Сары әулие аталған Марат туралы Мұхан ағаның сұрағына жауап…  

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 265

Мұхамедия ағамыз Сары әулие туралы мақаланың астына; Бұған Тоқберген Байтасов не айтады? деген сауал қойған екен.  Бұл сауалға жауап берсем; Мұқан ағамен сонау 1995-жылдары біздің үйде дастархан басында бірге болып және есте қалатын бір әңгіме, оқиғаларға да куә болған едім. Мен Алматы маңына Киз ауылына көшіп келіп Каскелеңде көлік жөндейтін шеберхана ашып жұмыс істеп жүріп, Сары әулие аталған Марат мырзамен біраз жолдас болған да едім. Ол кезде бүкіл халықтың Маратты Сары әулие деп атап, емдеу тәсіліндегі  түрлі кереметтерге таң қалып, ерекше құрметтеп  жатқан уақыттары да болатын. Өзім жеке басым оның жолдастық қарым-қатынаста, адамдықта жамандығын көрген емеспін. Кейіннен айтылып жатқан көптеген хабарларға да өз басым куә болмағасын адамгершілік тұрғыда бейтарап болып, құдай алдында  әркім өзінің жақсы жаман істеріне есебін берері де сөзсіз деп түсінемін. Ал екеуміздің таныстығымыз тек көліктің жөндеуімен және оның мені өзіне жақын тартып, аға деп сыйлап, мінуге көліктерін сыйлағанымен мен мұны да қабылдаған жоқпын және оның халықты бір жерге жинап алып шапанның етегімен емдеймін дегеніне де ашық қарсы да болып, өзіне де мұндай күдігімді білдіргеннен кейін, ақыр  соңында арамызда келіспеушілік пайда болып ренжіспей тарқасқан едік. Менің де ол кездерде тылсым құпияларын, магиялық, гипноздық және түрлі емшілік өнерлердің құпия сырын білсем деген қызығушылықпен осындай түрлі қасиет егелерімен жақын болып, тұз-дәмдес болуыма да себеп болды. Осындай менің құпия сырын тапсам деген қасиет егесінің бірі, туысқандай жақсы қатынаста болған Мұқан ағамыз еді. Бұл кісінің ақындық, дәрігерлік өнермен бірге қазақтың бақсылық, шипагерлік өнерінен де көп хабары және талай көрсеткен құпия өнерлер, істеріне де куә болғанмын. Сонымен маған Марат өз нөкерлерінен хабар жіберіп, қонаққа келіп аруақтарға құран оқып кетемін дегесін, мен мал сойып дастархан жайып, аяқ астынан Мұқан ағамыз да өзінің Запорожец тұлпарын көрсетуге келе қалмасын ба? Сонан мен Мұқаңа бірге қонақта болуға жақын танысуға өтініш жасап Марат екеуін бір дастархан басында кездестіріп таныстырып Мараттың бір-екі сауалына ғылым тұрғысында да, ақындық және қазақтың шешендік сөз өнерінің тұрғысында да Мұқан ағамыз жауап бергенді. Сонымен «Бақсы бақсыны, жақсы жақсыны жақсы көрмес» дегендей Мараттың Мұқан ағамызға қырын қарап отыруымен біздің үйдегі тамақ беру рәсімі де аяқталған еді. Марат екі машинамен келіп, маған біреуін қалдырып, екінші су жаңа машинасын мініп алып қашан жолығуды келісіп көлігіне отырғанда Мұқан аға; «Қазір мынаны адастырамын» деді. Сонан Марат ауылдан шығар жаққа емес, керісінше келген бетімен ауылды аралап адасып қайта келді. Сол кезде біздің үйдің маңында көшенің шетінде сәл ойылған батпақ жер бар еді. Өтіп бара жатқан машинаға қарап тұрып Мұқан ағамыз; «Қазір батырамын батпаққа» деді. Сонымен шынында Марат сол батпақтың үстімен жүріп көлігін батырып, әрлі-бері ырғап шыға алмай жатқанда, Мұхаң тағы да; «Ал қазір шығады» деп еді, Мараттың көлігі шынымен ытқып шығып кете берді. Сонан; «Мұнан сен не ұқтың» деді маған. «Мен ештеме де түсінбедім, бірақ сіз айтқандай болғанын көрдім» дедім. Ол кезде халық Сары әулие десе жолында жатып, ем жасаған ғимараттардың есігін сындырып атағы да керемет болып тұрған кез де еді. Сондықтан біздердің де бұл кереметтерге сырттай қызығып, таң қала қарауымыз да қалыпты жағдай болғаны сөзсіз. Сонымен Мұқан аға; «Сары әулие деп халық табынып сонша даурыққанмен бұл уақытша ғана құбылыс. Әрине тылсымдық құдіреттің де бары рас, бірақ бұл ұзаққа бармай тоқтап, тек ғылымдық тұрғыда ғана зерттеу жүзінде  қалады» деген пікірін айтқан. Шынында да солай болып, қазіргі таңда мен бұл салада ондаған жылда іздену, бақсылық қасиеттерді меңгеру барысында өзім де талай қателіктерге түсе жаздап, қара бақсылық пен ақ бақсылықтың қазақ әулиелері меңгерген талай құпиялардың сырын халыққа дұрыс түсіндірілмей жатқанын да білдіргім келеді.  Мұндай жағдай бұрындары да болған Ясауи бабамыздың Сәни дәптерінде Баба Мешін деген әулиенің 500 перісі болып ұшып жүретін артынан мыңдаған шәкірт ертіп халыққа құрметті болғанмен, кейіннен Ясауи бабаның екі шәкірті 500 қамшы ұрып оны аластап; «Жынынан айрылған бақсыдай» болып, бабамызға мүрид болғаны баяндалады. Мұндай қара бақсылықтың  қазақ елінде ғана емес жалпы ислам, християн дін салтында кездесіп жатқаны, қазақ елінде Марат сияқты қара бақсылықпен ем жасаушылардың, емшілердің де жеткілікті екеніне дәлелдер көп. Мұның негізгі құпиясын ашуға құлықсыз болған Мұхаң сияқты тектілердің білімнің жолында ғана қалып, ілімдік тұрғыдағы ғылымдық зерттеуді, философиялық даналықты қажет ететін  ата-баба мирасына ата жолдық аруақтық батамен жалғануды қабылдамаудан үлкендердің, зиялы қауым өкілдерінің дінін тазартып, тақуалықпен халыққа жол көрсете алмауынан қазақ жерінде де мұндай жағдайлар әлі де басымдылығымен қазақтың дәстүрлі Ясауи баба салып кеткен бақсылық жолдың сыры да ашылмай жақтаны  сөзсіз. Ал енді дін тұрғысында ақылды жетілдіру арқылы сопылық жолдармен ақ бақсылық қасиеттілікті  меңгеріп, сырын ашатын талай текті азаматтардың Масһаб, т.б. дін бағыттарының қақпанынан шыға алмай жатқаны да сөзсіз. Кезінде шайтанға айналған кәпір жындардан пайда болатын түрлі кеселдерді бабаларымыз қара бақсылықпен де түрлі жындарды шақырып салатын зікірлермен, амалдармен емдегені, ал мұны жетік меңгергендердің де тарихымызда көп болғаны да растық. Есінен тандыру немесе сондай күйге түсіру арқылы кәпір жынын шығарып немесе сезімдік  шайтанынан ажыратып,  ешқандай дәрі-дәрмексіз ауруына уақытша болса да шипа беру де ол замандарда қажеттілік болғаны да сөзсіз. Бірақ бұл осы білімді заман талабымен адамзат жынының білімділігі артуымен, бұндай қара бақсылықтан ем іздеуден жанға қуат жетпей, тағдырға да зиян тигізу себебі де артатыны да сөзсіз. Сондықтан қазіргі заман талабы ақ бақсылық болып, тек құран аятымен жеке-жеке аруақ арқылы дем салумен, түрлі шипагерлік әдістерді де ғылымдық дәрігерлікті де өз орнымен пайдалана білу бәрінің басын біріктірумен ғана көрінісін бермек. Бұл тұрғыда біздердің нақты тәжірибе жүзінде жеткен жетістіктер де баршылық. Мен мұны «Жын-шайтан, жындылық» туралы жазбамда көптеген өзіміз меңгерген тәжірибеге сүйеніп дәлелдеп шықсам деген де ойым бар. Бірақ ел билігінің және масһаб діншілерінің қазақтың әлемдегі ең жоғарғы деңгейге жеткен рухани қазынасының сырын ашпауға заңмен тиым салып, мұны дәлелдейтін үлкендер қауымының, Мұқаң сияқты тегінде бар мұндай қасиетті меңгеріп зерттемеуінен, халыққа үлгісін көрсетпеуінен қара бақсылық қуаттардың артуымен рухани тұрғыда аруағы қалыптаспай, білімі жетілмей,  дәстүрлі дінін алып зияраттап тазарта алмағаннан, артына ерген жындардың жетегіне ерген арттағы орта буын, жас буынның мүлде қайшылыққа түсіп, аруағы тазармай өзінен-өзі асып тасуымен, өзін таба алмай «экстремизммен» ашық соғысқа шығумен, түрлі топтарға бөлініп азғындыққа түсуіне де  себепші болғаны да болашақ тарихта дәлелденуі де Назарбаев билігі тұсындағы зиялы қауымның қолдан жасаған, құдайға, заманға қарай түсірген хикметіне қарсы болып ұйымдастырған  рухани қызыл қырғыны аталатыны да хақ деп біліңіз. Марат мырзаға 4-5 мың доллар бермей-ақ ата жолындағы ордалар арқылы тазарумен, құрбандық атап 41 әулиелерден дем алумен жазылуға болатын сырқаттардың күн санап артып жатқанына да ел билік, масһаб діншілері халықты қарсы қойып тозақтық болуға, осындай жағдайға шығындануға, өзге елдерге миллиондап қаражат апарып емделуге арандатып жатқанын да білген жөн. Ал шынында Мұқан аға сияқты тегіндегі ақ бақсылық қасиеттерін меңгергендер, үлкендер мұндай сырқаттарды садақасын ғана алып, батасын да беріп ғылым-білімін де пайдаланып оп-оңай сауықтыра да алатыны да сөзсіз. Тегінде бар қасиетті меңгеруге ниеттенген жастарды керісінше осындай үлкендеріміз артынан ши жүгіртіп қудалап мазаққа ұшыратып жатса онда қазақ халқының жуық арда рухани оянып, дәстүрін меңгеретіндей есін жинап түзеліп кетуі де қиындау болар.

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *