Егер адам түсінде:
Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді. Жақсы көйлек кисе — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді. Өзінің өліп қалғанын көрсе — онда өңінде ұзақ жасайды. Кісі әйелдің қойнында жатса — онда өңінде оның дәулеті артады. Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады. Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады. Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны. Жылаған болса – өңінде қуанады. Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі, мұратына жетеді. Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды. Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады. Өзен көрсе — кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі. Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады. Бал арасын қуып жүрсе — өңінде пайдаға жолығады. Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады. Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді. Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді. Үйіне түскен ұрыны көрсе — онда ол өңінде табыс табады. Шашын алдыратын болса — онда ол өңінде кедейленеді. Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды. Үйленген болса — тілеп жүргеніне жетеді. Алтын көретін болса — онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді. Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді. Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу. Көпірден өткен кісі — өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді. Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді. Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан. Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман. Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу. Ақ түсті киім кисе — онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз. Сары түсті киім кисе — онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады. Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады. Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды. Құс ұстап алатын болса — онда ол өңінде үйленеді. Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады. Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады. Көгершінді көрсе — өңінде оның ісі оңғарылады. Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады. Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды. Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады. Ет жесе — өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді. Алма жесе — өңінде тілегіне жетеді. Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады. Жылан қуса — әйелдердің арбауына түседі. Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды. Үйі құлағанын көрсе — ұрыс-керіс болады. Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады. Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші, түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім
Әр түрлі
*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.
*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.
*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.
*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.
*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.
*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.
*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.
*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.
*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.
*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.
*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.
*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.
*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.
*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.
*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.
*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.
*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.
*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.
*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.
*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.
*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.
*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.
*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.
*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.
*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.
*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.
*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.
*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.
*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.
*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.
*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.
*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.
*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.
*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.
*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.
*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.
*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.
*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.
*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.
*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.
*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.
*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.
*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.
*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.
*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.
*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.
*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.
*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.
*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.
*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.
*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.
*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.
*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.
*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.
*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.
*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.
*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.
*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.
*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.
*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.
Активтігі: 17%
* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.
*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.
*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.
*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.
* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.
*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.
*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.
*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.
Активтігі: 14%
Құстар
*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.
*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.
*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.
*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.
*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.
*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.
*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.
*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.
*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.
*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.
*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.
*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.
*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.
*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.
*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.
*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.
*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.
*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.
*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.
*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.
*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.
Активтігі: 12%
Андар
*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.
*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.
*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.
* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.
*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.
*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.
*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,
*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.
*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.
* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.
*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.
*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.
*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.
*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.
*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.
Активтігі: 13%
Төрт — түлік
*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.
*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.
*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.
*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.
*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.
*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.
*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.
*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.
* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.
* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.
*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.
*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.
*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.
*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.
*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.
*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.
*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.
Активтігі: 14%
Тағамдар
*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.
*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.
*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.
*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.
*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.
Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.
*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.
*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.
*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.
*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.
*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.
*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.
менің тусімде суға батырып жіберд бір досым ал бірдосым жаны шығып қуткара алмай жур батырған досым күліп тұр екен жорып берсениз
Би болат сені суға батырса онда рухани сүнетеліп тазарып жатқаның. Шүкірлік қылып садқа беріп аруақтарға құран бағыштауың керек.
Мен тусимде бурынгы кызымды кордим ол маган бала сеники ягни туган сабиим ер бала ол сенин балан деди?
Дәулет бұл сенің егер ол қызбен төсектес болмасаң рухани жалғанып тұрғаның. Сол қыз саған жар болуға лайық деген белгі.
Сәлеметсіз бе қал жағдайларыңыз жақсы ма !? Бүгін түсімде бір жазық далада кетип бара жатырмын алыс жерден тау көрінеді. Айнала аппақ кіршіксіз аппақ , сөйтіп алдымнан бір бойжеткен аркасынан бір кісі шықты мен оларға карамай ары карай жүріп баражатып мен ойыма ұйқтап жатып өліп калад деген есіме түсіп өзімді қинап оятпақшы болып ,қайтадан көзімді жұмдым (жұмдым деп қоям бірақ көзімді ашкан жокпын ұйқыдамын ) кайтадан жаңағы жерге тап болдым айнала аппақ аппақ қар емес жаурап жаткан жокпын екінші барғанда ешкім бір тірі жан жок аппппааааақққ бір жер алға қарай кете бердім алдымнан кім шагар екен деп , бірақ алдым шексіз болды . Содан шексіздіктен қоркып (өлімнен ау ) балдарым дедім да өзімді қинап оятып алдым ….құлағымда дауыстар болды или басымдағы ойма түсініксіз
тусинде «арыстандарды корсе…басы жок балыктарды корип енди басы бар балыктарды кажет деп издеп журсе»
Түнде арсытанды көру рухани сүнетелу, өліммен кезедесу болады. Ал басы жоқ балықтар ол жетілмеген нәсілдер болып, басын іздеп жүргенің де аруақтардың басын көтеру керек деген аманат. Сонда текті ұррпақтар өмірге келеді ұрпақ болып.
Түсімде маган інім қара түсті сумка сыйға тартты не брлады екен?
Сәлеметсіз бе,түсімде күйеуім екеуміз,және туыстармызы Астананың ең биік бір ғимаратын көтерліппіз ,мезгіл көктем салқын,жан жағы стекло,қаланың бәре көрініп тұр,оның ең үстінде Домалақ ана кесенесі бар екен,сол жерде адамдар скамейкада отырып әйел еркектер ормала таққан құран оқытып отыр,бір сұлу жігіттің қасына келіп құран оқытып күйеіміз екеуміз кеттік.Түсімде менің оған деген қатты сезімім бар өңімдеде солай.Бірақ ол ойымен басқа жерде жүрген сияқты.Өңімізде ажырасып кеткенбіз негізі 1 айдай болды,сосын бір ағаштар бар жермен өттік,күн ыстық еді, толған қоқыс сасық жер екен ит жүр жанмызда,нәресте көрдім өліп қалған,сосын екеуміз кетіп бір тәтемнің үйіне бардық әлгі бала тірілп сол үйде жүр тамақ жеп.Соңғы жағы тнсініксіз болып кетті құлпынаймен жасалған торт көріп соны жегім келіп отыр екен,Түсімді жорып беріңізші.Өңімде өмірім бытшыты шығып жатыр еді.
Ассаламуагалейкум коке калайсыз мен жалагаштагы Ержанмынгой. Коке откенде бир ата судан жана устаган сазан шабак балык берди сосын мен барп бир еки адамды ертип келдим алги жерге сендерде алындар деп балыктан оларгада берди сосын ана адам бирден шики шабакты желке тусынан шикилей жеп жатыр касымдагы бала екеумиз карап калдык биз жеген жокпыз брак колымызда калды сосын оянп кеттим
Уағалейкумассалам Ержан! Балық ұстап алсаңдар ол сендерге берілген құдайлық несібе ұрпақ келеді өмірге. Ал ана шикілей жегендер өз ұрпақтарын жеп қойғандар ата-баба дәстүріне қарсы болып.
Түсімде Анам оң аяғын пештің ішіне байқамай кіргізіп алды аяғы пісіп қалды мен бакалашкадағы пісте майды құйдым
Тусимде уйимдеги спальныйдын айнасын биреу сындырып тастады
Ассаламагалейкум Рахмет коке
бір сандықтын ішінен екі бойжеткен қыз және екі мылтық тауып алдым.сосын апарып жасырып қойдым.
Екі бойжеткен қыз жаныңның жетілгені қуаты болады. Мылтық бұл рухани ұлдарың, болшақ текті екі ұлың болады.
Мені түсімде алып қашыпты, бірақ мен көнбеппін, қашып кетіппін, ал ол менің артымнан жүре беріпті аяқ соңында тығылған жерімнен тауп үйге қайтамыз деген жерінен оянп кетемін бұл ненің белгісі?
Сәлеметсізбе! Менің інім бүгін түсінде екеуміздің соғысып жатқанымызды көріпті таңға жуық шошып оянып,қайта ұйықтаса қайта төбелесіп жатыр екнбіз. Мен інімді бетінен қан шыққанша тырнап төбелесіппіз. Ол мені тыныштандыруға тырысыпты,бірақ мен тыңдамаппын.Ол не болды екен?
Әсел сендерге тазаруларың керек. Жақын маңдағы әулиелер зиярына барып түнеп қайтыңдар.
Сәлеметсіз бе,құрбым түсінде менің күйеуімді көріпті басқа қызбен құрбымның көзінше жүріп бара жатқанын ол нені білдіреді?
Түсімде сиыр сауып бір шелек сүр алса….не болады
Баян сүт сауып алсаң бұл саған құдайдың берген нығметі аналық қасиет, діл білім де болады.
Достар, түсімде бір қызды көрдім. Танимын сол қызды. Бірақ ол Қыз тусімде құшақтап сүйді. Калай ойлайсыздар?!
Олжас ол сенің бошақ жарың болады.
Егер түсінде үлкен дәу қарға көрсе?
Бұл саған жол көрсетуші аруақтың келгені.
Түсіңде біреу саған жынданып,сені урып жатса, не болады?
Елдана саған тазарып ем алауың керек. Немесе 41-әулиені аралап зияртауың керек.
Тусимде сап сары улкендеу кобелек устап алып суретке тусип жур екенмин.Бирде оны катты кысып калдым ол алсиреп калды.сосын ушып кетти
Салеметсиздерме! Егер тусінде өлген адамның арбасында отса не болады?
Құрбан шал Құдайдан жәрдем сұра аруақтар үшін.
Сәлеметсізбе аға, мен түсімде үйдегі күнделікті қолданып жүрген бир ыдысымды сындырып алыппын,Сол ыдысқа ішім ашып тұр екен деймін,Бірақ бұл ыдыс ескі гой деп өзімді жұбатып отыр екенмін,түсіндіріп берсеңіз
Ақмарал ескі ыдысыңның сынғаны дұрыс болған. Бұл ескі қылықтырың, күнәлі болмысыңнан ажрауды білдереді. Бошағың дұрыс болады енді. Шүкірлік қыл, аруақтаға құран оқыт.
Менын быр жакын курбым бар бырак онымен катты ренжысып калганбыз ол енды менын тусыме жиы кирип жур бирак тусымде бырге журемиз бул ненын белгысы отнем жауап бериниши
сәлеметсізбе аға! Мен тусимде екі қаз ұстап алыппын.Бұл түс нені білдіреді?айтып берініші№
Сәлем Гүлзада. Екі қаз ұстап алсаң бұл саған құдайдың берген сыйы ғой.Бұл тақулақпен еркеше қасиетпен байланысты жағдай. Ал ол саған қандай бенемен беріледі ол сенің құлшылық амалыңа тазалық, тақуалықты меңгеруіңе байланысты.
Саламатсыз ба?мен түсімде өзім оқып жүрген университеттің алдында үлкен сап-сары мысық көрдім.үлкендігі универмен бірдей ол 3 этажды болатын.мен негізінде мысықтан қатты қорқамын.
Нұргүл бұл жалпы адамзаттың мінезінен қылығана пайда болатын рухани белгі. Демек Университетің тұрғындарының мысық мінезді болуымен байланысты.
Мен бүгін тусимде мектепте жур екенмин, сөйтсем бир кишкентай кыз бала ата анасын таппай жылап жүр екен,не истеримді билмей турганда завучымыз келип сурап жатыр ата анасын таппай калыпты деп жатырмын
Салеметсизбе агай. Мен бугун жалдап турган квартирамнан тобелеринен су агып кеткенин кордим тусмде не болат жорып беоинизши
Элмира төбеңді жап, жаулық тарт деген белгі. Бас аруақтың аманаты ғой. Жалға берілген.
Саламатсызба? Мен түсімде жумысымдагы бир баланын машинасын айдап жүрмін және машина симаитын жерлерденде отип кетіп жүрмін. Сол машинаны тазалап жуып аламыз деп токтасак коооп бұзақылар пышагын корсетіп бізді коршап алып коркытып жатыр, бир кезде түсініксіз бизге тиспеи барлығы кашып кетті. жорып берсеңіз өтініш
Айгерім жұмыстағы баланың көлігін айдап жүрегенің рухани тұрғыда онымен ұқсастығың. Және көлік ақыл-ойыңның қаутаныуы. Сендерге тиіскен бұзық кәпірге айналған жындар болып сендер онан аруақтардың қорғауымен аман қалдыңдар. Шүкірлік қылып құран бағыштаңдар ата-баба аруағына.
Мен түсімде Курма агашын кордим бирак ол писпеген екен.Оны бир адамдар тубинен бұтап жатыр екен. Ненин белгиси екен?
Гүлжан бұл тектіліктің белгісі, оны адамдар өз қолымен құртып жатқанын саған білдіріп жатыр. Демек сенің де тегің құрма ағашымен араптың жағымен байланысы да бар.Арап жұртының адасып жатқанын да білдереді.
Түсімде машинамен жүріп биік Таудан секірдім.рульде дос бала отыр. Не деп жоруға болады?
Мақсат көлігің бұл сенің талабың ақыл ойыңның жетілуі. Биік таудан секіріп өтсең және бала болса ол саған берілген қасиетті ұрпақ. Шариғатты ұстанып ата дәстүрін меңгеру керек.
сәлеметсізбе?! мен түсімде өзімнің құрбымның аяғы ауыр, қарнын қайта-қайта сипап жүр. ол нені білдіреді?
Жазира құрбыңның аяғы ауыр болса, онда шыныда бала көтереді. Ал саған сондай қасиет беріліп бала көтермеген әйелдере дем салатын боласың. Ата дәстүрін, жолын меңгеруді нұсқайды.
Сәлеметсіз бе? Мен түсімде қайтыс болған әкемді көрдім. Әкем маған қайралған 2 пышақ,1 бәкіні тапсырып, жөндеп ұста деді. Осы түсімді жорып беріңізші. Менің бір ұлым бар. Жолдасым жоқ.
Рахмет!
Майгүл әкеңнің қолдауы болып, сен тағы күйеуге шығып, үш ұлды боласың. Қабыл болсын аяның. Шүкірлік қыл құран оқыт әкеңе, садақа бер.
Сәлеметсіз бе Мен өз кызымды қатты ұрсып сабап яғни ұрып тастастаппын Осы түс қайталанып отыр Жорып беріңізші!
Айжан, Бұл әртүрлі жағдайға байланысты. Егер сен қызыңде кейде қолмен ұрып жазалайтын болсаң онда оған тиым салғаны. Қамшымен ұру керек. Ал егер сен қызыңды мүлде қол тигізбей бетімен ерке қылып өсіріп жатсаң жазалап отыр, жынын тәрбиеле, мұқият бол қылығына деген белгі.
Сәлеметсіз бе.Мен түсімде құдайдың жары болыппын.Осы түсті жорып беріңізші.
Саламат бол! Түсің де қызық екен. Арасында қиялда араласқан шығар. Құдайдың жары болуы мүмкін емес. Жаратылыстың заңымен құдайдың үкіміне ешкім қарсы бола алмайды. Бірақ жақсылықтың жаманы болмас. Құдайдың мүйіктісі болуға тақуалықты ұстен деген белгі де болар.
Сәлеметсіз бе,аға.Бұрын бір түс көргенмін.Түсіме қолында асатаяғы бар,үсті-басын жауып алған түр-әлпеті көрінбейтін бір кісі ,арқасында ақ киім киіп алған 3-4 адам бар , олардың да бет-әлпеті жабық.Менің жан досым бар еді Айдана деген.Екеуіміз өте тар бір бөлмеде екенбіз.Айдана қолын жайып тілек айтып отыр,ал мен тұрып тұр екенмін оған қарап.Бір кезде аяқ-астына алдында әлгі аса таяғы бар кісі(Мұса ғалейки салам ба деп ойладым,ал арқасындағы басынан аяғына дейін ақ жамылған денелі кісілер сахабалары ма деп) әлгі тар бөлменің алдынан маған қарамай түп-түзу өтіп бара жатты.Сол кезде асатаяқты кісі менің оң қолымды өзінің оң қолымен ұстады.Сол кезде бір жоғарыдан жуан бір дауыс естілді.»бұл Алланың ең сүйкімсіз құлы» деген.Мен шошып ояндым.Тұрып әбден жыладым,жасым әлі 16-да ғой,расында солай ма деп.Жорып беріңізші,өтініш?жауабыңызды асыға күтемін!
Марал бұл қорқынышты емес. Саған шариғатың үкімдерін сақтап, тазалық иманды меңгеруің керек деген ескерту ғой. Негізнде сенің діннің тазалығын меңгерсең бошағың бақ болады. Ормал тарт, шалбар киме, ұзын еткті болсын. Қолды жеңді жалңаш ұстама , дәретпен жүр бар болғаны.
Сəлеметсізбе, аға! Мен түсімде вино ішіп, соған мас болып жүр екенмін. Негізінде өмірімде ішімдік атаулыны татып көрмеген адаммын. Ондайға мықты қарсы едім. Бұл ненің белгісі, жорып беріңізші аға?
Наргиз түсіңде вино ішсең ол саған қаныңа беріліп жатқан қуат қой. Демек сенің қан тегің толығып оны сана қуаты қылып жарыңа да сыйлай аласың. Шүкірлік қыл ата дәстүрін ұстан.
Салеметсизбе?тусимде китапты оттан алдым ортенбей жатыр.ерекше китап екен деп ашсам ишинен акша кордим.
Жансая бұл саған құранды беріп онан шыққан ақша қуат болады. Сен құранның қазақша аудармасын жиі оқуың керек.
Рахмет коп-коп!
Саламатсыз ба? Мен бүгін уйыктайтын бөлменің есігін жауып, терезені қараңғылап уйыктагам, сөйтсем терезені қиғаш ашып бір тотықұс кіріп кетіпті. Есік те ашық. Өмірде кормеген оте әдемі. Мамама есікті жабыңыз попугай шыгып кетпесін деп айқайлап жатырмын. Сойтсем дал касыма тагы екі кус кеп қонды, екеуі деп қып-қызыл. Біреуі үлкен етіп құйрығын жайды(павлин сияқты) оте үлкен әдемі. Жорып беріңізшi
Айнұр қабыл болсын. Бұл құс болшақ бағың. Ата жолын, дәстүрін мықты ұстансаң басыңа бақ қонады.
m
Мен тусимде уйлене алмай журген бир танысыма машинамен кыз алып кашыппыз. Бир кезде артынан агалары куып келип кыз кайда деп бизге тисти. Мен кыз жок деп минез корсеткесин олар калды. Сезип коды ма кайтадан куды. Мен жаяу жолдасым машинамен каша жонелдик. Бир кезде мен аспанга котерилип уша бастадым. Ушканым сонша астымда жер киттаай болып калды. Жан жагыма карасам улкееен еки планета кордим, белинде сакинасы бар. Кызыгып коп карадым. Сосын кой жерге тусин деп басыммен жерге карай жузип келем, бир кезде жер алдымнан жаннат болып коринди. Касымда биреу жаннат осындай болады деп сыбырлап турды. Тау озен сан турли кызылды жасылды гулдер жер бетин жауып тастаган, гажап адеми енди. Содан бир еки гул алайыншы деп колымды созамын кеп киналып. Сойтп Колым жетпи оянып кеттим.
Ербол түсің аян болып тұр. Бұл сені құдайдың еркше дарындылықты меңгеруге берген жобасы. Қабыл болсын. Жаның жетіле берсін.Шүкірілік қыл рахмет айтақын дұрыс ата -баба аруағына да.
Сәлеметсізбе! Менин жасым 17 де мен бірақ түсімде аяғым ауыр екенин көрдім, бұл нені білдіреді? Жорып берінізші? Жауабынызды асыға күтемін!
Айкөркем түсіңде екі қабат болсаң егер шариғатты тазалықты ұстанған ұятты меңгерген қыз болсаң, бұл қуаныш болшақтағы құдайдың сыйы аналық қасиет өсіп-өну ғой. Ал егер шалбар киіп басты жаппай ашық-тесік жүрсең онда бұл жындармен сұқталып жүктеліп жатсың деген белгі.
тусымде қошқар қуып журсе не болад
Ұл баланың өмірге келетітін білдіреді
Мен түсімде болатын болашақ абысыным мен қатты ұрысып жан — жалдасып жүрмін. Бұл нені білдіреді?
Айсұлу, бұл болашақ абсыныңмен тату тәтті өмірсүрусің деген белгі
түсінде қамшы көрсе, немесе іздеп жүрген қамшысын тауып алса не болады?
Болашақ өмірге келетін қасиетті ұрпақ пен қасиет болады
түсімде атамның (күйеуімнің әкесінің) алдына сандық әкеліппін. Тәуке ханның сізге қалдырған аманаты еді, — деймін де, басына бөрік, үстіне шапан жауып жатырмын. қалай жоруға болады?
Жанар бұл саған тегіңдегі ерекше қасиетліктің белгісін ескертіп жатқаны, Саған ата дәстүрімен бұл текті меңгеруге жалғануға тырысу керек,
сәләмәтсіз бе! түсімде ауылдағы таныс кісілерімнің үйінде жүр екенмін. есік ескі, шелдерінен буралар көрінеді. сыртта екі қара бура тұр екен. соңғысы есікті қос аяғымен екі рет қатты тепкені сондай мен есікті қатты ұстап тұрмын. бураның жүніні күзем секілді.
Шынар; Бұл түсіңмен саған аруақтардың басын көтеруді аманатап жатыр. Қауымдағы аруақтардың тозақта жүргенін ескертеді.
саламатсыз ба! ағамның айтуынша өткен ғасырдың 30 жылдары айдауда болған Ораз молда атамыз кейін аудандық ауруханада ауырып қайтыпты. артында баласы болмаған, кеңестік саясаттан қорыққаны ма қайда жерленгені жайлы білетін үлкендер де қалмады, туыстар да білмейді. ағама да түсіне кіріп жатқан жердің аймағын қара жер қылып сөйлеп көрсетеді екен. атамызбен байланысы болуы мүмкін бе. ол атамыз молда болса да тозақта бола ма?
Шынар атларың молда болса онда тозақта ұзақ жатуыда мүмкін емес. Қара жер қылып көрсеткені, артымнан іздемей жер болып жатырмын деген белгі ғой. Құрбан шалып артынан құран бағыштап жиі еске алып әулие-әмилерге барып аталарың үшін Алла тағаладан жәрдем сұрасаңдар басы көтеріледі де қайда жатқанын өзі-ақ айтады.
Салеметсіз бе Тоқтарбек мырза! Түсімді айтып,өзіңізге жорытайын деп едім.Түсті де қазақ кез-келген адамға жорыта бермеген гой.Түсімде өзімнен кіші інім той жасапты деймін.Олардың үйінің жанында үлкен өзен ағып жатыр екен.Мен сол өзеннен өтемін деп аяғым мына басында, қолым екінші басында тіреп құлауға шамалы қалыппын, өзен ағысы қатты екен. айқайлап шақырсам ешкім келмейді. бір кезде жеңгем мен келінім естіп келе жатса өзім сементке тіреліп шығып кетіппін. Бірақ қатты қорықтым
Гүлмира ініңнің той жасап жатқаны Құдай патшалығын ену болар. Ал сенің өзенен өтуің рухани судан өтіп тазаруыңмен байланысты. Саған қырық бір әулиенің басынан зияртап өтуің керек деген белгі де болар. Сонда өміріңде үлкен өзгеріс күтіп тұр.
тусимде мен уйленин деп жатр екем бай жигитке не болады екен айтып жибереспа
Дана егер кимідері ашық түсті, жалаңаштық, қара киімділер болмас онда шыныда саған рұқпен жаның қосылатын күн туады алдағы уақтта.
тусымде коп сиыр катты бегемот сиякты аузын ашты 2 шы куны быреуды сузып алды калаи жоруга болады
Асел бұл сендердің қауымыңдарыңдағы тозақтағы аруақтар. Олардың басын көтеру керек. Ол үшін ата жолының қағидасын ұстану, қырықбір әулиенің басынан зияртап өту керек.
Салеметсзбе,тусмде быр тысым тусп калыпты колыма алып карасам,тыстын ышы агаш екен деймн,бунын магынасы не екен жорып берынызшы
Шарипа бұл тектің азуымен, туыстарыңдағы біреуді жоғалтумен байланысты. Қалғанына өмірдің берекетін берсін деп ата жолын меңгеру керек.
Саламатсызба ага,осы тусты коргеннен кейн куйеумнын мены алдап жургенын былдым,брак казр турп жатырмз,оган деген сенымым,сезмымде жогалган сиякты
Шарипа тісіңнің түсуі күйеуіңнің алдағанын білдірмейді. Тіс өзіңнің ет жақын, сүйектес туыстарыңмен және ағаш-текпен байланысты. Ал еркекті ұстап тұру, оның қажетті жанына,қанына керек шарабын, қуатын тауып беру таза, тақуа әйелдің ғана қолынан келер іс қой.
Сәлеметсіз бе? Сіздің түс жоруыңыз маған қуат, күш беретіндей.Туған сіңлімнен көңілім қалып, асуларыма ешбір адамның тіреуінсіз жетіп жүрген адам едім.Ұрысқан әрбір сөзі есімнен кетпей өмірге деген қызығушылығым қалмағандай, жүрегім ауырады.Оған налымаймын жаңа құрған отауы берік болсын, сәбиін аман* есен дүниеге әкелсін деп тілеймін.Бірақ өзіме ауыр соққы алғандаймын. Сізге бұны жазып отырған себебім, сіздің түс жору мен қатар психолог деп ойлаймын.
Жолдасым түсінде жаңа үйдің схемасын сызып, 3 бөлмелі үй сатып алыпты. жорып бересіз бе? Уақытыңызды бөлгеніңізге рахмет.Аллам сізге шапағатын төксін!
Рахмет лебізіңе Гүлмира. Мені мақтасаң бұл Раббымның сый деп біл. Ал Жолдасыңа да құдай сый беріп жан үйін кеңітіп жатыр екен. Ткетілгі жалғанумен байланысты. Тазалықты, ата дәстүрін сақтасаңдар үйлеріңнің де дүниелік жағдайы дұрысталады.
Саламатсызба,маган биреу кок машина сыйлапты, уйимнин алдында тур екен,папамама маган сыйладыма деп коям бир жагынан,папам айтып жатыр кудаларга берип жиберемиз деп
Дина көк машина сыйа алсаңдар бұл ата-баба аруағының алған кітаптарына аяндарға тектілікке жалғану болады.
Салеметсиз ба! Мен тусимде аспанда ушып жур екенмин) аспанда ушып журсен не болады?
Таңшолпан бұл жанның жетілумен жарыққа шығумен байланысты болады. Саған қасиетлікті ата жолын меңгеру керек.
Сәлеметсізбе. Анамның түсін айтайын деп едім,түсінде осыдан 3 жыл бұрын қайтыс болған Әкесін көріпті,ол кісі Анама қойдың құйрық майын беріпті,Анам сол кезде алтын деген сөзді естіпті.Атамның бет-әлпеті жақсы дейді.
Гүлзада бұл аруақтың ризашылығы және аманаты болады. Анаңа қойдың құйрық майын берсе, тақуалық ұстан , ақталудан өту керек деген, тұқымдағы құдалық байланыспен де байланысты белгі. Ал енді алтын деген сөздің қай мағынасы барын әлде де анықтау керек. Алтын румен қандай байланыс бар, әлде байланысу керек деген белгі де болуы мүмкін.
Сәлеметсіз бе?Жолдасымның түсін айтайын деп едім. Түсінде үлкен ұлымның Құлағынан құрттар шығып жатыр екен дейді. Жорып беріңізші.
Бұл негізінде жақсы түс. Есту қабілетінің артуымен және емшілікпен де байланысты қасиет қонатынын білдіреді. Оны әулие-әмбилерді аралатып өткізу керек.
Сәләмәтсіз бе! 4 ай бұрын операцияға түсіп кішкентайым шетінегендіктен бе, түстер мазалайды. Әлде жүйкем жұқарды ма? бүгін түсімде әлемді топан су басып жатыр екен. таныс емес қала, зәулім үйлер. Ұлым екеуміз биік үйлерде қашып жүрміз.
Шынар сенің балаңның шетінеуі де және түрлі түстерді көруіңде қазіргі ақырзаманың жағдайына, қияметтік оқиғаларға байланысты. Сондықтан саған түстердің мағынасына көңіл бөліп жорып амал қылуың керек. Саған қалайда шариғаттың парыздарын орындап, қырықбір әулиеден зиярттап өтуің керек. Сонда нақты бағдар аяндар ала бастайсың.
Ассалаумағалейкум! Түсімде бір елді мекенге келіп су кайда барын сурап жатырмын. Бір ұзын шашты қара қызбен сөзге келіп қалыппын, ол мені қамшымен ұрып жатыр екен. Нені білдіруі мүмкін
Уағалейкумассалам! Су іздеп жүргенің, рухани тазаруды қажетігін білдіреді. Ал енді ұзын шашты қыздың сені қамшылап жатқаны жан қуаты әйелден алатын шараппен байланысты. Бірақ оның жаулығы жоқ болса онда саған шайтаның ықпалын, таза емес жаулық, еткесіщ қыз, қатынан абай бол деген белгі болады.
салеметсизбе! мен бирнеше рет тусимде бир жигиттин колын иыгыма койганын кордим типтен журек кагысым озгерип соган гашык екенмин деген ойда болдым бирак келбетин коре алмадым.
Cау саламатты бол! Айзада бұл саған аруақтың көрсетуімен ғана жар таңдауды сонда бақытты болатыныңды ескертіп жатқаны. Сен шариғатты ұстанып тазалықпен, ата дәстүрін ұстанып жүрсең сонда кімге жар болатыныңды көрсетеді.
Қайырлы күн.Мен түсімде аяғым ауыр екенін жігітімнен естіп жатыр екенмін.Бұл ненің белгісі жорып беріңізші
Гүлдәурен; Егер некеде болмай аяғың ауыр болса, онда сөзге келеңсіз жағдайға түсумен байланысты болады. Мүмкін жігітіңнен бір қателік барын ескертуі болар. Шүкірлік қылып, әулие-әмбилер басына зиярттап аян сұра сонда нақты жауабын аласың.
Дурыс тусинбедим аға. Нактырак айтсаныз. Тағы бір түсім бар еді, түсімде үлкен қара жылан үйдің алдында байланып жатыр екен, маған умтылып жатыр бірақ жібі жібермей жатыр. мен қорықпай тіке қарап тур екем. Ұмтыла ұмтыла бір кезде жінішкеріп біресе жуандап әлсіреп өлетіндей xалге жетті. бұл не?
Мақсат нақты айу үшін, сенде түсіңді нақты түсіндіруің керек. Сені қамшылаған әйелдің киімі қандай бейнеде болғаны маңызды. Түс деген балқып тұрған қорғасын сияқты қалай бейнелесең солай бұрылады. Ал екінші түсің сенің тегіңде бақсылық қасиеттің барын және сен бұл қасиетті меңгеру үшін ата жолында тазарудан өтіп, әулие-әмбилердің батасын алуың керек.
Салеметсизбе! мен тусимде ушакты кордим. ол ушака мину ушин тиркелу орнынан кешигип калсамда, есигин жабар мезгилинде кирип улгериппин. Бирак бир кызыгы ол ушактын иши поездын иши сиякты екен, касымдагы минген жолаушылардан 4 немес 5 ер бала менин касымдагы жолаушы екен. Жорып беринизши!
Сау саламат бол Айнұр! Ұшаққа мінгенің сенің тура жолға жалғануға үлгіретініңе белгі болар. Ал қасыңдағы 4-5 ер балар ол рұқпен байланысты Абай атамыз Атадан алтау, андан төртеу немесе Аларманда алтаусың берерменде бесеусің деген аруақтық, періштелік қуат бейнелер ғой.
Ассалаумағалейкум! Тағы да мен го. Бірнеше түстерім бао еді барымша сипаттап көрейін. Түсімде поезд грузовой (жүк пойызы) Менен өте бере яғни артыма бұрылып қағанымда түнгі уақытта жолдан шығып құлап жатыр екен, құлауы маған катысты емес кінәм жоқ деп өзіме сенімді болып жатырмын.Ол не?
Екінші түсімде досымнын бұрынғы айелімен (яғни казир ажырасып кеткен) төсектес болып жатырмын. Ол неге?
Негізінде ол келіншек жайлы ойламағанмын мулдем, көрмегеніме де көп болды.
Тағы бір түсімде тунгі уакытта кошеде жол бойында мас болып тұр екем. Бір ақ улкен сумкам бар котере алмай озіммен өзім құлап журім. Қасымда ақ машина да екі жігіт көмектесіп үйге әкіліп жатыр. Үйге кірсек Екеуіне де төсек салулы тұр. Үйге қонып Қалыпты
Уағалейкумассалам Ербол мырза! Жақсы түстер көріпсің. Бірінші түсің болашақтағы қазақ еліндегі сынақтарды білдереді. Мұны сен көріп байқағаның ата-бабаларыңның аруақтарымен байланысты осындай қасиетілікті меңзейді. Екінші түсің досыңның бұрынғы әйеліңмен рухани байланыста тұрғаныңды да білдірді. Ал үшінші түсің сенің руани тұрғыда ақылға жалғануың және сені қорғап жүрген серік иман күзетшіліріңді білдереді. Саған ата-баба аруақтарына құран бағыштап шүкірлік қылыуыңды да ескертеді.