Ар сақта!
Тоғыз жыл сынақ,
Өзіңді сынат.
Қалады дедің,
Қиындықтар
артыңда.
Айтқаның келді!
Шәкірт боп ердік,
Көзбенде көрдік.
Хикметпен түскен,
Раббымыз берген
ақ бата!
Жаралыс басы,
Адамзат асы,
Тәңірдің өзі
бір болып.
Қалам бол аруақ,
Адам бол аруақ,
Қуат бол аруақ,
Сөзі еді Құдай,
Бергенде Құдай.
Өзі еді қолы,
Жаратқан жолы
қозғалыс.
Басқа деп сөзді,
Тәңірдің көзі,
«Өзге» деп аруақ.
Масһабтан шыққан,
Араптан жұққан
арпалыс,
Бөрен боп көзге,
Дін болып өзге,
Қалмады қалыс,
Жын-шайтан еріп,
Еліне ақыл,
Айтуға жақын,
Сөзді түйген
жақсылар.
Өздері шешіп,
Құрансыз пішіп,
Атадан қалған
аманат!
Болды да қиянат,
Ой жорып шешіп,
Мұратын кесіп,
Өзіңе ерген
жастардың.
Ақиқат туы,
Аруақтың буы,
Өзіңе ерген
жолбарыс.
Келері қайтып,
Берерін айтып,
Ерітсе жүрек
тастарын.
Болады тойың,
Ер жетті ойың,
Қалдырған артта
қолқабыс.
<�las�h�cing>Отыз бір саны болған Лұқман хакім
Махаббаты ата-анаға адамзаттың,
Дәстүрі, салты болған біз қазақтың
Ғұрпы болған ұлттыңа жасау тағзым.
Үкімі бұзылмас заңдылық, жаратылыс,
Жұбымен,пары болған бар нәрсенің,
Масһабта ұмыт болған мұндай жұмыс.
Сондықтан «Мен» аталған махаббатты,
Рухпеннен жатастырған тәпсір бұрыс.
Аталған бақшасы боп бәйшешектің,
Ғашық болдып жұптасасың некеленіп.
Жүктеліп рухынан алып егіп егін,
Алты дәмің ауыздағы өскен өнім,
Жақсылықты пар қылдың еселеніп.
Құлшылықтың бұл сырын иман деген,
Көркем сөз боп тамырлап қабірлерден,
Көкке жетіп жемісі жарық берген.
Жұлдыз болып тұрған сол махаббатың,
Жаратқанның қол жаны жапырақтың,
Аруағынан ол адамзаттың жүрек деген!