Тілекшінің тілегі(198)

Бөлім: Зікір өлеңдер 120

Алладан иман сұраңыз,

Қуатын таусып алмаңыз.

Көп тілек ішіне жасырған,

Зайырлы сипат болмақсыз.

Мың тілек күнде тілеген,

Жүректер бар елеңдеген.

Құс жолына жалғанып,

Номадтық нәсіл тірілген.

Тегіне тартпай қоймайтын,

Уәдесін Алла бұзбайтын.

Бірнеше ғасыр өтсе де,

Жазуын таппай қоймайтын.

Қарама-қарсы нәсіл бар,

Ішінде жасырған ала бар.

Иіріп болып бар жібін,

Тарқатып жіберер нұсқа бар.

Сезімшіл мен ойшылдық,

Бір орында тұрмаған.

Ойды қазған өнерлік,

Ақындық өнер шыңдалған.

Үлгісі қалған Абайдан,

Ясауи сөзін жалғаған.

Сөзін түзеп елінің,

Заман бейім жалғантқан.

Асылын сөздің алмаған,

Аманат, мирас жоғалған.

Діл аздырған надандар,

Ғылымын ұлттың тастаған.

Күнде думан, күнде той,

Қызығы дүние бітпеген.

Алаңсыздар жынға беріп бой,

Діңгегіне құрт түсірген.

Өлімді ойлар мүмін ғой,

Мың өліп, мың тірілген.

Өсірген егін, жайған қой,

Нұрымен Алла бекіп бой!

Біртұтас болса тілегің,

Ойы — алтын, күміс — сөздерің.

Көтерер көкке жаратқан,

Сәулесін түсіріп Біздердің!

(Қараша 2018 жыл)

*****  *****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *