РЕИНКАРНАЦИЯ

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 104

Жоғарыдағылар айдамаса жүрмейтіндер,
Төмендегіні көзіне ілмейтіндер,
Бірді бірге, әзәзіл, шағыстырып
Жүрмесе ішкен асы сіңбейтіндер,
Асы, басы, жасына қарамай-ақ,
Адам сүю дегенді білмейтіндер,
Бір кесе кебек үшін ешкі болып,
Тойып алса теке боп күйлейтіндер,
Өзге түгіл өздерін сүймейтіндер,
Адалдықты арамға сүйрейтіндер,
Маймыл болып жүргенін сезінбейді
Биліктінің алдында билейтіндер.
Дәл солар, маймылдардан жаратылған,
Ойлансын, Дарвин шалды күндейтіндер.
Үрмес итке сүйекті кім тастасын,
Жуындысыз қалады үрмейтіндер.
Тәніне бұралқының жаны кірген,
Шариков пен Швондер — өлмейтіндер.
Ит қылықты көргенде сәл ойлансын,
Ре-инкарнация дегенге сенбейтіндер,
Дарвин шалды күндейтіндер.
(Мұхамбедия Ахмет-Төреұлы.)

*** ***

Маймыл болып жүргенін сезбейтіндер,

Қызыңмен, қатының жүр көтін ашып

Ондайлар ар-ұятты білмейтіндер.

Дарвиндік ілімді көп күндейтіндер,

Тозақ деген Ре-инкарнация деген еді

Маймылға айналатынын білмейтіндер.

Маймыл дінші имамдар көп ойсыз надан,

Ата жолын, дәстүрін күндейтіндер,

Осы емеспе өз ұлтын сүймейтіндер.

Халықтың қолының кірін жалап,

Ел билікте көп, қорға қарап үрмейтіндер.

Күндестікпен садақаға салық салып,

Діннен бөлекпіз, дейді құдайға сенбейтіндер.

Масһабшылар Өзін Алла шайтан атап

Әулиесін мазақ қылған өлмейтіндей.

Ит қылықты, итке айналар үлкендер көп,

Дүниенің базарын күзетіп, телміреді

Ре-инкарнация, тозаққа сенбейтіндер.

Базардан қайтатын уақыты жеткенімен,

Шалдарың бар, дүние қуған өлмейтіндей.

Кемпір болмай, сәуірде күйлеген көп,

Етеккірсіз байынан отын жиған

Жүктеліп, тозақта жанып күймейтіндей.

Саясатты дінге айналдырған арам да көп,

Маймылға түбі айналатынын білмейтіндер.

Дүние үшін пейлі азған, елің тозған,

Құдайым бұған жауап бермейтіндей.

(Т.Б.К  қараша айы)

*** ***

Қасқадан құла туар

Таздан жарғақпас туар

Кедейден мал бақпас туар

Жалқаудан иіс алмас туар

Сараңнан надан туар

Арсыздан арам туар

Жаулықсыздан шайтан,

Етексізден жынды туар.

Дүниеге күйлеген қатынан,

Тойғанын білмейтіндер туар.

**** ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *