Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-qformat:yes; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-fareast-font-family:"Times New Roman"; mso-fareast-theme-font:minor-fareast; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi;}
Әрбір жаратылыс нәрселерінің сан арқылы сөз сипаттарын зерттесек екі негізден басталып қарама-қарсылық жағдайда бөлініп, сол төрт тұғырлы тұрақты күштерге және нәрселік сипатқа, сосын санға айналса ғана сызықтық бейнесін тауып, ал сол сызықтардың бір-бірімен жұптасуын қосу (крест) десек, тоғысқан қиылысқан жері бесінші нүктесі яғни қуаттық шамасы болып табылады. Христиандар дін таңбасында (Крест) осы 5-ші қуаттардың сызықтық бейнесінің 3 түрлі 4 кесінді сызықтық белгінің қиылысу нүктесі 5-ші орынның пайда болуын көруге болады. Және оған адам баласын таңып қойған бейне көрінісінен қандай қатысы барын айқын көруге болады. Ал кесінділер мәні 10 саны мен олардың кеңістіктегі тұрақтаған ұштарының саны 9 санын берді. Енді барлық жаратылыс жарықтан басталып, әлемдік нұрдың ақылдың пайда болуымен, қалған бүкіл жаратылыс сипаттары пайда болған. Сондықтан Әл-Фараби атамыз бұл жағдайды; «Ең әуелі Алла тағала өз ажарынан қасиетті нұрынан тіке тарайтын мәртебелі жарықты жаратады. Ол суық та жылы да емес еді. Алла тағала осы жарықты бүкіл әлемнің негізі етіп алды да барлық жасалынатын, болатын нәрселердің түп болмысының нышандары басынан аяғына дейін осы алғашқы жарықта жатыр. Бүкіл нәрселік (органикалық) тірі дүниенің рухани нышандары да осы жарықта болады. Бірінші жарық-нұр алғашқыда өзінің жарылған жерінің маңында орналасады да, осы жағдайда бір дүркін тербеліс уақытында (12 мың жыл) тұрақтайды. Бүкіл әлемнің бастапқы да бірінші элементері пайда болу үшін Алланың әмірі мен нұр екіге жарылып, бір бөлігі жоғары көтеріліп, екінші бөлігі төмен түседі, олардың арасында бос кеңістік орнайды. Олардың бастапқы бөліну орнында орта бөлік пайда болады. Осы орта бөлік әлгі екі бөлікті байланыстырып, дәнекерлейтін маңызды қызмет атқарады…Дүниеде, әлемде бос орын жоқ. Әр түрлі күштермен біріккен, жалғасқан және осы күштердің, қозғалыстардың әсерінен туындайтын аса қатал заңдылық бар.».
Атамыздың бұл ғылыми маңызды ой толғамынан барлық қозғалыс Алла тағаланың ажарынан бірден таза ақылдан-нұрдан тараған екі жарықтан және олардың тұрақтаған жері аралық орта бөлік орындағы нұрдан яғни үш түрлі сападан 4-ші жаратылыс нұрының пайда болатынын және бастапқы алғашқы негіз жарықтың өзімен қосқанда, сонымен алғашқы тәңірлік қуаттың негізгі 3 сипатты бастапқы және 5 қуаттан тұратын екінші жаратылыс себебінің пайда болуымен көрінісін береді. Сондықтан жоғарғы екі сипатты нұр мен арасын жалғастырып дәнекерлейтін адам қанымен және қызыл түспен, жылу қасиетімен байланысты сапа аруақ негізі болып саналады Бұл жағдайдан кейін; «Бүкіл жоғары бөлік 2 жарыққа бөлінеді де, қозғалыс қасиетіне ие болады. Алла тағала өзінің құдірет күшімен осы жарықты бүкіл әлемнің қозғалыс негізі етіп жасады. Жарықта жылу табиғаты бар. Бұл жылу бүкіл дүниелік қарекеттің ірге тасы болып қаланды. Мұнан соң Алла тағала жарықтың жоғары бөлігінен ғарышты, яғни аспан шырақтарынан және оларды сүйеуші періштелерді және де басқа да жарық құбылыстарын бар етті.». Енді осы алғашқы жарықтың екі түрлі жаратылыстық себептің және оларды жалғаушы аралық себепшінің пайда болуымен және бұл негізгі себептердің жоғарғы бөлігі ерекше екі сипатты қарекеттік бүкіл әлем жаратылысының және оларға берілген жылу сапасымен яғни тұрақтаған орнымен, себепшімен бірігу арқылы3 түрлі жаратылыс үнінің екі мәні 6 күн жарықпен, ал аралық орынды бастапқы тұрақтаған жерді қосқанда 7 түрлі жарықтың әрекетінің бейнесі пайда болады. Ал енді екі дүркін 3 түрлі қозғалыстан, яғни 6 негізден яғни 6 үннен жарықтардың тұрақтауымен, бүкіл әлемнің 6 күндік сапасы пайда болған. Алла тағала осы барлық жарық, қозғалыс әлемін екіге бөлумен жоғарғы әлемге қозғалыс қасиетін 2 жарықпен белгілеп яғни енді 3 суықтық қозғалысқа 2 жылулық сипатпен дәрежеленуінен 9 қаректтік бейненің жан тағдырының соңғы нәтижесі пайда болған.
Енді басылым басында осы қарекеттерден жаратылған яғни бейнелеген қозғалыс егелерін, періштелердің сапасын және аралық себепшіден пайда болатын 4 негізгі періштелік жаратылыс себепшілері мен және; «5.-Дардайыл-ай, күн, жұлдыздардың уәкілі; 6.-Ысмайыл-жер бетіндегі киелердің жебеушісі; 7.-Зұлқайыл-қиямет күнінде адамдарды Алла Тағала алдына сотқа, таразыға апарушы періште; 8.-Ахрайыл-барлық дария, өзен, көл, бұлақ суларының басқарушы періштесі; 9.-Мәлік-жеті тозақтың уәкілі. Және осы тоғыз періштелердің 70 мың періштеге сардар, әскер болып және әрбір періштенің тағы 70 мың періштеге әмір жүргізуге еркі бар.» деген мысалдарды келтірген едік. Енді бұл періштелік негізгі қозғалыс киелерінің адамзат тіршілігінде қандай қатыстылығын және оның ақиқатын Құран аяттарының сандық мәндерінің үгіт, насихаты арқылы және пайғамбарымыздың мұғжизасы «Миғраж» оқиғасымен жоғарыдағы көрсеткен салыстырулар арқылы анықтай аламыз. Ғылымға жүгінсек адамзат тіршілігінде әрбір нәрсені қозғап үдеу беру үшін сандық мәнін тек таққа айналдыру керек. Тақ қозғалыс басы болып есептеледі де жұп тұрақты орнығу, орынның, дененің қалыптасу шамасын көрсетеді. Ал әлемдік жаратылыстың яғни қозғалыстардың анасы Алланың ажары нұрдан бірден басталып, барлық қаракеттер екіге тұрақтап нәтижеленеді. Бірақ бірдің ішкі мәні үш негізден үннен тұратынын ескерсек (2+екі=5; үш+2=4; 1+бір=4; Қимасы 13) бұл нұрда бастапқы қозғалыстың үш түрлі қуаттық белгісі болғанын айқындап тұр. Тіршіліктің үнемі қозғалыста болуын қамтамасыз ету үшін үш негізде тұрақты болу керек. «Үш бар жерде күш те бар» деп, енді үшті санмен онда үні; үш 2 болып, бастапқы екі негіздің сандық мәні шығып, ал екіні үнмен таңбаласақ «Екі» үні 3 болып қайта үш негіздің ішінде болады. Сондықтан екі бастапқы биіктік өлшем дәрежелеуші қуатты өсіруші болып, үш негізді қозғалыстың ішкі ақпарат негізі, жаны болып табылады. Негізінен адамзат тіршілігі үшін жаратылыстың қозғалыс себептері 4 періште болып, үш жаратылыстық қозғалыс негізімен 7 саны барлық тәңірлік қуаттар негізі болып, 3 қараңғылықта тәрбиеленіп, 1 арқылы ішкі үнімен қосылып 4 тағдыр сөзімен дәрежеленіп жаңа сападағы періштелік сипаттардың пайда болуымен және 4-тен үшті бөліп шығарып, қайта оған 5қуатты алумен 9-дан 10-ның пайда болуымен, үнемі осындай шексіз періштелік қуаттарды көбейтумен жаратылыс негіздерін түрлендіріп өсірумен айналысамыз. Сондықтан да Құран философиясының жоғарғы аспан мүлкіне және жер көкті еріксіз, ерікті қылып 2 күнде, ерекше қозғалыстық сипаттың, уақыттың негізін жаратуымен байланысты; жақсылықтың екі еселенуі, екімен дәрежеленуі, екі нығметтің, қол екі істеген күнәлардың жарылқануы және 3-тің екі дәрежесі 9 жарықтың бір-бірімен уақыт өлшемі арқылы (2 қарама-қарсылықтар; күн-түн; ыстық-суық, ығал-құрғақ, өлі-тірі, т.б.) ерікті, еріксіздіктердің әректтесуінен пайда болатын 10 санының аспан мүлкінен болып, дәрежелік ұғымды білдіретінін айқын білдіріп тұр. Шәкәрім атамыздың 9 санды неге 5-пен белгілеп жұмбақтағаны осы жан сырының құпиясын көрсетеді.
Ал енді тағы да христиандар таңбасын «крест» ағашын зерттеп көрсек; ортадағы бастапқы жарықты 1 деп алып одан тараған жарықтар 6 санын беріп, ортасы (баған) 7-ші негізгі жарықтың шамасын көрсетіп, енді оны шеңбермен қоршасақ немесе 6 бұтақты ағашқа адамды таңсақ, 7-ші бұтақ пайда болып, яғни негізінен 8-ші жарықтың, қозғалыстың, түрленудің, Алланың баурауын көрсетеді. Бұл жағдайдың сырын аятта; «Мұхаммед бір кезде саған: «Негізінде Раббың адамдарды баураған» деген едік. Саған Миғражда біз көрсеткенді және Құрандағы қарғалған ағашты адамдарға бір сынақ қылдық. Оларды қорқытуымыз, зор қателесуді ғана арттырады.» (17-60) Бұл аятпен аруақ заңдылығының негізі «Ісра» сүресінің ғылымдық маңызы мен жанаттағы ағаштың қасиеті де от пен суды бөліп тұрған арлық оттың жалыны «Ыс»-тан «У»-дан пайда болған жын негізі болып, бұл ағашты тазартып алумен адамзатта жыныстық ағашының қалыптасуы және бой ағашы болып қалыптасатын; «И»-«Ман» деген екі сипатты жаратылыс негізі болып саналатын жарықтың да сырын әшекерелеп тұр. Осындай жан сырының құпиясын көрсеткен білімді теріске алған әлем дін ғылымдары, әсіресе ислам ғылымдарының қатты адасуымен еліміздегі ата жолының істеріне, имандылықты қалыптастыру тәрбиесіне ат салысып, кемшілігін түзеп, ақылы толмаған жастарға дұрыс бағыт беруге қол созып, дінді жетілдірудің орнына, шайтан адамдарының соңынан сапқа тұрып, қарсылық білдіріп, құдайдың лағынетіне, азабына халықты арандатумен айналысудың басты себепшісі де осындай мағынасы ұқсас бірақ сандық мәндерімен құпиялаған аяттарды ескі тозған біліммен тәпсірлерді құр көшіріп алудан пайда болады. Сондықтан бұл жағдайды әзірше сандар тағлымымен ғана астыртын баяндап отырумен, негізінен жын-шайтан, пері, т.б. қуат, күштер туралы сырды және адам жанынан, рухынан алатын орны мен құлшылықтың маңызын бұл жазбада түсініктеріміздің ақыл, ес «шарына» сыйымды болып, сондай діншілерді пір тұтқан күмәнсіз иман келтіргендердің жүректеріндегі қарсылығын, қандарындағы шайтаны мен бастарындағы жындылық сары суларын қозғамай, алдағы 6-басылымда арнаулы тақырыптармен психология, медицина пәндерімен және үкіметтің ақылшыларынан, заңгерлерінен тығылып жүріп орындаған, жинаған емдеу тәжірибелермен салыстыра отырып баяндап көреміз.
Негізінен Құранда екі түрлі ағаштың болғанын біреуін «арша» (әйел жынысты) деп екіншісін «шырша» (еркек жынысты) деп, ал бұл екеуінен әлемдегі 22 ағаштың түрі пайда болатынын және хаж құлшылығының да осы санмен белгіленуі осы жағдайды көрсетіп, қажылықтың ай нұрына тәуелді құрма ағашымен байланысты екенін және ол құрманың жандық құпия сыры Сайрам қаласына пайғамбарымыздың аманатын Арыстан бабамыздың тұқымын әкеліп және оны Түркістан қаласына Ясауи бабамыздың 63 жыл жер астында тірішілік етіп, рұқ қылып өндіріп қазақ және түркі әлемінің жан әлемінен, көк несібесіне екенін де естен шығармау керек. Ал шырша ағаштың негізі христиандық елдерде өліммен байланысты ырымы бар екенін, сондықтан көк шыршасын аулаға көп екпей немесе оны басқа біреулерге еккізетіні де бекер болмағандықтан және осы ағаштан жасалған айқышқа Ғиса пайғамбардың Құран бойынша өзі емес, ұқсас серігі таңылғандықтан, батыс елдерінен келген жалған тәңірге шоқыну амалы яғни жаннатта қарғалған ағашты айналып, табынып, жалған тәңірге құлшылық қылу қазақтың ел басшыларының дәріптейтін салтына айналып, енді біздердің салт дәстүр деген атауды сызықпен жалғап жазуға болмайтынын да ескерген жөн. Себебі салтымыз бен дәстүріміздің арасында өлім оқпаны пайда болған. Сондықтан әдетіміз арапша, ғұрпымыз шала қазақша немесе европалық болғаннан кейін 4-еудің басы қосылмаған елде діннің де толық болмайтынын, жаратқанның сынақ, азабынан және аруақтардың өлім, ауру, уайым-қайғы болып күзеткен пендесін Алланың жалпы елімізге біртұтас жіберетін азабынан арашалай алмайтынын да білген жөн. Енді бұл жағдайды яғни сынақтарды белгі болып ескертетін, алатау тауының шатқалдарында жаппай қирауға ұшыраған қарағай тектес шырша деп атайды. Құран сүресіндегі «Жын» атауы мықты сөздер тобынан кітаптың аты болып, адам өмірінің қуаттарының негізін, тіршілік бастауын құрайтынын түсіндірмек түгіл мысалға; Дәуір баспасынан, муфтият ғалымдарының пәтуасын алған түріктің дін ғұламасы болып саналатын; Фетхуллаһ Гүленнің еңбегінің, оны аударған қазақтың ұлттық университетінің ғалымы болып, әрі дін танушы Құдайберді Бағашардың; «Ғасыр тудырған күмәндар» деген кітабының өзі серік қосудың немесе Аллаға жала жабудың, ортақ қосудың өзі екенін кітаптың атауы ғана куә болып тұр. «Ғасыр» адамзатқа үнемі беріліп тұратын, 103-ші нұсқаулар кітабы және Алланың көркем сөзі болып, енді күмәнді шайтан тудыратынын білген дінші емес, қарапайым сөз ұғымын білген пенденің «Ғасыр»-ды күмән тудырушы«Шайтан» негізі деп Құдайды, Құранды және қазақтың көркем сөзін мазақ қылып, оны бүкіл қазақ еліне таратудан-ақ біздің еліміздің сөз ғылымының, философиялық даналықтың өлгенін, масһабшылардың көркем сөзге жасап жатқан зұлымдығын немесе Шәкәрім атамыздың; «Тәпсірші деген атақ бар, Тура айтасаң молда қақақтар, Ой-жотамен адасқан, Тәпсірде талай шатақ бар.» деген күмәнді тудыратын шайтаннан болған адамдар болатындығын білген әулиелігін растап тұр.