Сөз қасиеті және діл(165)

Бөлім: Зікір өлеңдер 94

Сырт көзге әдепті көрініп,

Жылтыр сөзбен кісімсіп.

Көтермелеп өзді-өзін,

Сыншыл, мақтан білгіштік.

Қатындар жүр қаңғырып,

Арсыздықпен жанды үзіп.

Артына кетіп көңілдер,

Жаласын қол, аяқ арттырып.

Шариғаттан хабар жоқ,

Дұрыс сөзге амал жоқ.

Атадан қалған аманат,

Жас түгіл үлкен алған жоқ.

Жоғалған ұлттың нанымы,

Ескерусіз қалған нақылы.

Астарына сөздің үңілмей,

Терістеліп ойдың ұғымы.

Таңбамен келген ар үні,

Тоғыз үні таңба артығы.

Қарсылығына шайтан қосылып,

Өзгертіп алмақ латынды.

Мүйіздер өзіне жақпаса,

Іштері толған боқ болса.

Есек боп кітап арқалар,

Жандарда өлі нәсіл ізі тұрса.

Қазағым қайтып түзелмек?

Жылы жүрек, нұрлы жүз бермек

Адалдық жоқ қатын, қызыңда,

Жаламен ерден сана өлтірмек.

Ғылымнан суат жоқ нәзіктерде,

Қан азған ділі қатты жан өлуге.

Көңілдің ауыр жүгін тазарта алмай,

Ар білімін жоғалтқан ел бүгінде.

Қуаты дұға болар діл үнінде,

Батамен көгеретін ер түбінде.

Жаңбырсыз рұқың жапырақсыз,

Тек ағашың жетілмес, сөз түзелмесе!

(Қараша 2018 жыл)

*****   *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *