Төртеуін түгел қыларлық  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 229

Әкеден әке несі артық,

Заманға сай ісі артық.

Аталар тегін жалғаса,

Жетесі түгел, сана артық.

Еркектен еркек несі артық,

Ар намыспен сөзі артық.

Бөрікті болған қасиеті,

Ойшылдықтан есі артық.

Анадан ана несі артық?

Жаулықтының жаны артық.

Ана деген қасиет,

Етекпен жең молы артық.

Қатын деген сөз артық,

Жаулықсызға жүр таңып.

Кеуде қолы жалаңаш,

Көт ашқаннан жын артық.

Бастан бастың несі артық,

Тік бастылық салт алдық.

Ақ бастылық нұр байлығы

Он саулығы болса артық.

Ақ жаулықтың несі артық,

Жұпар иіс жаны жарық.

Сасық иіс, суық мидан,

Бөріктінің ойы артық!

Қыз, қатының несі артық,

Ар-ұяттан кетсе алыс.

Етекті, мол жеңдінің,

Жаннан қуат тегі артық!

Қолдан қолдың несі артық,

Өнермен қуат қосарлық.

Білегі арам пенде көп,

Аманат қалған аталық!

Аяқтан аяқ несі артық,

Табанын жерге жалғарлық.

Ақ табан тақуа әйел, ер,

Елдігін ұлттың қосарлық.

Жүректен жүрек несі артық,

Көңілдің көзі болса ашық.

Құлағы жерге жалғанса,

Аққу мен сұңқар тегі артық!

Аталар жүрген жолы артық,

Төрт ана жаны боларлық.

Әкеден алтау алатын,

Бәйбіше, тоқал салт артық.

Жалғыздықтың діні артық,

Бүтін болған онды алып.

Бұл замана қатын, қыздарда,

Мейрімі жоқ елді қосарлық.

Қанында шайтан жүр артық,

Махаббатқа қарсы боларлық.

Төрт әйелді бір текке,

Жалғамас шайтанды ол анық!

Тектіліктің несі артық,

Төрт жанынан белгі аларлық.

Жеті атаны жалғай білетін,

Махаббатпен қылған ісі артық.

Қан тегі нәсіл кетті азып,

Жаннан қуат қоса аларлық.

Ай астында төрт текті,

Қасиеті жоқ жалға аларлық.

Төртеуін түгел қосарлық,

Төрт қатынды бір қыларлық.

Ерлер керек қазаққа,

Тегін номад жалғана аларлық.

Қыз, қатын қайда артық,

Болашағын ұлттың ойларлық.

Қарық қыл мына мені дегендер,

Бәйбіше емес нұр аларлық!

(Қазан айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *