Түс жори біліңіз

Бөлім: Түс-аян-уахи қағидалары 25704

Егер адам түсінде:

 Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.  Жақсы көйлек кисе  — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.  Өзінің өліп қалғанын көрсе —  онда өңінде ұзақ жасайды.  Кісі  әйелдің қойнында жатса —  онда өңінде оның дәулеті артады.  Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.  Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады.  Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны.  Жылаған болса – өңінде қуанады.  Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі,  мұратына жетеді.  Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.  Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады.  Өзен көрсе —  кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.  Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі.  Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады.  Бал арасын қуып жүрсе  — өңінде пайдаға жолығады.  Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.  Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді.  Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді.  Үйіне түскен ұрыны көрсе —  онда ол өңінде табыс табады.  Шашын алдыратын болса —  онда ол өңінде кедейленеді.  Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.  Үйленген болса   — тілеп жүргеніне  жетеді.  Алтын көретін болса —  онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.  Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.  Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу.  Көпірден өткен кісі —  өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.  Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді.  Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан.  Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.  Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу.  Ақ түсті киім кисе —  онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.  Сары түсті киім кисе —  онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.  Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады.  Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды.  Құс ұстап алатын болса —  онда ол өңінде үйленеді.  Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.  Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады.  Көгершінді көрсе —  өңінде оның ісі оңғарылады.  Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады.  Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.  Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады.  Ет жесе —  өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.  Алма жесе —  өңінде тілегіне жетеді.  Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады.  Жылан қуса —  әйелдердің арбауына түседі.  Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды.  Үйі құлағанын көрсе —  ұрыс-керіс болады.  Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады.  Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.

«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші,  түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім

Әр түрлі

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.

Активтігі: 17%

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Активтігі: 14%
Құстар

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Активтігі: 12%
Андар

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Активтігі: 13%
Төрт — түлік

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Активтігі: 14%
Тағамдар

*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

1 345 thoughts on “Түс жори біліңіз

  1. Салеметсиз бе? Тусимде 4 жыл буррын сыркаттанып кайтыс болган атамды кордим. Окудан каниулга уйге келсем атам сап сау мени кушактап мандайымнан суйип кателесиппин деп жатр екен оны неге жоруга болад

    1. Саламатты бол Бибұнұр! Қабыл болсын атаңның басы ұжмаққа көтерілген екен, оған арнап құран бағыштап шәй су беріңдер. Келетін жақсылығы да бар артынан.

  2. Ассалаумағалейкум! Мен түсімде жұбайым мен танитын басқа біреумен төсектес болып жатыр екен, осы не белгі???

    1. Уағалейкумассалам! Жолда жүріп көптен бері кірмеп едім. Бұл түсіңе өзің кінәлсің мырза. Әйелді тақуа қылып таза дәретпен жүруді қалыптастырмасаң осындай шайтаннан болған жындар шабуыл жасайды. Мүмкін өзің ертіп келдің бе араммен байланысып. Абай атамыз; «Көрсең қатын ойнасын не істер едің? Өзіңдне сондайсың..» деген. Ештен кеш жақсы екеуіңде тәубеге келіп, тазалықты сақтаңдар, әулие-әмилерді зияртаңдар сонда бұндай қара қуттардан құтыласыңдар. Қыркүйек айы осындай қауіпті ай ғой.

  3. Брат салаумалейкум! Түсімде жүзім бағында жүрмін жүзім жеп. мағынасы қалай

    1. Дархан жүзім бағында жүргенің, ұжмақ бақшасы ғой. Рухани несібе алып жатқаның болады

  4. Саламатсызба?.Тусимде суда жузип жур екенмин жакын адамдарыммен,бир емес бирнеше озен колге тусип жур екенбиз,ол кандай магына береди???

    1. Гүлсанат суда жүзсең тазарудың белгісі. Рухани кезеңнен өту болады

  5. Саламатсыз ба? Менин тусимде жакында турмыскан шыккан курбымнын аягы ауыр екен мен онын касында кызыктап оган сенен бурын мен турмыс курсамда али сабили болган жокпын деп айтып жатырмын бул нени билдиреди екен?

    1. Айгерім бұл саған беріліп жатқан ескерту болады. Сенде рухани жүктелудің, аманатың ақталмай жатқаны оған себеп шариғатты, тазалықты сақтап, ата дәстүрін орындамаудан болады.

  6. Тоқберген аға Ассалаумағалайкүм!
    Түсімде бір отар қойдың ішінде жүрмін. Бір кезде он шақты қасқыр шабуылдап, тек ешкілерді қырып жатыр. Дәу тасты алып бір қасқырды ұрып түсірейін десем ұруға ыңғай бермейді. Бірақ менен қорқып ары бері қашып жүр қасқырлар.
    Жорып беріңізші?

    1. Уағалейкумассалам Ильяс інім! Бұл түсің қазіргі аруағын -кітабын алмай, ешкіге айналған дінші, масхабшыларға қасқыр-жындардың шабуылына ұшырап сынаққа, азапқа түсетінін білдіреді.

  7. Түсімде әкеммен бірге тауға шығып барамын , бір жерде тоқтап қалдым , сосын әкем шакқырып алды , сосн қайтадан шыға бердік , таудын шыңына жеткенсон , астыға қарсам , вулканнын лавасы тур екен

    1. Дарын; Тауға шығуың рухани дәрежеңнің көтерілуі. Әкеңнің тегіне жалғанумен де байланысты. Саған ата-баба аруағына құрбан шалып шүкірлік қылыуың керек. Сонда мұның сыйы да болады.

  8. Ага, саламатсыз. Мен турмыста емеспин, тусимде екинши рет кишкентай нарестени емизип жургенимди кордим. Ол нени билдиреди. Рахмет

    1. Мәдина міндетті түрде тұрмыс құру емес, бұл саған берліп жатқан аналық қасиет қой. Жаның бөлініп көбеуімен де байланысты.Демек болашағың жарқын болады.

  9. Салеметсиз бе мен тусимди жорытайын деп едим…. Осы кыркуйек айы мен ушин ен коркынышты саттеримен есимде калды
    Онимде ренжискен адамым тусимде де соныман калмай
    жур. Дал онимдегидей. Ал достарым туыскандарым мени ол адамнан коргап жур. Мен унеми сол адамнан кашып журген тус корип шошып оянам. Жорып беринизши

    1. Сау саламатты бол Тоғжан. Қыркүйек айы жындардың көтерілетін, адамдарға шабуыл жасайтын сыртқы өрісі таза емес, кимін, дәретін сақтамағанадарға енетін ай болады. Соған қарағанда сенде де өрісің таза емес, сосын жын қаралық болып саған енгісі келген онан аруақтар қорғап қалған ғой. Ата-баба аруақтарына тағзым жасап, зияраттап ата дәстүрін меңгеруің керек. Сонда ғана алдыңда жақсылықтар болады.

  10. Кеше тунде ауырп уйктап калган едим.

    тусимде мени колымнан ит кауып алды. Ол кауып алган жерден кан акпады кур озеги шыккан жара болып тур. Сойтип ауырсынып катты жыласам Онимдеде жылап жатыр екенмин. Ал еки кыз маган карап кулип отыр. Болььницага барсам маган ешеим карамайды Бул тусти калай жоруга болады

    1. Бұл түс алдыңғы түсіңнің жалғасы ғой. Білектен қауып алса жынмен қандағы шайтаның қосылыуы ғой. Арты қайырлы болады жылағаның қуансың, бірақ аздаған сынағы да болады. Мұнан емделу керектігін де саған ескертіп жатыр. Екі қыз, екі жаның, серігің ғой. Ата жолында ордалардан емделу керек деген ишара да бар.

  11. Ассалаумағалайкүм!!!
    Аға түсімде бір кісіге көңіл айтуға барамыз. Бір апайды қол көтеріп тұрғасын ала кетем. Бізбен бірге жүреді. Мен оған сырттай ғашық болам. Кейін машинаммен үйге келе жатсам, ол кісі бір үйді жалға алғанба үй жақта жүр. Өте бай адам болып шықты. Не бір сәйгүлік аттары бар. Аттарын көрсетіп жатыр. Сүліктей қара атына есім ауып кіріп көргім келеді. Қорасына кірсем патшаның сарайы дерсің. Полды кафелдеп тастаған үйден әдемі. Бірақ жаңағы мен ұнатқан қара ат мені көре салып құлағын жымитып,мені қуады таптап тастайма десем, шүйлігіп келгенмен тек тістемейді ернімен нұқып қояды. Жүрген жерім өте әдемі қабат қабат үй текпешекпен шығып қашам ат теппейді тістемейді.
    Жорып берсеңіз?

    1. Уағалейкумасалам! Түсің жақсы бұл рухани жетілумен байланысты болады. Алдыңда жақсылық несібе, сый бар екен. Апй дегенің әулие бір ананың жаны болар. Саған негізінде Домалақ анаға зияраттау керек сияқты. Сонда сәгүлік атқа мініп, тылсымды шарлап аяндарға жалғанасың.

  12. Сәлеметсізбе?! менің құрбым түс көріпті түсінде мен той көйлегін яғни ақ куйлекпен оның қасына келіппін.Ал екінші түсінде қазіргі кездесіп жүрген жігітім екеуміз ауылымызда адасып жүрміз. Ренжімесеңіз жорып беріңші…

    1. Айгерім; Той көйлек кисең тойың болады көп ұзамай. Ауылда адасып жүрсеңдер, болшақта бас қосып басқа жаққа қоныс аударатын шығарсыңдар

      1. Саламатсызба, мен түсімде, әпкемнің өзінің өліміне дайындалып жүргенін көрдім, табытын, қабірін қаздырып, дайындап, и т.Б. Заттраын дайындап жүр екен, бұл не болуы мүмкін, жорып бересізбе, әпкемнің жасы 17де, жақында 18 толады, бұйырса, и бұл түсті мен бірнеше рет көріп жүрмін, бұл не екен

  13. Түсімде жұмыс кабинетіме почталионнан Қызыл Гүл беріп жіберіпті, белгісіз білеулер. Ол нени білдіреді????

    1. Бейбітгүл; бұл саған беріліп жатқан қасиет қой. Шүкірлік қыл құран бағыштат аруақтарға.

  14. салеметсизбе! мен тусимде 2таракан кордим меним диванымнын астын катты кырып тыкырлаватр екен мен естип турып светии жаксам еки таракан мен тапочко алып олтирейн деватканда оянып кеттим ол еки таракан жаман шагатын тури жаман тез журеди екен… бул не болганы?

    1. Сау саламатты бол Айдана. Түсіңде жәндіктерді көріп ол саған шабуылдайын деп жүрсгені, Бой өрсіңнің дұрыс болмағаны деп біл. Әйелзатының еркек кимін киіп ашық тесік жүруінен бойы жоғалып осындай көлеңкесінің жәндіктенуі болады. Ол үшін шалбарды тастап, етекті жауып жеңді ұзартып, баста орамал болуы үнемі дәртпен жүру керек.

  15. Саламалейкум! Мен түсімде християндардың моласында қабірде жаным қиналып өле алмай жатыр екенмін, бір кезде анадайдан Мұхаммед пайғамбар екен дим (бірақ бет жүзін көре алмадым, тек ақ киінген денесін көрдім) маған жақындап келіп қолымнан ұстады. Мен қорыққанымнан денем тітіркеніп кетті, жанымды алуға келген екен деп қоям ішімнен. Ол жəйменен бетіме жақындады да мен еріксіз аузымды аштым, сосын ол аузыма ыстық дем үрледі менің ішім, көкірегім жылып ысып кетті, өлдім ғой енді жанымды алып жатыр екен деп қоям, ар сотына жауап беретін кез келді деп қатты қорқып жатып оянып кеттім. Жорып беріңізші аға. Рахмет.

    1. Уағалейкумассалам! Түсің жақсы екен. Бұл рухани өлімнен өту болады. Бұрынғы өмірің яғни нәсілің христян жұртымен байланысты болып енді Мұхаммед пайғамбар үмметіне толық айналуың және ішіңнің нұрлануымен де байланысты бұл түсің. Ал рухани өлім ар соты арқылы өтеді оны да ұмытпаған жөн. Қазақ халқына ар сотының басталғанын да білдіреді.

  16. Сәлеметсіздер ме. Менің түсімде қайтыс болған əкем үйіме келіпті. Қасында менің бірінші сыныта оқитын ұлым бар екен. Сабақтан алып келген екен. ƏкеМ сондай көңілді. Мен де қуанып жүр екенмін.

    1. Сәлем Жанар. Әкеңнің аруағының басы көтерілгені, ұлыңа қолдау беріп жатқаны болар. Шүкірлік қылып құран бағыштат. Әкеңе арнап Қан шығарсаң мүлде дұрыс болады.

  17. Кайырлы кун! Ага мен тусимде ет асып конактар шыкырыппын. Онын ишинде меним бастыгым бар. Бастыгым жатын болмедеги керегеде илинип турган камшыны корип кызыгып устап тур екен. Мен ол кисиге бул колдан жасалган деп айтып жатырм екен.сиздин жауабынызды асыга кутемин. Рахмет.

    1. Элмир бұл саған беріліп жатқан бақсылық қасиетпен байланысты. Оны меңгеру де үшін ата жолынанда ата дәстүрін ұстану керек.

  18. Сəлеметсізбе аға!
    Түсімді жорытайын деген едім. Кеше түсімде аяғым ауыр екен. Ішімді сипаласам кішкене аяқтың ізі білінеді. Жұбайыма қуанып мен жүкті екенмін деп айтсам ол маған ұрсып жатыр алты айдан бері жүкті екеніңді білмегенсіңбе деп сол айкайдан оянып кеттім.

    1. Саламатты бол Наерке. Бұл саған сүйінші хабар, аяғың ауыр немесе жақында жүктелесің.

  19. Кайырлы кун! Бугин корген тусим мен турмыс курмаган кызбын. Бирак тусимде аягым ауыр екен жане иштеги бала жататын жер алынады екен дим сны даригерге баланын жагдайы калай екенин билейн деп апарсам даригер устап корип 2 айлык болган бирак казир жок. Еки кабат емессиз деп жауап катыпты. Бул не туралы тус екен.? Жауабын кутемин жане алдынгы тустин де.рахмет

    1. Элмира саған негізінде дәрігерге көріну керек. Жыныстық өзгеріс бар.

  20. Жауабынызга улкен рахмет. Жыныстык озгерис жаман жагынан ба алде калай?

    1. Егер тазалықты, шариғатты сақтай алмасаң, онда жамандыққа ұласуы ғажап емес.

  21. Салеметсизба..меним тусмди жорып беринизши..тусмде озенде жузип журмин.негизи жузип билмим..шалкалап кушти жузип журмн бари маган карап тур..тагы бир тусм еки агам бир биримен жаман тобелесп жатр аппак кардн устнде мен койндар деп айырп жатрмн жылап..нени билдиреди…рахмет

    1. Орынгүл: Суда жүзіп жүргенің рухыңның тазаруы. Ағаларыңды төбелестен аршалап жүргенің сен арқылы олардың жамандықтан арылылуына көмек бере аласың деген белгі. Ол үшін ата джәстүрін меңгерумен қасиетелікті ұстану керек.

  22. Сәлеметсіз бе, Тоқберген аға? Менің жігітім өткенде түсінде мені көріпті. Қолымда бір үлкен қарбыз бар екен. Көтеріп келе жатып поездга отырып кетіп қалыппын. Сосын ол бір магазиннан жүкті поездга тиеп жатқанын көріпті. Бір кезде продовец орыс әйел үйіне шақырып алып, сөйлесіпті. Терезе алдында тамағынан сүйе бергенде, ол орыс әйел емес қазір қасында жұмыс істеп жүрген бауыры болып кетіпті. Ол нені білдіреді?
    Тағы сұрайын дегенім. Өткенде түсімде мені біреу мылтықпен қорқытып отыр екен. Бір кезде бір жігіт құтқармақ болып, мылтықты алып оғы жоқ па тексерейін деп атып жіберсе, әлгі мылтықты ұстап отырған адам А, жоқ па не?- деп тез бір оқты салып жіберіп мені атып жібереді. Ол нені білдіреді?

    1. Сәлем Айжан! Жігітіңнің сені қарбызбен көргені сенің несібелі екеніңді білдіреді. Орыс әйелдің Мариям ана болып қолдауын және оның бауыры арқылы болатынын ескертіді. Бауырында еркше қасиетің болғаны. Түсіңде сені мылтықпен атса ол жақсылық, болашақта өмірге сен әкелетін, рухы келетін ұлдың сипаты ғой.

  23. Сәлеметсізбе аға! Сол қолымның шынашағынан қан ағып кетіпті қүндызға ұқсайтын жануар тістеп алыпты Жылдам жәрдем келсе де маған қарамайды кан тоқтап қалыпты бірақ жануардын тістері таза емес қой деп прививка жасау керек қой деп тағы алаңдап жүрмін Сол уақытта ол жануар анамнің колында жүр екен тістеп алмаса екен деп ойлап түрмын арғаратай көргенжоқпын

    1. Сәлем! Құралай бұл саған беріліп жатқан қасиетілік қой. Анаңның киесі саған қаныңа ауысып жатқаны. Әулие-әмилерді зияратасаң арты жақсылық болады.

    1. Құралай; Бұл іс өзіңнің жағдайың қалауыңа байланысты ғой. Жүрегіңнен сұра.

  24. Кайырлы тан ага! Танга жуык тусиме кайтыс болган апам кирипти. Ауылдагы уйде жур екен дим. Негизи ауылдагы уйде казир анам мен бауырым гана турады.апам бизге, сендер комир жане тагы баска керек заттарды дайындап берсендер болды мен озим уй шаруасын реттей салам деп айтып жатыр. Аулада коршилермен шай ишип жатыр екенбиз дим.

    1. Қайырлы күн болсын Эльмира! Апаң сенен құран дәметіп жатқаны болар. Құдайы шәй беріп құран бағыштатқаның дұрыс сонда шаруаларыңа жәрдем береді.

  25. Сəлеметсізбе! Мен бойдақ қызбын, бірақ түсімде аяғым ауыр екен, толғақ басталайын деп жатыр екен деймін, бірақ больницаға апарса, толғақ басылып қалыпты деймін. Бірақ мен таза жолда жүрген қызбын, артық қылығым да ісімде жоқ. Не давно анамда менің аяғым ауыр кезді көріпті. Тұрмысқа шығу ойымда бар, содан ба екен деп қойамын.

    1. Сәлем Ардақ! Өзің таза болсаң еш қорқыныш жоқ. Бұл саған болшақта берілетін құдай сыйы болады.

  26. Түсімде ақша мен сиыр жалаңаш адам үстін жара басқан қыз бейтаныс адамдар жəне қаптаған жыландар, биік таудың басындағы үй жайлы аралас түс көрдім. Қалай жорысам болады?

    1. Асель; Бұл сенің бой өрісіңнің бұзылумен байланысты. Ол үшін толық киім етекк жең, орамал болып 9-күн міндетті түрде ғұсыл алып сосын дәретпен жүруді үйрену керек. Онан кейін әулие-әмилер басынан зияраттап өтсең бұл жағдайдан құтыласың. Болмас артында сынағы қиындығы бар тағдырыңда.

  27. Сəлеметсізбе.Мен тусімде Н.Назарбаевтың уйне қонаққа барыппын.негізі Назарбаевты көп көрем.бугін тусімде Меккеге барыппын етекірім келіп мазам қашып дəретхана іздеп жур екенмін оянып кеттім.?

    1. Аман-есен бол Мөлдір!Назарбевтың үйіне қонаққа барғаның дәрежеңнің өсіп абройыңның артуы. Ал Меккеге барып жүргенің рухани тазалық пен төзімділік қажырлықты меңгерумен байланысты. Әжетхана тазарудан өту, қанның тазарумен байланысты. Бұл әркеттер негізінде ата жолымен байланысты.

  28. 1)Сəлеметсізбе! Түсімде мен бірде ақ машина бірде сразу ақ жылқымен шауып жүр екем, қасымда бір жігіт отыр танымаймын оны.
    2) Осыдан 5-6 жыл бұрын 21 жасар ағамды пышақтап өлтіріп кеткен болатын. Соған тек пышақтаған адам қамалып, сыбайластары құтылып кетті. Сол оқиғадан кейін ағам түсіме кіріп, жылап айқайлап жүр. Басында мен шошып, ағам екенін танып мен жылап жүрм, ағау тоқтаңызшы деп а ол болса 5 этаждық и 4 подъези бар уйлерге эамаан катты жылдамбыкпен кирип шыгып жур и айкайлап : » Мени олтирип кетти, куткарындар, мени олтирип кетти»-деп. Ал мен аға кім өлтірді сізді десем, қолында ақ қағазы бар и 2 номер жазылып тұр. Ағам :» Мына номерге зыврндандар, осылар мени олтирип кетти» деп жылап айкайлап жур. Сол ана 2 сыбайласын айтып отыр ау деп ойлайм. Бірақ ана номерлерге звондасам ошірулі тұр. Қатты қиналғам ағамның қайтыс болғанына. (((

    1. Сәлем Ақниет. Ағаңның ол жақта үйі бар болса жаман болмағаны. Негізі уақытша қонақ үйде тұрып жатқан болу керек. Жылап жүргенің қуаныштың белгісі. Мен құтқар дегені және екі нөмер бергені де оларды сендердің жазалауларың емес. Керсінше ағаларыңа құранмен, әулиелер басынан зияратап құдайдан тілек тілесеңдер онда олардың жазасын құдай ғана береді. Ағаңның басы көтеріліп қонақ үйден ұжмаққа өтеді.

  29. Салеметсиз. Мен тусимде бурынгы стеген жериме кайта ауысып барыппын дим. Бирак ауысу меним еркиммен болмапты. Бурынгы стеген жеримде мени жек коретин айел сен бекер келдин деп мыскылдап жатыр екен. Мен кайта кетким кеп жатыр екен дим. Бул жер унамайды деп.

    1. Эльмира бұл саған аруақтың көрсетумен жүргенің дұрыс болады деген хабар ғой. Алдағы сынағың барын оған алдына ала шүкірлік қылып, аруақтарға құран бағыштат сонда еріксіз қыспаққа түспейсің.

  30. Сәлеметсіз аға! Мен түсімде койлегімді киіп ұзатуыма ресторанға дайындалып сырғамды салып асығып жур екенмін сағат болды деп. содан апам біз соңғы кіреміз ғой әлі ерте деген екен, бірақ мен сондада асығып қай сырғамды тағарымды билмей таңдап тұр екенмін. Осыдан 2 ай бұрын бірінші құрбым, содан кейін ол маған ақ сәукеле кигізгенін көрдім.Бұл ненің белгісі жорып беріңізші?

    1. Асылай; Бұл саған отау тігуге беріліп жатқан құдайдан сый жолы болады.

  31. Сәлеметсіз бе! Менің аяғым ауыр еді бүгін түсімде көк түсті шалбар мен пиджак киіп жүрмін. Күшті жарасады екен деймін. Бұл нені білдіреді

    1. Аяғың ауыр болса егер некеде болсаң онда Құдайдың сыйы деп біл. Көк түсті шалбар мен пиджак рухани алатын рұқтан, жыныстық қуат

  32. Сіздің түс жоруыңыз маған қатты ұнады. Сол себепті сізге түсімді жоруға ұсыныс жасап отырмын. Сізге Алланың нұры жаусын.

  33. Салеметсиздерме?тусимде сиырдан кашып журим сиыр мени куып жур.бул ненин белгиси???

    1. Гүләйна; Сиыр адмазатқа берілген малдық қуаттық бірі ғой. Сиыр біліммен және мінезбен байланысты. Ата дәстіүрін сақтап ата жолын меңгересең бұл саған қасиетілік болып қонады.

  34. Салембердик мен тусимде сиырдан кашып журмин Ол мени куып жур бул ненин белгиси

  35. Сәлеметсіз!Мен түсімде бір касиетті жерге барған екем дим.Сол жерге тастын устине отсам бір басы улкендеу кара жылан шыкты мен маган тиспесе екен деп отырмын . менин устимнен отип кетти тиіскен жок мен сонда журген адамдардан сураппын сиздерге де кара жылан кориндима десем жок ол коринетин адамдарга гана көрінеді деді

    1. Гүльжамал; Саған әулие -әмилерді арлап бұл қасиетті меңгеруің керек.

  36. Саламатсыз ба?мен 2 рет түсімде ағысы қатты суда шоршып жаткан үлкен үлкен көп балықтарды ұстап алғанымды кордім көнілім көтерінкі екен

    1. Жанар бұл құдайдан сый болады. Өмірге текті ұрпақты әкелесің.

  37. Сəлеметсіз бе аға.Мен түсімде аппақ жемчуг жинап жур екенмін.олар ағашта жапырақтың орнына өсіп тур екен.Жақсы тус екенін білем сондада жорып берсеңіз.

    1. Қабыл болсын, інжу жинап жүрсең онда бұл рухани тазалық қасиетлікке болады. Ата дәстүрін сақтап шариғатты меңгеру керек.

  38. салеметсизбе.мен тусимде ажетханада журмин.тагы бирде бир кап кара айелдин уйинен куырдак жеп оны ыдысымен алып кетиппин.ынгайсыз болды ма деп ойлап журмин озим.

    1. Фариза әжетханда жүргенің тазаруға, егер неде болсаң төсек қатынасымен қуат алмасуды білдереді. Ал қап-қара әйелден қуырдақ жесең бұл рұқтық жүктелумен байланысты.

    2. Сәлеметсіз бе! Түсімде бір жігіт соңымнан қалмай жүр, мені ұнатып қалған екен деймін. Күте тұр деп,шамалдан соң барсам шалбарым жоқ, астым тыр жалаңаш. Ұялғаннан қолымдағы портфельмен жауып тезірек қашып бара жатыр екеи көрмесін деп. Содан қара шалбарымды бас салып іздеп жүрмін, содан абысыныма ұқсайтын әйел тауып беріпті. Содан жаңағы жігіт менен түңіліп кетіпті қайғырып күте күте шаршаған. Енді бір кезде жіңішке баспалдақпен жоғары көтеріліп жатырмын қиналып, мықты қоорқынышты екен тым биік кедергілері бар баспалдақ екен. Сол жерден бір есікке келіп ашыңызшы деп жалынып тұрмын. Есікті ашыпты, бірақ денем сыймайды тым кішкентай форточка сияқты. Жалынып жалпайып жағдайымды түсіндіріп жатыр екем » мені кішкентай қыз күтіп тұр. Соны асырап аламын деймін. Әлгі жігіт екеуміз дейм.Содан тағы үлкендеу есікті ашып мені кіргізіпті. Қызды көріп құшақтап жатырм.

  39. Тусинде жыннын дауысын естисе не болады, бул нени билдиреди, будан 1 жыл бурын Алланы кордим, кордим деген де нактырак айтсам даусын естидим, менен тусиме 2 рет кирген

    1. Алтынай; Алланың даусы жынның даусы деген ұғым жоқ. Жарлық жаратылыс Аллаға тән. Алланың үні үнсіз тіл ол біздерге тек қана өзіміздің аруақтарымз арқылы беріледі. Жын деген адамның жартысы жыныстық, көру есті, ойлай сөйлеу, нәпсілік қуатар болады.

  40. Салеметсизбе ага! Ренжименизши менде казакша ариптер жок еди.Менин тусимди жорып берсениз жаксы болар еди. Мен тусимде улкен узын жылан кордим ол маган тиспеди бирак мен тиспесе де коркып журмин тусимде,ол улкен жыланнын ески терисин калдырып жана тери шыгып жатканын кордим. Мен омиримде кормедим ондай жагдайды. Жане менин жигитим тусимде ак халат берип жатыр екен мен оган мынау улкен екен маган десем ештенке етпейди ауыстырып аламыз деп менин колымнан устап кетип бара жатыр.

    1. Гүлдерей жыланды көргенің қасиетілікке, оны меңгеруге ишара. Ал жігітің ақ халат берсе ол жақсылық зейнет жарығы. Саған шариғатты, ата дәстүрін сақтауға да берілген ескерту.

  41. Салематсызба мен түсімде бүкіл жерді топан су қаптап жатқанын көрдім,ауылдың барлық еркектері мешітке құдайдан кешірім сұрауға’құран оқуғу кетіпті.қатты шошынып ояндым.

    1. Марал бұл нақты аян. Топан су теңіз көтерілумен, жер жүзінде түрлі апатар, азаптар жүріп, жер бетіне Алла тағаланың нұры түсіп халық қыспаққа түсіп, рухани оянып құдайды іздей бастайды.

  42. Тусимде жылап журм и бир еркек танымайтын формасы бар екен дим де сол кисде менимен косылып жылап тур.Не болады екен.Басымда бираз уайымым бар.

    1. Арай; Түсіңде жылап жүрсең сол еркекпен бірге қуанасың.

  43. Тусимде суга шомылып жур екем.бир мезгилде судын аргы бетине шыгып кетип уйге оралмай калыппыз касымда бир кыз бир ага бар олар маган сыкылыктап кулип отыр.

    1. Гүлайна; Түсіңде суға шомылсаң рухани тұрғыда жанның тазаруы болмақ. Қасыңдағы қыздың күлгені сынағы қиындығы бар деген белгі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *