Түс жори біліңіз

Бөлім: Түс-аян-уахи қағидалары 25646

Егер адам түсінде:

 Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.  Жақсы көйлек кисе  — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.  Өзінің өліп қалғанын көрсе —  онда өңінде ұзақ жасайды.  Кісі  әйелдің қойнында жатса —  онда өңінде оның дәулеті артады.  Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.  Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады.  Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны.  Жылаған болса – өңінде қуанады.  Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі,  мұратына жетеді.  Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.  Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады.  Өзен көрсе —  кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.  Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі.  Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады.  Бал арасын қуып жүрсе  — өңінде пайдаға жолығады.  Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.  Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді.  Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді.  Үйіне түскен ұрыны көрсе —  онда ол өңінде табыс табады.  Шашын алдыратын болса —  онда ол өңінде кедейленеді.  Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.  Үйленген болса   — тілеп жүргеніне  жетеді.  Алтын көретін болса —  онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.  Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.  Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу.  Көпірден өткен кісі —  өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.  Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді.  Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан.  Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.  Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу.  Ақ түсті киім кисе —  онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.  Сары түсті киім кисе —  онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.  Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады.  Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды.  Құс ұстап алатын болса —  онда ол өңінде үйленеді.  Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.  Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады.  Көгершінді көрсе —  өңінде оның ісі оңғарылады.  Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады.  Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.  Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады.  Ет жесе —  өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.  Алма жесе —  өңінде тілегіне жетеді.  Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады.  Жылан қуса —  әйелдердің арбауына түседі.  Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды.  Үйі құлағанын көрсе —  ұрыс-керіс болады.  Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады.  Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.

«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші,  түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім

Әр түрлі

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.

Активтігі: 17%

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Активтігі: 14%
Құстар

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Активтігі: 12%
Андар

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Активтігі: 13%
Төрт — түлік

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Активтігі: 14%
Тағамдар

*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

1 345 thoughts on “Түс жори біліңіз

  1. Сәлеметсіз бе. Түсімде орамал тағып жатыр екенмін. Ішінен қызыл бонимен, сыртынан әдемі тастары бар қызғылт(розовый) орамалды тағып жатыр екенмін. Қасымдағы қыздарға да әдемі енлі үнемі осылай жүремін дейді екенмін. Бұл ненің белгісі?

  2. мен быреудн уйынде спальний де быр кызбен жатрмн уйленгелы журмз . спальнийде косылайын деп барп ойладм неке кыймаи косылу болмаиды деп . кыздн акесы имам шакырып койган екен . неке кыиуга келген имам . сосын мен далага шыгп кеттым темекы шегуге . сыртта ойлап турмн кейынрек уйленемз деп аитсам калаи болады деп сыртта кар жауып жатр жапалактап . казыр куз емеспе бул ненын белгысы

  3. түсімде 5 жолбарыс жанымда жүгіріп келіп секіріп ойнап жүр екен? бұл ненің белгісі екен?

  4. Түсімде Укаша атаның басына барған екенмін,керуен екен деп ойлаймын бір екеуі туыстарым екен
    сосын асығып шелекті қүдыққа тастаймын су бермеді
    сосын үйге кремде укаша атаны сун ішемін (қүдықтағы суы) ішем дәмі тәп тәтті жылы екен
    сосын онда су алып кетин димін бір литр банкаға күйып алам кішкене бетімен бірге болмай калады
    сосын қайтан бетімен бірдей қылып аламын сонда Сұнқар жігіт айтады толтырып алдынғой диді өзі толып тұрғанды
    сосын адамдар келип сүрап жатады мен аитамын өзгеріпті бүрында 40 метіред қазір су көтеріліпті деймін
    сосын үйде бізді күтіп алған аққулар бауырсақ тамақ істеп жатыр екен әркім өзістерімен жөр екен
    сосын маган неге су бермеді деп ойлаймын
    сосын мен беті колымді жуып тез барып келиін деп ойлаймын
    сосын қайтадан басына барамын сонда кіргенде сүнкар жігіт айтады екірет болмайды деп, сен салдын гой деп
    сосын ақылын айтып жатады мен сол кезде ойанып кетемін

  5. Сәлематсіз! Мен түсімде бұрыңғы жолдасымның үйіне барыппын. Үйінде ерлі зайыпты ғашықтардың зираты бар екен. Қазір ұмытып тұрмын кімдер екенін, бірақ түсімде нақты айтып тұрдым. Сол қасиетті ғашықтардың зираты болғаннан кейін бе, үйінде орда ашыпты. Негізінде шынайы өмірде олардың үйлерінде орда жоқ. Менің туыстарым олармен жандары қас, қалайша екенін білмеймін, сол үйде жүр. Бірақ әдеттегідей бұрыңғы жолдасымның ата анасы да, апалары да менімен сөйлеспейді. Тек айтқаны, маған қарап тұрып, енді бұл да кетті, босады дейді. Соған қарағанда бұрыңғы күйеуім қазіргі әйелімен ажырасты ма түсінбедім. Жан жағыма қарап қоямын, екеуі көрінбей ме деп, әлде зиратта жатқан сол екеуінің бейіті ме? екеуі өліп қалған сияқты. Бір білерім, маған сол екі қайтқан ғашықтардың төбе жағына отырғызып тіле деп жатыр. Бір уақытта шешесі тіл қатып, Индердағы Қыз Әулие анаң болып қолдау саламын, сенің апайыңа да қолдау саламын деп жатыр. Түстің мағынасын түсінбедім.

    1. Ия сендердің арларыңдағы рухани байланысты жалғап жатқаны. Бұрынғы жолдасың болғанмен ақиретте сұрауы бар ғой. Орда ашылса киелі аруақтардың үйінен орын алып жатқаны болар.

  6. Сәлеметсізбе .Мен түсімде егіз бала босаныппын , бірінің есімін Мағжан койыппын? !бул түсімді қалай жоруга болады

  7. Түсімде теп тегіс жолда машинамен келе жатырмыз кәдімгі кара трас кой тееп тегіс жаңа салынғандай, жолда бір үлкен мешіт тұр өтте әдемі үлкеннен мен таксиге айтып жатырмын кандай әдемі мешіт деп таң қалып турмын сосын жолда әппақ қар жауып тур жер әппақ, таң қалып отырмын жанымда бір қыз отырды сосын такси аға отыр екен, жол қандай теп тегіс деп айтып жаттым түсімді жорып беріңізші

  8. Салеметсиз бе? Сонгы кезде жиі куйеуим баска кызга кеткенин коремин.Бугин тусимде куйеуим уйге уакытша турсын деп кудашамды акелипти.содан шай ишип отырып мен анамнын козинше шу шыгарыппын ана кызга айтпаганым жок.екеуиде ундемепти.мамама айтып жатырм мынау биздин куданын кызы кара не истеп жургенин деп.мамам екеуине карап отыр.екеуин жек корип отыргандай.содан ана кызга кет деп куып шыгыппын.ана кыздын кози жасаурап меним баратын жерим жок дегенди кылды,куйеуим соны жактап отыр екен.содан жаным ашып калдырайын ба деп коям бир жагынан мен кателесип турмын ба деп ойладым.содан не болсада ол кызды куып шыгып апкеме айтып коям ажырасып кетсе кетсин деп.кызганып жургеннен иштей шаршаганымды сездим.Апкеммен бир кафе сиякты жерде отырсам куйеуим бир еркекпен арак алып жур,содан ойлап коям мынау ана кыз ушин ишкели турма алде мен ушин ба деп.содан арагын алып маган кеп карап турып кетип капты сойлеспеди де.

    1. Қырмызы бұл сенің ішіңнің тазару керегін, күйеуіңе беретін жан қуаты болмай жатқанын білдіреді. Сондықтан ол кез келген әйелге туыстарға жалғанады рухани тұрғыда. Саған тазару әулие-әмилердің батасын алу керек.

  9. саламатсызба!тусимде балшы апа маган жигитин орыс,озине кайтып оралады,ешкиммен ара-катынаска туспе тек сол жигитпен деп жатыр екен!нени билидиреди екен.

  10. Ассалаумагалейкум түсімде қара қойлар көріп жүр екенмін сосын дүкенен әртүрлі тондарды адамдардын үстінен көріп жүрмін ол ненің белгісі?

  11. Тусимде 4адам жатыр Дим бакилык болайындеп далага шгп карасам алыстан бир киси кележатыр Дим кара кимде колында орагы сиякт бирдеме бар Дим ойлап турм осы кисилерге кележаткан шгардеп касымда иним бар дим бизге карай кележатр биз кашыппыз куып инимди олтирейндеп жатыр дим мен орагын устап фатиха суресн окып жатырм брак анау киси маган карап кулет Дим мен кате окыганыма одан сон биз кылышпен сол кисини олтириппз Дим ишке барсам банагы бир айел адам маган касындагы ким киси екенин айтып жатыр екен ози жумакка кетипти мен корип отырм Дим уйин жайлы Деп.не болатын айтасыздарма?

    1. Шаттық келесі жолы қатесіз дұрыстап жаз. Дым деген не? Жарайды бұл сенің рұқыңның рухани өлім сатысына өтуі. Ініңмен екеуіңе де. Саған інің екеуіңе әулие-әмилердің алдынан өтулерің керек. Сонда өмірлерің баянды болмақ.

  12. Мен түсімде анамды бір жерге алып барыппын. Онда өзен суы арнасынан асып жатыр екен, су салқын жəне тұнық Анам маған суға түспейсіңбе деп жатыр екен. Мен су салқын ғой деп жатырм. Жанында Алма ағаштары бар екен 2еу ғой деймін, алмалары көп екен жəне көкшілдеу. Мен біреуін үзіп алып анама бермекші болдым ары қарай есімде жоқ

  13. Сәлеметсіз бе! Түсімде шашым ағарып кетіпті, айнаға қарап таңқалып отыр екенмін. Өзім болсам қазыргі қалпым жаспын. Нені білдіреді?

  14. Тусімде аяқ киім жогалтып, таппай журмин, туфли жане кыскы етік, жорып бересіз бе

  15. Сәлематсіз! түсімде біздің үйге бір топ ер адамдар намаз оқитын сақалдары түскен адамдар сауғалап кіріп келді. Жолдастарымыз үйде жоқ дегенге қарамастан үйде билік жүргізіп, қолдарына сүлгілерін алып жуынып біреулері, екінші біреулері қазандықты іздеп жүр ас дайындайын деп. Менің басымда аталардың ақтығы бар басыма тартып алған оқтау алып еркектерді үйден қуа бастадым. Үйде меннен басқа ешкім орамал тартпайды екен. Сөйтіп кетті, соларды дарбазадан шығарып жіберейін деп көшеге қарасам бұлар бір өздері емес қырғын адам екен. Халық осылар сияқты болып кеткен бе, іштерінде қара жамылып бүркенгендері бар, ингуш па шешендіктер толы, өзге ұлттар да бар ирандықтар ма… Жабайы тәртіпсіз оқымаған қараңғы мұсылмандар болып көрінді. Мен орамал тартсам да басыма бәрі менің бөтен екендігімді сезіп тұр. аңдар сияқты жемтік іздеген

  16. Сәлеметсіз бе. Түсімде аяғым ауыр болып жүргенін жиі көремін. Жақында Көрген түсімде кішкентай нәрестем бар екен, соны емізіп отырғанымды көрдім. Ал негізі өмірде 1 рет тұрмыста болғанмын, ажырасқанмын. Бала көтерген емеспін. Бірақ осындай түстер маза бермейді

    1. Белгісіз! Атыңды жазбасаң түсіңді жоруға да болмайды. Сонда болса Құдай саған ұрпақ беріп жатыр. Енді оның әкесі кім болады көрсеткеніңе шығамын деп уәде бер Құдайға.

  17. сәлеметсіз бе Тоқберген аға!
    Мен осыдан 2-3 кун бурын тус көргенмін, мүмкіндік болса жорып бересіз бе! Мен және жумыстас достарым концерт болатын жерде журмиз адам көп, биз коршаудын ишнде турмыз айналамызды адамдар кирмесін/журмесін деп футбол ойнайтын аландай жерди коршаган екен. Бір мезгілде бәріміз ол жерден шыгып жумыска бардык, ол жакта барі мәз мейрам біреудің тойы болған деген ойда болдым. Далаға шыксам (мен ғашык жігіт) бір жұмыстасым велосипедпен жур екен мені артына отырғызуын өтініп велосипедке мініп жатыр екенмін. (Сол сәтте оянып кеттім)

  18. Сəлеметсіз бе аға? Мен осыдан неше апта бұрын түсімде жүкті екенмін?,іштей əсерлене қуанып үйдегілерге айтып жүрм,бұл ненің белгісі?

    1. Гүлдана қуанып жүрегеніңе қарағанда бала көтере алмай, әлде бапсқа жағдай қиындық болып жүрген сияқты. Жүкттілікті телеп жүрсең онда қабыл қылғаны Құдайдын!

  19. Сәлеметсіз бе? Бүгін түсімнен шошып ояндым. Елбасы Н.Назарбаевпен кездесу өту керек екенін. Бірақ Елбасының өміріне қауіп бар екенін басынан ескеріп, соған қасына қарауыл ретінде көп жігіттер мен мені алады екен. Машинаны жауыздар байқамасын деп 2-3 рет ауыстырамыз екен. Сондағы 2 машина болып жүрміз. Кездесу орнына аман-есен жетеміз. Бірақ Елбасы есіктен кірейін деп жатқанда мен оны өз денеммен жауып тұрғаныма қарамастан, оған оқ дәл тиеді. Сол жердегі қарауылшыларды атып тастады. Мен қалдым және кездесуге келген бір студент қыз болады екен. Мен боол, тез жүгір деп оны тау бөктерінің ортасына алып кетеді екенмін. Сол жерде жасырынып отырғанда, университетіміздің екі ағайы жанымызға келіп тамақ берді. Бірақ олар мән-жайдың барысын білмеді. Содан әлгі қанішер артымыздан келіп қалды. Біз ол оңға барса, сол жаққа қарай тығыламыз. Сол жаққа келсек, оңға қарай тығыламыз. Солай бізді ұстап алады. Атайын деп жатқанда шошып ояндым. Бұл не екен?

    1. Бұл Көркем сенің жанды тұрғыда туысқандық байланысың бар. Рулас па едің? Шынында ел басына рухани қауіп бар, үниверситетіңнің екі ағайы тамақ берсе оған рухани жан біліміңнің жетіспей жатқаны. Сағанда солай жаның көркеймей тұр жетіліп. Сондықтан жындардың шабуылына ұшырау қаупі бар. Бұл жалпы қазақ елінің жалпы Рұқ пен жандық жағдайынан да хабар береді.

  20. Саламатсыз ба? түсімде ылғи машина айдап жүремін, бірақ өмірімде машина айдап көрмегенмін, нені білдіреді екен

    1. Жалпы Көркем егер сенің ата дәстүрін ұсануыңмен ақ жаулық етек, жеңдік өрісің дұрыс болмай ашық жүрсең онда саған бұл төнген қауіп болмақ. Тез арад амал қылмасаң онда рухани өлім сатысы ауыр қиындыққа ұшыратады. Негізінде бұл жағдай қазақтың елдігі әйелдер қауымына және рухани ұлттығына, рухани өлім сатысынан өтуге түскен үкім Алладан сынақ болмақ.

  21. Аға, кеше тағы түс көргенмін. Алдында айтқан Елбасын өлтірген адам тағы бір адамды өлтіріп сол адамның мәйітімен менің соңымнан ілесті. Мен жүрісімді тездеткен сайын ол жақындай берді. Түсі суық, мұрты бар қара кісі. Шошып ояндым????

  22. Сəлеметсізбе? Мен түсімде теңізба? Мұхитпа билмеймин. Айтеуир уокен кемемен журмин. Касымда кызым бар екен.озимизди суретке тусирип жур екенбиз. Жолда биреулерден еки бума кагаз акша алдык. Баска елдин акшасы. Кайтарда берип кетемиз деп. Бул ненин белгиси екен. Айтып беринизши

  23. Сәлеметсіз бе? Мен тусимде ібілсті кордіи адам бейнесинде кара киинип алыпты менин отбасымды куып жур екен корыкканымнан айкалап калима айтып кашып журмин сонында онынкеудесине пышык сиякты бир затты тыгып алдым.Жакында тагы бир тус кордим онда айнага карасам ібіліс коренеди екен дим .сосын мен оны бир орта жастагы еркек адамга барып айтканымда ол киси маган намаз окы деп бир ак ауыз соз айтты.

  24. Түсімде бұрынғы оқыған мектебімнен күртешемді алып келе жатыр екенмін, қалтасына қолымды саоып қалсам күміс түсті сырға бар екен.Ол менин бұрынғы сырғам екен деп қуанып кеттімде,машинаға отырып кеттим.Бірақ рульдегі жігітті танымаймын.Ол ненің нышаны болуы мүмкін?

  25. Ата, Ассалаумағалейкүм!
    Түсімде атқа мініп таулы адырда жүр екем. Кенет жыландар көбейіп кетіп маған атылады. Мен жалма-жан қылышпен ба әйтеуір қолымсы сермеп тастап, өлтіріп жатырмын. Өзім қорқып жүрмін. Әр-әр жерде топ-топ жыландарды көріп жүрмін. Маған атылғандарын ұрып түсірем болмаса жеткізбей кетем. Бір кезде соғысып жүрмін. Қалың ағаш арасынан біреуден садақ оғын алып бізді өлтірмекші болған біреудің жүрек тұсына оп-оңай тығып алып өлтірдім. Содан таза киім киіп алғам, үлкен жолдың жағасында тұрмын. Бір әдемелеп сақал қойған кісі лимузин жип машинасы пәленше деген байдікі деп қояды. Ойымда біреуден кек алу ма, ұрлап кету ма ой бар. Темекі шегіп тұрмын. Өзіме ренжіп қоям. Жол жағасындағы қоқыс жәшікке күлін дұрыс түсіре алмай шертіп қоям.
    Негізі темекі жекпеймін.
    Түсімді жорып беріңіз!
    Әумин!

    1. Иляс жыландамен соғысып жүргенің бақсылық қасиетіт меңгерумен байланысты. Ал ойыңда ұрлық, және темекі шегіп жүргенің ол кеудеңнің тазармай әлі өзіңде жындылық барын білдіреді. Ақталып тазаруың керек.

  26. Саламатсызба.мен жүкті екенімдімді азанда білген едім.Түсімде мен біреудің айлық нəрестесін бесікте тербетіп отыр екем.Анам келіп маган алытын екі сырға ұстатты.Бірак бір сырға бірдей емес екі түрлі екен??? Ол нені білжіреді?

  27. Сәлематсіз! Түсімде үлкен қызым босаныпты, қызды болған. Бірақ қыздың толығымен оң қолы ұрып тастағандай, соғылғандай көк түсті екен. неге көрінді екен?

    1. Күлжамал бұл да Құдайдың рахымы саған ескертіп жатқан. Оң қол тағдырының бұзылғана ұрпқа зиян тиетіні ескертіп жатқаны болар. Тазарудан өтіп, тағдырын ақтауы керек.

  28. Ата, ақталып тазар депсіз. Оны қалай жасауға болады. Ордаға барайын ба? Қазір жүре алмай жатырмын ғой. Өз-өзімді тазарту үшін қандай сүрелерді оқысам болады?

  29. Тағдырын қалай ақтап аламын? қалай тазарудан өткіземін? туылған нәрестені тазарудан өткізуім керек пе?

  30. Саламатсызба. Он екі жасар ұлым түсінде үлкен ұлыммен нағашы əжесінің үйінде отырыпты. Сол кезде енем келіп қолындағы мылтығымен балаларымды яғни ата бастапты айқайлап содан балаларым қашып достарының үйіне тығылыпты көмек сұрап.досының үйінде бұрын қайтыс боп кеткен досының атасы көзіне көзілдірік киіп отыр екен .бұл нені білдіреді екен

    1. Ақтоты ұлыңа нағашы әжелерңнен қолдау түсіп жатқаны. Енеңнің оны атып жүргеніде де бір ескеретін жағдай бар. Енең шамасы тақуалық шариғатты ұстанбаса онда ұрпақтарға зияны тиеді деген белгі. Көзгілдірік киуде егерде шариғатты сақтамаса ата дәстүріне деген көзқарастың қисық екеніне белгі ал тақуалығы болса онда көріпкелдік қасиетпен байланысты.

  31. Салеметсиз бе? Тусимде жолдын устинде кетип бара жатсам алдыма камаз токтапты сойтип ишинен сары кара улкен жыландар шыгып жатыр екен,мен коркып шагып алмасын деп кашып журм сойтип жолдын аргы жагына карасам осыдан 4 жыл бурын кайтыс болгам агам отыр маган колын созып пискен ет берипти ози сондай адеми боп кетипти карап тура бергим келди.алги жыландардан коркып оган айтып коям мыналар шагып алмасын мен кеттим деп.артыма карап коям жымиып отыр екен

    1. Сәлем! Қырмызы қабыл болсын ағаңның аруағы көтерліп, саған жәрдемге келген екен. Ал Камаз ол сенің қазіргі жүрген бағытыңдағы кедергі қайшылықтар болар.

  32. Сəлеметсіз бе? Түсімде екі жакка бөліп жинаған ұзын шашымның бір жағы қысқарып өзімен өзі тегіс болып қиылып түсіпті. Ол нені білдіреді?

  33. Сәлеметсізбе?
    Түсімде жылан көремін
    Не ол мені шағабы (улы жылан)
    Не мен оларды өлтіріп тастаймын..
    Сары ала жылан кіреді.Ақ жылан кіреді..
    (өзім ауырып жыр едім негізі)
    Сосын жыланнан бөлек бұрын тұрған үйімді жиі көремін..Әкемнің сыңары бар еді..Ол кісі енді араққа салынып кеткен.Ал әкем бұрыыыын қайтыс болып кеткен..(ол ішпейтін шекпейтін) Сол сыңарын жиі көремін сенің кесіріңнен ауырдық деп жиі айқайлаймын өтнш арақты тасташы деп..Ия шынымен әулетіміздегі менімен жастылар ауырып жатырмыз шет шетімізден…
    Жорып берсеңіз..
    Сол үйді көремін және жыланды және аспанды, қарға көремін жапалақты да көремін
    Алма да көріп оны жеймін..Және бұрын жақсы көрген адамым кейде түсімде жылатады кейде қуантады
    Әйтеуір осыларды жорып беріңізші

    1. Бұл арпалыс ақ пен қараның өз ара соғысы. Жылан басқа жәндік, хайуан, жануарлар әруақтық әлеммен байланысты. Тазалық тақуалық жоғалғанда осылай болады. Толық киім, шариғатқа берік бол сонда түсіңде қалыпқа келіп бағыт бағдар аласың не істеу керегіне.

  34. Сәлеметсіз бе мен түсімде ауыл арасында жүргенімде бір ер жігіт артымнан қуып жетіп жетектеп келе жатқан торы атты маған ұстатты да кете берді . Жылқы иесіне қимай қарап тұрды, сосын мен сол торы атқа мініп шауып кеттім . Соңғы жағында торы атқа бауыр басып қалыппын. Бұл түсім нені білдіреді болжап берсеңіз өтініш. Əлгі торы ат көзімді жұмсам көз алдым да тұрады.

  35. Сәлематсіз! Түсімде бұрыңғы жолдасым маған өзі жазған кітапты ұсынып жатыр. Бірақ бір қызығы, кітабының басқы мұқаба беті кітаптың соңында екен. Неге көрінде екен бұл түс? рахмет.

      1. Сәлематсіз! Оның басы бос емес. Оған қоса кітабы бизнес пен маркетинг туралы жаңадан бизнес ашушыларға әдістеме ретінде жазылған. Соны маған өзінше мақтанғандай қолыма ұстатып жатыр. Өзі көлігіне отырып, 18 жасар қыздарға кеттім дейді. Мен жұмысымнан шығып автобусқа мініп үйіме беттедім.

        1. Амангүл түсті жорытқанда мұндай деректер керек. Сен толық жазбадың мені басқа бағытқа бұрдың. Мұндай деректерін білсең мұны өзің де жақсы түсінесің себебін. Сонымен бірге бұл аянба әлде шайтанан алдау ма ол сенің тазалығын дәрет, шариғатпен жүруіңе де байланысты.

      2. рұқтық тұрғыда байланып тұру деген қалай? жандарымыз байланған ба? мен оған өзімнің энергиямды беріп жатырмын ба? оны қалай үзуге болады? маған нұсқау берсеңіз.

  36. Ассалаумағалейкум аға! Бүгінгі түсімді жорып берсеңіз. Түсімде бір атқа мініп жүр екенмін, бірақ ол атпен бір үйдің ішінде жүр екенмін, басым үйдің төбесіне тиетіндей,бөтен үй екен, шығар есікті таба алмай жүр екенмін… Бірақ шыққанда марқұм Ақ ұл ағаның үйіне ұқсайды екен, ашылуға барғанда көргенде басқадай болған секілді, қазір мүлде басқадай болып өзгеріп кеткендей, сондықтан тура сол үй деп айта алмаймын, басқа үй болуы мүмкін. Осыны жорып берсеңіз.

  37. Сəлеметсіз бе?Түсімде ұшаққа мініп бұлттардан асып бара жатыр екем.Сосын қар көп жерде үстіме қызыл куртка киіп алыппын.Бұл нені білдіреді? Өтінемін…

  38. Сәлеметсіз бе? Біз үй салып жатырмыз буйырса… Куйеуим сол уйди тусимде кордим 2кабатты етип салыппыз бирпк он жак кабыргасы кулап кайта тургызып жатырмыз дейди.
    Ал мен тусимде былтыр кайтыс болган апкем жана туылган баласымен… Солардын кабирин казып жатыр екенмин. Киыршык тастар кирпиш сиякты. Баласын корип суйкимдисинай деп жатырмын. Ол ненин белгиси екен?

    1. Үй салып екі қабат болса онда бұл шариғат пен әрі қарай тарихатқа жалғану дұрыс болмай жатқаны. Негізі жеті қабат үй тура жолға жалғану. Ал қабірді қазып нәрестенішығарып жатсаң әпкеңді өмірге қайта әкелесің.

  39. Сәлеметсіз бе
    Түсімде 3 -4 апта бұрын қайтыс болған атам және оның жалғыз ұлы (ағам) және мен (үлкен немересі) үшеуіміз ақшыл-көк түсті джигулимен келіп , үлкен ыдыспен су алып жатыр екенбіз. Су болса үлкен арықтың астынан ағып жатыр екен (таза су сияқты) . Ал шөбі жап-жасыл əрі сулы жерде орналасқан екен. Нені білдіреді айтып бере аласыз ба ?

  40. салеметсиз бе? мен жүктімін жəне түсімде жүкті боп қарбыз жеп отырмын оте катты сүйсініп бул кандай белгі екен

      1. мен сақина жүзік көрсе ұл бала деп естиген едим) бүгін түсімде сары табақтың ишиндеги суды тогейин деп жатып сақина (обручалный) тауып алдым ешкимге бергим келмей колыма тагып алдым ен кишкене саусакка

        1. Қабыл болсы сақина жүзік жалпы рухани тұрғыда белгілі бір періштелремен, аруақтамен жалғану. Оның түрлі жағдайда саған сый болатында сенің бұған жасаған амалдарыңа шүкірілікке байланысты. Әруақтарға құран оқытып, садақа бер.

  41. Сəлеметсіз бе? Түсімді таң атысымен 9 дан кейін уақытта көрген сияктымын. Түсімде 18-19 жасар кезім бірақ өзім қазір 24ке толғам , сол 19 жастағы өзіммен жасты бір ер бала мен ойнап күліп жүрмін. Ал ата-анам сол уақытта ауылдан қалаға тойға кеткен еді. Бір ауылдың адамы жүгіріп келіп маған » Сенін рұқсатынсыз ата-ананның жаны аман калды екі баланы тоқтан құтқарамын деп» деп айтып жатыр екен ал мен болсам өз көз жасыма тұншығып өкіріп жылап жатырмын сонда бұл не дегені?

    1. Бибұнұр түсіңде жыласаң бұл қуаншыты жағдайды білдереді алдағы тұрған. Скн арқылы ата-анаң құтқарылады деген белгі. Ал өзіңмен жасты балалық шақпен кездесіп ойнап жүргенің ол иман серігің сенімен бірге жолдас болып анаңның жатырында бірге жатқан. Бұлда жақсылық рухани қуаттық жүйеге жалғану жүріп жатқаны.

  42. Қайырлы күн! Бүгін түсіме 11 ай бұрын қайтыс болған бауырым келді. Біраз уақыт кырмеп еді. Ол мені қатты құшақтап тұрды, жай турмадык, вальс билегендей айналып, кушактасып тұрдық, мен сол мезетте (неге екенін білмеймін) «фатиха» сүресін оқып жатыр екенмін. Жақсылыққа болғай

    1. Динара әрине бұл жақсылық. Сенің құранды меңгеріп оған қуат қосуың керек дегенде белгі. Шариғатты бекем ұстан құранды 5-6 рет қазақшасын оқы сонда оған да қуат қосасың.

  43. Сәлеметсіз бе ! Мен тұрмысқа шыққан , ұш қызым бар .
    Түсімде төркінімнен өзім жалғыз , автобусқа мініп алыс жолға шығып барамын , әле бойдақ секілді . Әкем мен шешем шығарып салып жатыр . Бұл нені білдіреді ?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *