Алдыңғы жазбаларда шырағы сөнген рулар туралы ескерткенбіз. Жалпы қазақта шырағы жанған руды әзірге кездестіру де қиын. Себебі ол рудан шыққан әулиелікті меңгеріп, Құдайдан тікелей хабар алатын, пайғамбарымыздың батасын алған пендесі жоқ. Мүмкін бар шығар, бірақ тақуалықта жетіле алмай жатқандар да жеткілікті.
Байтасов Т.К. жеке блогы
Отпан әулиенің 3 және 7-8 ғасырларда екі рет өмірге келгені туралы хабар келді. Отпан әулиеден Қорқан би атаның жеті ұрпағы болып тарихта белгі қалған. Қорқан биге көп қасиеті қонған екен. Отпан әулие отпен байланысты көптеген мұғжизаларға ие болған.
Абылайхан атаның тойының алдында зияратының Астана қаласынан қашық емес екенін, басында аң терісі байланған қара найзасы барын айтып ешқандай мұны ұғатын саналы қазақ шықпағаны да сөзсіз. Және алтын адам аталған; Қазақ, Созақ бабаларымыздың анасы болған, Ұлсай Емер анамыздың да басын көтеру мен Алаш бабамыздың, Алтай Жүрсін бабалар басындағы мұрағаттарын да ашып халыққа жария ету туралы да менің көтерген мәселеме ешкім құлақ асқан да жоқ. Сол сияқты Кенесары хан атамыздың қырғыз елінде 11 уәзірімен қоса жерленіп, басында мұрағаты барын және басының кесілмегенін хабардар еткенмен, мұны да ұғатын текті, намысты саналы қазақ шыққан жоқ. Енді Керейхан мен Жәнібек бабалардың да зияратын тауып басына ескерткіш орнатып ас бермей –ақ, ел биліктің той өткізбек ойлары бары да сөзсіз. «Санасыздарға сан айтқанмен түсінбес» дегендей бұл жолдаудың да ел билікпен зиялы қауым өкілдерімен қабылданабайтыны да сөзсіз.Қазақтың көргенді ар-намысты ұрпақтары бұл сөзімінің хақтығына сенетін болса, есеп шот ашып халықтан қаражат жинап, бабаларымыздың зиярат бастарына ескерткіш орнатуға шамамыз келгенше үлкен тойдың алдында арнаулы ас беріп, құран оқып еске алуға жағдай жасаса. Ал жерленген орнын, зиярат бастарын біз көрсетуге дайынбыз. Алдын ала Керейхан бабаның басында орнатылған, басы домалақ тас мүсінінің және қазған жағдайда сол қолында сауытының барын ескертеміз. Ал Жәнібек сұлтан бабамыздың зияратынан қанжардың басының табылатыны да және 3 тармақты бір белгі нәрсенің барын да алдын ала білген жөн.
Абылайхан және Кененсары хан ақиқаты
Кеңес үкіметі кезінде Абылайхан атамызды Ясауи баба кесенесі жанынан табылған бір сүйекті ғалымдар зертеп; «Осы Абылайхан атамыздың сүйегі» деген пәтуамен қазір, ел басының да сол жереге қойған белгі тасқа құран оқып халық зияратайды. Кейінен ата жолының көтерілумен, Ақ ұлдың бастамасымен Бурабай көліндегі демалыс орнындағы таққа көтерген тасқа зияртайтын болдық. Әлі де сол жерге соғып, құран бағыштаймыз. Осындай үш жыл бұрын керуен сапары кезінде, Астанадан жақын жерде үнемі Абылайхан ата белгісі келетін болып, кейінен аруақтан сұрау арқылы, сол маңда жерленгенін біліп, тұсынан құран бағштайтын болдық. Қазақ елінде аруақтық білім мүлде болмай, кейінен бар білімнің өзін масһаб діншілері мүлде қарсы болып, енді бұл ақпаратқа ел билік те құдайындай сенетін болды.
Шыңғысхан баба туралы ақиқат
Шыңғысхан неге баба, болу керек қазаққа?-деген сауалдың бірден пайда болу сөзсіз. Шыңғысхан жалпы кім болды, тарихта қандай із қалдырды?-деген сауалға көбіміздің жас кезімізде тасқа жазып, яғни сүйекке сіңген біліміміз өзге жұрттың жазып бергенімен байланысты болғасын, әрине көп жағдайда маңғұл нәсілді және қазақты қырған, зұлымдық жасаған деген пәтуадан аса алмаймыз. Әуелі маңғол ұлты қалай пайда болды? Осыған тоқтала кетейік. Маңғұл ұлты негізінен ғұндар тайпасынан шыққан Шин нәсілінен тарайды.
Арыстан баба және Сунақтар шежіресі!
Менің, қазақтың діл білімінің негізі, ата салт дәстүрлі дініміздің, әулие баларымыз меңгерген сандық діл білімін, Абай-Шәкәрім аталарымыз және соңғы Раббымыздан келген қиямет күнінің, пенделер бойындағы ауру, азап себептерін, басылым беттері қабылдамай, тіптен «зона кз» сияқты ел басының өзіне лағнет айтқан, жазбаларды да қабылдайтын, ғаламтор басылымы да шығарып тастайтын болғандықтан, халық арасына ғаламтор почтасы арқылы жіберуді әдетке айналдырғанмын.
Туған жылы, өмір сүрген жасы?
Қайтыс болған жылы; Григорян жыл сануымын 00037 жылы.
Құранға байланысты 13; 17; 101 санымен көрінеді.
Нағашылары Қарқалы тауында, 7-ата..5-әжесі бар
Үнді жерінде Деліде 7-ұрпағы бар..101, 81 санымен байланысты.
Жеті ұрпақ көрген. 3-уі тірі қалған.
Беріш ата шежіресі;
Бай атамыздың 4-ші жұбайы Шынтақ анамыздан туады. 12-ғасырда өмір сүрген. 4-әйелінен 2-ұл. 3-қыз сүйген. Денелі ақ сақалды кісі болған. Сөзге шебер, ақын-жыраулардың шығармаларын сүйіп тыңдай білген. Өзі де сөзге шешен қасиеті болған. Сонымен бірге ұсталық та қасиеті бар. Мінезі табанды, тапқыр, алғыр. Және найза ұстап жауға шапқан қайсар болған. Үнемі тыныс тапай, жер қойнауын, мал жайлымдарын, шұрайлы қоныс іздеген. Ағайын, туыс, ұлтынан жан ашыр қауымшыл болып, бірақ өштескен жауларын аямаған, жазалап отырған. Жерленген жері; Маңғыстау жерінде.