Дінің де ұлтымыздың да тәрбиесі сөз білімін меңгеруге келіп тірелетіні де хақ. Ендігі қазақ елінің сөз білімін жүргізуші; филолог, психолог, жазушы, ақын, саясатшы, дінші қауым өкілдері болғаны да айқын. Көптеген жылдар дін дәстүрінің де, қазақ салт-дәстүрінің де көлеңкеде қалуымен, ендігі жолымызды да, саясатымызды да, дінімізді де кітаптан алған, оқыған біліммен бағалап, кім көп білім білсе, кітап оқыса сол ғұлама, дана, деген ұғым қалыптасқасын, аталарымыздың; «Ақыл жастан» деген мақалына сәйкес келеді. Ал, ақылың 4-түрлі дәрежесі барын, ол дәрежелер кісілікке, яғни ақылдың 40-қа келіп толысып, естің жетілуіне және иманға тікелей қатысты екенін ендігі мойындайтындар да аз болар. Өйткені дін арқылы дамығын мұндай ұлттық- ділдік білімізді, дәстүрімізді- «суфизм», деп атап, білімді зиялы қауым түгіл, қазақ халқының өзіне жат және руханиятынан қарсы ұғымға айналдыруға ел билігімен қолдаған, ата жолына, суфизмдік іліміне тиым салған ата заңымыз да бар.
Жалпы сұхбат білімін; «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» ден ескерткен аталарымыз. Яғни бұрынғы заманда пәтуа беру, тиым шектерді белгілеу, тек қожалардың, яғни кітап алған ердің жасына келген сопы даналардың, би, абыз, шешендердің үлесінде болса, ал енді бұл қожалық білімді, ақылды бірақ ессіз жастардың қолына өтті. Естілікті айқындау білімі философия ғылым болса, әлдеқашан қазақта өлген.
Сонымен сұхбатты меңгеру әйелзатарынан, ерден сәл кемдігін ұстайтын әжелер, аналар болса енді бала туып, өзгеге тәрбие беріп, байды күтіп өзіндегі «қа-натрий» отынын, тындырып жақпақ түгіл, әлі жан ұяның не екенін білмейтін немесе байдан шығып, отынын арқалап жүрген білімді қара қатындар ақылшы болып, баспасөз бетерінде сайтарда жазып жатқан, айтып жатқан өз-ара сұхбатарын көріп, естіп кейде жағаңды ұстайсың. Немен салыстырып ұстайсың, сонда?-деген саул қойыңыз.
Әрине өзіңнің өмірден өткен тәжірибе, жасаған қателігім, өз замандастрыңның қандай жағдаймен жақсылықа, қандай жағдайда жамандыққа ұшрағанын көз алдыңа өткізіп; «Мынаның да арты сондай болады, қой десем қайтеді» деген оймен ақыл айта бастауың сол-ақ, шибөріше қайдан пайда болатынын білмейсің, жабыла кетіп, қолына түспегендіктен, сені тістеп таламаса да, басыңа талай нәрсені тіл-сөзбен төгіп, мазаққа айналдыруы да хақ. Оған кейде жылт етіп, азғырған, арасына сөз қыстырған, от тастаған атақты, тақта дәржеге жеткен көкелерінің ар жағынан айдап салып, өзі бұғып қалып отырған замандасыңды, ақылшы ағаларыңды көргенде, осы тыныш отырғаным да иманға лайық болар, деген ойда мазалай бастайды.
Ақсақалдық, қожалық, әкелік, аналық, әжелік орындар қазақта маңызын жойғанын сайт бетінен сұхбаттардын байқауға болады. Қандай да бір саған қарсы пікір, немесе сұқбатас болған пенденің, мінезін, болмысын білгің келсе, өзгелерге берген сұхбатын, басқан ұнатқан тақырып, бейнелерінің, «лайктарын» артынан еріп отырып қарап шықсаң болды жындылығының дәрежесін, (28-сатыға бөлінеді) шайтандығын (арманы арқылы), ал әйелзатарының қаншалықты ділдік қуатын, тазалығын немесе азғындығын байқау оп-оңай.
Бұл мен сияқты тылсым өмірмен, пенделер арасындағы аруақтық байланысты зертеп жүргендерге таптырмайтын да орынды осы фб-ның бетінен табуға болады. Бірақ көп сұхбатшы қауымның білмейтіні де; «Тіл сауатты»,- деп жүргендерміздің өзі жазба сауаты, өз ойыңды суретуге машықтанумен байланысты да, ал тіл білімі мен тіл сауаты деген басқа қасиет екенін аңғарудан қалдық. Сананың тазалығы, ділдің қуаты да тіл сауатының, яғни сөйлеу өнерімен, тылсым үнін оқитын тіл біліміне; аян, уахи, бата түс көруге тікелей тәуелді екенін, жалпы фиология ғылымынада мүлде атаусыз қалған. Тіл сауатын-«язычник», деп атап, бұл саланың қарапайым халық өкілдерінің арасында сұхбат білімімен , әлде қайда тез дамып және үнемі барлық білімдерден алда жүретінін тағыда біле бермейміз.
Біздердің жұмысымыз елміздің барлық түпкір –түпкірін арлап, халықпен кездесіп, зияратап, әулие жандары арқылы тылсымнан ақпаратар жинау, алған кітаптарына жалғану. Осы жолда талай адамдармен кездесіп, небір кермет есті ер, әйелдердің берген пәтуасы мен айтқан уәждіне тек риза болудан басқа амал қалмайды. Ал, ел арасындағы дарынды жастардың да осындай тіл сауатын жетік меңгеріп, өсіп келе жатқанына мәртебең өсіп, мындай оқу, жазу арқылы өзіндік ойлау, естілігін жоғалтқан қауымнан жинап алған, жаныңа жара салған дерттерден, емделгіңіз келсе ауылдарды, халық жиналатын жерлерді, зиярат орындарын жиі аралаңыз.
Ал енді сөзге қожалықтың артында, іс амалдың тұратын жазушы, жазба әдебитінің өкілдері, құдайдың берген осындай қасиетін, нығметін бағаламай тәкәпарлыққа түскендіктен көбі; «Судың да сұрауы бар» екенін ал сөздің сұрауы; «Басқа бәле тілден»,-деген қағиданы жадынан мүлде шығарып тастаған. Адам баласына алдағы тағдырындағы келетін көптеген, жақсы да жаман да сынақтар, оқиғалардың негізі артынан келеді.
Ал қалай десеңіз, адам жаурынында «Ғыфыр» атты есік болып және желкеден де шұңқыры арқылы сөздің тіл-көзге айналып енуінен адамның ақыл-ойы, саналық деңгейі өзгеріске ұшырап, сонан кейін ішке еніп алған бәле дамыл таптырмай, түрлі өзіне ұқсастарын, бәлелерді арпалысып өзі іздеп кетеді. Құйрығына құрт кіргендей, тисерге қара таба алмай жүргендер осы сайт бетінде де үлкен-кіші сұхбатастар арасында да жеткілікті. Тіптен аруақты, дәстүріңді де мазаққа алып, «ал маған не істейсің, істейтінің тез істе, істей алмасаң онда менкі дұрыс», дегендерді де көп кездестірдім.
Сонымен әрбір пенденің айтқан сөзі, тіл үні сандарға айналып, алдыңғы бөліктен солдан оңға қарай артқа өтіп, артан қарап жүрген аруақы арқылы келген сәулемен араласып, түнде түс болып бейнеленіп, жаман жағдайға қарсы жорып, амал қылып, ал жақсы нәрсені, аманатты ұмытпай орындап жүрмесе олар оқиға болып, пенденің тағдырынан арласып, әрбір пенде бүгінгі тағдырын өзі жазып отыруы да хақ.
Ал негзгі құдайлық жаралсытан берген тағдырдың шегінен шығып бара жатқан жағдайда, құдайдан нұр-сөз аян келіп, ол уақиғаларды өртеп жойу үшін пенденің басына түрлі қиындық, сынақ келіп, уайыммен қанына өтіп кеткен ақпартарды қайта жағуға тура келеді. Бірақ оны пенде құдайдан көріп; «Осы маған неге құдай ерекше азап, қиындық берді, неге мен бақытсыз болдым?» деген сауалдармен шығар жолы тағыда дайын жазба әдебиетінен, дін білімінен, намаз оқып, түк істемей жалбарына беруден іздеп кетеді. Біреуге тағдыр еркшелгіне, аруақтық қолдауына байланысты жәрдем берсе, келесі біреулерге пайда болмай, уақытын, өмірін де босқа өткізіп, тіптен болмаса түрлі азғырушы, тазармаған жындармен және шайтандық ілімді насихатаушылар қолына да түсіп жатады. Ал; «Басқа бәле тілден қалай келеді?» деген сауалға жауап іздеп көрсек.
Біздің шәкіртер тәрбилеу барысында иманының сатыларының аралық кезең белес сынақтарынан өтуге, осы тілдік сауатылықтықтың «язык мой, враг мой» дегендей көп кедергі болып, көптеген шәкіртеріміздің сынақтан сынып, орта жолда қалуына себеп болып жатқан жайы да көп. Бір екі мысалдарды бере кетсем;
Бірде алыс сапрадан және аруақтардан алдағы кезедесетін сынақтар туралы аманат алып, үйге шаршап, шалдығып қораға енуім сол-ақ еді, бір үлкен даудың үстінен түстім. Сонан, менің баларым көлік жөндеумен айналысып, бір атақты өнер саласында жүрген, менімен құрдас бір кісінің аударылған көлігін жөндеуге алып, және «саймандарын да өзіміз сатып алып саламыз», -деп келісімге отырғанын білетінмін. Бұл салада өмірлік тәжрибем бар, баларыма; «Бекер істедіңдер, саймандарын өзіне жүктеп, ақшасын шегеру керек еді, мұндай көлікті қалпына келтіруге алған ақшаларың жетпей қалады» деп ескерткенмін. Бірақ жастың атты жас, өз ақылымен жүргісі келеді, және әке орны дегенде мәні азайған қатарына еліктейді. Сонымен мен айтқандай әлгі кісінің берген қаражаты толық жетпей, көліктің жүріс бөліктері ауыстырылмай қалған екен.
Әрине, мұндай жағдайда, дүние есебіне келгенде уәдешіл, антшыл, сертке тұрғыш болып, баяғы қазақ екненіміз еске түсе кетіп, аяқ астынан кісілігіміз ұстап кететін қасиет бар қазақта кездеседі. Сонымен әлгі замандасымның осындай кісілігі ұстап, менің араға түсіп, уақыт бер, қайтадан есептеп бір ортақ шешімге келіңдер, дүние түгелденеді, көңілдің түгелдігін сақтау қиын, дегендей білген ақылымды айтуыма тура келді.
«Жоқ, мен уәдеде тұрам, маған тез арда түгелдеп жасап берсін баларың, болмас бар ақшаны үстемесімен қайтып ала алмасам, қолым сынсын!» деп көлігін ұрмасы бар ма? Менің де ескі жындылығым ұстап, берген уәдем, сабыр дегенді мұндай жағдайда шайтан еске түсіре ме? «Әумин!», деп бет сипадым да, сөзге келмей үйге еніп кеттім. Ал сосын кейін өзіме-өзім ұрсайын. «Сындық сынақтан, тілге еге бола алмадың» деп.
Болар іс болды, бір ай ішіде шындығында әлгі кісінің қолы болған, жалғыз ұлы жол апатына ұшырап, 2-3 ай аруханға жатып шығып, көлгі жайын қалып, басымен қайғы болып кетті. Сонан кейінен баларымнан кешірім сұрап, жетпеген ақшасын төлеп, көлігінде жөндетіп қайта-қайта келіп жүрді. Бірақ мен ол кісіні көрген сайын, үйден шықпай тығылып, ыңғайсызданып жүрдім. Бар кінә менен болғандай. Бірақ ол өзінің де осындай қылығымен талай жанның назына қалып, маған кездескен уақыты, ыдысының күнәлі құдайға қарсы сөзінің толумен сәйкес келгені де, соған жетелеп мені де сепші қылғаны да сөзсіз. Осындай жағдайлардың талцына түсіп, енді тілімді тістеп жүремдегенмен бәрібір бұл қдайдың пендесіне берген, қабірге енгшенше сынағы болыр. Сондықтан көптеген әулие бабалрымыздың өмірің соңында оңша, халққа жолмай қашып жүруінде де осындай жағдайдан пайда болғаны да хақ.
Жақында зияртап жүріп әулие басында, үнемі талтайып жұртқа қарсы қарап, шалбармен отырып, сауда жасайтын жас келіншеке ұрысып, мұның артының жақсы болмайтынын ескертпесім бар ма. Сонан әлгі әйелде әулие басында тазалықсыз, дәретсіз отырғасын, қосымша жынмен жүктелеген бе, маған өзіме ұрысып; «Сіздің шаруаңыз болмасын, аурсам өзім ауыратын..» дегендей сөздерді, менің сөзімнен қорықпайтынын, құдай емесетігімді ескертіп, неше сөздерді құспасы бар ма. Тағы да «Әумин, ниетің қабыл болсын»» деген сөз кетті де қалды. Көлікке отырдым да, жүргізушіге «Тоқтай тұр»-деп қайта түсіп, әлгі қатынды мен де қатынша сөгіп тастадым. Көлік жүргізуші, арбакеш ішкі істер саласында қызмет жасайтын сабырлы жігіт ағасы еді, менің мұндай балалық қылғыма; «Аға, оныңыз не, қайтсіз қатын мен қатын болып?»-деп ескертпесі бар ма. «Себебін сен сұрадың, жүре бер мен саған неге бұлай істегенімді айтайын», дедім мен де.
«Ал, енді сөзде тыңдаңыз оқушым. Ертеректе бір әулиенің ерекше шәкірті, жас бала болыпты. Оны әулие күнде құдықтан су алуға жұмсайды екен. Сонан бір күні суды алмақ болып, құдыққа шелек салғаны сол-ақ екен, артынан келген бір үлкен кісі, қолынан қауғаны жұлып алып, құмырасын лақтырып жіберіп, өзін итеріп жіберіпті. «Үлкен мен тұрғанда неге қауғаға жармастың?»,-деп. Бала оның келе жатқанын байқамаған да екен. Сонан бала мұндай зорлыққа ызаланып жылап, ұстазына айтып келіпті. Ұстазы оған; «Ол, кісге не айтың?»,-деп сұрайды. Бала еш жауап бермегенін тек, мұндай себепсіз әділетсіздікке ызы болып жылап, кейін қайтқанын түсіндіреді. Сонда әулие кісі оны құдыққа қайта жұмсап оған; «ойыңа келгеніңді айтып, сөк, боқта»,- деп қайта жібереді. Бала атын суғарып тұрған әлгі кісіге келіп, ұяты жібермей ештеме айтпай, қайта қайтып келген екен. Оны білген әлгі әулие баланы ертіп өзі құдыққа жүгіріп келсе, әлгі кісінің жүрегі ұстап өліп кеткенін көреді. Сонда әулие; «Әтең біле тұра, бұл пендені құтқаруға үлгіре алмадым»,-деп өкінген екен. Сонда жиналған халық, мұның мәнісін сұрғанда, осындай тілінен бәлені жинап, соңы баланың аруағының назына қалып, құдайдан үкім түсіп кеткенін, ал бала оған сөзінің жартысын болса да қайтып бергенде, аман қалатынын ескеткен екен»
Сонымен қазақтың бақсылық дәстүрінде тарихында қалған бақсылық үдістің қазіргі таңда қайта бой көтеріп, көптеген қасиетті меңгеру жолындағылар, діншілер де осындай сынақтан сынып жатқаны да сөзсіз. Оған біздің көптеген шәкіртеріміздің басына өткен жүздеген оқиғалармен де куәлік беруге де болады.
Енді осы сайтың бетінде де, көптеген қара қатындар; «Еркек деген қатын айтқанда, ұрысқанда үндемей қоя салу керек» деген пәтуа айтып жатқанын жиі кездестіруге болады. Ол шайтаның салып, қатындарды жамалатын күнәдан құтқару орнына, үндемей қалып, әрі қарай күнәмен жүктелуге жәрдем беру деген ұғым. Бұрынғы жағдайда бала кезімізде, ер азаматардың артық сөз айтқан қатындарды бас көз демей боқтағанын талай естігенмін. Сөйтсем ол дұрыс екен. Ал қазір боқтап көр, соттан бірақ-ақ шығарсың. Және ол қазіргідей арсыз, ұятсыз заманың да салтына қайшы екені де хақ. Сондықтан қатындарға да, жастарға да амал жоқ, «Ә» десе «Мә» деуге міндетті түрде сөздің соңғысы болуға, барлық әдепті атап өтуге тура келетін түсіндіру де әрине мүмкін емес. Керісінше аруақтық осынадай сынақ барын ескертсең, «ал көрсет маған құдіретіңді және неге тез болмады»,- деп өзін өзіның түбінде тостағаны толып, жайдың оғымен найзағайдай бір сөзбен атылатын жағдайға түсуге шайтаның асықтыры отырғанын біле алмайды. Сондықтан ондай пенделерден де сақ болған да абзал болар….
Бұндай сұхбат қағидасының ата жолының, ата дәстүрінің негізгі шарты, әйел еркектен бір саты сөзде де, пәтуада да төмен, ал «Үлкен тұрғанда кіші сөйлгеннен без» деген тағдырлық аманат екенін де ұмытпайық ағайын. … (жалғасы