Өсіп-өнген үлкен әулетте жүз кісі бірге тату-тәтті өмір сүріп жатыпты. Сол елдің патшасы бұл әулет туралы естігенде, қызығушылықпен барып әулеттің ақсақалына жолығуды ұйғарыпты. Қариямен кездескенде патша «Әулетіңізді тату-тәтті бейбітшілікте ұстап тұруыңыздың сыры неде?» деп сұрақ қойыпты. Қария қағазға біршама уақыт бір нәрсе шимайлап жазып патшаға ұсыныпты. Патша қараса, қағазда бар-жоғы бір-ақ сөз жазылыпты. Үсті-үстіне әбден баттастырып жазылған сөз «САБЫР» екен
Ұлықпан хакімнің перезентіне айтқан 100 насихаты
Ұлықпан хакімның перезентіне айтқан 100 насихаты
1-ей ұлым, әуелі ұлы құдіретті жаратушыны таны.
2-біреуге насиқат айтсаң, алдымен өзің оны атқара біл.
3-сөзді жағдайға қарап сөйле.
4-адамдардың қадірін біл.
5-басқалардың пікірін тыңдай біл.
6-сырыңды құпия ұстай біл.
7-досыңды қиын күндерде сына.
8-қараниет, надан адамдардан алыс жүр.
9-досыңды пайда, зиян алдында сына.
10-дос болуда дана, ақылды адамды таңда.
11-жақсы істі бар зейініңмен істе.
12-әйел адамға өте сеніп кетпе!
13-үнемі данышпан адамдармен сұхбаттасып тұр.
14-сөзді негізімен (дәлелімен) сөйле.
15-жастығыңды қадірлей біл.
16-жас кезіңнен бастап екі дүниенің жұмысын тең істе.
17-дос-жарандарыңды қадірле.
18-дос -дұшпаныңның алдында екі беткейлік қылма.
19-ата-анаңды қадірле.
20-ұстазыңды ата-анаңнан да артық сыйла.
21-ақша жұмсауда кірісіңе қара.
22-әрқандай іс істеуде өзіндік қыбланамаң болсын.
23-асыл қасиеттілік алға бастар ұраның болсын.
24-қонақ күтуің қағидалы болсын.
25-біреудің үйіне барғанда көз, тіліңе көңіл бөл.
26-киіміңді, денеңді таза ұста.
27-жамағаттан (қауымнан ) алыстап кетпе.
28-перзентіңе ғылым-білім үйрет.
29-мүмкін болса перзентіңе атқа мінуді, мергендікті үйрет.
30-аяқ киімді оң аяқтан бастап киіп, сол аяқтан шеш.
31-бір адаммен бірігіп жұмыс істесең, сол адамды алдымен түсініп ал.
32-түнде сөйлесең, мұлайым, ақырын сөйле. Күндіз сөйлесең маңайыңа қарап сөйле.
33-аз жеу, аз сөйлеуді өзіңе әдет қыл.
34-өзіңе жақпаған істі басқаға зорлап таңба.
35-алдымен ақыл-амал ойлап, одан барып жұмыс бастауды үйрен.
36-оқып үйренбей тұрып, ұстаздық істеме.
37-әйел мен балаға сыр айтпа.
38-біреуден жақсылық дәметпе.
39-ақымақ адамдардан жақсылық күтпе.
40-әрқандай істе бейғамдық істеме.
41-бүгінгі істі ертеңге қалдырма.
42-істелмеген жұмысты бітті деп есептеме.
43-өзіңнен үлкен адамға қалжың айтпа.
44-өзіңнен үлкен адамды құрметтей біл.
45-амал бар басқаларға жаман көрінбеуге тырыс.
46-қажеті күшті адамдарды үмітсіздендірме.
47-өтіп кеткен көңілсіз істерді қайта ойлап жүрме.
48-басқалардың жақсылығын өз жақсылығыңмен араластырып алма.
49-қаншалық байлығың барлығын дос-дұшпаныңа білдірме.
50-туыс -туғандардан алыстап кетуден сақтан.
51- жақсы адамды өсек арқылы еске алма.
52-өзімшіл болудан сақтан.
53-халық жүрген жол болса, сен де ілес.
54-қолыңмен ауыз-мұрныңды шұқылама.
55-адамдар алдында тісіңді шұқыма.
56-мұрныңды қатты сіңбірме, дауыстап қақырынып түкірме.
57-есінесең қолыңмен аузыңды жап.
58-басқаларға қарап керілме.
59-саусағыңды мұрныңа тықпа.
60-маңызды сөзге қалжың араластырма.
61-біреуді басқалар алдында ұялтпа.
62-ишарат арқылы басқалардың айыбын ашпа.
63-бір айтқан сөзіңді қайтадан қайталама.
64-басқаларды әдепсіздікпен күлдіруден сақтан.
65-өзіңді және жақын досыңды басқалар алдында мақтаудан сақтан.
66-өзіңді әйелдерге ұқсас жасама.
67-балаларың не айтса, соны істеп берме.
68-тіліңді ая.
69-сөйлеген кезде қолыңды ербеңдетпе.
70-барлық адамды құрметтей біл.
71-білімсіз адаммен сырласпа.
72-өлген адамды жамандаумен еске алма, оның пайдасы жоқ.
73-амалдың барынша басқалармен ұрспа, кек сақтама.
74-басқалардың күш-құдыретін сынаушы болма.
75-ұлы адамдардың сынын есіңе мықты ұста, күмәнді көзқараста болма.
76-өзіңе тиісті нанды басқалардың дастарқанында жеме.
77-жұмысты жүрді-барды істеуден аулақ бол.
78-мал -дүние үшін өзіңді өте қинап кетпе.
79-кімде-кім өзіңді танымай қалса да, сен оны таны.
80-ашуың келгенде сөзді абайлап сөйле.
81-шапаныңның етегі мен мұрныңды сүртпе.
82-күн шыққанға дейін ұйықтама.
83-басқалар алдында жалғыз нәрсе жеме.
84-үлкендердің алдына отырып алма.
85-басқалар сөйлеп жатқанда, сөзін бөлме.
86-басыңды салбыратып отырма.
87-көшеде жан-жағыңа жалтақтап жүрме, алдыңа түзу қарап жұр.
88-амал бар жайдақ атқа мінбе.
89-қонақтың алдында басқаларға ренжіп ашуланба.
90-қонақты жұмсама.
91-қайыршы және мас адаммен сөйлеспе.
92-маңайыңдағы жалқау, қолынан іс келмейтін адамдармен бірге отырма.
93-пайдалы деп абыройыңды түсірме.
94-менменшіл, тәкаппәр болма.
95-басқалардың саған қошамет көрсетуінен қаш.
96-ұрыс-төбелестен, басқаларға қайшылық тудырудан аулақ бол.
97-пышақсыз, жұзыксыз (ерлерге алтын істету һарам) және ақшасыз жүрме.
98-өзіңді өте төмен санама.
99-өзіңді қарапайым, әдепті ұста.
100-алладан қорық, басқалар үшін жақсылығыңды аяма, біреудің мал дүниесіне көз қызартпа.
Ұлықпан хакім және былай дейді: насиқат туралы үш мың нақылымның ішінен үш кәлимә талдап алдым, бұл үшеудің екеуін есіңде мықты сақта, ал біреуін ұмытып кет, есіңде мықты ұстайтын екеуі:1-алланы ұмытпа,2-өлімді ұмытпа, ал ұмытарың басқаларға істеген жақсылығыңды ұмыт!!!
Өте керемет әсер алдым.