Тағдыр сыры Бірменен(170)

Бөлім: Зікір өлеңдер 105

Жаратылыс басы сөз болды,

Сөз Құдайдың нұр буы.

Нұрдан тарап сандары,

Үнсізден Алла ойы еді.

Құпияның бәрі сандарда,

Үннің сыры ойларға.

Сан алуан тағдырлар,

Бағынар санмен жазарға.

Бірлік деген бір деген,

Бірсіз тірлік сүрмеген.

Бір бүтіндік белгісі,

Бірден көп нәрсе жоқ білсең.

Көптің бәрі тәуелді,

Бірге айналмақ себебі.

Бір Аллаға құлшылық,

Көркем сөзбен мінезі.

Жұппен пармен жаралған,

Жалғыз Құдайға кім тең болған?

Екі де бірден туады,

Бір-Өзі Алла аталған!

Түсінік ұғым парынан,

Жұп пен тақты айырсаң.

Үш ұғымын бір ашар,

Барлық санды талдасаң.

Бірмен бәрі өлшенген,

Жұмбағын мұның кім шешкен?

Саналы ойшыл Адамдар,

Құранды санмен сөйлеткен.

Мың өліп мың тірілген,

Қазақтың тегі бірменен.

Мың бір түн тылсым мекені,

Рухани жүйе өліммен.

Мың рет терің түрленген,

Мың өлім бастан өткерген.

Таза ақылдан нұрменен,

Жалаңбаста болмас бір енген.

Адасқан көп жаңылып,

Дінші, ғалым көпшілік.

Саналы болмақ біліммен,

Сан құпиясын ұмытып.

Есеп білмес есектер,

Тереңге бармай үстіртер.

Арқалап білім кітабын,

Теріс оймен жорып күңгіртер.

Біліммен көбейтіп қайраты,

Өнермен дүние байлықты.

Санасыз би мен биліктер,

Бірсіз нөлдер сияқты.

(Қараша 2018 жыл)

*****  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *