Түс жори біліңіз

Бөлім: Түс-аян-уахи қағидалары 25660

Егер адам түсінде:

 Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.  Жақсы көйлек кисе  — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.  Өзінің өліп қалғанын көрсе —  онда өңінде ұзақ жасайды.  Кісі  әйелдің қойнында жатса —  онда өңінде оның дәулеті артады.  Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.  Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады.  Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны.  Жылаған болса – өңінде қуанады.  Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі,  мұратына жетеді.  Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.  Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады.  Өзен көрсе —  кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.  Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі.  Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады.  Бал арасын қуып жүрсе  — өңінде пайдаға жолығады.  Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.  Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді.  Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді.  Үйіне түскен ұрыны көрсе —  онда ол өңінде табыс табады.  Шашын алдыратын болса —  онда ол өңінде кедейленеді.  Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.  Үйленген болса   — тілеп жүргеніне  жетеді.  Алтын көретін болса —  онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.  Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.  Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу.  Көпірден өткен кісі —  өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.  Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді.  Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан.  Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.  Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу.  Ақ түсті киім кисе —  онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.  Сары түсті киім кисе —  онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.  Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады.  Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды.  Құс ұстап алатын болса —  онда ол өңінде үйленеді.  Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.  Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады.  Көгершінді көрсе —  өңінде оның ісі оңғарылады.  Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады.  Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.  Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады.  Ет жесе —  өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.  Алма жесе —  өңінде тілегіне жетеді.  Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады.  Жылан қуса —  әйелдердің арбауына түседі.  Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды.  Үйі құлағанын көрсе —  ұрыс-керіс болады.  Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады.  Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.

«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші,  түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім

Әр түрлі

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.

Активтігі: 17%

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Активтігі: 14%
Құстар

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Активтігі: 12%
Андар

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Активтігі: 13%
Төрт — түлік

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Активтігі: 14%
Тағамдар

*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

1 345 thoughts on “Түс жори біліңіз

  1. осыдан еки кун бұрын тусимде президентті көрдім. біздің үйде қонақта отыр екен. мен ол кісіден неге оққағарларсыз жүрсіздеп сұрадым. ол кісі сендер мені қонаққа өздерін шақырғанан кейін , оларсыз келдім деп жауап берді. одан кейін ол кісіні шығарып салдык. бір қара машина тұрды.
    одан кейін мен шығарып салуға шықтым, машина көрінбейді. кетіп қалыпты ауламызға екі уш ат жугіріп кірді.
    содан кейін мен бир конференцияда жүрдім

  2. Саламатсыз ба аға .түсімде ұлым үйдің болконынан аяғы таяып құлап бара жатыр екен,ұстап қалыппын.бұл нені білдіреді ?

  3. Аға сəлеметсіз бе?мумкіндігінше толык тусіндіріп жазынызшы.отініш.

    1. Нұрдана шариғатты ата дәстүрін ұстан толық дәрет киім болсын. Ашық жүрме. Жаман әддеттерден тиыл. Әулие-әмилер басына өтуің керек. Оның несі түсініксіз?

  4. Қалыныз қалай мен сізге елбасын түсімде көргенімді жазғанедім ,сол түсімді жорып сіз елбасынын беті бері қарайды дедініз.
    Түсімде тағыда елбасымен бірге жүрмін.Менімен бірге жүр аралап қарап байқастап өтеиік, бұлар неойластырып жатқаның деді.
    Мен үстіме аппақ аққалат басыма ақ калпақ киіп айнаға қараймын да қалай әдемі жапжаспын деп өзіме танғаламын сол уақытта елбасымыз жүріндер екеуін екіжақтап мені қолтықтандар мені
    ешкім танымай қалсын олардын сыртынан алыстан қараймыз деиді де көшенін ортасына келіп бір талдын түбіне келіп қарандар анау шатырды, сол жерде бір құпыиа бар деп тұрады (талдын үсті кәзіргі ауа райындай) елбасымыздін үстінде көгілдір кастюм шалбар үстіндегі пальтосын шешіп маған қолыма ұстатады сол уақытта бір құс еллбасымыздын иығына тышып кетеді мен оны сүртпекші болам елбасымыз ештене етпеидіде ді. Қасымыздағы екінші әйел үшеуміз (оны мен танымаймын)қайтадан бір көп кісілердін ішіне үлкен ғймаратқа жиналысқа кіреміз (өзім ойлаймын қарағандыда жүрген деи)

    1. Сәлем Құбыл!Елбасымен ардағы болып жатқан көрністер елбасына жан арқылы ата жолының біліңм болар жалғанып жатқан. Ата жоылндағы құпиаларға назар аударып жатқаны шығар. Үстіне құс тышса олда жақсылыққа болар.

  5. Сəлеметсіз бе!осы дан екі уш күн бурын тус кордім ойымнан кетпей койды жорып бернізші.тусімде белгісіз кайда отканым бір жігітпен сойлесіп отырганымда колыма карасам сол колымнын бас бармагымнын астына коздін суретті тур татировка сиякты.бірак мен салдырган жокпын деп ана жігітке айтып жатрм.жара гой дейндесем анык кок и сары араласкан коздің суретті. Ыстап корейн деп отырганымда оянып кеттім.Аға жорып бернізші

  6. Өткен жарыстан соң түсімде көйлек көріп жүр екенмін. Жарыстан өтпей қалдың деп жатыр екен ол нені білдіреді?

  7. Салеметсіздер ме!!мен кеше бір түс коріп едім,жорып беріңізші.Мен жақында жолдасыммен ажырасып кеттім.содан кеше түсіме сол жолдасым кірді қолын созып тур екен.Мен қолынан ұстайын деп жатыр едім,басқа бір айел қасында кішкене қызы бар қолынан ұстап алып кетті.Жолдасым маған қарар үндемей кетті.сол түстен кейін көңілім алаңдаулы боп жүр.

  8. Сәлеметсіз бе! Әкем бүгін түс көріпті түсінде мен адамдармен ұрсысып жатыр екенмін, сосын әкеме бір бейтаныс адам келіп сенің қызың тәрбиесіз деп ұрсып маңдайымен тамағына пышақпен пистолет тосепті осы түсін жорып беріңізші көр рахмет!

    1. Әкеңнің сен туралы көрегені жалған болмайды. Демек сен шариғатты ұстанып ата дәстүрмен жүрмейсің шамасы. Өзіңді сына қара жұртпен салыстыр. Көпке ұқсап, көптен қалмаймын деген болсаң онда көптің брі жынды шайтанды боласың.

  9. Саламатсыз ба? Түсімді жорып бере аласыз ба ? ешкімге айтпаған едім, ұмытпадымда есімде алі ақ сол қалпында. Түсімде жүкті екеммін, өзімді сондай жайлы сезініп жүрмін, қуанышты екеммін, үстімде ашық түсті көйлек кигем. Мен бірақ тұрмыс құрмағам,
    Кешеде тағы түсімде жүкті таныс құрбымды кордім және қолымда сұр түсті құттай мысықтың марғауын ұстап жақсы көріп тұр екем. Өзімше жақсыға жорыдымда қойдым. Көп рахмет жауап қайтарсаңыз екен …

    1. Жанар бұл саған егерде шариғатты ұстанып ата дәстүріне лайық жүрсең онда аналық қасиет және жаның көбейуі. Ал жалаңбас, жалңаш европалық жағдаймен болса әдетің онда бір мазаққа қаласың түзел деген белгі болады.

  10. Саламатсыз ба аға .мен түстен көргенде, өңімде болып жатады солар, білмеймін ылғи түсімде дүниеден өтетін адамдарды ,яғни туысқандарымды көрсем ,қанша жақсы ға деп жорысам да , сол адамдар ана дүниелік болып кетіп жатады ,тіпті түс көрсем қорқып отырам.бұған не айта аласыз ?

    1. Cәлем! Асель бұл сенің өзіңе бағынбайтын тағдырлық қасиетпен байланысты. Бұл қасиетті меңгеріп жаиандыққа қана емес жақсылықтың да хабаршы болмасаң онда артында қасіреті болады.

  11. Саламатсыз ба! Мен сізден сұрайын деп едим. Осыдан біраз уақыт бұрын, құрбыма түсіне өлген інісі кіреді. Ол оны, мен сені уақыты келгенде алып кетемін дейді. Нақты жасын айтады. Соны қалай түсінуге болады. Осыны жорып берсеңіз. Көп рахмет сізге.

  12. Салеметсиз ба? ага мен кеше бір түс коріп едім,жорып беріңізші. Тусимде бурын журген жигитим колыма алтын сакина кигизип жатыр екен, бирак карасам ол сакинанан тасы тусип калыпты бул тусим нени билдиреди? Өзімше жақсыға жорыдымда қойдым. Алдын ала РАХМЕТ СИЗГЕ!!!

    1. Адина. Жігітің алтын сақина кигізсе онда бұл некеге берілген белгі болар. Ал тасы түсіп қалса онда жоғалытып жүрген қасиетілікті текті меңгеруге белгі болар.

  13. Сәлематсіз! Түсімде аузымды ашсам тілім ойық, сол ойықтың ішінен бір азу тіс көрініп тұр. Мен ешкімге айтпайды екенмін тілімнің ойық екенін, бәрінен жасырып ұстаймын. Өзім жеке айнаның алдына барып сол азу тісті алып тастап едім, оның астынан екі тағыда асу тіс шықты оларды да алып тастадым. Ойық енді тым ыдырап кетті, қан суылдап қоймастан ағып жатыр, тілімде екі жаққа ыдырап қалды. Сөйлей алмай қалдым, енді екі даққа айырылып кеткен тілді бітеймін деп скотчты тауып алдым. Өзім дәрігерге барам десем түн тас қараңғы ақшамда таусылып қалған сияқты. Үйдегілерге айта алмай аузымды жауып алдым бәрі қорқып кететін шығар деп. Өзім ештеңеден қорықпай қазір қанды тоқтатып таңға дейін бірдеңе істесем, таңата хирургке барып тіктіріп тастармын деп жатырмын. Неге көрінді екен бұл? рахмет

    1. Сәлем Марал. Тіліңде шамасы жүйрік, улы да шығар, қарсы келгенді орып жүретін бас көз демей. Соған абай бол дұрыс қазақтың сөзінде көркем сөйле деп тозақтық жағдайды ескіртіп жатқан ғой аруақтарың.

  14. тозақтықты тіліңнен аласың дегені ғой, ал ана 3 азу тістер тілді ажыратпай тұрған олар неге көрінді?

  15. сосын менің сізден сұрайын дегенім тозақ жәннат деген рас па? әлде тозақ пен жәннат осы дүниемен өлшеп айтқан ба Құранда? осы дүниеде тозақтық болып, түрмеден шықпайтындар бар ғой, сол сияқты үлде мен бүлдеге бөлініп, ақшаға малынып жүргендер бар жаннаттық болып. Тозақ жәннат деген рас па?

    1. Толық дәретпен киімді меңгеріп сосын құранды қазақша Халифа Алтай аудармасын кем дегенде 5 рет оқы. Сосын осы жазбаларды оқы ретімен сонда өзің көресің тозақпен жанатың да сипаттарын.

  16. Сəлеметсіз бе Аға.тусімді жорып бернізші тусинбей журм.тусимде улкен төбенің устінде аттарға карап жур екенмін бір ат шауып келе жатр айғыр. аттарга мунау біздің айғыр емес басқа біреудікі деп айдап жатрм ол кетпейді.сосн кайттан төбеге шуктим алыста бір адам койға карап жур екен оған айкалап айдап бернізші деп жатрм ол келген де оянып кетім

    1. Динара; Бұл сенедердің ата-баба аруақтарыңмен байланысты жағдай. Сенде мұны тектілікті меңгеретін қасиет бар. Бірақ саған еркекті серігіңді таңдауды аруақтарға тапсыру керек егер басың бос болса. Қойға қасқыр шабайын деп жүргені ол нәпсіңмен байланысты. Тазалықты сақта, шариғаты ұстан, ата дәстүрін меңгеру керек.

  17. 3 түрді қарғыс? ол өзім қолдан жасаған ба, біреу мені қарғады ма? тағдырлық қарғысқа нелер кіреді? оны қалай түсінемін?

    1. Марал; «»Басыңа жамандық келсе оны ешкімнен көрмеңдер екі қол ісімнен деп біліңдер» деген Құдайымыз. Оң қол осы дүниелік іспен, сол қол ақиртпен байланысты.

  18. АССАЛАУМАҒАЛАЙКУМ ағасы
    мен бір түс кордим тусимде бір іс кордим
    жағдай былаи болды
    Мен түсімде бір баламен кырылып жатыр екенмін ол баланы мен жеңдім және коріп болгасын оянып кеттім
    Содан 15минуттан киін әкем звандаган
    әкем түсінде жылан корипти
    жылан биздин уидің торинде отыр екен
    сожыланды анам куып жатыр екен
    анам шыгараиын десе жанагы жылан шыкпаиды аяк киім коятын жерге кіріп шыкпаиды деиди жыланын түсі ак кара арласкан
    осы тусти аитыпберсениз

    1. Уағлейкумасалам Сырлан! Баламан төбелсіп жүрсең бұл бойдағы арпалыс тазаруың керек. жыланды төріңде көрсең ол әруақтық белгі, ақ құйып шығырыу керек деген бар. Құран оқыт әруақтарға үйден. Сосын зияраттау керек жақын жердегі әулие-әмилерді. Сонда бұл қасиет болып бейнеленеді.

  19. Сәлеметсіз бе Аға!түсімде бір ер кісі маған пышақ лақтырып жатыр,мен қашып жүр екенмін!шошып ояндым бір емес бірнеше пышақ.

    1. Маржан саған абай болуы керек, сынағың бар деген белгі. Аруақтарға құран бағыштап құдайдан жәрдем сұра. Өрісңді таза ұстау керек киім дәретті тлық ұстанып.

  20. Саламатсыз ба?Түсімде қасым өсіп кетіпті оны жұлмақшы екенмін,бірақ жұлынбайды.
    Осыны жорып бере аласыз ба?

  21. Сəлеметсіз бе?Менің екі күнде көрген түстерімді жорып бере аласыз ба?Кешегі түсімде бұрынғы жүрген жігітім анамнан рұқсат сұрап менімен кездесуге шакырып жатыр екен.Анам рұқсат беріпті.Сосын айнаға қарасам қасым өсіп кетіпті,оны терейін десем теріомейді екен.
    Ал бүгін сол жігіт маған үйленуге ұсыныс жасап,жүзік сыйлапты.Оны қолыма берді,таққан жоқ.Мен де жауабымды айтқан жоқпын.Бірақ қасымыздағы адамдардың бəрі қуанып,ия де деп,бірге суретке түсіп жатыр екенбіз.

  22. қолмен емес, түсімде 3 түс көрдім ғой. Енді ол тағдырлық қарғыстан қалай тазарамын? Бұл түс сонда маған аян ретінде көрсетіп тұр ғой, жәннатқа бәлкім кірмей қалуыңа мынандай 3 себеп бар деп, ол тілмен келетін ғой 3-де, себебі 3 тіс тілдің астында тұрды ғой. Ол басқалай күнә болса оны басқаша көрсетер еді ғой

    1. Ата дәстүрін ұстан ата жолында қасиетілікті меңгер. Ата жолының қағыидасын 15 жылдан бері жазып жатырмын оны енді қалай түсіндіріп отруым керек. Оқы таныс, ізден аузыма салып бер демей.

  23. Сәлематсізба, түсімде менің үйімнің жанында аптека бар екен. Мен сол аптекада жұмыс істейін бе түсініксіз. Әйтеуір, сол аптекадан шыға бере алыстау бір жерден мені бір таныс жігіт көріп қалып дереу менің үйімнің есігін қақты. Менің үйімнің екі есігі бар екен, біреуін құлыптап үлгердім, екіншісін құлыптайын десем, ана жігіт көріп тұр жартылай есіктің ашық екенін. Содан есікке звонок беріп бәрібірде кірді, қолындағы қып қызыл раушан гүлдерден букетты маған ұсынды. мен гүлдерді ала салып, қуаныштан билеп жатырмын. Ең қызығы шын өмірде мына жігіт дәрігер.

  24. менің мамандығым аптека/медицинаға қатысы жоқ. түсімді жорып берсеңіз

  25. Саламатсыз ба?Тусимде куйеуге шыгып жатырмын,бирак конак ретинде сиякты.Устимде ак койлек жок,жигитти де танымаймын.Нени билдиреди?

  26. Сәлеметсіз бе. Түсімде көп тышқаннан қашып жүр екенмін. Содан бір отбасына кезігіп, сол үйден тамақ жеп құтылыппын.

    1. Бану; Тышқан ежелгі өткен нәсілдер сенің рұқымен жүгімен тағдырыңмен байланысты болар. бір отбасына жалғану арқылы құтыласың деген белгі ашық. Ал от баасын құрмасаң онда тышқанға жаның айналмай тұрғанда қам жаса сұра құдайдан кімге жар болуды.

  27. Сәлеметсізбе, маған түсімді жорып бересізбе? Кеше түсімде тасбих бөлмемді жерде айналып жүр екен, мен катты коркып бисмиллә деп жатырмын, тасбих табаным астына кеп тоқтапты, сонда оянып кеттім, ол тасбихты менің ұстазым берген.

    1. Бота бұл екі ұшты жағдай. Мәселе таспихта емес мәселе ұстазың саған не үйретіп жүр. Соны түсініуге тырыс. Оның үйреткені сенің табаныңның астына түсуі не себептен? Мұндай түсті пенденің өзінен толық мағлұмат алмай толық жорылмайды.

  28. Салеметсизбе! Бүгін 2 түс көрдім, алдымен магазинге ұналуға барадым, бағасы 565тг деді сосын мен ойбай қалай қымбат дедим, бірақ сатушы менің туысым екен ол кісі маған ұрсып 110 тг деп айқайлады, мен қолымдағы 500тг бердім, ол кісі бірақ 110 теңгемен 500тг кайтадан берді, мен жылап қолымдағы ұнмен апам мен атам жатқан зиратқа жүгіріп бара жаттым, ал екінші түсімде достарыммен Кытай елінде кыдырып жүрміз, қонақ үй іздеп жүрміз, базардың ортасында мен қуанып келе жатып өзімнің сүйген адамымды көргендей болып оны іздей бастадым оны табалмай бір қонақ үйге келдім, онда достарымның бәрі отыр мен қонақ үй бағасын сұрап жүрмін олар 2000Ш деп айтады біздің ақшамен 700 тг дейді мен болсам онда тағы біраз қалайықшы қыдырайықшы деп жатырмын, ал бүгін кешке сол сүген адамым хабарласты, өтініш түс жорып беріңізші!

    1. Альмира; Сандық белгілер рухани қуттар. 5 сүре 65 аятты оқы. Сол аят арқылы сенің алатын жалғанатын рухани қуатарың бұлар. 110 санды аятарды да оқы құранан. 500 700 теңгелер тәндегі жарық ошақтары. Қытайда жүргенің сенің қытайлық нәсілдермен байланысты рухани жағдайың. Қазақ дәстүрін ұстануың керек. Арсыздықтың қандай түрінен де абай бол. Сонда сүйгеніңе де қосыласың.

  29. Сəлеметсізбе!!!
    Түсімде ақыр заман басталыпты ғой деймін, ал адамдар ақ киімде кун батыс жаққа жол жүріп бара жатыр, ұйқымнан бисмиллаһир рахмани рахим деп оянып кеттім!!!

  30. Сәлеметсізбе, менің көрген түсімді жорып бере аласызба? мен түсімде тойда қоржыннан балық және қуыршақ көрдім. Бірақ балықты алғым келіп тұрып қуыршақты алам.

    1. ЭЛМИРА! Бұл сенің рухани малдық қуатың. Шалбар киме, етекті жап, мысығыңды тақуалықпен тәрбиеле. Әйелдік жыныстық қуатың мысық болғаныда дұрыс енегізінде.

  31. Салеметсыз бе! Мен түсімде әкемді бір кісі қатты ұрып-соқты мен оған көмек көрсеткім келді, бірақ болмады. (Әкем мен анам ажырасқан және әкеммен араласпаймыз)

  32. Саламатсызба!!мен тусимде маган унайтын жигиттин уйыктап жатканын корем.оган карап турсам оянып,корпесин ашып,касыма жат диди,сол жеринен оянып кетем,бирнешерет кордим осы тусти

  33. Түсімде саби кориппин кыз бала босаныппын, ол ненин белгиси болады екен жорып бересиздерма, ози енди жана гана туылган бирак енбектеп мама деп жур екен

  34. Сəлеметсізге аға.түсімде бауда көп биелер құлыншақтармен жур екен мен айдап жатрмын и мен еккен ағаштың бір бұтағын сындырып кетіпті.бірақ айдап жатып ояынып кеттім жорып бернізші

    1. Асел; Бұл саған меңгеруге тиісті әруақтық қуатар. Ағашыңды сындыры жүрсе дәрет, киміңді сақта деген белгі. Бой өрсің дұрыс емес жаулықсыз етксізден тек ағашын мал жейді. Шариғатыт ата дәтүрін ұстансаң өсіп өнесің.

  35. сәлеметсізба. мен тусімде ер бала тауып алганмын оны кушагыма кысып алганмын тастамай, дос кыздарым тасташы нестейсін деседе тастамаппын

  36. Салеметсиз бе!Менин бүгинги корген тусимде Корея елинин атақты əншісімен жүріп жатыр екенмин бұл ненің белгісі

  37. Саламатсызба.. Мен тусимде казир араласпайтын группаласымнын еки аягы жок коляскада отыр биздин уйде синилим суйреп жур..
    Одан кейин ертеси куни бир танысымнын да аягы журмей кайыр тилеп коляскада отыр ол ненин белгиси уйкымнан коркып ояндым

  38. Сәлеметсіздер ме? Менің әріптесім түсінде менің жүкті екенімді көріпті. Ол нені білдіреді? Алдын ала рахмет.

  39. Салеметсизбе. МенИ тусимде жазыкыз абактыга камап тастапты касымда бир айел адам бар, мени не себепти камадын деп урсысып жур екем, бираздан кейн кери шыгарды. …..ненин белгиси?

  40. Келген Рамазан айы құтты болсын! Тұтқан Оразаларыңыз қабыл болсын. Түсімде белгісі жоқ төмпешіктерді қопарып, ескі бір зираттардың басын көтеруге мені бір өзімді жіберіпті. Еркектерді жібермей неге мені жібереді, Құдайдың бұйрығы болар деп ойымды дауыстап айтып, жұмысыма кірістім. Мен сол төмпешіктерді қопарсам, расында астынан ұзын жуан ағаш таяқтар шығып жатыр. Жақын маңда қала басталады екен қоршаулы мектеп пе, интернат па, әлде балабақша ма, әйтеуір сол бір ғимараттың ауласында балалар ойнап жүрген зираттарды қопара бастаған сәтімнен бастап, найзағай ойнап, сілкіп бір жауын жауды. Ойнап жүрген балаларға найзағайдың ұшқыны тиіп, бірден барлығы мерт болды. Балалардың арасынан ағамның кішкене 6 жасар қызы бар еді, оны бір топырақтың астынан тылсым күш тартып әкетті, мен оның қолынан ұстап жерге толығымен тартып әкетпесін деп жармасып едім, ол топыраққа тереңнен батыр қайтадан жердің бетіне жаңағыдай таяқтармен бірге шықты. Сол жердің айналасына қарасам ылғи төмпешіктер екен. Бұл неге көрінді екен? Отбасымен ата жолындамыз. Бабалардан белгілер аламыз, бірақ түсінбейміз белгілерін.

    1. Марал бұл алдағы сынақтың аманатың барын ескертеді. Көтелімей қалған әруақтар мен тектерің бар екен. Балардың жер жұтыуы егер аманатқа қиянат болса онда сынақ болады деген белгі. Ата жолында болғанмен көпшілік аққу, сұңқарлар қүран үнінен ажырап батаның жалғанына түсіп алған Абай болу керек деген белгі де түсіп жатыр

  41. Ұмытып кетіппін, таяқтарды шығарысымен, бір тылсымнан дауыс келді, бұлар атақты Қазақтың хандарының, сұлтандары, билері мен батырлардың зираттары. Тіпті есімінде айтты Кейкі деді ме? Мен сол дауысқа сенбей сараптау бөлімдеріне апару керек, археологтарды іздейін бе не істейін, солар білуі керек, солар нақты кімнің жерленгенін айтып береді деп ойлап қоямын. Себебі ешқандай белгі жоқ, барлық жазулары таяқшалары топырақтың астында, жазулары шайылып кеткен.

  42. Түсімде амиян жоғалтып жылап жатыр екенмін ішінде құжаттарым, ақшам және амияным қымбат еді деп өкініп жатырмын.

  43. Жаратқан ием бұйыртып, бабалар рухы қолдап аманатты орындау нәсіп етсін деп тілейін. Рахмет.

  44. «Ата жолында болғанмен көпшілік аққу, сұңқарлар қүран үнінен ажырап батаның жалғанына түсіп алған Абай болу керек деген белгі де түсіп жатыр» ———- Құран үніне жалғану қалай? ол қалайша?

    1. Бұл ұзақ әңгіме түсіндірген көрі амалын көрсеткен қолайлы болмақ. Қызордада Алтынкүл деген аққу бар жақында құранға қайта жалғанған. 87771082241 Алматыда Жанаргүл бар жалғану жолына еңьек қылып жатқан.87023287022

  45. Жазира бұл әжеңнің аруағы көтеріліп қызметке тұрғаны. Саған берген затар рухани жалғану, жаңғырыу төрт бұрыштысы еркепен байланысты от басылық неке арқыыл алатын қуат болады. Ал қалғандары да сенің жаныңа бауырыңа да берілетін Құдайдан сый қасиет тек болып бейнеленеді. Мұны бірақ меңгеру жолын табу керек. Ол ата жолымен ғана мүмкін болмақ.

  46. Тусимде Елбасымен сойлесип тур екенмин, отип бара жатып токтапты. Бул ненин белгиси? Рахмет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *