Пайғамбарымыздан: «Алла Тағала әлдекімге дұрыс әйел нәсіп етсе, расында оған діннің жартысындай көмек еткен болады. Қалған жартысында Алладан қорықсын, өзін қорғасын. (9-өсиет) «Дүние бір пайдаланатын нәрсе, оның ең жақсысы әйел» (7-ші өсиет) «Дүние барлықпен болады, одан ең қайырлы барлығы, еріне ақиретке байланысты көмек еткен қатын. Әйелі болмаған ер міскіннің міскіні, сондай-ақ ері болмаған әйел де сорлының сорлысы.» (4-өсиет) «4 қасиет бар, бұлар кімге берілген болса, оған дүние, ақиреттің жақсылығы берілген болады: Шүкірлік еткен жүрек, зікір еткен тіл, пәлеге сабыр еткен тұлға және еріне, малына (әурет, тәніне) қиянат етпеген қатын». (11-өсиет) «Қатын көрінуге болмайтын ұятты нәрсе, сондықтан тысқа шыққанда шайтан оның соңына түседі». (3-өсиет) «Ұят пен иман бір жерде.
Біреуі кетсе екіншісі де кетеді. Еш күмәнсіз, ұлы Алла Тағала қандай да бір пендесін жоюды қаласа, одан ұятты тартып алады. Ұяты алынған соң, ол пенде тек қана ашуға ұшыраған адам болады. Ал ашуға ұшыраған соң, одан сенімділік сипаты-аманат алынады. Аманат алынған соң, ол тек қана қиянатшыл болады. Қиянатшыл болған соң, одан рахым-мейірімділік алынады. Мейірімділік алынған соң, оған тек қана лағнет, қарғыс айтылатын болады, яғни малғұндық халге түседі. Лағнетке ұшырап малғұн болған соң, оның исламмен болған байланысы толығымен үзілетін болады.» ((ибн Мәжәдан).
Абай атамыз: «Үш-төрт жылғы әдетің — өмір бойғы жендетің» — деп сенімнің қалыптасуын бала кезден қадағалауды ескертсе керек. Сенімнің негізгі жауы жыныстық қуаттың жоғалуына соқтыратын қалыптасқан әдетіміз, қызымызға жасынан шалбар кигізіп, сен де еркексің, ұлмен теңсің деп, жамбас сүйегі дамымай, ордаң-ордаң жүрісімен, ер балаға бүкіл болмысымен ұқсайды да түбінде «Нені іздесең соның күйігіне ұшырайсың» деген аталарымыз. Яғни, ол күйеуге шыққан соң я өздігімен бала туа алмай, туса да дауна, бастың қысымы, жетілмей қалу сияқты жиендерді өмірге келтіре бастайды да, ал дені сау болса ана нәрінен ашыған сүттен бас тартып, «жетім қозы маңырар да отығар» кейіпке түсер. Ана сүтінен нәр алып иімеген ұрпақта қатігездік пен бейтараптық дәні өссе, сонан кейін «Не жаздым?» деген сұрақтар туа бастайды. Не болмаса қызыңыздың дене мүшелеріне еркектік бездер шыға бастайды. Қазіргі таңда жылына 4000-нан аса қазақ әйелдері аналық құқығы төсінен айырылып алдырып тастап жатыр. Сондықтан менің жанұямды Құдай сақтасын!- деп тілеңіз. Шіркін қыз баланы ата-бабамыздың салт дәстүрімен қызылды-жасылды киіндіріп, көз, тіл сұқтан сақта деп жылтырақтарды тағып «Қызға қырық үйден тыйым» – деп Ібілістің арбауынан сақтап өсіргенге не жетсін! Қыз – өріс. Өрісіміз тарылмасын деп тілейік, ағайын. «Осы күнде менің көрген кісілерім ұялмақ түгіл қызармайды да. «Ол істен мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?» – дейді. Я болмаса «Жә, жә оған мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпеп пе едің» – дейді. Немесе пәленше де, түгенше де тірі жүр ғой, пәлен қылған, түген қылған, менікі оның қасында несі сөз, пәлендей, түгендей мәнісі бар емес пе еді? – деп ұялтамын десең, жап-жай отырып дауын сабап отырады. Осыны ұялған кісі дейміз бе, ұялмаған кісі дейміз бе? Ұялған десек, хадис анау, жақсылардан қалған сөз анау. Осындай адамның иманы бар дейміз бе, жоқ дейміз бе?!» (36-шы сөз.) «Егер өзіңді қадір тұтқан еркек бірте-бірте саған деген ықыласын суытса, кінәнің ең үлкені өзіңде екенің ұмытпа»- деп, «Шомылған аққу көлде аққудай боп, Сөзі бар алуан шекер балдан тәтті. Көзімнің жанарындай сәулем едің, Жалғанда ғашығымсың жаным сүйген, Айқабақ, алтын кірпік, қызыл ерін. Қиылған қара қасты сүмбіл шашты.», Сүмбіл шашты екі көзі ботаның көзіндей мөлдіреген қыз бейнесі қай жігіттің болсын көз алдында өшпес суреттей елес беріп, жүрек түпкірінде ұзақ сақталатыны сөзсіз. Анаға, сүйген жарға деген құрмет, қарындасқа деген қастерлеу сезім, қыз балаға деген ілтипат, сүйіспеншілік осындай адал сезімдерден нәр алады. Имандылық жүрегіне ұялайды. Айналаңды адал көзбен зерделей бастайсың. Басқан ізі білінбейтін балдан тәтті, сөзі бар инабатты періште көз алдыңа елестейді. Ондай тәрбие көрген қазақ қызы ешуақытта да одыраңдап, салдыр салақ, соғып кететіндей жүруі мүмкін емес. «Ойлы әлемнің әйелдерсіз күні бар ма көктеген, әйтсе де мен әйелге ұқсас еркектерді жек көремін! Еркектерге еліктеген әйелдің аз табары, әр жыныс өз мінезін сақтаумен бағалы.»; «Нағыз бақыт тұяғымен тұлпардың. Қиялымен сұңқардың, Өлшенетін мына ұшқыр заманда Бірте-бірте құнсызданар бағанда. Мен білемін, шын еркектің алдында, Күн туады қызаратын саған да.» (М. Шаханов.).
Әрине рухани сұлулық жинаған әйелді нағыз еркек елеусіз қалдырмайтыны сөзсіз. «Жаңа жер, жаңа елге әнмен келдім, Иіліп тізе бүгіп сәлем бердім»- деген сөздерді көңіліне тоқып өскен ұл-қыздарымыздың барған жеріне тек қана қуаныш, бақыт, тіл жеткізе алмайтын нұр шуақ сыйлайтыны сөзсіз. Бұл біздің ұлттық қадір-қасиетімізді қайта қалпына келтіретін, оны байыта түсетін киелі ұлттық тәрбиеміз. Ұл-қыздарымыз көргенді сырт көз жүзіне қарағанда көз сүйінетіндей, өздерін іштей «Байыптымын ба?» — деп ойласа, назар салып тыңдағанда, «Дұрыс естідім бе?» – деп бағамды болса, «Өңім мейірбан ба, қимылым ізетті ме, сөзім риясыз ба, ісім орынды ма» – деп топшылайтын болса біз де бақыттымыз. Ұлтымыз да бақытты. Төл тума даралығын сақтай білген халық — бақытты халық, ізгілікті болайық. «Жасанды кішіпейілділік жақсы қасиет емес». Сондықтан да Мұхаммед пайғамбарымыз: «Әр нәрсе адамның сөзіне, ісіне байланысты емес ниетіне байланысты» – дейді. «Ей, адамдар, тегінде ата баласына сүйеу бола алмайтын, баласы да атасына көмектесе алмайтын күн болатынынан сақтаныңыздар» – деген. Сондықтан бала тәрбиесін бесіктен бастау керек. Құрсаққа біткен қылық қара жерге бірге кіреді, сүтпен біткен ізгі қасиет өлгенше өзгермейді. «Не ексең соны орасың» деген. «Әкеге ұл, шешеге қарай қыз өсер»,- деген. Ұл-қыздан да жаман мінез шығады. Қырсыз мінез тек әкеден жұғады. «Кімнің ұлы қызы болса тым аяр, соның өзі зар жылар да мұңаяр» деген тегін емес. Ата-анадан өсіп ұрпақ жаралған жақсы жаман болса бала солардан. Шындығында солқылдап өскен жас шыбықтай әлі сана-сезімі қалыптаспаған, айналасына көз тоқтатып қарай бастағаннан-ақ ата-анасының тәрбиесін көріп өседі емес пе? Сондықтан қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып, болса тәртіп сонда өсер сомдалып. Ал бала ұяда не көрсе өле-өлгенше соны қиядан танитын болады дейді. Сонау ерте ғасырдың өзінде бала тәрбиесіне ой толғаған Жүсіп Баласағұн атамыз «Жас кезінде білім берсең қалайда, өсе келе қолы жетер талайға, балаларға білім өнер берілсін, сұлу мінез әр өнермен өрілсін»- деген жыр жолдарын қалдырған. Атам қазақ: «Еккенің тікен болса — орғаның балауса болмас, көргенің білгенін айтпаса аға кінәлі, баланың балалығын тыйдым дегенше ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз. Тіліңнен жақсылықтан басқаны айтпа, қолыңды жақсылықтан басқаға жұмсама, адамды сыйлауына қарай оның имандылығы көрінеді»- дейді тағы да. Ал Құранда; «Бізді біреу туралы жаман ойлаудан, өзгенің бойынан кемшілік іздеуден сақтандырады.» «Қыз ақылды ескермес, ана үлгісін көрмесе, ұл жарылқай ас бермес, әке үлгісін көрмесе».
Өткен дәуірде өмір сүрген орыстың ойшыл ғалымы Циолковский айналаға қарай терең күрсініп; «Адамдар табиғатқа шабуыл жасап болды, ендігі шабуылды адам баласы табиғаттан күтеді »- деген екен. Төңірегіңізге ойлы көзбен қараңызшы, сол сөз расқа айналып келе жатқан сияқты. «Қайда барсаң да Қорқыттың көрі» – деген сияқты күні кеше ғана қуат алып шуағынан, суынан туған жердің теңізінде жуынған боз даланың боздақтары бүгіндері екі иіннен су кетіп тірлік істеуде. Қысты күні аппақ қырау құрсанып, жазды күні жаңбырдан соң бусанып жататын маң даланың бетегейі, белдерінде жайқалған ақ селеулі жусанның жұпар иісі де қалмай барады. Сонау Әлімсақтан қазақ болғалы Ер тарғындар мен Ер төстікке жүкті болып анамыз, туған жерде айтылса да көп аңыз, түмен-түмен тұяқтардан кейін де, қызғалдаққа толмай ма еді даламыз. Сол байтақ даланың толған айдай көркі мен шырайы жыл сайын орталанып бара жатса, осының бәріне кінәлі адам баласының, мына сіз бен біздің рухани азып-тозып бара жатқандығымыз бен табиғатпен санаспайтын құлқын құмарлықпен имандылықтан айырылуымыз болып отырған жоқ па? Бәріміздің татып отырған азын-аулақ дәміміз бен пешенемізге жазылған мына жарық әлемнің бір күндік қызығы туған жердің тоқымдай ғана бір пұшпағынан бұйырсын дейік. Мөлт-мөлт еткен бұлағының көзінде мөлдіреген тұнық сыр жатқан туған топырағымыздың тылсым үніне құлақ түре білейік. Сай саладан сылдырай ағып сылқылдай күліп, сыңғырлай тұнып жататын бұлақтар мен жылғалардан арнасы кеңіп арқырай ағатын өзендер де ұрпақтан-ұрпаққа өркен жаяр өмір тәрізді емес пе? «Жақсылықтын алдында бас иетін, Бабалардың не істейміз өсиетін. Жер жоғалтса не болмақ перзенттерін Ер жоғалтса не болмақ қасиетің? Кінәліміз, жасымыз, кәріміз де Зауал болар табиғат зары бізге. Әжеміз де кетеді «әйел» десек, Адам десе кетеміз бәріміз де, Қырдан безбе, бауырым нұрдан безбе, Жылататын жайттар бар жырдан өзге. Жаһан жайын жабылып қорғау керек! Жердің өзі жоғалмай тұрған кезде.» Бір кереметі дана адамдардың көпшілігінің аналары тамаша адамдар болған. Алып та, батыр да анадан туатынын, шаңырақты еркектер көтеріп бергенмен, үйді әйелдер тігетінін естен шығармайық. Жасында шапалақты көп жегеннің өскенде өкініші аз болар. Әкеге; «Бұл менің ұлым»-деп мақтануға оңай болғанымен, баласына; «Бұл менің әкем» -деп алжыған адасқан әкені айту қиынның қиыны екенін әрбір әке ескерген жөн.
Бұл шағын ғана мысалдардан нені ұғындыңыз? Әр халықтың дінінің ірге тасы иманның жартысы дегеніміз осы-Діл қағидасы! Әдет-ғұрпымыз!