Тажалдық пен адамдық

Бөлім: Ата жолы кітабы №4 111

Діннен бөлек дейді елде билік,

Заң жүзінде Құдайдан болмақ биік.

Дін деген не, ойласаң таза ақылмен,

Біліммен сөз ұғымына үңілейік.

Дін –құран теңдесі болмас ортақ,

Тәурат, Зәбүр, Інжілді тұр баяндап.

Сандармен белгіленіп аяттары,

Білімін адамзат тапты ма ойлап?

Талай дана, ғұламалар санды білген,

Тарқатқан бар ғылымды есептерден.

Санды білмей санасыз болады деп,

Қазақта мұндай жанды есек деген.

Сырына аяттардың ой жіберсең,

Жаратылыс себептері түгелденген.

Шежіре, тарих үлгісі адамзаттың,

Дін-тағдыр тіршіліктің сыны екен.

Дін-өлім, Дін-өмір, Дін-ақылың,

Түсінсең қайдан келдің, қайда бардың.

Дін-ілім, Дін-білім, дінсіз шықпас күнің,

Түн-дінің, жан іздеген өз тұрағын.

Дін-амандық, Дін-несібе, Дін-денсаулық,

Дінде-сабыр, Дін-қуаныш, Дін-жақсылық.

Қозғалған, қимылдаған, өскен, өлген,

Дін-жының болмаса жоқ қозғалыс.

Әдет-ғұрып,  дәстүр-салтың ұлттық дінің,

Дін болмаса адамдықты қайдан білдің.

Бір тамшыдан бейнелеткен, адам қылған,

Ақыл беріп, сөз үйреткен саған дінің.

Ғашық қылып, сүйдіретін, күйдіретін,

Надан қылмай жаныңа білім үйрететін.

Күзетіп сені, аян боп түске енетін,

Дін болмаса кім, жамандықты ескертетін.

Адамдықпен дінді алмасаң тажал болдың,

Тажалдыққа айналған теріс дін азған білім.

Қулық, сұмдық, айлакерлік, баю жолы,

Бұл да дін шайтаннан келген ілім.

Шайтан алдап жындарға қақпан құрған,

Жын мінезің адамзаттық қылық болған.

Жының мен шайтан қосылса еркіңді алып,

Адамдықтан айырылар тажалды үстем қылған.

(ақпан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *