Тексіздікке жарысқандар

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 81

Қиямет мезгілінің арсыздары,

Құдайын терістеуге жарысады.

Өзің білме, білгеннің тілін алма деген,

Қарғыспен жүктелуге тырысады.

Раббымыздан түсірген хабарлары,

Сайттардың парағында жазылғанды.

Жүрегін шайтан малғұн жаулағандар,

Білмеген жалғандығын намыстары.

Ата, әке ат тергемей жазып алды,

Тозақтық аттарына еркек пен қатындары.

Төртінші тектен Құдай ажыратып,

Нәсілің басқа ұлтқа ауысады.

Латынға таңбаны деп ауысады,

Қуанған жетесіз бен арсыздары.

Алтауың араз болып жаның өспес,

Кер бабаңның киесі назы бар-ды.

Тыңдайтын құлақ аз бұл хабарды,

Көкірегі соқыр қазақ азғындады.

Билеушілер ібіліске қызмет қылған,

Дінсіздерден не сауал артылады?

Өлетін бала молаға қарай жарысады,

Діншілер көп әруағымен алысады.

Тағдырына дәм тұзын Алла нұрын,

Тез таусып, назасымен әруақ табысады.

Қазақтың бұл сыны тағдырдағы,

Жалған намыс кекшілдік ауыспалы.

Құдайға қарсы болған нәсілдері,

Бүгінгі білімді қауымда жындылары.

Ой жорыған біліммен ғалымдары,

Ақын, тілші  және бар жазғыштары.

Ақылдың қасиетінен білімі жоқ,

Даналардай ақыл айтып айтысады.

Тағдырларын танымай ғалымдары,

Діннен пәтуа беруге тырысады.

Рұқ, жанның сырларын білмесе де,

Халыққа жол көрсету мақтандары.

Ел басының бар ойы дүние қамы,

Ар, ұяттың тәрбиесін артқа атады.

Жан ғылымы мирасын ел жұртының,

Меңгерттірмей ділі елдің азғындады.

Жаңғырту рухын елдің жолдау жазды,

Сананың кілті кодын таба алмады.

Діл білімін меңгертпеуге ар,ұятпен

Сананың қуатын білмей бұрмалады.

Жаңадан енді билік жол шығарды,

Адастырып халықты сарсылтады.

Алты жанын бір–бірімен араз қылмақ,

Ғылымсыз адам хайуан деген осы дағы.

(Мәуліт айы 2017 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *