РҰҚТЫҢ БӘЙГЕСІНЕ!

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 101

Рұқтың бәйгесімен жарысатын, Сөз тауып ел көңілін алысатын. Артында дүниемен мақтан тұрған, Қолы емес тақуаға болысатын!

  Бәйгесі аламанның күтіп жүрмін, Қосуға шәкірттерді туар күнін. Ақ бақсылық атадан қалған мирас, Сөз емес, іспен білер қазақ тегін.   Құр сөзбен бәйге алар жынды емеспін, Соңында жүгіретін бос елестің. Жан ғылымын бабалардың тарқата алмай, Не пайда жансыз рұқпен бос егестің!   Балықшы балықшыны таныр деген, Япырмау бұны кімдер айтты екен. Ел билік мақтан қуған өңкей жынды, Қоғамның бұл бір дерті емдемесең!   Ақын, жазушыдан кенде емеспіз, Абайын сыртын алған кеңкелестік. Құранның жеті ойынсыз рұқ бәйгесін, Жеңіп алсын бір жындысы қой демеспіз! (Желтоқсан 2017 жыл) *** ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *