Түс жори біліңіз

Бөлім: Түс-аян-уахи қағидалары 25652

Егер адам түсінде:

 Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.  Жақсы көйлек кисе  — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.  Өзінің өліп қалғанын көрсе —  онда өңінде ұзақ жасайды.  Кісі  әйелдің қойнында жатса —  онда өңінде оның дәулеті артады.  Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.  Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады.  Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны.  Жылаған болса – өңінде қуанады.  Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі,  мұратына жетеді.  Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.  Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады.  Өзен көрсе —  кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.  Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі.  Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады.  Бал арасын қуып жүрсе  — өңінде пайдаға жолығады.  Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.  Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді.  Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді.  Үйіне түскен ұрыны көрсе —  онда ол өңінде табыс табады.  Шашын алдыратын болса —  онда ол өңінде кедейленеді.  Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.  Үйленген болса   — тілеп жүргеніне  жетеді.  Алтын көретін болса —  онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.  Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.  Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу.  Көпірден өткен кісі —  өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.  Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді.  Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан.  Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.  Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу.  Ақ түсті киім кисе —  онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.  Сары түсті киім кисе —  онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.  Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады.  Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды.  Құс ұстап алатын болса —  онда ол өңінде үйленеді.  Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.  Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады.  Көгершінді көрсе —  өңінде оның ісі оңғарылады.  Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады.  Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.  Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады.  Ет жесе —  өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.  Алма жесе —  өңінде тілегіне жетеді.  Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады.  Жылан қуса —  әйелдердің арбауына түседі.  Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды.  Үйі құлағанын көрсе —  ұрыс-керіс болады.  Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады.  Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.

«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші,  түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім

Әр түрлі

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.

Активтігі: 17%

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Активтігі: 14%
Құстар

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Активтігі: 12%
Андар

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Активтігі: 13%
Төрт — түлік

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Активтігі: 14%
Тағамдар

*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

1 345 thoughts on “Түс жори біліңіз

  1. Түсіңде бит корсең не болады?
    Өте үлкен жанында Қызыл түстер бар ,ұстап алыппын

  2. Түсімде базар аралап келе жатып жеңгемді көрдім балаларын ертіп алып тиынмен ойын ойнап жүр екен. Мағанда ойна бұл адамдарға көмектесу үшін жасалған. Ақшамен ойнайсың жеңілсең сол ақшаны балаларға береміз деді. Менде қайырымдылық қылайын деп қалтамнан тиындарымды қарасам 15 еуро тиын сосын рубьл тиындар бар екен. Солар қымбат қой теңгеден деп сол тиындармен ойнап едім ұтылып қалдым. Сосын 10 теңгелік тиынмен ойнап едім ұтып кеттім. Сонда да сол 10 теңгелікті тастап кеттім. Сөйтіп келе жатсам дос қыз көп жүкпен келе жатыр. жүктерін көтерісіп, машинасына отырыппын. Үйге жеткізіп тастамай ақ қой маршрутпен барам деп ақшаларымды қарап жатырмын. 2 жүз теңгелік жəне 20 теңгелік тиындар бар екен.маршрутқа жетеді деп үй жаққа баратын 17 ге мінем əне тұр десем өзіміз апарамыз деді. Көлікті басқа қыз жүргізіп келе жатқан. Бір кезде сол қыз мен екенмін. Жолдан бұрылдым да машинадан түсіп қалыппын. Артынан жүгіріп жете алмай келе жатырмын. Аяқтарым шаршап , тезірек жүгіру үшін ауыр ауыр тастарды қолыммен тартып жоғарыға көтеріліп жатырмын. Көлік менен алыстап өзі жүріп бара жатыр. Жолда кездескен бір үйдің бақшасының ішіне кіріп кетіп айналып жүр. Мен ана досым сіңілісімен келем дегенше машинасын тоқтатпақ болып асығып жатып оянып кеттім.

    1. Шаттық бұл сенің рухани жағдайыңнен иманыңнан хабар береді. Сен ойын сауықпен, дүние тіршілігімен 10 теңгелік әйелдік қуатыңнан жоғалтып алдың, Тастап кетің дейді аруақтар. Ол сенің шариғатты ұсатнып ата дәстүрін меңгеруің ар, ұятлық төзімділік сипатың. Ал көлігің жүктелуің бұл ақылмен байланысты. 2 сүре 20 және 14 аятты оқы. 17 сүрені де оқы құраннан. Негізінде сенде тектлік қасиетілік бар тұқымда. Ол 15 евролық ақшаңның болғаны растап тұр.

  3. Сәлематсіз! Түсімде Арыстан бабамның басына барғанмын, сол мезетте бір тобымен қошқыл қызыл дақтары бар әдемі, жыландар бәрі маған жабылып киімімнің астына кіре бастады. Тек бас жағыма көтерілмеді. Мен Арыстан баба мені құтқаршы, қолдай гөр деп бір бөлмеден екінші бөлмеге кіріп жатырмын. Атаны іздеп жүрмін. Әлгі жыландар денемді сорып жатыр, бір кезде сары шетелдікке ұқсайтын ұзын бойлы жігіт келді, қазақша таза сөйлейді екен. Маған сабыр ет дегендей болды. Біраздан кейін жаңағы жыландар менің арам қаныма лық тойып алған бір ұсқынсыз бозарып кеткен, жартылай өлі күйде денемнен бәрі түсе бастады. жаңағы жігіт менімен бірге қуанып жеңілдеп қалған боларсың дейді.

    1. Дина саған Арыстан бабадан яғни 41 әулиеден өтуің керек. Және ет пен терінің арасы құртап жылан жұмыртқасын салып тастаған болар. Ата жолы ордасынан қамшымен тазару керек.

  4. саламатсыздарма. Тусимде уйде ул бала киналмай босаныппын. шашы капкара ул бала. бирак шакалак жыламайды. котинен урсандаршы деппин енеме неге жыламайды деппин. кейн жылады. кейн далага шыгып уйге кирсем енем бесик тербетип отыр екен. бул нени билдиреди. казир аягым ауыр емес бирак.

  5. Сәлеметсізбе. Түсімде балгерге барып отыр екенмін. Бірақ екі балгерде орыс екен деймін.Бұл нені білдіруі мүмкін?

    1. Мейрамгүл орыстардың кимі қандай ол да маңызды. Егер қара киімді болса саған онда ескерту қара дұға жасайтындардан абай бол деген. Ал ақ киімді болса онда дәрігерлерге қаралу керек, денсаулығыңды тексерт деген белгі.

  6. рахмет. Жалғасы бар екен түсімнің, өзім жауабын келесі күнгі түсімде көрдім. Жауабы сәл өзгешелеу екен. Аллаға сансыз мадақтар болсын. Бабалар рухы әрдайым қолдасын.

    1. Құраның үнімен сәйкес келмейтін қандай жауап? Мұнан басқа болуы да мүмкін емес. Ішіңдегі перің болмасын алдап сырқа шығарып жібереді деп тұрған? Абай бол әйтеуір не болса да.

  7. Саламатсыз ба? Рамазан айы қабыл болсын баршамызға. жақында тұрмыс құрғалы жатырмын. бүгін түсімде: мен, болашақ жұбайым және болашақ енем жүр. қала ішінде жүрміз. Маңыздысы мен 8-айлық томпақ, беті торсықтай ұл баланы көтеріп жүрмін, және ол баланы біздің ұл деп санап жүрмін. Бірақ азір аяғым ауыр емес. осы түсті қалай жорыса болады? Рахмет.

  8. Сәлеметсіз бе?! Мен түсімде қайтыс болған нағашы көкемді көріппін… үйге өз туыстарымды қонаққа шақырып жатыр екенбіз. Нағашы көкем туыстарымды машинасымен әкеліпті деймін. Бұл кісі қайтыс болған сияқты еді ғой, машинасы да қазір жоқ қой деп ойлап, жақындап қарай бергенде рульде көрші жігіт екен. Ал көке машинаның сыртында тұр. Ешкіммен амандаспаган сияқты, мен амандаспадым ау. Ағам осы көкенің үйіне барсаңшы. Баласы жалғыз екен дейді. Көкемнің баласы да 1жыл бұрын қайтыс болған. Кейін барам деп бармадым… түсімде көкемді қайтыс болған, ал баласын қайтыс болмаған деп ойлап тұрмын… сол түсімде мен арқам ауырып, шалқақтап жүр екенмін. Ұйықтағанда Түзу жатпаған шығармын содан шығар деймін… өңімде мама оятса да аркам ауырып тұра алмай жатыр екенмін. Оянсам шыныменде арқам біртүрлі ауырады…

    1. Сәлем! Айка бұл сенің нағашы,туысқан көрші әруақтармен жалғанып жатқаның. Құран бағыштатып садақа бер. Артында келетін жақсылығы бар. Әулие-әмилерды зияртап тілек тілесең тіптен дұрыс болады.

  9. Тусимде жогалып кеткен карындасымды кордим. Кара футболка киге жане шашын алып тастаган бул нени билдиреди? Отинем жауап беринизши

    1. Назерке ер адамдарың киміне қарасаң білесің не үшін көргеніңді. Тақуалық киім болса дінмен рухани жаңғырумен ал басқаша онда әр түрлі жағдайлар болуы мүмкін.

  10. Саламатсызба! кроватыма жабатын пледим аппак курттан коринбейди№ су тиген сайн анау курттар улкейип оседи екен. нени билдируи мумкин?

  11. Сәлеметсіз бе?! Түсімде қызғыш көзі бар сырға көріппін. 3еу екен. Оның біреуі қалыңдау, тағуға келмейді екен. Көз алдымда тұрған сырғалардан көз жазып қала бердім тағайын десем. Бірақ әрең дегенде парлап тағыппын..3і сырғаны жогалттым ба или тауып сөмкеме салдым ба есімде жоқ

  12. Сəлеметсіз бе, түсімде қайтыс болған анам өзіне киім таңдап алып жатыр, ал мен оған таңдауға көмектесіп, мына киімді ал деп жүрмін.

  13. Сәлеметсіз бе?! Жауабынызга рахмет. Бирак мен али турмыс курмаган едим… тағы бір түсімде сөйлесіп жүрген жігітім менің кластасыммен ватсап арқылы сөйлеседі екен. Мен не қызғанып номерди оширип тастасам. Кластасыма маған ватсапта жазшы номерин ошип кетті дейд. Кластасым жарайды деп қояды. Арларында бирнарсе бар сияқты коринди. Мен қызғанып журмин

    1. Айка бұл саған алдын-ала Құдайдың берген сыйы. Тұрмыс құрмасаң онда саған жар болатын жігітті де Құдайдың өзінен сұрауың керек. Ол үшін тақуалық бой өріс таза болып намазыңда болуы шарт.

  14. Сәлеметсіз бе?! Түсімде бір бөлмеде қатар жатқан 6 құндақтаулы сәбиді көрдім, мұны қалай жоруга болады?

  15. түсімде менің араласқан ұнатқан жігітім телефонмен маммен сөйлесіп мамам арқылы меніміен сөйлесіпті. мен номерімді жарты жыл болды ауыстырып тастағанмын онымен хабарласпаймын мүлде.Маған вк жауап жаз неге ватсапқа кірмейсің деп жүр ол не?

  16. Саламатсыздар. Ма. Мен тусимде. Узин. ак. Койлек. Киип таза. Су. Кешип. Журмин. Шашим. Узин. Судын. Тазалыгы. Сондай. Балдырлар. Коринеди. Осини жорип. Беринизши

  17. Сәлеметсіз бе?! Ағай жаман түс көрдім. Құдай сақтасын өңімде ондай жамандық болмасын деп тілеймін. түсімде бір жігіт темекі сияқты бірнарсе шегіп жатыр. Жаман ойлы жігіт екен деймін. Менің қасыма кеп шегіп, түтінінін шығарып, мені иістендірмекші. Оның иісінен мен талып қалайын деп жатыр екенмін. Талып қалсам біткен жерім осы деп иістенбеуге тырысып, қашуға әрекет жасап жатқан сияқтымын. Бірақ әлгінің иісінен құлап бара жатқандаймын. Біттім деп ойладым. Түрі суық, жамандық жасағысы ойы бар жігіт. Қатты қорқып кеттім.

    1. Сақтансаң сақтайды Айка! Саған жындардың иістер арықылы шабауыл жасап жатқаны. Ол жатырға еніп алса ұрпақатырң азады, байың төсектен қашады. Ол үшін тақуалық киімен ғұсыл алып жүру керек. Әулие-әмилерге зиярат жасау керек.

  18. Сәлеметсіз бе! Түсімде университетте маған ұнайтын жігітті көрдім, екеуміз біраз сөйлесіп болған соң маған және қайдан шыққанын білмеймін жанымдағы бейтаныс қыз екеумізге фиолетовый түсті гул шоғын сыйлап мені құшақтады. Осыны жорып беріңізші)

    1. Айдана! Саған бұл көрсетіліп жатқан Құдайдан белгі. Сенің жаныңдағы қыз жан сергің. Екеуіңе көгілдір гүл берсе ол рухани қуат сол жігітпен сенің жақсылыққа жетеіңе белгі.

  19. Salemetsiz be? Tusimdi jorip berinizwi. Aralasip, soilesken jigitti kordim tusimde. Apkesinin sotkasinan sms keldi magan. Aidin senimen soilesip jurp nege Astanaga ketpekwi dep jazip jiberipti. Men joli bolsin dep jazip jiberdim iwtei kinalip tursam da. Mamam aitadi smsti apkesi jazgan jok jigit jazdi. Jana joldan kordim apkesinin sotkasi kolinda edi dep.. Soni bilgen son jigit turgan jerge barippin. Kop kabatti uilerde turadi ekenbiz deimin. Magan jakin jerdegi uide turadi eken. Barsam Apkesinin sotkasi jigittin kolinda. Sen sms jazdin ba dep surasam, uialip aita almaidi. Konilime karagandai bop. Kasinda menin tuis inim men dosi bar eken. Meni tastap Astanaga keteiin dep jatkanina renjimegen sinai tanitip kastarinda men de jurm. Solarmen soilesip jurp ademi saxnanin koilekterin rettep koiam. Ol koilekter apkemdiki eken deimin.

  20. Салеметсизбе!Түсімде балшықпен кетіп бара жатыр екенмін жаныма қарасам мені ренжітіп кеткен бұрынғы жігітімнің үйі сол үйден інісі екеуі шығып келе жатыр екен мен оларды көрдімде кері артқа қарай бұрылып кетіп бара жаттым ал олар алға кетіп қалды.Мен енди бара жатсам балшықпен алдымнан бир апа кетіп бара жатыр сол апаның артынан яғни ізін басып журмін аяғымды денемді балшықтамау үшін .бир мезгілде құрттай бөлменің ішінен шығыппыз есігіде құрттай сол есіктен әлгі апа шығып кетті ал мен балшқтан шыға алмай жатырмын.Бұл түс нені білдіруі мүмкін?

  21. Гуля; Бұл сенің рухани жағдайыңды білдіреді. Бұрынғы таныс жігітіңмен бірге батпаққа арсыздыққа түстіңдер. Енді үлкен бір апайдың соңына еріп айтқанын істеп мұнан шыға аласың.Демек ата дәстүрін салтын тақуалығын ұстанбай жүрсің әлі. Сыртыңды түзеәуеді арманан тазар, жалңаш жүрме шариғатты меңгер. Сонда ғана шығасың бұл батпақтан.

  22. Сəлеметсіз бе.мен тусімде мектепте пол жуатын апай маған сиврдын уызын берді мен жедім не болады

  23. Сәлематсіз! Түсімде бұрыңғы жолдасым, менің үйіме әйелін 3-4 баласын кіргізіп жатыр, өзі көлігінен толған зат, азық түліктер түсіріп жатыр. Балалары өзіне ұқсамайды, 2 орыстың балалары сияқты сары, тағы біреуі қара нәсіл негрдің қызы сияқты. Негізі оның ондай балалары жоқ, жақында ажырасқанымызға 1,5 жыл болды. Неге көрінді екен?

  24. Сәлеметсіз бе! Түсімде 3-4жыл бұрын сөйлескен жігітті көрдім. Сал толыскан екен. Келіскен түрде алып қашыпты мені. Сол кезде мен 3-4жыл бұрын сенімен сөйлескен қызбын ғой деп айтсам. Шын ба деп қуанып, құшақтайды. Содан үй іші беташарға дайындалып жатыр, мен туыстарымен танысып отыр екенмін. Үйі өзгеше улкен екен деймін.

  25. Сəлеметсіз бе! Мен бір жігітті сырттай ұнататын едім. Сол жігіт түсіме кірді. Түсімде ол үйленіп жатыр екен. Тойы біздің үйде болып жатыр екен. Мен оны көріп іштей қызғанып, дауысым дірілдеп Бақытты бол деп əрең айттым. Тойы біткен соң намысына тигіп кеп тойханада жасайтын шамаң жоқ па? Неге біздің үйге жасадың деп айтыппын. Ол сөйлемеді. Бір кезде келіншегі жылап отыр екен. Келіншегін жұбатып жігітті мақтайын десем барлық ыза тамағыма тығылып тұр. Сонда да мақтадым. Жігіт ұйықтап жатыр. Мен ол жақсы жігіт, қанша қызға қараса да, қанша қызбен сөйлессе де оның жүрегінде бір ғана адам болады. Ол сен десем келіншегі күліп, мені құшақтап, менің құрбым болшы дейді. Мен жарайды, жолдасың үйленсем менің əйеліммен подруга боласың деген болсақ болайық дедім. Сонда да ішім күйіп барады. Мына қыздың менен қай жері артық. Өзі тағы жігіттен 3жас үлкен екен. Əлде ауылдың қарапайым қызы болған соң алды ма деп ойланыппын.

    1. Aika Ұнатқан жігітмен араға махаббат салып жатақын Құдайдың Тілегің қабыл болады. Ал оның сенің үйіңде үйленіп жатқан қызы сенің жаның өзіңнен үлкен қартайып жатқан. Сондықтан да шариғатты ұстан, ата жолын меңгер, жаныңды тазарытп жасартуың керек.

  26. Жауабыңызға рахмет. Ата жолын меңгеру деген 5 уақыт намаз оқу ма? Мен сізге 1жарым жылдан бері түсімді жорытып келем. Үнемі шариғат меңгеру, ата жолын ұстауды ұсынасыз. Менің түсіме байланысты солай айтатыныңызды білем. Бойым таза болмағандыктан сондай түстер көрем бе? Қалай тазарсам болады?

  27. Рұқтық тұрғыда жалғану қалай? Жанымызбен бе, жандарымыз жалғанып тұр ма? Ол неге үйге өзі кірмей жатыр? әйел балаларын бірінші кіргізіп? осы тұста түсінбедім. Алдын ала рахмет жауабыңызға. Ғұмыр жасыңыз ұзақ болсын.

    1. Рұқтан қуатты белгілі бір ұлықсат етілген аруақтық тағдырлық жүйемен еркектермен алмаса, онда жан жындық қара қуатты кісілік рұқтарға жалғанып кетеді. Түсіңде жаныңа шабуыл жасап зорлану да болады бөтен еркектермен.

  28. Олай болса, мен бұрыңғы жолдасыммен рұқтық байланысты қалай үземін? жанымның қара қуаттарға жалғануын кейде сеземін, маған үстідегі аталған рұқтық байланысты үзу керек. Қалай үземін? Көмек берсеңіз

  29. Саламатсиз ба. Тусимде ак кишкентай жылан кордим. Ол тусти мен неше кайтара кордим. Ол ак кишкентай жылан торда картошкалардын ишинде тур екен. Бир кезде сол жыланды алдым маган тииспеди. Бирак улымнын аркасына кирип кеткендей болды. Отинемин айтым жибересиз бе.

  30. Саламатсмыз ба! Жузыкты женгем берып жатыр алтындарынын арасынан,сайкес келды саусагыма,бырнеше уакыттан сон бырак, майысып, жаман болып калды. Жорып берсеныз

  31. Сәлеметсіз бе!
    Түсімде тұрмысқа шығып жатр екенмін. Кісі неге аз келген деп уйымдап жылап журмін. Келген сыйлақтар тамақ екен дим. Татемди кордим, колында сыйлыққа берем деген сақинасы бар дим. Бұл түс қандай магына білдіреді?
    Алдын ала жауабынызға рахмет!

    1. Қабыл болсын! Тұрмысқа шығасың хабар келер тәтең арқылы шамасы. Адам аз болса дабыра қылмай, ұпиялау боатын шығар. Артында сен үшін қуанышты жағдай бар.

  32. Кеш жарык!мен тусимде кайтыс брлган анамды кордим ол жана кыстык етик тандап сатып алгал тур екен аягына киип алды маган жане апйыма унап «анашым,мынау сизге дал» деп куанып турмыз,сосын анамыз сатушыга мен жарты акшасы казир калганын кейн берсем болама деп сурайды екен…сатушы ак киим киген жок деп жауап береди анама,мен сатушыды таниды екем ол кисиге «Гуля апай ол менин анам,мине жарты акшасы деп 50 000 т бирингай 1000тенгеликтен 50 дана береди екенмин,анама осындай ис истегениме куанады екенмин тусимде…..осы тусимди жорып бериниздерши!

    1. Дина анаңның сен арқылы жаны қуатанып жатқаны. Аяқ киім етік рұқтық қуатпен байланысты. Мұны анаң кезінде меңгере алмай енді сенен алып жатқаны да бұл сен үшінде жақсылық. Сендегі рухани біліммен байланысты. Құранды қазақшасын көберек оқы ақшаңда көбейе береді ақиретке беретін және күйеуге де.

  33. Саламатсызба!!! Бүгін түс көрдім. Түсімде жолдасым құда түсіп барғанда құлағыма салган сырғаның біреуі сынып қалыпты екіншісі құлағымда екен. Бұл ненің нышаны. Иүсіне алмадым.

  34. Сәлеметсіз бе, менін түсімді де жорып берыңызшы. Түсімде күйеуым көзіме шөп салып жур екен. Өзім көріп қоямын, ол болса жасырмайды екен. Екеуы бірге біздын екінші пәтерде тұрып жүріпті. Араларында 3 жасар кыздары бар екен. Киімін жинап кетіп калыпты.

    1. Шамасы дәрет, киім тақуалық аз әлде жоқ болар. Шайтан осылай ашық көрсетіп алдайды. Аруақ ешқашанда мұндай түс көрсетпейді басқаша хабар береді керек болса.

  35. Салеметсиздер ме? Тусимде жукти екенсин
    Кадимгидей айы-куниме жетип босанайын деп жур екенмин.Бирак озим али турмыс курмаганмын.Осымен екинши рет кирип тур.Биринши коргенимде де босанайын деп жатканымды коргем. Енди бари жаксы болса екен деймин. Отиниш жорып кориниздерши

    1. Наз бұл түс сенің тақуалығыңа байланысты жорылады. Баста жаулық етек жең дұрыс шариғатты ұстансаң, онда бұл саған беріліп жатқан бақ Мәриям анамызбен байланысты киелі рұқты өмірге келтіру. Ал егер ондай жағдай болмаса онда абай бол тазару керек «Іштен шыққан шұбар жылан» деген қазақта

  36. Мен түсімде жол жүріп баражатамын қатарынан үш рет көрдім не деген мағына?

  37. Сəлеметсіз бе
    Мен түсімде өзіме ұнайтын,атақты əншіні көрдім.Екеуміз машинаға отырдық,ол маған бір нəрсе берді(Түрін бірақ анық көрмедім).Тағы осы кісіні тағы бірде көрдім.Онымен құшақтаса береді екенмін.
    Бұл қандай мағына?

  38. Сəлеметсіз бе, мен тусимде дос жигитиме турмыска шыгып, биринши тунимди кордим. Кеин тусимде шомылып жатканымды жане бир еркек алдымда тур екен, ол маган сорпа толы ыдысты корсетти, содан кеин сол сорпага шомылдым. Бул тус нени билдиреди екен?

  39. Салеметсыз бе!! Сен тусымде быр омырауыммен бале емызып отырып, екыншы омырауыммен сут агып жатыр екен. Не деген магына екен?

  40. Салеметсиз бе?! Мен тусимде озиме жанк отбасыма кабирден орын дайындап жур екенмин. Бул ненин белгиси?

  41. Саламатсыз ба?! Тусимде о дуниелик болган акем сандыктан тосектерди тусирсе, нени билдиргени?! Алдын ала рахмет!

  42. сəлеметсіз бе.мен тусім де кара мысык кордім сырта жанбыр жауып жатр екен ол тезеде отыр екен мен терезеден итеріп кірме деп жатрм ол мені тырнадыма есімде жок. кейн менің болеме кіріп кетті.кейн баска терезеде баска мысык отыр əр терезде бір мысыктан.

  43. Сәлематсіз! Түсімде бұрыңғы жолдасым маған қазіргі әйелінің көйлектерін газель жалдап алып кетші дейді. Бұрыңғы күйеуіме тұрмыс құрмай тұрып әдемі көйлектері көп екен, сол көйлектер оған енді керек емес, бәрібір кимейді, жұмыс істемейді, үйде отырады дейді. Мен ішімнен мен қайта көйлектерді кие бастадым, қаншама су жаңа көйлектер сатып ала бастадым, бөтен адамның көйлектерін не істеймін деп қоямын. Ананың сөзін естіген анам да нашар адам екен, әйелінің көйлектерін саған алып кет деуін қарашы деп жақтыртпай жатыр.

  44. Тағыда бүгін көрген түсім: ымырт түсіптіжаныма жиенім келген сияқты болды, менің құлыншағым деп қысып сүйіп жатсам, шынайы жиенімнің өзі келді. Мен қайсысы рас, қайсысы жалған екенін айыра алмай жатырмын. Рас жиенімнен сұрасам сен рассың ба есімің кім деп, ол қорқып қалды ма ештеңе айта алмай қалды. Біраздан кейін ажырата алдым, бірақ жалған жиенімнің кететін түрі жоқ. Бірсе ересек ер адамның дауысы мен біресе кішкене жиенімнің дауысымен сөйлей бастады. Маған бір Зухр дей ме Зуфар дейме сондай сүрені білесің бе дейді? Біраз заттарды айтып жатыр, менің қазір есімде жоқ. Үйдегілердің барлығы дәрменсіз, менің шынайы жиенімде ештеңе айта алмайды істей алмайды, барлығы бір бейсана түрде өмір сүріп жүргендей болып көрінді. Неге көрінді екен?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *