Түс жори біліңіз

Бөлім: Түс-аян-уахи қағидалары 25695

Егер адам түсінде:

 Биікке немесе тауға шықса, жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.  Жақсы көйлек кисе  — кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.  Өзінің өліп қалғанын көрсе —  онда өңінде ұзақ жасайды.  Кісі  әйелдің қойнында жатса —  онда өңінде оның дәулеті артады.  Тыржалаңаш жүрсе — өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.  Басына тәж кисе — онда ол өңінде байлыққа ие болады.  Сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау — бақытты болудың нышаны.  Жылаған болса – өңінде қуанады.  Аспанда тұрған айды көрсе — өте жақсы белгі,  мұратына жетеді.  Күнді көрсе — мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.  Жұлдыздарды көрсе — балаларының дәрежесі жоғары болады.  Өзен көрсе —  кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді.  Баққа кіріп, оны аралау — жақсылықтың белгісі.  Қызыл гүл көрсе — онда өңінде бай болады.  Бал арасын қуып жүрсе  — өңінде пайдаға жолығады.  Өлген кісіні көрсе қорықпаған жөн. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.  Суда жүзіп жүрген балықты көрсе — адам өңінде перзент сүйеді.  Өзінің ұйықтап жатқанын көрсе — онда өңінде жақсы табысқа жетеді.  Үйіне түскен ұрыны көрсе —  онда ол өңінде табыс табады.  Шашын алдыратын болса —  онда ол өңінде кедейленеді.  Керісінше шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.  Үйленген болса   — тілеп жүргеніне  жетеді.  Алтын көретін болса —  онда оған өңінде дәулетті кісілер демеу береді.  Жағымсыз иіс — өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.  Қолын жуса — өңдегі мазасыздықтан арылу.  Көпірден өткен кісі —  өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.  Әлдекімді ұрып-соқса — онда дұшпанын кекетеді.  Ақ, жасыл түсті затты немесе суды көрсе — жақсы нышан.  Қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді отты көрсе – жаман.  Тісін сындырып алу — өңде досын жоғалтып алу.  Ақ түсті киім кисе —  онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді деген сөз.  Сары түсті киім кисе —  онда ол өңінде өз ісіне қарай бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.  Қызыл түсті киім кисе — онда ол өңінде ел билеген болады.  Қара түсті киім кисе — өңінде қайғыға ұшырайды.  Құс ұстап алатын болса —  онда ол өңінде үйленеді.  Кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.  Қыранды көрсе — дәрежеге ие болады.  Көгершінді көрсе —  өңінде оның ісі оңғарылады.  Ақ қоян енсе — онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе — онда қыс жайлы болады.  Ит қабатын болса — өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.  Ас ішсе — өңінде мол дәулетке ие болады.  Ет жесе —  өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.  Алма жесе —  өңінде тілегіне жетеді.  Балық ұстап немесе жеп жүрсе — өңінде дәулеті артады.  Жылан қуса —  әйелдердің арбауына түседі.  Сақалы ағарса — ауруға ұшырайды.  Үйі құлағанын көрсе —  ұрыс-керіс болады.  Пышақ қайраса — қауіп-қатер болады.  Аттан құлап қалса -қатерге кездеседі.

«Түсті көруінен емес – жоруынан қорық» демекші,  түсіңізді жақсылыққа жорысаңыз, жақсылыққа, жамандыққа жорысаңыз, жамандыққа қарай бұрылып кетуі мүмкін. Ең бастысы — түсім

Әр түрлі

*Түсте биікке немесе тауға шығу-жақсы: ондай түс көрген кісі өңінде үлкен дәрежеге жетеді.

*Егер кісі түсінде биікке шығатын болса, онда ол өңінде үлкен дәрежеге қол жеткізеді. Егер ол биіктен құлар болса, онда ол өңінде қапалы болады.

*Түсте жақсы көйлек кию кісіге өңінде қуаныш әкелетін істің боларынан хабар береді.

*Егер кісі түсінде өзінің өліп қалғанын көрсе, онда өңінде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде әйелдің қойнында жатса, онда өңінде оның дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде тыржалаңаш жүрсе, онда ол өңінде барлық қайғы-мұқтажынан арылады.

*Егер кісі түсінде басына тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

*Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшақтау-бақытты болудың нышаны.

*Түсте жылау-өңдегі қуаныш.

*Түсте аспанда тұрған айды көру-өте жақсы. Мұндай түс көрген кісі мұратына жетеді.

*Түсінде күнді көрген кісінің мерейі өңінде дұшпандарынан үстем болып, дәулеті тасиды.

*Түсте жұлдыздарды көру де жақсы. Ондай түс көрген кісінің балаларының дәрежесі жоғары болады.

*Түсінде інжу мен маржан көрген кісінің үйінен байлық үзілмейді.

*Түсте көрген өзеннің суы мөлдір болса, онда бұл-өте жақсы. Егер оның суы лай және ащы болса, онда ол жақсы емес. Ондай адам бір сәтсіздікке ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таза суға сүңгитін болса, онда ол өңінде ақталып, ел қатарына қосылады. Егер кісі лай суға түсетін болса, онда ол өңінде қайғылы күйге душар болады.

*Түсінде өзен көрген кісі өңінде үлкен олжаға, пайдаға кезігеді. Егер адам түсінде өзеннен су ішер болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді, құрметке ие болады.

*Егер кісі түсінде қасиетті құдықтан зәм-зәм суын ішсе, онда ол өңінде барлық күнадан тазарады.

*Егер кісі түсінде өзеннен су ішсе, патша болады.

*Егер кісі түсінде құдықтан, арықтан немесе көлден су ішсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде суда жүзіп ойнап жүрсе, онда ол өңінде әкім болады.

*Түсте суда жүзу және оны кешу-жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

*Түсте баққа кіріп, оны аралау-жақсылықтың белгісі.

*Егер кісі түсінде баққа баратын болса, онда ол өңінде байлықты иеленеді.

*Егер кісі түсінде бақ пен дала гүлдерін көрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Егер кісі түсінде қызыл гүл көрсе, онда өңінде бай болады.

*Егер кісі түсінде өзіне беймәлім бақта қыдырып жүрсе, онда ол өңінде жұмақтағыдай күй кешеді.

*Түсте аяқтың семіп қалуы өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

*Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

*Түсте өлген кісіні көрудің зиян жоқ. Егер ол адам сөйлесер болса, онда ол шындықты айтады.

*Егер кісіге түсінде өлген адам бірдеңе беретін болса, ондай ол өңінде ойда жоқта бірдеңе алады.

*Егер кісі түсінде одан өлген адамдар бірдеңе сұраса, ол өңінде шығынға ұшырайды.

*Егер кісі өлген адамды түсінде жақсы киімде көретін болса, онда бұл-жақсы. Егер кісі өлген адамды түсінде жаман киімде көретін болса, онда бұл жақсы емес.

*Түсте суда жүзіп жүрген балықты көру жақсы. Ондай түс көрген адам өңінде перзент сүйеді.

*Егер кісі түсінде өзінің ұйықтап жатқанын көрсе, онда өңінде жақсы табысқа жетеді.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

*Егер кісі түсінде аспанға көтерілсе, онда өңінде әкім болады.

*Егер кісі түсінде жаңбыр жауғанын көрсе, онда ол өңінде табысқа кенеледі.

*Егер кісі түсінде салқын жел есіп тұрса, онда ол өңінде жақсы да жайлық тұмысқа шығады.

*Егер кісі түсінде үйіне түскен ұрыны көрсе, онда ол өңінде табыс табады.

*Егер кісі түсінде шашын алдыратын болса, онда ол өңінде кедейленеді. Егер кісінің түсінде шашы өсіп кететін болса, онда ол өңінде байиды.

*Түсте үйленген жақсы. Ондай түс көрген кісі өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде күміс ақша санайтын болса, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде алтын көретін болса, онда оған өңінде үлкен әкімдер шапағатын тигізеді.

*Егер кісі түсінде бақыр ақша санайтын болса, онда ол өңінде дұшпанының даттау сөзін естиді.

*Ерде кісі қыстыкүні түсінде жасыл жайлауды көретін болса, онда оған құдайдың мерейі түседі. Егер кісі жаздыкүні түсінде қар көретін болса, онда ол құдайдың қаһарына ұшырайды.

*Түстегі жағымсыз иіс-өңдегі жайсыз істің нышанын білдіреді.

*Түсте қол жуу-өңдегі мазасыздықтан арылу.

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

*Егер кісі түсінде Нұх пайғамбарды оның жайдары қалпында көрсе, онда ол өңінде ұзақ та дәулетті ғұмыр кешеді.

*Егер кісі түсінде ағаш тасып жүретін болса, онда ол өңінде байлыққа кезігеді.

*Егер кісі түсінде әлдекімді ұрып-соқса, онда дұшпанын мұқатады.

*Түсте семсер немесе мылтық көру (ұстау) кісінің өңінде табыс тауып, дәулеті таситынын білдіреді.

*Түсте біреуді сабау өңде дұшпандардан үстем болып шығумен пара-пар. Ал, егер де кісі түсінде әлдебіреулерді өлтіретін болса, онда ол өңінде мақсатына жетеді.

*Түсінде біреуден таяқ жеген немесе таяқтан өліп қалған жақсы емес. Ондай жағдайда құрбандық беруге тура келеді.

*Егер кісі түсінде Меккеге барса, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде Мұхаммед пайғамбардың қабіріне мәнәжіт етсе, онда оның өңінде дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде азан айтып, намаз немесе құран оқыса, онда өңінде оның дәрежесі өседі.

*Егер кісі түсінде емен ағашын көрсе, онда ол өңінде өзінің сүйікті адамынан хабар алады.

*Егер кісі түсінде қарағайды көрсе, өңінде сүйіктісімен табысады.

*Егер кісі түсінде қайыңды көрсе, онда ол өңінде табысты болады.

*Егер кісі түсінде түтінсіз от көрсе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде қарақошқыл түтін аралас от көрсе, онда бұл жақсы емес.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

*Түсте тісін сындырып алу-өңде досын жоғалтып алу.

*Егер кісі түсінде бір қабырғасының алынып қалғанын көрсе, онда ол өңінде әйелінің өлгенін көреді.

*Егер кісінің түсінде күрек тісі сынатын бола, онда оның әйелі қатерге ұшырайды. Егер кісінің азу тісі сынса, онда оның балаларының бірі қатерге ұшырайды. Егер кісінің түсінде ең түпкі азу тісі сынатын болса, онда оның өзі бір қатерге кезігеді.

Активтігі: 17%

* Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болады, мұратына жетеді.

*Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда ол бұл дүниеде де, о дүниеде де сый-құрметке бөленеді.

*Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

*Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол -өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

* Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген баятық болады.

*Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте ақ, жасыл түсті затты немесе суды көру-жақсы нышан.

*Түсте қара, қарақошқыл түсті затты немесе түтінді-отты көру –жаман.

Активтігі: 14%
Құстар

*Егер кісі түсінде құс ұстап алатын болса, онда ол өңінде үйленеді.

*Егер түсінде кісінің басына құс қонатын болса, онда ол өңінде бір қызмет атқарады.

*Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

*Түсінде қолына қаршыға немесе басқа бір кішкене құс ұстаған кісі өңінде дәулетті болып, бала сүйеді.

*Егер кісі түсінде таусты (қырғауыл тұқымдас ұзын құйрықты әдемі құс) көрсе, ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

*Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

*Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда өңінде байлыққа кенеледі.

*Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

*Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оның байлығы тасиды.

*Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде бақытты, дәулетті болады.

*Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тазқараны көрсе, онда ол өңінде дұшпандарын тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде жезқұйрықты көрсе, онда ол өңінде қадірсіз болады.

*Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, өңінде қапа болады.
*Егер кісі түсінде көгершінді көрсе, онда өңінде оның онда ол өңінде ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде көкекті көрсе, онда өңінде оның жоғы түгелденеді, табысы артады.

*Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, өңінде ол қуанышқа бөленеді.

*Егер кісі түсінде шымшықты көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

*Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда өңінде барлық ісі ойдағыдай орындалады.

*Егер кісі түсінде сасық көкекті (бәбісек) көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда түсінде оның азық-түлік қоры көбейеді.

*Егер кісі түсінде үйрек көрсе, өңінде досының ісіне сүйсінеді.

*Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда өңінде мұқтаждықтан құтылады.

*Егер кісі түсінде қумай құсты көрсе, онда өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

Активтігі: 12%
Андар

*Ешқандай зиян-залалы болмаса түсте жылан көрген де жақсы.

*Түсінде өзін жылан қуып жүргенін көрген кісі өңінде зымиян қатындардан сақтану керек.

*Түсінде айдаһар көрген кісі өңінде бір мықты бастықты көреді.

* Егер кісі түсінде пілге не айдаһарға, арыстанға не жолбарысқа, барысқа мінсе, онда ол өңінде барлық жауларды тізе бүктіреді.

*Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

*Егер кісі түсінде түлкі көрсе, онда өңінде оның адал досының орнын алаяқ алдампаз басады.

*Егер кісі түсінде доңыз көрсе, онда ол өңінде дұшпандарымен айтысып, тартысады,

*Егер кісі түсінде аюды көрсе, көлденең олжаға оралады.

*Егер кісі түсінде қоян көрсе, онда өңінде барлық тілектеріне жетеді.

* Егер кісі түсіне ақ қоян енсе, онда қыс қатты болады. Егер кісінің түсіне қара қоян енсе, онда қыс жайлы болады.

*Егер жолаушылап келе жатқан кісі түсінде түлкі көретін болса, онда өңінде оның жолы болмайды, ал егер ол түсінде қасқыр көретін болса, онда өңінде оның сапары сәтті болады.

*Егер кісінің түсінде ит қабатын болса, онда ол өңінде бір қатыгез адамның жаласына ұшырайды.

*Егер кісі түсінде ит көрсе, онда ол өңінде кішігірім уайымға түседі.

*Егер кісі түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

*Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

Активтігі: 13%
Төрт — түлік

*Егер кісі түсінде атқа мініп, одан құламай, өзі түсетін болса, онда бұл жақсы. Өйткені халық түстегі атты өңдегі арман-тілекке балаған. Түсінде атқа мінген кісі өңінде арман-тілегіне жетеді. Егер де адам түсінде мінген атынан құлап қалса, онда ол жақсы емес, алда қауіп-қатер бар болғаны.

*Түсінде кісі ерттеулі атқа мініп жүрсе, ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде атқа мініп көкпар тартса, онда ол өңінде болыс болады.

*Егер кісі түсінде жабайы жылқыға мінсе, онда оның өңінде мал-мүлкіне зиян келеді.

*Түсте қой (отарын) көрген кісі өңінде халықты көреді. Сондықтан ел мұндай түсті жақсы деп есептейді.

*Егер кісі түсінде қой көретін болса, онда ол өңінде басшы қызметке тұрады.

*Егер кісі түсінде қой көрген болса, онда оның барша тілектері орындалады.

*Егер кісі түсінде ешкі көрсе, бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде түйеге мініп жүрсе, онда ол-жақсы. Өйткені түйе-ұлық жануар. Түсінде түйеге мінген кісіні ұлы әулиелердің өзі желеп-жебейді. Жалпы, түсте көлікке мініп, құламай жүру-жақсы.

* Егер кісі түсінде түйеге мінетін болса, онда оны әулиелер қолдайды.

* Егер кісі түсінде қоңды түйеге мініп жүрсе, онда ол мұратына жетеді.
* Егер кісі түсінде қоңсыз, көтерем түйеге мініп жүсе, онда бұл жақсы емес.

*Егер кісі түсінде өзін қуып жүрген бураны көретін болса, онда ол ісіне қарай өңінде я жақсылыққа, я жамандыққа кезігуі мүмкін.

*Егер де кісіні түсінде келеге түсіп, жараға бура қуалайтын болса, онда ол құдай атына құрбандығын беру керек. Өйткені оның түсінде көрген -әзірейлінің өзі.

*Егер түске семіз сиыр енетін болса, онда арзаншылық болады. Егер түске арық сиыр енетін болса, онда қымбатшылық болады.

*Егер кісі түсінде қоңды сиыр малына (өгіз, бұқа) мініп жүрсе, онда оның билігі өңінде барлық халыққа жүреді.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда бұл өте жақсы.

*Егер кісі түсінде есекке мініп жүрсе, онда ол сол күні-ақ дәрежеге ие болады.

*Түсте доңызды, қасқырды, қабланды, жолбарысты көру және оларды өлтіру-өңде дұшпаннан үстем болуды білдіреді. Егер бұл хайуандар кісіге ешқандай жамандық жасамайтын болса, онда ондай түс жаман емес. Түсте бұл жануарларды өлтіру-жақсы: ол өңде жауды жеңумен бірдей. Егер де кісі түсінде осы аталған хайуандарға мініп жүретін болса, онда оның дұшпандарының қолға түскені.

Активтігі: 14%
Тағамдар

*Түске бидай, арпа кіретін болса, онда азық-түлікке арзаншылық болады деген сөз.

*Егер кісі түсінде ас ішсе, онда ол-өңінде мол дәулетке ие болады.

*Егер кісі түсінде піскен ет жесе, онда ол өңінде ішіп-жемінің көбейгенін көреді.

*Егер кісі түсінде палау, мәнті жеп, сүт ішсе, онда ол өңінде барлық тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде құрма жесе, онда ол өмірде ұзақ жасайды.

*Егер кісі түсінде жүзім жесе, онда оның өмірде бағы жанады.

Егер кісі түсінде қауын немесе қарбыз жесе, онда оның досы байиды.

*Егер кісі түсінде алма жесе, онда ол өңінде тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде шабдалы жеп жүрсе, онда ол екі дүниеде бірдей шат-шадмар ғұмыр кешеді. Бұл түс өңге айналу үшін аз дегенде бір күн ораза ұстау керек.

*Егер кісі түсінде грек жаңғағын жесе, онда өңінде оның ішім-жем қоры мол болады.

*Егер кісі түсінде анар жесе, онда ол өңінде байиды.

*Егер кісі түсінде бидай көрсе, онда ол өңінде тілеген тілегіне жетеді.

*Егер кісі түсінде тары көрсе, онда ол өңінде бақытты болады.

*Егер кісі түсінде балық ұстап немесе жеп жүрсе, өңінде дәулеті артады.

1 345 thoughts on “Түс жори біліңіз

  1. биринши куни тусимде айырылысып кеткен жигитим ак койлек кигизип жатыр екен, ол койлектин узындыгы келмей калып, бир киси жогаргы жагы срагыш оюлармен томенги жагы ак койлекти корсетеди екен, оныда унатпайды екенмин.. жигитиммен баска койлек издеп жур екем..
    екинши туни 2 арыстан уйдин алдында жур екен. бири акшылдау болса екинши коныр екен.. кусам кетпейди. биресе уйдин мына шетине, биресе аргы шетине барып жатып алады екен..

    1. Алина; Айрылысқан жігітіңмен қайта табыссаң, сонда текті екі ұл табасың.

    1. Ақмарал бұл рухани сый құдайдан. Өсіп өніп өркендейсің. Тек ол егінді бірге өсіретін жұбайды да таңдай білуді аруаққа тапсырған дұрыс.

    1. Онда бұл өзіңде болғаны. Адамдыққа аяқ басқан пенденің жүрегінде ділінде ақпаратға сәйкес сыртқы ақпаратты да жылы қабылдап, жүрекке сіңіре біледі. Өзінде жоқты сырттан іздегенмен оны түсіну мүмкін емес. Ондайларды жынды-мастар деп атайды.

  2. 2 күн болт түсімде 1-2 әйел қуып жүр,бірақ ұстатқан жоқпын,сосын тойдан бірденелер ұрлап жүрмін

    1. Айдана; Әйелдердің кимі, сыртқы бейнесіне, тақуалғы әлде жын-шайтандығына байланысты аруақ немесе шайтан деп бағалау керек. Соған байланысты ғана мұндай түстер жорылады.

  3. Салематсыз, агай?! Танда тусимде 1 жастагы алде 2-3 жастагы сабиди кордим.. Озимнин бопем екен, папасымен ойнап жур.. Ал, онимде турмыстамын, бирак балам жок(((… Не болса да ояна сала жаксылыкка жорыдым.. Осы тусим нени белгиси болуы мумкин.. Алдын ала рахмет айтамын..

    1. Қабыл болсын Гүназ! Ия шынмен саған ұрпақ сүйуді беріп жатқаны құдайдың. Аруақтарға құран оқытып шүкірлік қыл.

      1. Салематсыз ба, ага?! Улкен рахмет!!! Айтканыныз болды… Енди аман- есен омирге келуин тилеймиз… Коптен куткен куанышты хабар… Рахмет улкен..

  4. Саламатсыз ба? Мен түсімде қайтыс болған жолдасымды жиы көремін. Мен одан қалайсың қиын болып жүрген жоқ па? деп сұрасам жоқ ешқандай қиын емес бырақ шөлдеп қарын ашады аузыңды ашып ит сияқты жүресің деп қатты күледі, екеуміз бір бірімізге қарап күліп жатып оянып кеттім.Ол түстерімде маған аян беріп жүретін секілді. Бырақ мен оны уақыт өткен соң түсінемін. Түсімді жорып берыңізші.

    1. Ия солай Гүльсара: Бұл саған ескерту аян ғой. Ит сияқты шөлдеп жүргені жағдайы мәз емес, оның басын көтеруге амал жасау керек. 41-әулиені аралап зияраттап құдайдан жәрдем сұра. Өзің намазбен құран бағыштауды үйрен, сонда риза болып сағанада жақсылығын береді.

  5. Мен жақында көрген түсімді сұрағым келеді. Маған Бір қыз қолыма қамшы берыпті мен қамшыны алып өзімды қамшымен сабалап рақаттанып ту жақсы болды ғой деп бір жеңілденіп қалыппын. Бір әйел мен бір ер адам маған қарап тұр екен деймін. Ол ненің белгісі екен.

    1. Гүльсара саған қамшыдан өтіп тазаруың керек деген белгі. Қай жерде орда бар соған барып қамшымен тазаруың керек. Егер Асатан маңыда болсаң онда мына қызбен хабарлас. 87479590290

  6. Аға сызге көп-көп РАХМЕТ. Мен БҚО Орал жақтанмын. Жазда Алматы жақа барғым келеді. Әзірге қолымнан келген амалымды жасаймын. Сызге тағы рахмет АЛЛАНЫҢ нұры жаусын сызде бары жақсы болсын деп тылеймін.

  7. Кайырлы тан! Мен тусимде елбасымызды кориппин. Ол киси маган звандап, Эльмира осы биздин акимдер созинен тайкып кетедима деп сурапты. Мен болсам, шын жауап керек па алде десем шыныг айт депти. Мен сол кезде ага мысплы сиздин козинизше барлыгы комек сурап келген адамга ия дейди де, ал сиз жок кезде жок деп жауап беред. Ал сиз онын барин биле бермейсиз деп айтыппын. Ол киси ундемей тындапты да тезирек осында кел деп телефонды койыпты. Мен берген жауабымды уайымдаппын.бирак мен келсем сол кисимен бирге жумыс стейди екем дим, ол киси коп жастарга ангиме айтып жатыр екен. Ренжимеген екен маган.

    1. Әльмира, Бұл сенің жагныңның кеңістке шығып, ақпарттық тұрғыда шындыққа, әулие аруақтарына жалғанып жатқаны. Және саған сондай жоғарғы дәрежелі ел билеушілерге аруақтан хабар алып беретін қасиеттің беріліп жатқаны. Бірақ оны меңгеру үшін тазалық, тақуалықты меңгеру шарт.

  8. Айтпакшы ага, сол кисимен сойлесу кезимде (уят то болса айтайын) етеккирим келип жатыр екен коп болып, типти иш киимиме отип кетипти дим. Бул жайт та бирденени айта ма?5

    1. Эдьмира; Әрине бұл рухани жүктеліп, ластықтан тазарумен ғана мүмкін болады деген ескерту.

  9. Саламатсыз ба? Қайырлы кеш.Менің түсімде қазыргі тұрып жатқан үйімді бір жоба бойынша біреулер өткізіп жіберіпті. Сосын маған хабарлап айтыпты мен қатты жылап үйімді қайтарып алғым келіп кісілерден жалынып көмек сурап жүрмін бірақ ешкім көмектеспей жатыр екен деймін. Қайтыс болған жолдасымды көрдім қасына барып сен білесің ба? үйді сатып жіберіпті десем ол маған үндемейді мен қатты өксіп жылап жүрмін. Маған басқа үй керек емес тек өзімнің үйім керек деймін. Үйді сатып жіберуге атам мен қайтыс болған енем лұқсат беріпті. Олар екеуі бірге маған қарап отыр екен деймін. Ол нені білдіреді? Түсімді жорып беріңізші.

    1. Гүльсара; Түсіңде жылап жүргенің түбінде қуанасың. Ал үйіңді сатып жібергені ол аруақтардың саған үйге ене алмай жүрміз деген белгісі болар. Үйде дәретсіз жалңаш жүретіндерге ескетуі болар. Үй отбастарыңмен түгел шариғатты, ата дәстүрін ұснаныңдар сонда аруақтарда риза болады.

  10. Салемитсизбе ага! Менің анамның аяғы ауып р ,больницада жатыр буйыртса жакын арада босанады,енди түсімде көргенім анам болтницадан сұранып келіпті дим,мамам ның ішінен аяқтың басы шығып тұр,ал тағы көргенім папам дәәәәу үлкен бұқа алып келіп жатыр екен жем тамагымен,сол анам келгенде жаңадан қосқан кухнямыздын төбесі түсіп мен әкеме айтып жатыр екем алдында гана салдыккой деп сосын мамамды ана ішінде тұрған аяқты көріп тура сыртына шығвп тұр мама босанасыз скорыйга салып жіберіппіз. Бір аралас түс болды сондай.

    1. Ажар; Ия амаңның аман есен босануына, жәнен аруақтардың да ризалығына негізі ірі қара құрбандық шалу керек папаңа. Сонда бұның арты жақсылық қуаныш болады.

  11. Салеметсизбе мен бугин тусимде кан корип сосын жубайыммен кырылып керисип жлап журм кадимгидей урсысып жатр ол нены блдиреди

    1. Жанар; Үйден қан шығару, құрбандық шалу керек деген белгі ғой. Согда аруақтың ризашылығымен үйге берекет кіреді.

  12. Салеметсізбе мен соңғы кезде менімен ажырасып кеткен куйеуімді көп куріп жүрмін. Және ол менін бауырларыма да кіріп жур бастарымыз косылып дастархандас болып отырғанымыз. Яғни менін түсімде екеуміз менңін үйымде дастарханда бірге ас ішіп отырмыз көніл куйімыз жаман емес. Бір кезде қарасам марқум анамны рухын көрдім бізге қарап тур екен риза болып. Осы тусімді жорып берінішы.

    1. Алима бұл сендердің қайта бас қосуларыңды аруақтардың қалап тұрғаны болады. Шүкірлік қыл, әулие-әмбилерді арлап құдайдан тілек тіле сонда өзінен өзі ретеліп сәті келеді.

  13. Тусимде айырылысып кеткен жигитиммен татуласып, сол жигитке турмыска шыккалы жатыр екенмин. Жигитим маган адеми ак койлек пен туфли сатып алып берипти. уйге келсем Фата сатып алмаганымызды корип оз ата-анаммен барып фата сатып алыптым. уйге алып келип аппак адеми фатаны басыма кыстырып койыппын. ол кулап калатындай болып коринеди екен, оны неше турли заколкалармен каттылап, куламайтындай етип шашыма илип алдым. тойга аз уакыт калыпты. мен али дайын емеспин. боянбаппында. астынгы этажга туссем оз уйымнин , жигитим отыр екен ата-анаммен шай ишип. мени алып кетуге келипти. койлегинди ки, менде киынейын деп кояды екен. сагат 9 болып калды, журттын бари бизди тосып отыр деп кояды екен. ( осы жерден оянып кеттим)

    1. Алина айрылысып кеткен жігітіңмен қайта қосылсаң бақытты боласыңдыр. Сағат 9-тәубеге кел деген белгі. Тазалықты сақтап, ата дәстүрін ұстансаң бәрі ретеледі.

  14. Сəлеметсізбе аға? Мен түсімде торкінімде жүр екенмін көшеде келе жатсам бір ер кісі кыздарға тегін гүл деп маған қызыл сары аралас гүл беріп жатса мен «аға маған ақ гүлдерді беріңізші» деп ақ гүлдерді алып кетіп барам… бұл ненің белгісі
    Бір түсімде маған көбнесе ақша жетпей қала береді тауық етінен шұжықтардан коп алып жатырым бырақ ақшам жетпейді қарызға алып кетіп бара жатырым ажем айтушы еді ақша түске кірсе сөзге ілінесін деп сол рас па?

    1. Назерке; Ақ гүл алсаң бұл болашақ жанның өркендеуіне болады. Ал ақшаң жетпей жүргені саған қасиетілікті меңгермей, ата дәстүріне селқос қарап жүргеніңнен болады.

  15. Сəлеметсізбе? Түсімде Уйде қолданып жүрген ыдыс жуатын табақты жане кішкентай жаңа ыдыс маған беріп жатыр женгем.

    1. Айнұр; Болшақ өз отбасың қазан-ошағың болады деген белгі.

  16. Салематсиз ба ага.Менин тусимди жорып беринизши.Отинемин.Казир жолдасым екеумиздин ортасында ренжис болып жур.Содан ба билмеймин бирак,ол кейинги кезде тусимде, кетип калып журеди.Мен кейинги кезде тусимде куйеуимди издеп журемин.Бир тусимде киимин сурайды,биресе тойда жогалтамын,биресе бир айелмен отырады.Осы тустен шаршадым.Жие коремин.Коркамын да.

    1. Фарида бұл араға шайтан кіріп, некенің әлсіреуцінен болады. Күйеуің екеуің әулиен-әмилерді зияратап келсеңдер бәрі орнына келеді.

  17. Алдын ала рахме ага!.Сиздин кандай тус болсада жаксылыкка жоритыныз унады.Халыктын алгысына болене бериниз.

  18. Сəлеметсізбе! Құрбымның түсімде мен екі қабат болып жүр екенмін. Құрбым маған неге өзіңе қарамайсын? Неге бас киім кимейсін деп ұрсып тұр екен. Куйеуін қайда? Неге жалғыз жүрсің деп. Кейін күйеуім келеді екен. Күйеуім бұрын жүрген жігіттім. Күйеуім мені алып кетіпті машинасына мініп кеттіптік. Оның негізі көлігі жоқ еді бұрын жүрген жігітімнің Өтініш жорып беріңізші.

    1. Баян саған шариғатты, бой тазалығын сақтап, ата дәстүрімен жүруің керек. Жаулықсыз, етексіз мүлде жүруге болмайды. Сонда сен бұрынғы жүрген жігітіңмен қайта табысып бақытты ғұмыр кешесіңдер.

  19. Ассаламуағалейкум ағасы, Жақында 4 жасар ұлымыздан айрылдық, аллаға тапсырдық, осы ұлым қайтқан күннен кейін 6 күн өткенде түсіме кірді, үндемей келіп аяғыма отырды, бірақ тіл қатпады. Көзі жаутаңдап отыр екен. Одан кейін тағыда 2-3 күн өткенде, баламның киімін тарқатқаннан соң түсіме кіріп, ақ көйлек қызыл костюм-шалбар үстінде, әдемі киініп алған,маған:анашым менің уақытым аз деп, қояд. Баламды көтеріп бәріне балам келді деп көрсетіп жүр екенмін, осы түстерді жорып бере аласызба. Алдын ала Сізге рахмет.

    1. Мақпал; Иманы жолдас болсын. Құдайды ісі пендесіне жамандық емес тек жақсылық үшін ғана түседі. Ұлыңның артынан үнемі құран оқытып, әулие-әмилер басына ұлың үшін дұға тілеп отырсаңдар, артында қайта келер ұрпақ болып. Бұл соның ишарасы болар.

  20. Ассаляму алейкум ага! Тусимде тусиниксиз жайттар кордим бир балгерге барыппын устимде кызыл койлек екен ол маган жаман ауру болып калдын деп кайтарды мен жылап шыгып кетиппин тусимди жорып беринизши.Алдынала коп рахмет. Алла разы болсын !

    1. Әйкерім; Бұл түсің жаман емес. Қызыл көлегің болса онда бой өрсіңмен інжілмен байланысты. Артында қуаныш жақсылық бар. Сонда да болса саған әулие-әмилерді арлап құрбан шалып тілек тілеу керек. Сонда не істеу керегіне аян жоба аласың.

  21. Сəлеметсізбе!мен буін тусімде екі кабат екем,егіз туыпын біреуі ул екіншісі кыз.кыз кишкене улыма караганда ірі екен,колыма улымды устап котеріп жургенде су басаин деп жатыр екен уиді умытып калдым ари карай.одан кин мен оларды оскеннен кин бірак коріппін жылап жатыр екем кушактап.оларга бир аже карап,асырапты.

    1. Қарлыға бұл саған құдайдан беріліп жатқан сый ұрпақтар ғой. Ата дәстүрін сақтап, шариғаттты толық меңгерсең сонда арты баянды болады.

    1. Бегайым, Бұл жағдай сенің өрісіңқарланып, қорғаның бұзылып, жындық бейнелермен жалғануыңмен байланысты. Шариғатты ұстанып дәрет,тазалық сақтауды үйрен. Әулие-әмилерді зияртап кешіріп сұрап тәубеге кел. Сонда артының қайыры болады.

  22. ал екінші тусім оны 4 5 ай бурын кордім.тусімде кайткан атамды кордім,ак киім киіп алган екен басында такиясы бар,жанында тагы бір кішкене узын бойлы ата екеуі кетіп бара жатыр екен узын жолмен асыкпай ауылда екен деймін,мен жугірсемда жеталмай жатырм.атамнын інісі бар еді тосек тартып жаткан сол деп ойлаймын.»ата,ата» десем карамайды артына.осы октябрьде кайтты ол кісіде менім узатуыма 1 кун калганда.ол нені білдіреді?

    1. Қарлығы онда інісін атаң ертіп кетуге келетін болар. Иманы жолдас болсын.

  23. Салематсиз ба ага.Тусимде бир айел киси емши биздин жактын, а
    маган еки китап берип жатыр.Китап жана,сырты сабиздин туси(орашнживый).
    Бир китаптын акшасын аган толеп алмай кетти,екинши китап саган дейди.
    Колыма устатты да кетип калды.
    Алдын ала рахмет ага!.

    1. Эльмира; Бұл кітаптар саған берілп жатқан даналық болады. Сен ата жолын дәстүрін ұстанып мұны меңгеріп емшілік қасиетіңді құдайдан сұрап, аштырып халықты тазартуға қызмет қылыуың керек.

  24. Оте керемет енбек ага, сиздин мына ар туске жауап жазып,
    жол корсетип,акыл айтасыз.

  25. Саламатмыныз ба? Тусимде нагашы апамды(кайтыс болган) коп корем сол кисинин уйинде журем,бирге тамак жимиз,уйинин алдындагы гулдерге су куяк ,горшактагы гулдер,бирак ол кисинин уйинин алдында ешкашан гулдер болмаган,оянган сон 7нан писипип куран окиды жубайым уакыт отуимен тагы корем,екинши тусим жакында босангам тусимде тагы екикабат екем ишимдеги баланын козгалганын сезинем,татти пирог жеп журем

    1. Балнұр; Нағашы апаңның аруағы сені қорғап желеп жебеп жүргені болар. Тек қана шелпекпен шектелмей арсында қан да шығару керек арнап. Ал саған тәтті тағам және баланың барын сезінгенің бұл сол апаңмен байланысты ұрпақтың өмірге келетінін білдіреді.

  26. Сәлеметсіз бе!! Менин апам туснде менм аягм ауыр болп жургенин корипти..жане жигитимде менм аягым ауыр болп жургенинимди корипти бул нени билдиреди??..рахмет

    1. Орынгүл; Бұл аналық қасиет саған беріліп жатқан. Бірақ оны тек тазалық, шариғатты ата дәстүрін берік ұстанумен ғана арты баянды болады.

  27. Сәлеметсіз бе? Түсімде екі құрбыммен Меккеде жүрміз деп ойлап жүрміз. Бір суға қарай бару керек екенбіз, сол судың жағасында намаз оқып барып түсіп жатырмыз (негізі намаз әлі оқымаймын). 3рет сүңгіп шығыппыз.

    1. Балнұр; Қабыл болсын аяның. Саған беріліп жатқан еркше қасиет мүміндікке жалғану ғой. Судан өту рухан тазарумен, күнәдан ақталумен байланысты. Ол үшінде ата-баба аруақтарының алдында өтуің керек болады. 41-әулиені аралап керуенмен өтсең бұл аяның амалға айналып бекиді де.

  28. Сәлеметсізбе мен түсімде мені тастап кеткен жігітімді көрдім, ол маған сүйетінін айтып жалынуда маған жорып беріңізші

    1. Жанатгүл; Жігітің сүйетінін атып жатса онда шынында сені жақсы көретіні. Қосылуға болады деген белгі.

  29. Сәлеметсіз бе!Жасым 20-да, тұрмыс құрмағанмын.
    Бүгін көрген түсім: Аяғым ауыр екен, бастапқыда егіз екен.Дәрігерлер жүр екен.Ауруханада екенмін, сосын менде егіз емес, енді жатырымда 1 сәби ғана бар екен. Құрсақтағы 2-ші сәбиімді дәрігерлер менің рұқсатымсыз алып тастапты.Ал содан кейін мен (дәрігерлер тағы да сәбиімді алып тастар деген қорқыныш оймен) құрсағымдағы қалған сәбиімді ойлап, ауруханадан кетіп қалыппын.Ішімді (8-9 айлық деп ойлап жүр екенмін) сипалап, бақытты болып жүрмін.Ішімді сипалаған сәтте, құрсағымдағы сәбиімнің қолы томпиып тұрады.Күйеуім бар екен деп ойлап жүр екенмін, бірақ білмеймін кім екенін, әйтеуір сол санамда «күйеуім бар» деген ой бар екен.
    Алдын ала, Рахмет!

    1. Орзагүл; Бұл жақсы аян. Саған алдына-ала беріліп жатқан құдайдың нығыметі. Күйеуге шығып ұрпақты боласың.

    1. Әдемі; Өлген адам жақның болса ешқандай зияны жоқ. Рухани байланыспен аруақтық жалғануды білдіреді.

  30. Саламатсыз ба? мен 2 кун қатарынан бир дей түс кордим.Биздин үй жакта 10 үй ары да озен бар сол озен арнасынан тасып жатыр екен.Кашып бара жатыр екенбиз аяғым су болып кетти атымыз дан толқын келе жатыр екен. Бир кезде нағашылары мыңның үй инде барлық мамам ның туыстары жиналып капты.не болар екен жорып берип ши. Рахмет сизге.

    1. Салтанат; Бұл түсің қазақ елінде болып жатқан қияметтік жағдайды білдіреді. Ия осындай оқиғалар да жиі бола береді. Нағашылырыңның бір жерге жиналып жатқаны да жақсылық, аруақтардың бастары көтерліп жатқаны болар.

  31. Эльмира Хайруллақызы:
    19.12.2015
    Сәлематссызба Тоқберген!
    Мен таңда түсімде 2-кі фрагмент түс көрдім. Біріншісінде анамды фотоға түскен, қолында бір айлық апақ киім киген нәрестені ұстап жоғары көтеріп отыр. Анамның басында апақ орамалы бар.Екіншісінде бір жақын ағамыз анамның артында басы жерге қарап ақ қалпақпен отыр.Анамның түсі ажарлы басында сол ақ жаулығыбар. Анам осындан бір жыл бұрын дұние салған еді.Соны жорып берсеңіз.Рахмет.

    1. Эльмира; Анаңның аппақ киімен және қолында нәресте ұстап жүргені жаны жанатқа көтерілгені болар. Нәресте рухани өнімі болады. Ал жақын ағаларыңның көзі тірі болса онда көп ұзамай анаңның атрынан кетуі мүмкін. Мұндай сынақтың алдын алуға да болады. Құрбандық атап әулие-әмилерді зияртап құдайдан тілеу тілеуі керек.

  32. Салеметсиз бе? Тусимде жылкы малын кордим. Акем жас кок тайды алып келген екен мен окудан келсем соган ерсиз мингизин деп жатыр екен ана тай уйретилмеген. Ол нени билдиред? Жалпы озимнин жылкы малына деген коз карасым ерекше, тусимди тек тан атканда кордим.

    1. Бибинұр; Тай мініп жүргенің дұрыс болған. Бұл саған беріліп жатқан рухани қуат болады. Әкенің қасиеті тегіне жалғанып жатқаның болар.

    1. Дәурен; Ұнататын қызыңды қандай киімен қандай жағдайда көргенің маңызды ғой. Егер шашын жайып, шалбар киген саған қырын қарап сол сияқты ата дәстүріне жат бүгінгі таңдағы арсыздық кейіпте болса. онда аулақ жүр шайтаннан болған жын дегенді білдіреді.

      1. Жок ондай болган жок .гардеробта кордим .баснда касмда журди. сосн озмен ози жок болп кетти.

    1. Бибигүл; Пышақ ұстап жүрсең ата текпен байланысты ұлдың өмірге келетіні, ұзын ақ көйлек бойдың тазалығын сақтауды етеек жеңнің мол болып тақуалықты меңгеруді меңзегені. Сонда пышақты аласың.

  33. Кайырлы кун! Тусимде 4 ши балама аягым ауыр екен, ишимде козгалып жатыр, жолдасыма айтып жатырекем! Магынасы не екен?

  34. Сәлеметсіз бе! Түсімде ылғи ұшып жүрем, және де мен ұша алады екем ғой деп күбірлеймін,ол қандай мағынаны білдіреді екен?

    1. Айтолқын, Түсіңде ұшып жүрсең онда ұжданыңның тазалығы болады. Бұл және аманат жанмен байланысты да. Ата дәстүрін тазалықты мықты ұстансаң бақытты өмір кешесің.

  35. assalyamu aleykum!!!тусимде бир жыланды кордим устап алып урып жатыр екем басынан,колымнан шыгып кетип он аягымды шакты…бул не болганы??

    1. Мәдина; Қандайда болсын түстегі сенімен қатысты жан-жануар ол сенің рұқыңмен, өз көлеңке айнаңмен байланысты. Жылан сенің өз өнімің, көбіне бастың қорғалмай, қолды жалаңаш ұстаудан пайда болады.. Оны өлтіргенің де дұрыс ал балтырды шағып алса аяғыңды таза ұстай білмейтіндігің, етектің жоқтығы, шалбар кию сияқты арсыздыққа құштар болған шығарсың.

  36. желтоксанда 14-15 де тусимде аппак екен айналамнын барі екі улкен дарбазаны кордім.аргы дарбазада шайтандар тур екен(астафираллах)турлері адам коркынышты торт аяктап тур екен жумактын дарбазасына көздерін сүзіп аңдып…мен бергі жумактын кезегінде тур екем..АЛЛАның алдында турган бір кішкене ак козыны көрдім..ол калды.одан кейін келген екі малды колымен сілтегендей болды артка кетің деп колды коргем жок тек аппак матта козгалды..ана екі мал шайтандар жакқа жол ашылды сол жаққа екеуіде кетті.мен жеп коярмекен ана шайтандар екі малды деп жаным ашып тур…олар ман беріп жаткан жок екі көздері бізде..одан кейін кішкене бұзау келді ұялып,бір дауыс бұзауға :Несіне ұяласың,мен дал қасыңдамынғо деді.бұзау жымыйып күлді.олар кірді.біздер бəріміз жап жас,,адемі киімдер киіп тур екенбіз. менің алдымда аппак орамал таккан аппак ұзын көйлек киген келіншек турды ,менің артымда сол келіншектін күйеуі тұр екен.əйелі кірерде колына ак колғап алды сол колгаптын сынарын ішіне кіріп тауып ал деді бір дауыс..кірерде күйеуі əйеліне менікінде біратала алып кел деді ..əйелі үндемей күліп кірдіде өзінікін,күйеуінікін,артта кезекте тұрған адамдардікінде бəрінікін алып келді біратала.менде колгап болган жок.менің козім АЛЛАның қасындағы аппак колғапта,қолғаптын сыңарын қай есіктен тауып алдың дегенде,манағы келіншек 1-ші есікті көрсетті.қолғаптың сыңарын ішіне кіріп іздеуге асығып тұрдым. əйелі күліп кіріп кетті қасында тағы 2-3 кызбен,мен жұмақтын есігінен басымды тығып қарадым жер жап жасыл тап таза шөп ,2-3 есікті кордім əдемі болып безендірілген.менің көзім алыстан көрмейтін..басымды онға бұрғанымда ап анық көрдім рет ретімен орналасқан 7-8 есікті көрдім оларда əдемі əшекейленген киіз үйдің есігі құсап көрінді.манағы келіншек сол жаққа қарата кетті..мен басымды шыгарып колғапқа қайта қарадым..артымда тұрған күйеуі əйелімнің қасына бара алам ба деп кобалжып турып қолғабын түсіріп алған маған алып бер деді,мен иіліп қолғапты алдымда :қобалжымаңыз,тек 1 АЛЛАға ғана сеніңіз дедімде қолғабын бердім…жұмаққа кірген кірмегенімді біле алмадым.оянып кетіппін..бул не болғаны??

    1. Мәдина; Бұл саған ақиреттің өмірінен аруақтық ғұмырдан берілген хабар болады. Раыснда осындай өмірдің бары және ол қолдың-аруақтың тазалығына қатысты екенін саған ашық білдіріп тұрғаны хақ. Сенің жаныңның негізінде бұрынғы кезеңде, өткен өміріңде ұжмақтық болғанын да білдіреді. Ал мұндағы оқиғаларға ақ киген келіншекке қарап, оның еркін ұжмаққа кіріп арлауына да еркі барына қарап, көп нәрсені пайымдауға болады. Сыртқы өріс толық болып, қол ағармай мұндай жағдай өте қиын екенін де ескертіп тұрғаны хақ. Қалғанын өзің пайымда бұл саған деген еркеше белгі болашаққа жоба болады.

  37. тоқберген аға 1ші түсті жорығанда ашық жүресің депсіз..мен ұзын койлегімен,орамалымды басымнан тастамай келе жаткан адаммын..тастауға корқамын..АЛЛАдан қорқамын..тағы бір түсімде сол орамал үшін шайтандарменде арпалысқанмын..олар орамалымды шешіп шашымды жалбыратып умаждап жатыр…мені карсыласып жок жок деп қайта киіп орамалымды ұстап калимамды түсімде айтканда ғана кетті.

    1. Мадина мен көрген түсіңе қарай пайымдаймын. Мүмкін өрісің жетілмеген шығар. Бірақ жыланың шабуылы шайтанан болған жынның әрекеті ғой. Қандай жағдайда өрісіңді бұзып жалаңаш қалдың, оны өзің ойлан тап. Адам баласы дұрыс сөйлемесе, біреуді жазықсыз жазғырса да өрісін жоғалтады. Және тек қана орамал етек жеңмен ғана жүріп бой өрісітің жетік болуы мүмкін емес. Оған үнемі толық дәрет, және күнәдан тазарып ақталу әулие-әмилерді зияраттап тұру сияқты амалдарды да уақытымен орындай білу керек. Саған тақуалғыңның толық еместігін түсіңде ескертті оның себебін де табу керек шығар.

  38. шайтан деген себебім екі ұзын қара қол щықты саусақтары ұп ұзын..сол жағымнан

    1. Ия кейбір адамдарға тағдырында жоғарғы дәржелі тақуалықты, қасиетлікті меңгеру жазылған. Сондықтан өз тағдырына берілген амананат ақталмағанда осындай қара түнек күштернің шабуылына ұшырау қалыпты жағдай.

  39. Сәлеметсізбе? түсімде ақшыл қоңыр түсті аяқ киім (Угги) киіп алыппын. Жаңа екен, бірақ өзім сатып алдым ба жоқ па есімде жоқ. мәз болып киіп тұр екенмін… бұл нені білдіреді?

    1. Айко; Бұл жақсылық қорған аяққа беріліген зейнет қуат болады. Оны сақтап қорғай да білу керек болар.

  40. Салематсыз ба?! Бугин мына тусти коргем. Аздап мазасызданып турганым. Жорып коресиз бе?! Алдын ала рахмет.. Уйден озиме жакын бир ер адамга ренжип шыгып кетип барам, бир мезгилде ол смс жазды. Окиын десем, телефон клавиатурасында жыланнын сурети тур(мен онимде де жыланнан катты коркамын, суретин де карай алмаймын). Содан окыган окымаганымды билмим. Бир мезгилде улкен жылан кордим сырттан, ол бир кисини куган сиякты, сосын жанагы жыланды жаралады ма, олтирди ме бирдене болды.. Кейин уйде отырсам, бир кыз (курбым боп жур, бирак онимде корген кисим емес) терезеден колына гул сиякты етип толтырып, кишкентай кара жыландарды алып келген, мени ойнап коркытуга. Мен коркатынымды айтып, уйден шыгартып жибердим. Уйге жиберткизгеним жок. Осындай тус.. Жаксылыкка дедим де койдым. Рахмет сизге..

    1. Гүлнәз; Жылан негізінде еркеше қасиеттің сезімталдықтың белгісі . Сені жылан аңдып, танысыңнан да жылан бейнесін алып жүргенің, сенің бой өрсіңнің аура қорғаныңның жеткіліксіз, әлсіз екенін және саған тазарудан ақталудан өтуді ескертеді. Сен әулие-әмилерді арлап зияраттап өтсең мұндай жағдайдан құтылып керісінше қасиет көздері ашылады.

  41. Тусинде ул баланы толгатып босанып,сол баланы емизип отса не болады.????

    1. Жанерке; Әйезатына мұнан артық қандай бақ сый керек? Қабыл болсын, текті ұрпақты өмірге әкелуіңе тілектеспін!

  42. жанган комір корсе және озіме кастык жасап журген беималім азаматты корсе не болады

    1. Алия; Жанған көмір саған қосылып жатқан жыныстық қуат болады. Ал қастық жасап жүрген азаматты қандай бейнеде жағдайда киімде көруің маңызды ғой.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *