Түс жори біліңіз

Бөлім: Түс-аян-уахи қағидалары 25640

Егер адам түсінде:

 Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.  Жақсы көйлек кисе  — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.  Өзінің өліп қалғанын көрсе —  онда өңінде ұзақ жасайды.  Кісі  әйелдің қойнында жатса —  онда өңінде оның дәулеті артады.  Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.  Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады.  Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны.  Жылаған болса – өңінде қуанады.  Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі,  мұратына жетеді.  Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.  Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады.  Өзен көрсе —  кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.  Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі.  Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады.  Бал арасын қуып жүрсе  — өңінде пайдаға жолығады.  Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.  Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді.  Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді.  Үйіне түскен ұрыны көрсе —  онда ол өңінде табыс табады.  Шашын алдыратын болса —  онда ол өңінде кедейленеді.  Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.  Үйленген болса   — тілеп жүргеніне  жетеді.  Алтын көретін болса —  онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.  Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.  Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу.  Көпірден өткен кісі —  өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.  Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді.  Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан.  Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.  Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу.  Ақ түсті киім кисе —  онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.  Сары түсті киім кисе —  онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.  Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады.  Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды.  Құс ұстап алатын болса —  онда ол өңінде үйленеді.  Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.  Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады.  Көгершінді көрсе —  өңінде оның ісі оңғарылады.  Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады.  Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.  Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады.  Ет жесе —  өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.  Алма жесе —  өңінде тілегіне жетеді.  Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады.  Жылан қуса —  әйелдердің арбауына түседі.  Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды.  Үйі құлағанын көрсе —  ұрыс-керіс болады.  Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады.  Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.

«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші,  түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім

Әр түрлі

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.

Активтігі: 17%

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Активтігі: 14%
Құстар

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Активтігі: 12%
Андар

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Активтігі: 13%
Төрт — түлік

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Активтігі: 14%
Тағамдар

*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

1 345 thoughts on “Түс жори біліңіз

  1. Амансызба Төке ! Бүгін түсімде көршіге туыстап келіп тұрып жатқан бір бала-жігіт үиімнің ауласында тарсылдатып темір-терсек жинап жүр екен деймін. Өзімше барып бұның не деп айтам деп жатып ары қарай ұйқтап кеткен болуым керек.Өйткені біраздан кейін тағы түс көрдім бұл жолы бір үлкендеу жылқы ерттелген бе әлде арбаға жегілгенбе тек артқы екі аяғы шынтақтан төмен жоқ буын сүйегі ашық, аққан қаны жоқ, мен жақ аула да бос жүр.Бұл түс нені білдіреді жорып
    бересізбе ?

    1. Жамбыл бұл сенің аруақтарыңмен байланысты. Сенің аулаңда темір терсек шашылып оны жинауға көмек беріп жүргені де жақсылық. Темір терсек сендегі жүк қуатар тәніңді тазарытп ақталуың керек. Ал Жылқының жаралы боып тұрғаны да ақиртегі тозақта азап тартып жатқан әруақтармен байланысты. Оларға сен жәрдем беруің кере. Бұл ата жолы ордалары арқылы бағыт бағдар алып атқарылатын істер.

  2. Сәлеметсіз бе ! Мен аққумын Сарыбай атамен ашылғанмың, Менім танысым мені түсімде мені көріпті, Түсінде мен танысымнын ұйіне барыппым оларға құран оқытындар деп 3 -4 рет айтып мен бүрышта түрмын екен сосын аузымнан әппақ ақ көбік ағып жатырекен танысым көбікты колмен алып азына салады екен тәптәтті диді сол уақыта мен түргам жерімде күлап қаламын

  3. Салеметсиз бе агай! Тусимде жаным денемнен болинип шыгып аспанга ушыпты. Кателеспесем, алыстан жарык сауле кордим жане «ла Илаха Иллаллах, Мухамадан расуллуллах» деп катты дауыстап жатыр екенмин. Бир кезде топ етип жерге тусиппин. Жерди аппак кар баскан екен. Адам изи мулдем жок. Мен жалгыз турмын. Жолдын еки жак жиегинде жап-жасыл агаштар коктеп тур. Ал мен болсам: «букил жер кар жамылган, мына агаштар неге жасыл тустес жайкалып тур» деп танкалып тур екенмин. Солай оянып кеттим. Ага! Бул тустин жоруы калай болады екен. Сизге алдын ала рахмет!

    1. Жұлдыз қабыл болсын. Адам баласында жеті жан болады. Оның алтауы ұжданмен байланысты өсіп жетіледі. Ал бір жан Алладан келген жан жанаттықтармен байланысты аманат болмақ. Сол аманат жаның Менің бостандықа шығып ұжмақты саған көрсетіп жатқаны. Жандағы тазалықтыңда белгісі болады.

  4. Сəлеметсізбе! Түсімде құрбымның куйеуге шығып жатқанын көріппін басына қызыл орамал тағып бұл нені білдіреді! Əлде шынында күйеуге шығама

  5. Сәлеметсіз бе, сағат кешкі 8-9 арасында түсімде үйдін жанында әппақ тал талда глдер өсіп түрекен касымда менің мен кадарлы адамдар аспанан апақ қүстар түсіп жатыр екен күстар талга конды касымдаг адамдар айтады кіге күс конады сол адам бакыты болады диді мен оилап турам соткага түсіріп алу керектеп сосын үстіме үирек не казы үстіме секірп мінеді түмсыгында бір сары жапырак үлкен екен сосын түмсыгынан жапыракты аламын мен ойлаймын жапыракты ордага апарып койыукеректеп

  6. Салеметсиз аға түсімде бір жақын туысқан ініммен төбелесіп жүрмін. Бұл нені білдірер екен жорып бересізбе. Бір уыс талқанды алдыма шашып тастап жина деп отыр екен.

  7. Саламатсызба? Мен куйеуіммен ажырасқалы 4 ай болды. Ол түсімде мені қамшымен сабап жатыр бірақ мен перденің арғы жағында тұрмын сойлей алмай.Іштей білем мені емес інісін сабап жатыр деп ойлап жатырғой деп.Болмағасын қамшысын ұстап бетімді аштым ол өзі түсінбей таңырқап бірақ ашуы тарқамаған інісі мен келінін сабауға көшті.Бұны қалай жорысам екен?

    1. Айдана бұрынғы күйеуіңнің бақсылық қасиеті барын көрсетіп жатқаны. Екеуінің арадағы пердені өзің ашқаның бұлда сенің рухани жаңаруыңмен байланысты. Інісі келінінде де қаралық болып енді соны тазарту арқылы сенімен араларыңда қайтадан жарастық жақындық болар.

  8. Ага Салеметсизбе! мен тусимде еки кабат айелди кордим иши катты улкен болып келкен ким екенин ангара алмадым озим ба?баска ма? жорып беринизши

  9. сәлеметсіз бе ,мен түсімде жаңбырдың астында қысқа шортый киіп бейіт жаққа кетіп бара жатқан қайын атамды көрдім,ол нені білдіреді

  10. Салеметсіз бе! Мен өткенде түсімде денеме көп жара шыккан түс көріп едім. Бүгін тагы сол аягыма үлкен бір кызыл етті жара шыккан екен бірак жаранын жартысы жазылып түсейін деп тұр екен өте үлкен. Бұл ненің нышаны?

    1. Жібек денеге жара шығыу бұл іштегі қаралықтың сыртқа шығып жатқандығы ал аяғына жары шығып жазылайны деп жатқаны да жақсылықтың нышаны әрі аяты тәнді күтіп шариғатты қатаң сақтауды ескерткен белгі болар.

  11. Түсімде мен мәсімен далаға шығып кеттіппім кележатып қасымдаға әиелге мен мәсімен далаға шығып кеттіппімғой деп айтамын бір таныс үиге келеміз мен солжерде айағыма карасам мәсі дымкылданып шан кірболғандай көрінеді сол кезде жан жағыма карап мен колыма сулык алып жерден төртбүрышты ыдыска су күиып койғандай мөп- мөлдір болып түрған суларды көремін соган сулыкты матырып жанжағыма карап мәсімді жартылай сүртіп жатканда мәсім дымкылданып басынын клиі ашылғандай көрінген сәте айағымдағы мәсімді шеші тастаймын да үиге кайтып кіремін сол кезде алдымнан касымдағ әиел шығады мен одан өзімні күрешкем кайда деп сүраймын ол менен түрі қандай дегенде мен оған дүрыс түсіндіре алмай домалак деген сөздін орынын шариктеп қате аитамын өзім тауып аламын деп іздеп жүріп бір бөлмеге кіремін ол жерде екі үш адам үиктап жатады ойатып алмаиындеп шығып баражатып шыні шкафтын көріп ішінен өзімнін іздеп жүрген күрешкемді көремін алмакшы болып жаткан да оианып кетемін

    1. Бұл мәсмен байланысты аяқтың тазаруын білдіреді. Аяққа дұрыс иәсі киіп әулие бұлағынан өтіп тазару керек. Сол жерден бой өрсінде таартып өз киіміңді қалыптастырасың деген белгі.

  12. Ассалаумагалейкум ага тусимде президент келип кушактап кызымнын аке-шешесине меним балам бул акеси жок демендер меними балам бул деп таныстырып кыздарин маган беруин сурап жатир екен (меним акем жок ) жорып бересизба ага рахмет алдын ала ?!

  13. Сәлеметсізбе! Мен түсімде нағашы сіңілім екеуіміз танымайтын бір үйде екенбіз. Содан бір танымайтын ер адам, түрі есімде жоқ, үйдің бір бөлмесіне, көп ақша акеліп тиіспендер деп, бөлмені кілттеп кеткен. сіңлімде артық кілт болып екеуіміз сол бөлмеден көп ақшадан 2000 теңгеліктен 2 пачкасын алып алғанбыз. содан ана кісі үйге кірейін десе екеуімізде кіргізбейді екенбіз. осы арада оянып кеттім. Бұл ненің нышаны екен?

  14. Сәлематсіз! Түсімде судың деңгейі көтеріліп әп сәтте қайдан екенін білмеймін, жер көкті су басып жатыр. Анашым далада әңгіме айтып тұрған, мен ұйықтайын деп дайындалып жатқам, далаға шығып анама мен ұйықтайын деп жатырмын деп айтайын десем адамдар дүрлігіп барлығы қарқынды екпінмен келе жатқан топан судан қашуда. Неге көрінді екен?

    1. Амангүл бұл саған қасиететен белгі және расында әлемде осындай апаатар болып, қазақ елінде де судың зобалаңы болады көктемеде. Сендер тұратын жерде де осындай судың апаты қаупі бар болғаны.

      1. рахмет жауабыңызға, деніңіз сау болсын. Болмай ақ қойса екен су тасқыны, ‘Құдай шәй’ беру керек болар.

  15. Мен түсімде сақинамның көзін түсіріп.табалмадым.сақина көзі көк түсті

  16. Сәлеметсіз бе!! Мен түсімде бөкен көрдім..ол қасымнан өтіп баратты.Әйтеуір оо ақ бөкен деп қоямыз..Ақ немесе сұрлау сондай бірдеңе.. Ол не білдіреді?

    Және қолтырауын көрдім олше? Сосын отбасым мені ұзатайын деп жатты.Соған қарағанда жігітпен таныстырмақшы әйтеуір аяқ киім ки деді барып аяқ киімімді киейін деп барсам ақ аяқ киіммен қасында розовый аяқ киім тұр екен.Ақ аяқ киім жап-жаңа әдемілеу ал ана екіншісі ескілеу мен сол ақ аяқ киімді киіппін.. Осыларды жорып беріңізші..

  17. Сәлеметсіз бе!! Мен түсімде бөкен көрдім..ол қасымнан өтіп баратты.Әйтеуір оо ақ бөкен деп қоямыз..Ақ немесе сұрлау сондай бірдеңе.. Ол не білдіреді?

    Және қолтырауын көрдім олше? Сосын отбасым мені ұзатайын деп жатты.Соған қарағанда жігітпен таныстырмақшы әйтеуір аяқ киім ки деді барып аяқ киімімді киейін деп барсам ақ аяқ киіммен қасында розовый аяқ киім тұр екен.Ақ аяқ киім жап-жаңа әдемілеу ал ана екіншісі ескілеу мен сол ақ аяқ киімді киіппін.. Осыларды жорып беріңізші..

  18. Салеметсизбе, мен тусимде жарты жыл бурын кайтыс болган атамды кордим, ол тири кезиндегидей тосек тартып жатыр екен, барып калын сурап сагындым деп жыладым, бетинен суйдим, сосын ол киси де бирге жылады.

  19. Салеметсизба!Тусимде апкем екеуимиз зираттардын арасынан отип,ары карай церковтын моншасына барыптык,барсак ишинде кап-кара бирак адеми кобелек конып тур екен,сол кобелекпен апкем баска бир тусинбейтин тилде сойлеседи екен,бир бирин тусинип,жанагы кара адеми кобелек меним ишиме конады екен,оны арен дегенде алып ишимнен колыма кондырады екем,ешкайда да ушып кетпей мен не айтсам,соны истейди екен!Куанып жур екем,артынан кобелекти орнына койып,биз сыртка шыгып кетиптик,бир карасам бурынгы окыган мектебимде журмин!

  20. Сәлеметсіз бе?
    Мен жалпы айта кетейін дегенім
    Осыдан біршама уақыт бұрын..Жаз мезгіліне таяу бір түс көріп едім..есімнен кетпейді..
    Тек жақсылық болғай..
    Ұйықтап жатқанымда түс көрдім түнде
    Жол кәдімгі трасса дамын әйтеуір тұрмын,жолдың екі жағыда мола(көктастар,мазарат) тұр…Оң жақ құлағымнан дыбыс естілді ер кісінің дауысы ол маған:Бұл жерде Пайғамбар с.ғ.с жатыр деді..Жан жағыма қарап ерекше қабір көрмедім..бәрі біркелкі көктастар бұл не білдіреді айтыңызшы тек жақсылық болғай..

    Содан 2 ші рет түс көргенімде тамыз айында қателеспесем..Мамам 4 баланы тастап қойды содан кейінгісі мен..Әкем( марқұм) сәби тілейді Жаратқаннан..Әкемнің түсіне Баба Түкті Шашты Әзіз кіріп Әкем амандаспақшы болыпты..бірақ оянып кетіпті..Одан Анам Домалақ ана Нұрила ананың басына түнеген екен содан мен дүниеге келгендіктен есімімді Нурила қойыпты..Әжем сені Әуелі Алла сосын Баба түкті Шашты Әзіз берген дейді..
    Бірақ жолым өте ауыр кейбіреуі ауыр есімді арқалап алғансың дейді..

    Негізі ауырып жүрмін медицинадан ем қонбай жүр..Түсімде мамам тізерлеп отыр екен жылап тағы да ер кісінің дауысы оң құлағыма естілді Баба Түкті Шашты Әзізге барыңдар деп үш мәрте айтты бұл не білдіреді..

    Тағы да айтайын дегенім түсіме Ақ киімді ақ сақалды ақ асатаяқ ұстап алған кісі кірді шамалы жасы келген қарт кісі еңсесі биік тік ұстаған кісі қолында цветі сұр бір сыйлық ұстап алған сұр қорапшада подарка ұқсап тұр соны маған бермекші болды енді алайын деп жатқанымда білмеймін оянып кеттім бұл не білдіреді

  21. Салеметсиз бе агатай! Мен тусимде кундактаулы саби кориппин. Ол тышып койган екен. Богы суйык, иртик- иртик болыпты. Ал мен богын зерттеп, мына баланын тиси шыгайын деп жур гой, деп ойлап жатырмын. Жорып беринизши, отиниш.

  22. Саламатсызба!
    1. Түсімде этаж үйдін балконынан қармақпен балық аулап алыппын. алайын деп тартып жатқанда Балық қолыма өзі секіріп түседі. Өте үлкен балық. Өзім таңғалып қояды екенмін мынандай балық қармаққа қалай түсіп жүр деп.
    2. Жұмыстан қатты қарным ашып келіп кішкентай жілікті қағып қалсам ішінен сары үлкен-үлкен үш түйір май түседі екен.
    Осы түсімде де таңғалып жүрмін. Аяғым ауыр еді, соғанда қатысы бар ма екен?

  23. Саламатсызба! 1. Түсімде этаж үйдін балконынан қармақпен балық аулап алыппын. алайын деп тартып жатқанда Балық қолыма өзі секіріп түседі. Өте үлкен балық. Өзім таңғалып қояды екенмін мынандай балық қармаққа қалай түсіп жүр деп. 2. Жұмыстан қатты қарным ашып келіп кішкентай жілікті қағып қалсам ішінен сары үлкен-үлкен үш түйір май түседі екен. Осы түсімде де таңғалып жүрмін. Аяғым ауыр еді, соғанда қатысы бар ма екен?

  24. Тусымде ышымнен курт шыгыпты кадыгы алма багындагы ак курт шошып оны олтырмекшы болып едым ышынен тагы быреуы шыкты сосын оны куйдырып едым ышыне екеу шык ты, осы тусты коргелы беры мазасыз бын! Енды кешегы тусымде ышымнен коп молшерде кан шыгып жатр не стесем болды? Жалпы тустерым жаксылыкка ма алде жамандыкка ма ?

  25. Саламатсызба ага .тусимде ылги орыстармен байланысып ,ягни сойлесип журмин бул нени билдиреди ??

  26. Сәлеметсізбе, мен түсімде ұнмен суды араластырып нан илеп жатыр екенмін бұл ненің белгісі айтып беріңізші.

  27. Сәлеметсіз бе, түсімде қайтыс болған бауырымда көрдім. Мен оның жақында қайтыс болатынын біледі екен, қолынан ұстап жылап дүкен аралап жүр екенбіз, не алып берейін деп бір жейтің нәрсе мен бір кішкентай ит ойыншык алып бердім. Бұл ненің белгісі? Бірдеме берсе жаман ырым деп естігем

  28. Салеметсіз бе,түсімде мезгілінен бұрын босанып жатқанымды көрдім өлі бала туып барлығы қан екен. Өзім жукті емеспін. Жорып беріңізші

    1. Асемгүл қабыл болсын. Жүктелесің бірақ мерзімнен бұрын босанбау үшін киім дәрет шариғатқа сай болсын. Етегің, жаулық жоқ немесе қысқа болса осындай жағдай болады.

  29. Әкем түсінде: мені көрген. Нұршат деген жігіттен екі қабат болып қалып, қыз босанғам. Не мағына білдіреді?

  30. Саламатсызба ага наурыз мейрамы кутты болсын !! Ага тусимде жылан куып жур екен ,мен кашып ,маркум акем мени Сол жыланнан коргаштап жур екен ,жорып бересизбе ???

      1. Салеметсизбе мен тусимде колыма ине паластын устинен жинап журм колыма жорып бересизбе

  31. Саламатсызба! Ага мен тусимде кишкентай баламнын (2айлык) тісі шыққан соны корип тан калып жатыр екенмин соны жорып бересізба?

  32. Салеметсиз бе!!! Мамам түсінде акемнінің арыз жазгалы жатканын коріпті маманың бастығына бірақ жазбапты

    1. Гүлнәр қандайда бір түсті айтқанда сол түстегі пенделерден мәлімет беру керек. Мамаңа арыз жазғалы жатқаны әкеңнің мамаңда бір ата дәстүріне қайшы қылығы болғаны.

  33. Саламатсыз ба! Түсімде бір затты бір жерге қойыппын. Қараңғы болатын. Кейін сол жерді келесіде тауып алуым үшін, сол жерге жақын жердегі ағашты көрдім. Ағашта көп домалақ айналар қыстырылып тұр екен. Кейін мен бір айнаны алып тастап, оның орнына өзімнің айнамды іліп қойдым. Сол айна алыстан маған жарқырап көрініп, белгі беріп тұрды. Мен соған қарап ішімнен бір жайлылықты, қуанышты сезіндім. Бұл түс нені білдіреді екен?

    1. Перихат қабыл болсын жақсы аян екен. Бұл тектік ағашыңа жалғанып хабар алумен қасиетілікпен байланысты. Мұндай аянды аранаулы шүкірліпен садақмен бекітіп қойған абзал.

  34. Салеметсизбе,тусимде су таскыны болып жатырма билмейм айтеуир еденнин астынан коп су шыгып лайланган кара су уйди басып жатты,мен жылап журмин уйде ешким жок кишкентай кызым бар жанымда соны котерип журмин,биикте тур екенбиз,сосын жанагы су кызымды щайып кетти мен артынан сол томенге тусип кызымды кайта куткарып алдым,тук тусинбедим жорып бересизбе,енди кишкентай кызымнын омирине аландай бастадым,жасы небари 2 де

    1. Азиза бұл қияметтің жағадайы. Еденен су шығып қауіп болса етегіңді түзе. ұзын етекті бол. Жаулықты да дұрыста. Қол жең жабық дәретпен жүр. Сонда қызыңда аман есен болады.

  35. Сәлеметсіз бе!! Түсімде жуылмаған лас ыдыстарды көрдім. Жорып бере аласыз ба?

  36. Саламатсызба ага. Тусимде маркум акем кайтыс болган. Соган егилип жылап жур екем…

    1. Айдана жуылмаған ыдыс тамақтың ластанып жатқаны қолдың тазалғымен де байланысты болады. Жаулықсыз болсаңда ыдыс -аяқ ластанады. Бұл тікелей ескерту болмақ

  37. Сəлеметсіз бе? Мен түсімде бір үлкен бөлмені көк түспен бояп жүр екенмін. Сол бояп жүргенде бір таныс жігіт маған сөз салып, тұрмыс құрып, ұл силаппын. Негізі сол таныс жігітті түсімде көп көремін

    1. Гүлнүр бұл әр түрлі себептерді білдереді. Ине қол өнерімен де байланысты. Дуамен де байланысты. Шүкіріліп жасап садақа беріп ниетенсең себебін тағы көрсетер Құдай.

  38. Тусімде бейіттің ішінен өтіп бара жатқанда марқұм атам (əкемнің ағасы) тағы да бір ер жігіт жалаңаш жатыр екен.
    Бұл түс нені білдіреді?

  39. Тусимде Ахмет Иассауи атамыздын кесенесин айналып журмин.Атамызды кордим.Маркум акем сол кисинин аяк жагында отыр екен адеми кинип ап.бул тус нени билдиреди?

  40. Ассаляму алекум Токберген ага менин де тылсымга деген куштарлыгым оте улкен жакында сол тылсымды кориу ушин бир нарсе истеп кормекши едим бирак маган устаз керек номерим 87782493232 мен жайлы бир нарсе айткыныз келсе немесе устаз болыуга ниет билдирсениз оте куанышты болар едим

    1. Ниетің оңдылыққа бассын Руфат! Ұстаз шәкірт іздемейді ілімде. Шәкірт ұстаздың сынағына өтіп қана шәкірт бола алады. Маған шәкірт іздеп қол жайуды Раббым бұйырмаған. шәкірт болуға ұстаз ізде сынағынан өт, ессіз болма!

    1. 88 қысыңның болар басқа індеті. Ақталудан өту керек дегені. Аянға жалғану керек ол үшін Ата жолы қорына құрбандық беріп қатым шығарт сонда ісің алға басады жол көрсетіледі

  41. Түсімде бір өзім біреудің үйінде жүрген кезде, мен танымайтын ер адам маған жаман істер істегісі келіп сыртта жүрді, осы түсте сол адамнан құтыламын деп қиналып кеттім, сондықтан түс аяқталмай ояндым.

  42. Саламтсыз ба қайырлы күн. Аға менің түсімді жорып бересіз ба? Түсімді елбасымыз Н.Ә.Назарбаев атамыз менің қолымды алып құттықтаймын қызым сен Назарбаев мектебіне түстің деді. осыны жорып беріңізші өтінемін

  43. Түсімде үлкен ұлым ұйықтап жаткан төсегінде тышып жатыр,ол нені білдіреді екен?

  44. Сәлеметсізбе. Түсімде осыдан 14 жыл бұрын қайтыс болған атамды көрдім. Мен қиналып жылап жатқанда жап-жарық болып аспаннан түсті, бәрі барып құшақтап жатыр, бірақ мен үлгере алмай қалдым,оянып кеттім. Бұл нені білдіреді?

    1. Түс жоруды ел түсінсін, ақирет біліміне жалғансын деп осылай сыртай жори салатынбыз. Бірақ оның көпшілгі амалға айналмайды. Себебі түсті бекту керек садақамен шүкірлікпен. Және түс көрушінің жағдайымен түс жоруыш таныс болмаса қанша құранмен бейімдегнемен ол іске са қоймайды. Дұрысы 87474089047 ватсап нөміре өзің туралы да мағлұмат беріп жазған абзал.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *