Ата жолы — аманаты Арыстан бап бабаның

Текті ме бүгін қазақ?

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 150

Тектілігің бүгін қазақ,

Ов, евасыз болған таза-ақ.

Әке, атаңды ат қыласың,

Есімдерін қылып мазақ.

Атыңның сипаты болар тозақ,

Жын, шайтанға болған ортақ.

Ақиретте тыныш жатқызбауға

Атайсың атаңды өзің құсап.

Тегің Адам жанға тұрақ,

Үш байлығы тұрар сақтап.

Ов, евасыз денсаулықта,

Түзелмес әке, атаңды қоса атап.

Ой жорыған, шайтан құсап,

Орыс елін қылдың мазақ.

Тырнағына Толстойдың татымайсың,

Имандының орны  жаннат.

Адамдықты арам атап,

Кісіге өзіңді қойдың балап,

Құдайдың рахметі тектілікті,

Өзіңе-өзің болдың жазбақ.

Надансың бүгінде қазақ,

Тағдырыңды қылдың мазақ.

Текті болсаң, аян алып,

Раббыңнан көрші сұрап!

(Маусым 2016 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *