Алға басып, өркені өсіп келе жатыр адамзат,
Не боларын біле ме екен ертеңгі күні болашақ.
Бар дүние, бар ғаламат бір Алланың қолында,
Алла жолын мойындамасаң оңғарылар жолың да.
Растығын «Аланың» Абай атам жылап өткен өлеңмен,
Алла жалғыз, Алла шексіз шек келтірме оған сен.
«Құдайсыз қурай сынбас» деген сөз ескіден,
Шындығына ақ ниетің, ой-өрісің жеткізер.
Жүрегіңде «Алла» болсын бар ғаламды билеуші,
Жол көрсетер құран кітап, бір өзіңе жетекші.
Аруақтар батысымен болсын қазық, тіреуің,
Сонда пенде жалған өмір сынағынан өтерсің.
Аруақ бар, екі дүние Алла жаратқан заңдылық,
Бұл дүние-сынағы мол алдамшы өмір жалғандық.
Бұл-дүние-мәңгілікке өтер жолда баспалдақ,
Бұл-дүние-қаруы сол тәбашылдық қанағат.
Ауылымның төрт жағында төбе толған зиярат бар,
Сол төбеде орын алған тума-туыс, қимастар.
Құлпы тастар, жансыз бейне өткеннің боп көрінер,
Замандастар көзбен көрген, жер бесікте тербелген.
Сол қорымда әкем менен анам жатыр мәңгілік,
Бабам менен балам жатыр, ол да болса заңдылық.
Алдым менен артым жатар шексіз ғалам тұңғиық,
Сынағы сол жалған өмір тірілердің тірішілік.
Суық болып кей пендеге сол төбе,
Кімдер сенер, өмір барын арғы жақта өлгенде.
Жалған өмір, сынақ өмір түсінетін пендеге,
Көзбен көрдім аруақты да орта жасқа келгенде.
Бата берді бабам тұрып; «арта қалған тұяқ сен»,
«Құбылаға қазағыңның бетін бұрып сәзждесіне құлат» деп,
Алла жолын ақ ту қылып, биігіне көтерсең,
О, дүние барар жерің айдан анық, алдыма да келерсің.
Әкем берді ақ батасын, ызғар болды үнінде,
Шек болмасын күш жігерің, ақыл,білім, төзімде.
Жетерсің сен сонда ғана түпкі мақсат-мұратқа,
Аруақты Алла алдында жер қаратып, жылатпа.
Анам тұрып, ақ батасын ақ сүті ғып ағызды,
«Жар бола гөр, Алла өзің сақтай көр» деп жалғызды.
Ұл боп тусаң анадан, ақ сенімді ақтайсың,
Қазағына, адамзатқа ақ жолыңды бастайсың.
Пенделерден аруақтар жоғары тұр емес пе?
Өлгендердің тірілерге жол көрсетуі елес пе?
Ортасы боп екі дүние байланысы басталды,
Жаңа заман адамзатқа Алла атымен басталды.
Екі дүние арасында перде ашылып кетсе егер,
Пенделермен аруақтар арласып кетсеңдер.
Жол көрсетер, ілесейік ата менен бабаға,
Көтерейік адамзатты жоғары бір санаға.
Мына маған ыстық болып көрінеді сол төбе,
Қонақ болып ауылына аруақтар келгенде.
Алла барын мойындаса жер бетінде адамзат,
Басты арманы аруақтың түсініңдер, жамағат.
Сондай төбе бар емес пе, әрбір елді мекенде?
Жол көрсетер бабалар бар, сол төбеде құрметте.
Басталады адамзатқа сол төбеден жақсылық,
Аруақтарды қадірлейік, кезек өмір емес пе?
Алла алдында сын сағаты соғатын да кез болар.
Арғы беттен аруақтар қолын созып жатқанда,
Қабылдайық, жол салайық, болашаққа ақ таңға!
«Тарыбев Қыдырәлі Момбайұлы» (Өмір баспалдақтары кітабынан)
(21-қазан. 2000 жыл.)
ТУРА ЖОЛ!
Растық деген немене
Өлгендер қайтып келе ме?
Ұрпағына жол сілтеп,
Аянын пенде көре ме?
Қиямет деген немене?
Бір Алланың растығы,
Мөрі болып жалғанып,
Пенденің еніп жүрекке
Әулие рухы ене ме?
Сынақ деген немене?
Пендесін көріп Бір Алла,
Кітабын ашып бере ме?
Сана ашу деген немене?
Қандағы жағып шайтанды,
Тазалап тәнді қамшымен,
Иман болып жүрекке,
Зейнетін әулие бере ме?
Бір Алла жаннан басқа ма?
Әлде Масһаб діншінің
Ой жорыған ғалымның
Құдай ісін құлыптап
Тосқауылы мен қақпа ма?
Үңілсек сырына хақиқат,
Дін ісі еді шариғат.
Жұбы болған бұл істің,
Құдайдың сөзі ақиқат.
Әрбір үммет ұлтына
Жобасы түскен тарихат,
Шежіре тарих ақ бастау.
Екі істің орта мизаны,
Бірлігі білім мағрипат.
Бұл білімдер жалғанып,
Жолдар саны жетімен,
Дінің де бүкіл парасы
Үш сипатпен жетілген.
Жанның жарық нұры боп,
Болса басы қозғалыс,
Қозғалысқа болған қолқабыс.
Екі аралық жаратылыс,
Аруағы боп адамзат
Айналған кітап ақиқат.
Бейнеленер көрінер,
Құдайдан келген уахимен
Бұл Құдайдан хақиқат,
Жобасы пендеге берілер.
Жан негізі жарықпен,
Қосылып құран харіпен,
Жанатқа кіріп бір болған.
Алланың қолы құдірет,
Үш жетімен бірленіп
Өз сипаты нұр болған.
Бір Алла деген осы ма?
Жиырма және бір толған.
Қозғалыс басы қолғабыс,
Аруағынан адамзат,
Ақылмен болған бұл табыс.
Сегіз жаннат періште,
Біздерге туыс жүз таныс.
Басшы болып бар іске,
Атқарушы кісі періште.
Жаңа жаман басы боп,
Қиямет сағат тасы боп,
Ғисамен кеген ғаламның
Көктен жіберген асы боп,
Жерден оны өндірген,
Мұхаммедтің өзі білдірген,
Құдайсыз қурай сынбайтын,
Аруақпен тірі бірігіп,
Әулиелер діннің пірі боп,
Растығын Алла көрсеткен
Бірлігі де ислам осында!
(Ақпан 2013жыл)