Сақалсыз, бөріксіздер парасатын,
Сипаты бүгінгі күн ақсақалдың.
Төрт көсе бас қосуда талқылады,
Халықтың жаңғыртуға рұқ, санасын.
Үш байлық ұлттың мирас аманатын,
Ұмытқан заманы бұл басшылардың.
Үш байлығы үш тілменен ұлт санасын,
Латынның таңбасында ақылың жалғанатын.
Қазақта дәстүрмен бір қосылатын,
Бір қуатқа көкке өтіп жалғанатын.
Сананың кілті енді ұлттың коды,
Діл болудан қалыпты есі сақталатын.
Он бәленің тоғызы миды ашытатын,
Бастан май, жүрекке қуатты тостыратын.
Тілден келер сөз құнын қадірлетпей,
Тіл қазынасы ділі байлығын аздыратын.
Ібілістің жобасы бағыттан бұрғызатын,
Білім білсе білгіштікпен дін бұзатын.
Ар, ұяттың ақылдың жолын алмай,
Ой жорытып жындылықпен соғысатын.
Ғылымсыз сана, рұқты сөз қылатын,
Жетісін түгелдемей дәстүр салтын.
Өзің білме, білгеннің тілін алма деген,
Төрелікке бөріксіз жүріп жарысатын.
Ақсақалы қазақтың бүгін жоғалғасын,
Жігіттікпен жындылықтан қоштасатын.
Жалғыздықпен, жалығудың сырын білмей,
Азған елмен дүние ісімен жарысасың.
Он бәленің білімін ділді аздыратын,
Он теңгесін әйелзаты жоғалтқасын.
Елдің рұқын, санасын кім жаңғыртпақ,
Құдасыз қурай сындырмақ, ақымақсың!
Жансыз қалып елдігің қыз бен қатын,
Алты ауыз араздықты салт қыласың.
Ата жолын, дәстүрін қудалап соттаттырып,
Енді қалай рухани аруақсыз жаңғырмақсың?
(Мәуліт айы 2017 жыл)