Рахат-сезім

Бөлім: Зікір өлеңдер 140

Рахатын теріске айналдырған,

Қыз, қатын, етекбасты ерлер азған.

Ішіп-жеммен, ойын сауық, арзан күлкі,

Жеңіл тұрмыс сүрумен байландырған.

Айырып талайларды «рахатынан»,

Сынадым қыз, қатынды жаманынан.

Еркекке ақыл айтса ол да рахат,

Айрылады, сөз айтсам дін тағатынан.

Сөгеді ызаланып байсыз қалған,

Кәрі қыз, жесір қатын қараланған.

Отынын жаға алмай жұқтырады,

Тілін безеп, білімін ақыл қылған.

Раббымыздың білімін сөзін айтсам,

Аруақтың тылсымнан үнін қатқан.

Ыза болар, қара түгіл «аққуы» да,

Қайдағы ертегі деп ойдан шыққан.

«Рахаттанар» өзін артық текті қылған,

Әке, ата есімдерін қосып алған.

Сынап жүрмін «рахатынан» айыруға,

Қара нәсіл надандарды ділі азған.

«Рахатымынан» айырдың деп жабылған,

Етекбасты еркектер қу бастанған.

Тарихтағы сынақтарды құдай салған,

Өзге ұлттан көрумен ләззат алған.

Шайтандық емес, деп бұл кім айта алған,

Бес парызбен масһаб -тәпсір мақтан болған.

Сезімшіл қызтеке дінші көрсем,

«Рахатынан» айыруға сынап бағам.

«Рахат» қой бар міндетті арта салған,

Педесіне тірі жүрген пір атаған.

Құдайға қосып, жаннатына кіргізеді,

Сопысынып Құдайсыз жол «рахаттанған».

Ата жолын соттатып «рахаттанған»,

Ел билеуші білімді көп арсызданған.

Садақаны қызғанып көреалмастық,

Шайтан сезім талайды баурап алған.

Бұл «рахаттан» ібіліс қана пайда тапқан,

Қатындар көп «дана» болып ақыл айтқан.

Еркектерге жол көрсеткен қандай рахат,

Шайтанның өрмегіне байлап жатқан.

Рахат сезім болады он үш түрлі,

Хайуан мен жәндіктің болар ірі.

Жалаңаштық рахат сезім көн терілік,

Жәндік сезім түрлі бояу болмақ пері.

Білімді жынды «рахаты» ой жорыған,

Жалғанның байлығынан «рахат» тапқан.

Құдайдың өзі болып тәңірсініп,

Таңба өзгертіп, діл сақтамақ өңкей надан.

Жалғанның теріс ойын рахат қылсаң,

Адамдықтың құны жоқ қараң қалған.

Бұл өмірден жаннаттың рахаты жоқ,

Ақиретте тосып тұр тозақ оқпан.

Әйелдің рахаты сол бейнет қылған,

Байға шығып, бала өсіріп құлы болған.

Құлдықтың рахаты адамзатқа құлшылығың,

Құдай өзі нұрын жаннат сыйлар оған.

Ел билеуші мұқтаждардан рахаттанған,

Ақыл айтып рухани жаңғыртудан.

Құлдық ұрып, барша елі қызмет қылса,

«Рахаттанып» тағында отыр өңей надан.

Елдің құлы болып қызмет қылсаң,

Рахатың сол емес пе, бұл жалғаннан.

Құл болғанға Құдайдың өзі құлың боп,

Екі дүние байлығымен жауап қылған.

Бөріксіз жынды өңкей ел басқарған,

Бастан қадір жоғалтқанға рахаттансаң.

Анаңның ақ жаулығын дұшпан көріп,

Жастарыңды қандай «рахат» қамап атқан?

Осы емес пе хайуандығың Құдай атқан,

«Рахатыңнан» мәңгілік тозақ тапқан.

Ұрпақтарың азып, тозып жоғалады,

Тағдыр тегің қолыңмен өзің жазған!

(Қыркүйек 2018 жыл)

****   ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *