Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, алыстық, жұлыстық, тартыстық — әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің байлаусызын көрдік, бәрі қорлық екенін білдік. Ал, қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу ма? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздерінше керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жағдайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ ғылым бағарға да ғылым көзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатар кісі болмаған соң, ғылым өзі тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елде, осы жерде не қылған софылық!
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай қарекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірдің, білімнің пайдасын тыныштықпен қөрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым деп ұлы Абай атамыз назын айтып қалай жол табудың, қазақтағы болатын аурудың аттарын атап түстерін түстеп кетіпті. Құдайға шүкір, қазақта жалпы қазаққа бейбіт өмір не ішем не жеймін еркімде деген өмір туып келеді. Бірақ еліне, ұлтына, болашағына жаны ашыған қазақтың ұйқысы қашанда тыныш емес. «Тек мисызда ғана ауру болмайды» деген Шәкәрім атамыз. Қазақта Абай, Шәкәрім аталарымыз айтып кеткен шешілмеген түйіндер шиелінісе түспесе, шешіле қойған жоқ. Жуық арада шешілуі де мүмкін емес. Себебі білімсізден білімді надандар көбейді. Елді білімсіз арамза молда мен залым ғалым адастырар деген нақыл бар халқымызда. Қай аурудың болмасын тегін таппаса емделмейді, емдегенмен жазылмайды, жазылғанмен қайта өседі. Қазақ ауруының тегі неден тарап жатыр, кел бірге енді сөз бағып көрейік.
Алла тағала бізді «БОЛ» деген сөзден жаратса, қыз болу үшін «Айбол» деп, ұл болу үшін «Күн бол» деп, ер жұп қыз тақ болып келеміз өмірге. Сондықтан әйел затына тақ болу парыз, еркек соның құрбандығы. Тіршілік ету барысында 5 қуатты меңгеру парыз. Жоғарғыда айтқандай бүкіл әлем сөзден жаралса, сол сөзді жанға жазу міндетті болып алты түрлі несіптік үнді жаратып жетінші үн жаратушы үні болып табылады. Сол үндердің орнын белгілеп жолдар деп аталған адамзат несібесі жеті аспан болып табылады. Әр аспанның өзіндік есігі және қызметшілері бар. Берілген несібені Рұх деп атаймыз да рұхтың да төрт түрлі шамасы болып екі жұпқа жіктеледі. Ал үш түрлі үн адамзатқа шешуге тиісті ғайып болып есептеледі. Жер ана 11 жұлдыз күн мен айдан нәр алып, бар ризықпен бізді қамтамасыз етуге міндеттелген, сондықтан жерден төзімді нәрсе жоқ. Сол жерлік періштелер (элементтер) санын пенденің аяғына санап белгілеп, түрлену жоспарын басқа әсем бейнелеп, алақанға жазып берген. Айналып келгенде тербеліс аяқтан басталса, сөз есебі қолдан басталып жүректе түйісер. Демек арап тілі жер ана рұхын белгілесе, қалған үш рұхты белгілейтін негізгі жаратылыс себебі үш тіл бар деп біліңіз. Құран білім жағынан рух сөз қорының шегі болып белгіленіп, тербеліске бағынса, сол тербеліс таңба шегі 56 санын беріп 28 таңбаны ортасы қылып, әр елге әр түрлі жоспар беріп, екі жолды жаратқан. Сондықтанда 72 топқа бөлініп 36 ел (тілдік ерекшелік) екі түрлі амалдармен 72 түрлі құлшылық тәсілдерін яғни сөз тербелісін меңгерсе, бір ел сол төрт түрлі рұхты және төрт түрлі кітап амалдарын біріктіріп бір амал қылып, салт-дәстүрге айналдырып, тура жолдағылар болып есептелу керек. Ислам діні Алла тағаланың бірлеу діні екенін дәлелдеу керек. Негізінен ислам дінінде құлшылықтың екі жолы бар. Ол да екі жұп болып шығады. Бірі Ібілістің білім жолы, білем деп біле беруден жалықсаң, ізденуден тоқтасаң болды шайтанға айналасың. Екінші бүкіл адамзатқа келген пайғамбарлар арқылы көрсетіп білдірген құлшылық амалдар жолы. Сондықтанда аятта араптарды «орта топ» деп ескерткен. Онда діннің дамуы арап еліне келген пайғамбарымыз көрсеткен амалдармен ғана шектелмейді деген ұғымды білдіреді. Дін адамзаттың заманына қарай білім жолының дамуымен, шаруашылық істердің өркендеуімен бірге өркендеп камалдары кеңіп түрленіп отырады деп түсінуіміз керек. Сондықтан арап еліне діннің негізгі қабырғасын қалап, ал қалған халыққа дін үйін толықтай бітіруді міндеттеген. Дін істерін қолдағы саусақпен белгілеп, оң солға таңбалап жаратушымыз осы екеуін қатар алып жүріп, екі алақанды қосу жүктелген. Сондықтан жазу үлгісі де екі бағытта. Ғылым берілген елдерге солдан оңға жазу берілген. Олар амалдарды тазару шарттарын орындап, намаз оқуға сәждеге жету тиісті болса, ал тек намаздарды оқу және сәжде арқылы орындайтын халыққа оңнан солға қарай жазу міндеттелген.
Енді жоғарғыдағы Бақара сүресінің 177-ші аятын «намаздарды толық орындап» деген сөзден екіге бөлсе екі алақанға тиісті амалдар шығады. Бар әлем халқы тілді дамытып, құлшылық амалдарын жасап, өз ерекшеліктерімен 56 таңбаны ойлап тауып, соған сәйкес болмысқа ат қойып, әлем халқы бір жүйеде екі жақтан 56 үнде кездесуі шарт. Бірақ соған байланысты сынақтар жіберіп отырады, сол сынақ екіге бөлініп, бірі пенде баласына келетін ауру болса, екіншісі қоғам ауруы. Сол ауруларды туындататын да ғайыпты теріс болжап өмір сүру әдетінен жаңылу яғни көкке қарсылық. Екінші сөз есебін дамыту үшін үндестіктерді қосу үшін соғыстарды түсіріп отырады. Қазіргі таңда қазақ жерінде сол сөз есебінің құпия соғысы жүріп жатыр. Ауыр соғыс, шығын басқа соғысқа қарағанда қөп болады. Себебі көрінбейтін рухани мүгедектер саны оқыған, білімділер арасында да көбейе бермек. Сырты, ақылы сау, білімді, ал іші ауру, есі кеміс немесе толық емес. Сондай арамызда не үшін кім үшін өмір сүріп жүргенін білмей жүргендеріміз жетерлік. Сол ауруды мінез қылықтың өзгерісі деп атайды. 45 қара сөзімен Абай атамыз жазып, Шәкәрім атамыз шығар жолын сілтеген. Бар аурудың емін қазақта ғайып ерен қырық шілтеннен іздеген. Ауырмайтын, рухы биік адам баласын қалай тәрбилеуді, тура жолды көрсеткен Әзіреті Сұлтан әулие бабамыз. Сол әулие бабамыздың мұрасын жаңғыртуға жаратушымыз үкім беріп, сол белгілер қайта түсті жер бетіне. 21 белгі тағы қазақтың үлесінде. Әрбір жаңадан пайда болған құбылыс өткен тарихтың қайта жаңғыруы деп түсінсек қана жаңылыспаймыз. Сондықтан өз тіліне жаны ашыған есті пенденің Алла тағаланың бар адамзаттың несібесін негізінен тең жаратқанын, сол үлесін алуды әрбір ұлтқа бөлек құпия қылып сөз астарына жазып қойғанын ұғатын заман туды. Ендеше неге жақсылыққа жарысып ұлттық ерекшелігімізді қазақ деген атқа лайық екенімізді дәлелдемеске!
Бетіне перде жапсаң неше қабат, Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
Құран сырын ұға алмай бұқса-дағы, Ол қатені түзеткен ғалымдар көп,
Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмат Соның сөзін оқысам боламын шат.
Жаман тәпсір жайылып жер жүзіне Қиянатың бар болса иманың жоқ,
Дін десе тұра қашты есті азамат, Маған десең мың жылдай қыл
Бар обалы олардың тәпсірінде Ғибадат (Шәкәрім ата)