Тоғыз санын таңдаған,
Қасиетті баптаған.
Текпен болар жалғанған,
Төбеден тоғыз жолдардан.
Тоғыз жолдың торабын,
Үш кезеңге сыйдырған.
Тоғыз дәуір кезеңге,
Бір заманда толтырған.
Тоғыз кісі қарсыдан,
Ер мінезді шыңдалған.
Үш ағашқа ат байлап,
Үш кезеңмен ақталған.
Сақтанғанды ширатқан,
Тәубемен тоғыз сыналған.
Үйірімен үш тоғыз,
Аңдардан қуат үнді алған.
Тоғыз жыл кезеңмен,
Аталар жолын жалғаған.
Ақ дегізіп алғысқа,
Бөленуді бұйырған.
Мұса менен Ғисадан,
Хикметіне жалғанған.
Ыбырайымның жолымен,
Қадамды нық бастырған.
Тоғыз жан баста жаратқан,
Тоғыз қатын толғатқан.
Тоғыз саулық түгелденсе,
Оныншыға жол ашқан.
Тоғыз кісі жаралған,
Қайраттылық қуаттан.
Тоғыз түрлі кісілік,
Бұзықтық бар сынақтан.
Өлшемі тоғыз иманның,
Тәубемен болар жиғаның.
Тоғыз жұлдыз көгінен,
Кісілікпен жалғауың.
Алланың көркем есімі,
Тоқсан тоғыз белгісі.
Үш түрлі сипатпен,
Құлшылық сәжде негізі.
Сегіз қырлы бір сырлы,
Кісіліктің құрлысы.
Сегіз жынды қуатты,
Қайратпен тоғыз ұғымы.
Тоғыз шеңбер жұлдыздан,
Сәулесі түсіп жайылған.
Тоғыз шеңбер төселіп,
Адамзатқа сын болған.
Бірінші сынақ жүрекке,
Екінші сыны бұл кекке.
Жүректен кекті шығарар,
Байланған жынға себепке.
Үшінші сыны тірекке,
Байланған ақыл тірлікте.
Білімге мастар сыналып,
Рухани кезең өлмекке.
Төртінші сынақ аяққа,
Жүктелген қара қуатқа.
Жер анадан ажырап,
Арсыздықпен ұятқа.
Бесінші шеңбер төселер,
Артыңда ерген тербелер.
Сезімшіл қызтекелер
Сыналар көп пенделер.
Алтыншы шеңбер қуаты,
Көңілге қосар суатты.
Арсызға әсер бола ма?
Қалаған өзі тозақты.
Жетінші сәуле санаға,
Көбейер ақыл данада.
Қиямет азап таңбасы,
Түседі ғылымсыз хайуанға.
Сегізінші шеңбер жағаға,
Үлкендік қылған ағаға.
Қайрат, жігер еселеп,
Жазылар құпия жандарға.
Тоғыншы қуат бастарға,
Бөрікті ер, жаулықты анаға.
Суықтық енер көп жынды,
Қу бастық әдет болғанда.
Тоғыз түрлі мұғжиза,
Қиямет мезгіл болғанда.
Апат, азап, аурулар,
Белгісі түсер заманда.
Жылына бір рет сыналар,
Тоғыз айда оралар.
Өзіңнен шыққан көлеңке,
Жыныңмен күнә оралар.
Тоғыз ай тоғыз күнінде,
Жарығы келер өмірге.
Текті әйелге бұл мерзім,
Өзгерді неге бүгінде?
Тұрғанмен құзға құларға,
Тоқсанын сөздің қосарға.
Болмаса ақыл қазақта,
Ұрпағы ібілістің болар да.
Болмаса жете ұғарға,
Ақылы жетей құранға.
Соқыр, саңырау пендесі,
Білімін мақтан қылар да.
Ғылымсыз адам хайуанға,
Ұқсайды деген Абай да.
Белгісін Раббы түсінбес,
Мас болған мұндай қоғамда.
Тоғыз жолдың торабы,
Тоғыз дәуір заманды.
Тоғызбен рұқы жаңармақ,
Тоғыз жылмен сынағы!
(Наурыз 2019 жыл)
**** ****
Сәләмәтсізбе, сіздің жазған кітабыңызды оқығаныма мыңда бір шүкіршілік
Көп рахмет, Алла разы болсын
Көп рахмет сіздерге
Каналдарыңыз өрлей берсін